Инфоурок Классному руководителю КонспектыОткрытый урок М.Макатаев

Открытый урок М.Макатаев

Скачать материал

Ашық тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «М.Мақатаев поэзиясына арналған әдеби-сазды кеш»

Мақсаты: М.Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа сүйіспеншілікке, қасиетті нарселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: акт залын безендіру, бейнероликтер, суреттер, пианино.

Барысы:

Кеш мемлекеттік әнұранмен басталды

Тәрбиешінің сөзі: Бүгін қазақтың ақиық ақыны, сонымен қатар қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаев 83 жасқа толды. Мұқағали-ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.Оның поэзиясы-өзі өмір сүрген дәуірдің шындығы.Мұқағалидың өмірде бағы мен соры қатар жүрген ақын.Ақынның бағы-оның өлмес жыры, ойлаумен өлең өрудің теңдесі жоқ классикалық әлемдік биігіне көтерілгені,өтірік өлең жаза алмағаны. Ал соры-өз қоғамына, өз ортасына сыймай қасірет кешкені, тапқан-таянғаны өз отбасына жетпей өмірінің қиыншылықпен өткені, өлмес, теңдесіз жырды замандастарының дер кезінде бағалай қоймағаны.Бағаласын-бағаламасын, танысын-танымасын өзіне, өзінің қайталанбас ақындық тағдырына іштей қалай сенсе, ол өз жырының ертеңіне, әр өлеңінің болашағына, туған халқының жасампаздығына солай сенген.

Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлар мен кең тынысты, көркем дастандар-сөз жоқ, сол Сенімнің жемісі.

Бүгінгі поэзия кешіміз---

Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,

Ырзамын саған, Ырзамын саған тағдырым!-деп,

өз тағдырына ырза болып кеткен ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың шығармашылығына арналады.

Жүргізушілер ортаға шығады.

1 жүргізуші: Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар, қымбатты қонақтар, озық ойлы оқушылар!

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымың өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.» — деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған поэзия кешіне қош келдіңіздер.

2 жүргізуші: «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны) Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы, шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы болады. 1954-1962 жылдар

арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар арасында «Социолистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесшісі болып жұмыс істейді. Тұңғыш өлеңі 1948 жылы жарық көреді.

1 жүргізуші: Мұқағалидың өлеңдерінің тақырыбы Отан, туған жер, махаббат, достық жайлы болса, келесі бір тобына поэзия, өзі туралы өлеңдерін, емхана, тағдыр,өмір мен өлім туралы өлеңдерін топтастыруға болады.Міне, осындай өмірін өлеңге,өлеңін мәңгілік өнерге айналдырған дара талант иесінің шығармалары азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді арқау ете отырып, адамдарды адалдыққа, сезім тазалығына, адамгершілікке, туған жерді қастерлеуге шақырады.Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағали да жалғыз.Сол шындықты шын жүректен түсінсек тек қана тарлан талант, жыр жампозы Мақатаев ұлт мақтанышы.Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөнібар… ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын қлт игілігіне асырып, халық арасында кеңінен насихаттау деп түсінеміз.

2 жүргізуші:

Өлеңнің құдіреті сізде екенін,

Білдім мен көңіл-құсқа іздетемін.

Артымда өнер қуған өрендер бар,

Деп артып кеткендейсің бізге сенім

Жырыңмен кеттің елді сусындатып,

Әр жанға ойлы өлеңнен жыр тыңдатып.

Сусындап жырларыңмен бүгін, міне

Бүкіл жас жатқа оқиды сусылдатып.

Кеште орындалатын өлеңдер мен әндер:

«Поэзия», «Өмір деген не десем», «Жастық шақ», «Жаным сен жасымағын», «Ғашықпын», «Өмір жайлы», «Сәби болғым келеді», «Шеше, сен бақыттысың», «Менің анкетам», «Құмған алған», «Сенің көзің», «Күй».

«Әуенді тап» ойыны. Көрермендермен ойын.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жаршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі — мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері – өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық

Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы өмірдегі

қандай сыйға болса да лайық дейміз

Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы,

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның, Өлген күні болған емес болмайды! —

дей отырып бүгінгі әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз.

 

Кештің жабылуы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок М.Макатаев"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық тәрбие сағаты:Тақырыбы: «М.Мақатаев поэзиясына арналған әдеби-сазды кеш»Мақсаты: М.Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа сүйіспеншілікке, қасиетті нарселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: акт залын безендіру, бейнероликтер, суреттер, пианино.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 021 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2020 219
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кузнецова Наталья Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кузнецова Наталья Васильевна
    Кузнецова Наталья Васильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67686
    • Всего материалов: 193

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе