Инфоурок Другое Рабочие программыОткрытый классный час "Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы"

Открытый классный час "Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы"

Скачать материал

№29 негізгі жалпы білім беретін мектеп.

 

 

 

 

Тақырыбы:

Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы.

(Metod-kopilka.ru сайтына жарияланды)

 

 

Әлеуметтік педагог

Туралиева Гафура Досбулатқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы, 27.05.2016жыл.

 

Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы.

Сабақ мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар,                            

Мұғалім:Құрметті   ата-аналар, ұстаздар,оқушылар

 «Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы» атты тәрбие сағатын бастауға рұхсат етіңіздер.Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

1-оқушы:

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. 

2-оқушы:
Отбасы — адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да – халық.

3-оқушы:
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу

Мұғалім: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері , ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана шаңырақтың тірегі.

4-оқушы:

Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры.

5-оқушы :

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше!Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.

Анам маған «Үлкенді сыйла» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден  ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра-ізеттілік,

Арымды соған қойған күзеттіріп,

Адалдық- менің сәби Айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

6-оқушы:

Ана жанын ана болсаң ұғарсың.

Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,

Балаң үшін биіктен де құларсың.

Ана мейірі күн көзімен пара-пар.

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!

Ән «Ана туралы жыр»

7-оқушы:

Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу кернек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол  болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.

8-оқушы

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген- тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Не десең де әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең  қолтығыңнан тұр демеп.

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ән «Әке қуанышы»

9-оқушы:

Қазақта «Ұлың-қымбат, немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Әжеңнің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет.

Әжемнің саясында ержетіп мен,

Аялы  ақ бесікке тербетілгем.

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен.

Жүрегімде әжемнің әжімі бар,

Жүрегімде достардың әзілі бар,

Жүрегімде өмірдің қызығы  бар,

Жүрегімде жанымның азығы бар.

Ержетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы.

Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны.

 Ата ана туралы дана сөздерді тыңдайық 
Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады

Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі.

Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады. 

Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек. 

Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. 

Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы. 

Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.

 Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Мұғалім: Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.

Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек берейік. 
1 Бала тәрбиесі бесіктен
2 Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.
3 Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры
5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 Ата бәйтерек, бала жапырақ

Мұғалім:Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый классный час "Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы.Сабақ мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу. ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру. Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, Мұғалім:Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар «Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғаш ұжымы» атты тәрбие сағатын бастауға рұхсат етіңіздер.Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.1-оқушы:Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. 2-оқушы: Отбасы — адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да – халық.3-оқушы: Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеуМұғалім: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері , ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана шаңырақтың тірегі.4-оқушы:Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры.5-оқушы :Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше!Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.Анам маған «Үлкенді сыйла» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.Үлкендерден ауысқан кішіліктіҮлкендердің өзіне сыйға берем.Атамнан қалған мұра-ізеттілік,Арымды соған қойған күзеттіріп,Адалдық- менің сәби Айбарым ғой,Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 633 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2020 484
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамина Кристина Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамина Кристина Алексеевна
    Шамина Кристина Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 90670
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 19 человек