Инфоурок География Другие методич. материалыОткрытый урок на тему "Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну"

Открытый урок на тему "Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну"

Скачать материал

Сынып: 6

Тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайында білім беру. Оқушылардың «жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, білімдері мен географиялық көзқарастарын  кеңейту.

Тәрбиелік: Жер қозғалыстары туралы білімдерін кеңейтіп,  пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы,  глобус, «Литосфераның құрылысы» суреті, «Жер сілкінудің» суреті

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

 Сабақтың барысы

 Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Ең алдымен дәптерлерін тексеріп, кейін өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды:

1. Жер қыртысы қанша литосфералық тақтадан тұрады? Оларды ата.

2. Мұхит орта жоталары дегеніміз не?

3. Тау жыныстары дегеніміз не? Олардың қандай түрлері болады?

Оқушылардың жауаптары:

1. Жер қыртысы 8 литосфералық тақтадан тұрады: Еуразиялық, Үнді-Еуропалық, Антарктикалық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Наска тақталары

2. Жер қыртысының жарықтарының бойымен жан-жаққа таралуының нәтижесінде екі жағынан түзілетін су асты жоталары.

3. Жер қыртысын толтырып табиғи денелерді тау жыныстары, оларды құрайтын заттар минералдар деп аталады. Олардың 3 түрі болады: шөгінді (химиялық, кесек шөгінділер, органикалық), магмалық, метаморфты

3

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қойылады: 1. Жер қыртысы қозғала ма? Қозғалса оны қалай байқауға болады?

Жаңа тақырыпты келесі жосапр бойынша меңгереді:

  1. Жер қыртысының қозғалыстары
  2. Жер сілкіну
  3. Жер сілкінуді зерттеу

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.

 

Жауаптары: 1. Иә, қозғалады. Оны көзбен байқау қиын, бірақ литосфералық тақталар баяу қозғалып тұрады.

Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауымен жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Жер қыртысы қозғалысының екі  түрі болады: 1 – жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі; 2 – тау жасалу қозғалысы

жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріледі. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар – түбектерге айналды.

Тау жасалу кезінде жер қыртысы майысады, қатпарға бүктеледі немесе жарықтармен бөлшектенеді және сол жарықтары бойлап ығысады. Мұндай қозғалыс жер бедерін өзгертіп жібереді: жазық жердің орнына таулар пайда болады. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.

2. Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.

Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды.

Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі, центр – шеңбердің орталығы) деп аталады. Жер сілкіну 12 балдық шкаламен өлшенеді.

3. Түрлі зерттеулер жер сілкінуінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарында шоғырланғанын көрсетеді. Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады. Жер шарында 100-ге жуық сейсмикалық стансалар бар. Жер қыртысының қозғалысын өте сезімтал келетін  сейсмограф құралдары тіркеп отырады.

4

Тақырыпты бекіту үшін пысықтау сұрақтарын қояды: 1. Жер қыртысында баяу қозғалыстар қалай жүреді? 2. Қазақстан аумағының қай бөлігін бұрынғы кезде теңіз басып жатқан? 3. Жер сілкіну неге байланысты? 4. Сейсмикалық аймақтар дүние жүзінде қандай жерлерде орналасқан?

Оқушылардың жауаптары: 1. Жер қыртысында баяу қозғалыстар тік (көтерілу мен төмендеу) және көлденең «тау жасалу) жүреді. 2. Қазақстан аумағының барлық дерлік жерін теңіз басып жатқан. 3. Жер сілкіну тау жасалу процесінің жиілігіне байланысты. 4. Жер сілкінуінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарында  орналасқан

5

Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды.

Оқушылар бүгінгі сабақта жер қыртысының қозхғалыстары туралы, жер сілкіністері және оларды зерттеудің маңызы туралы білгенін және  жер сілкіну ошағы , эпицентр, сейсмикалық аймақтар ,  сейсмикалық стансалар,  сейсмографтар терминдерімен танысқандары туралы айтып  сабақты қорытындылайды.

6

Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.

7

§20, 51-53 б.б. Тақырып соңындағы сұрақтар.

 

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2016 599
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туралиева Гафура Досбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туралиева Гафура Досбулатовна
    Туралиева Гафура Досбулатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4315
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "География")

Учитель географии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек