Главная / Информатика / Открытый урок по информатике на тему "WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері"

Открытый урок по информатике на тему "WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері"

hello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері.


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторының барлық мүмкіндіктерін айтып түсіндіру, көрсету. WordPad редакторымен жұмыс істеуді үйрету, меңгерту. Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгертіп өткен тақырыппен байланыстыру.

2. Оқушылардың ақпараттық – логикалық ойлау қабілетін дамыту, жетілдіру. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.

3. Оқушыларды адамгершілікке, ұлылыққа, имандылыққа, бірлікке, елжандылыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке,

өз елін, жолдастарын, отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интерактивті оқыту

Сабақтың әдісі: Ассоцация, сұрақ – жауап, ой – толғаныс, ойын – схема.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, кітаптар.

Сабақ өткізілетін орын: Мультимедиялық лингофон кабинеті.

Сабақтың барысы:

  1. Сыныпты ұйымдастыру кезеңі: Оқу процесіне жұмылдыру;

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

- WordPad редакторын іске қосу үшін:

. hello_html_56137264.jpg

- WordPad мәтіндік редакторының терезелері:

hello_html_72914edd.png

- WordPad мәтіндік редакторының батырмалары:

hello_html_m2e6f7463.jpg


hello_html_m641f4a15.png


Мәтінді енгізу және редакциялау


hello_html_m56e6f753.png


hello_html_m1d56d6a2.png




Жаңа сабақ;

Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру

WordPad програмасында мәтіннің үзінділерін тышқанның көмегімен апару (тасымалдау) және көшіру әдістерімен немесе меню командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады.

Апару және орналастыру әдісі – бұл мәтіннің үзіндісін бөліп алып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрыңдар да, бөліп алынған үзіндіні іліп алып, қажетті орынға апарып орналастырыңдар.

Мәтіннің блогын көшіру үшін, алдымен оны тышқанмен белгілеп, одан кейін пернесін басып тұрып, оны іліп алыңдар да, қажетті орынға апарыңдар.

WordPad – та жұмыс істегенде кейбір кездерде мәтіннің белгілі бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орыннан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, немесе WordPad – тың басқа құжаттарының арасында, сондай – ақ, басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағдайларда апару және көшіру әдістері онша қолайлы болмайды.

WordPad программасы немесе басқа қолданба жасаған ақпаратты файлға көшіру үшін, мәтіннің қажет блогын бөліп алып (белгілеп), стандартты тақтадағы Копировать в буфер (буферге көшіру) батырмасында тышқанды бір рет шертіңдер немесе Правка → Копировать командасын орындаңдар.

hello_html_331aa094.png


Сонан кейін бөліп алған блокты көшіріп алатын орынға меңзерді орналастырып, Вставить из Буфера (буферден алып қою) батырмасында тышқанды бір рет шертіңдер немесе Правка → Вставить командасын орындаңдар.

hello_html_5812a753.png

Мәтіннің үзіндісін бір орыннан екінші орынға жылжыту (апару) үшін, оны белгілеп, стандартты тақтадағы Удалить в буфер (буферге кесіп алу) батырмасын шертіңдер, немесе Правка → Вырезать (қиып алу) командасын орындаңдар.

hello_html_2eb17170.png


Меңзерді экранда үзінді жазылатын жерге апарып орналастырып, Вставить из буфера батырмасын бір рет шертіңдер немесе Правка → Вставить командасын орындаңдар.

hello_html_m14b4ed4.png


Мәтінді ауыстыру

WordPad программасы мәтіндегі бір сөзді екінші сөзбен ауыстыруға мүмкіндік береді. Ол үшін Правка → Заменить (ауыстыру) командасын орындау керек. Замена (ауыстыру) диалогтық терезесінде Образец (үлгі) өрісіне ауыстырғыларың келетін сөзді немесе сөйлемді енгізіңдер, ал Заменить на (... алмастыр) өрісіне оған ауысатын сөзді немесе сөйлемді енгізіңдер де, Заменить батырмасын шертіңдер. Егер бұл сөзді ауыстырғыларың келмесе, онда Найти далее батырмасын шертіңдер. Бүкіл құжатта кездесетін бұл сөзді автоматты түрде ауыстыру үшін Заменить все батырмасын шертіңдер.

hello_html_m63a089e8.jpg


Күн мен уақытты кірістіру

WordPad программасының құжатына қалауымыз бойынша ағымдағы күн мен уақытты кірістіруімізге болады, ол үшін құрал – саймандар тақтасындағы Дата/время батырмасында тышқанды бір рет шертіңдер немесе Вставка → Дата время командасын орындаңдар. Диалогтық терезеде қажетті пішімді таңдап, ОК батырмасын шетіңдер. Бұл кезде меңзер тұрған жерде күн мен уақыт пайда болады.

hello_html_m2ce22b01.png

Мәтінді іздеу

Мәтіннің ішіндегі қажетті сөзді тауып алу үшін, құрал-саймандар тақтасындағы Найти (табу) батырмасында (бинокльдің суреті бар батырма) тышқанды бір рет шертіңдер немесе Правка → Найти командасын орындаңдар. Поиск (Іздеу) диалогтық терезесінде образец (Үлгі) өрісіне ізделінетін сөзді енгізіңдер.

hello_html_m52924800.png

Егер С учетом регистра опциясының жалаушасын орнатса, тек Образец өрісінде жазылған сөз ғана табылады. Қажетті сөзді тапқан соң WordPad оны бөліп береді де, іздеуді тоқтатады, бірақ терезеде экранда қалады, Найти далее батырмасын басып іздеуді ары қарай жалғастыруға болады.


WordPad құжатына суреттерді кірістіру

WordPad құжатына дайын суреттерді, сондай – ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.

Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.

  1. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.

  2. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редекторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек).

  3. Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.

  4. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.

  5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жерде орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка → Вставить командасын орындаңдар.

  6. Суретті тышқанның сол жақ батырмасынан басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.

hello_html_m20b35eb3.jpg

WordPad программасынан шығу

WordPad программасынан шығу үшін закрыт окно (терезені жап) батырмасын шертіңдер немесе Файл → Выход командасын орындаңдар. Егер құжат сақталмаса, онда экранда Сохранить изменения в файле? деген сұрату терезесі пайда болады.

hello_html_m70e63314.jpg



Электронды оқулық арқылы тапсырмалар мен тест сұрақтарын орындау.

hello_html_m5a76732f.png


hello_html_m27d3ead8.png





Тест сұрақтары:

hello_html_34de5936.png


hello_html_11c1f0d0.png





Ненің түбі – неде?” танымдық ойыны:

hello_html_m4717f4b6.png


hello_html_m4ab5c515.png


hello_html_6dc75199.png


Ойлан, тап” ойыны:

hello_html_3cfb8d4f.png


Сөзжұмбақ шешу




И








Н






Ф






О






Р





М












А











Т







И









К





А






  1. Баспаға шығару құрылғысы.

  2. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы.

  3. Аты бар бірқатар байттар тізбегі.

  4. Жалпы желігі қосылу үшін қажет құрылғы.

  5. Компьютерде болатын зиянкес программа.

  6. Адам денсаулығына зиян келтіретін компьютер құрылғысы.

  7. ALT, CTRL, DELпернелері не деп аталады?

  8. Ақпаратты енгізу құрылғысы.

  9. Компьютерден ақпаратты тасымалдауға арналған құрал.

  10. Дыбыс шығару құрылғысы.

  11. 8 биттен тұратын код.


Техникалық диктант

........................................................... бұл шағын ............................................редактор.

Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы: мәтінді енгізуге, құжат құруға, мәтін үзінділерін .................................................., ..................................................................,

..........................................................................................................................................,

..........................................................................., .............................................................,

............................................................................................................................. болады.

Қажетті сөздер:WordPad, мәтіндік, жылжытуға, көшіруге, күн мен уақытты кірістіруге, мәтінді іздеуге, ауыстыруға, суреттрді кірістіруге.


Қорытынды: Пысықтау.

Үйге тапсырма беру. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері. “Интернет” сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

Білімдерін бағалау.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

Қожакент ауылы №168 орта мектебінің

Информатика және математика пәні мұғалімі

Айтжанова Анипа Досхожақызы





Открытый урок по информатике на тему "WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері"
  • Информатика
Описание:

Сабақтың тақырыбы:        WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды WordPad  мәтіндік редакторының барлық мүмкіндіктерін айтып түсіндіру, көрсету. WordPad редакторымен жұмыс істеуді үйрету, меңгерту. Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгертіп өткен тақырыппен байланыстыру.

2. Оқушылардың ақпараттық – логикалық ойлау қабілетін дамыту, жетілдіру. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.

3. Оқушыларды адамгершілікке, ұлылыққа, имандылыққа, бірлікке, елжандылыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке,өз елін, жолдастарын, отбасын сүюге  тәрбиелеу

 

 

Автор Туребекова Карлыгаш Турегалиевна
Дата добавления 10.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 479
Номер материала 51874
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓