Главная / Другое / «Отбасы - тәрбие ұясы»

«Отбасы - тәрбие ұясы»

Тақырыбы: «Отбасы - тәрбие ұясы»


Түрі: танымдылық ойын

Мақсаты:
1. Ата-ана, ұстаздар мен балалар арасында тығыз байланысты қалыптастыру.

2. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата - анасын қадырлей, құрметтей білуге дағдыландыру.
3. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
4. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.



Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация. ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», суреттер, тірек сызбалар, т. б.


Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Жүргізуші: Біздің еліміздің күнтізбесіне тағы бір жақсы мереке қосылды. Ол 8-қыркүйек Отбасы күні. Осы мерекеге орай сарайымызда әртүрлі іс-шаралар өтуде. Бүгінгі «Отбасы-тәрбие ұясы» атты іс-шараға қош келдіңіздер.

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл
бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады. Әрбір айналымның нәтижесі жұлдызшамен белгіленеді.

Барысы:
Жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Отбасы - тәрбие ұясы» атты танымдық ойын өткелі отыр. Олай болса, осы іс-шараға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

Отбасыларды шақыру.


1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
……..тер отбасы ортамызда.

2.Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
…….тер отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

3.Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
………тер отбасы таласады.


Ойынның айналымдарымен таныстыру.

  1. Таныстыру
    Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
    І - топ. Топтың аты – «Сұңқар»
    Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
    Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

    ІІ - топ. Топтың аты – «Тұлпар»
    Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
    Оқу менен еңбекке сал барыңды.

    ІІІ - топ. Топтың аты – «Болашақ»
    Ұранымыз: Болашақтың ұл - қызымыз
    Көркейтеміз елді біз.

    Енді ойынымыздың 2 - айналымын бастаймыз.

II - айналым «Ұшқыр ой»

«Сұңқар» тобына:
1. Қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып не есептеледі?

(бесік)

2. Жана туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын- сауық, той?

(шілдехана)

3. Әке жолы - ұлына не болады? ( мақтаныш)
Әр топтың сұрағы отбасына байланысты болу керек. Сұрақ саны 3 еуден аспасын.

«Тұлпар» тобына:
Әр топтың сұрағы отбасына байланысты болу керек. Сұрақ саны 3 еуден аспасын.
1. Тәрбие қайдан басталады?

(ұядан)

2. Ата - байтерек, ана -…. ?

(шанырақ)


3. Ананың аялы алақаны қызына не болады?

( сағыныш)



«Болашақ» тобына:

  1. Бірліктің түбі не?

(тірлік)

2. Ата- ананың бас қуанышы кім ?

(бала)


3. Үш байлық не?

( денсаулық, ақ жаулық, он саулық)



Әр топтың сұрағы отбасына байланысты болу керек. Сұрақ саны 3 еуден аспасын.


III- айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

Сұңқар тобына жұмбақ
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

Тұлпар тобына жұмбақ
3.
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

4. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

Болашақ тобына жұмбақ

5. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

6. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)


Тақпақтар


Жүргізуші сөзі
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, 4-ші айналымды бастаймыз.

IV- айналым «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып - жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

V. Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

1.... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2.... қошақан,
... қалмайды.
Сүп - сүйкімді момақан,
... аумайды.

3.... бала әрқашан,
Қуантады....
Құлыным деп анасы,
... баласын.
Қорытынды:(oтбасы туралы сөз)

Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы - мемлекеттің негізгі буыны.

Отбасы - болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіреттін тәрбие ошағы.

Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ екі тірегі - әлпештеген әке

мен аялаған ана.

Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегің, ананың ақ сүтін өтеу

-біздің борышымыз.

Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті. Қатысқан топтарды марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.




«Отбасы - тәрбие ұясы»
  • Другое
Описание:

Мақсаты:
1. Ата-ана, ұстаздар мен балалар арасында тығыз байланысты қалыптастыру.

 

2. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата - анасын қадырлей,  құрметтей білуге дағдыландыру.
3. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
4. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. 

Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің  басты ұясы отбасы - мемлекеттің негізгі буыны.

Отбасы - болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіреттін тәрбие  ошағы.

Тәрбие  отбасынан басталады. Болашақ екі тірегі - әлпештеген әке

мен аялаған ана.

Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегің, ананың ақ сүтін өтеу

-біздің борышымыз.

 

 

Автор Тулегенова Сандугаш Искаковна
Дата добавления 17.12.2014
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 2594
Номер материала 7385
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓