Главная / Начальные классы / «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігі.

«Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігі.


ҚАРАЛДЫ: КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:

Бірлестік жетекшісі: Мектеп директорының Мектеп директоры

оқу-тәрбие жөніндегі

орынбасары

______ Б.Қ.Нұрғалиева _______ А.А.Құрмашева _______ А.М.Елемесова

« » қаңтар 2013 жыл « » қаңтар 2013 жыл « » қаңтар 2013 жыл

















«Қош бол, құтты Әліппем!»

атты ертеңгілігі





М.Қ. Сарсембинова

Сыныбы: 1 «Б»

Күні: 15.01.2012ж.

Уақыты: сағ. 11.00

Өтетін орны: акт залы







Семей қаласы


«Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігі.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өнерлерін ата-аналарға

көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, оқушыларды өзін-

өзі басқаруға үйрету.

Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, гүлдер.

Мұғалімнің тойбастар сөзі: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым,

Өзі оқып, жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының алғашқы рет қолдарына ұстап әріп танытқан оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Бүгінгі «Әліппе» оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде, сіздердің балаларыңыз осы күнге дейін сауатын ашып, оқып-жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салмақ кез келді.

«Әліппе» бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той – сіздер мен біздер үшін ортақ та, салтанатты мереке. Олай болса, бүгінгі үлкен мерекенің иелері – балғындарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

(музыка ырғағымен балалар ортаға шығады).

Хор «Менің Қазақстаным» орындалады.

Мұғалім: - Біз әр салтанатты мерекені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз. Енді балғындарымызды тыңдасақ. («Әліппе» деген жазуы бар балалар алдыға шығады).

Нұрсұлтан:Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Жамал: Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Т. Дастан: «Әліппем» менің «Әліппем»

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Дильназ: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны, Әліппе.

Адлен: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдар алтыннан

«Әліппе» - білім бесігі.

Ақнұр: Әліппе деген – алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырмысып бақ намысқа.

Осы оқушылар хормен: Алфавитті білдік біз,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Мұғалім: - Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын. Соған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар,

Ол – сүйікті Әліппе!

Ол – сүйікті Әліппе!

Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар хормен: - Әліппе! Әліппе! Әліппе!

(Әліппе ортаға шығады).

Әліппе: Армысыздар жас достар, Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың, басталады сендерден.

Жақсы білім көрімдік, болсын сізге халайық

Не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық!

Мұғалім: - Ең бірінші әріптер сырын ашсақ қалай ойлайсыңдар балалар?

Б.Дастан: Алфавиттер тұрыңдар,

Бір адым алға шығыңдар.

Бастайық қане айтысты

Жібермейік намысты.

Нұрай: Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

Алижан: «А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Айшажан:Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенін.

Кәмила: Бас әріпке інімін,

Дауыстының бірімін.

«Ә» дегенін Әліппе

Бастауы бар білімнің.

Мұғалім: Айтпақшы, әдептілік, әсемпаздық, әдемілік сөздерімен қатар ән мен әнші сөздері де «Ә» әрпінен басталады екен. Олай болса сыныбымыздың сүйкімді де, әнші қызы Болатбаева Нұрайдың орындауында «Ертегілер» әнін тыңдайық.

Азиз: Бал бұлақтың басында,

Бәйтеректің қасында

Бұлан, бұғы келіпті

Бір-біріне кезікті

Барабан ойнап барлығы

Барабан тілін тез ұқты.

(Барабан алып шығады).

Ерсултан: «В» әрпімін кезекте

Дауыссыз дыбыс керек те

Вагон, вокзал сөздері

Басында тұрар көрікті.

Биші болсын балаңыз,

Бар өнерді саламыз.

Вальс би өнерін

Шын жүректен тамашалаңыз.

Олай болса, Вальс биін тамашалайық. Қарсы алыңыздар!

Мұғалім: Келесі әріпке сөз берейік.

Айдана: Өлкеме беріп жарасым,

Құлпыртқан сай саласын.

Гүлді сүйсең сен егер

Мені де тез табасың.

Қане атымды кім айтар,

Қайсың зерек баласың?

Ал зердеге салайық

Бұл қай әріп халайық?

Алмас: «Г» әрпі ол гүлменен

Бірге бүрлеп гүлдеген.

(гүлмен келіп, гүлді қызға ұсынады).

Алмас: Дария дархан даламын,

Дарамын да данамын

Добы да боп кетемін,

Ойын құмар баланың.

(доп алып шығады).

Алуа: Еркелетіп ел ерең

Еңбегіңді елеген.

Ерлік етсең еліңе

Елжіретер «Е» деген.

Мұғалім: - Айтпақшы балалар, «Е» дегеннен есеп сөзі басталады,

Есептеуді жақсы көреді әлемдегі адамзат.

Олай болса, біраз есеп шығарып көрейік.

Мұғалім: Көлден ұшқан жеті қаз, қайтып қонды екі қаз, қонбады оның нешеуі, қане кім тез шешеді?

Балалар хормен: бесеуі

Мұғалім: Мына алты ақ алма

Алуа менен Алмасқа

Үш сарысы Айданаға

Қызыл алма Ерсултанға

Қанша сонда бар алма?

Балалар хормен: он алма

Келесі есеп: Бір-бірімен жарасқан, төрт аю, екі арыстан, екі қоян, бір түлкі, бәрі нешеу кім білді?

Балалар хормен: тоғыз

Мұғалім: - Балалар, жарайсыңдар! Бұл – сендердің математика пәнінен алған білімдеріңнің жемісі. Олай болса, келесі әріпке сөз берейік.

Қуаныш: Жанында жаздың шуағы

Жаңбырмен жүзін жуады

Екі орақ пен бір таяқ

Белін бірге буады.

Ол қай әріп болады?

Мұғалім: Ал зердеге салайық, болады екен бұл қай әріп?

Ажар: Журнал сөзін жетелер

«Ж» әрпі бұл көкелер

(«Ж»-журнал ұсынады).

Мұғалім: - Балалар, жаңылтпаш, жұмбақ сөздері де «Ж» дыбысынан басталады екен. Олай болса, жұмбақтар жасырып көрейін.

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама! (кітап)


  1. Үйреткен ілімді

42 білімді. (алфавит)


  1. Өшірді, сүртті, өзгені құртты, өзін де құртты. (өшіргіш)


Мұғалім: - Жарайсыңдар, балалар, жұмбақтарды дұрыс шештіңдер. Келесі әріпке сөз берейік.

Ерсін: Зерделі де зерек те

Зиялы да керек те

Шатастырып үштікпен

Тек оны сен жер етпе

Зырылдауық ойыншығы

Зыр еткенде селк етпе.

Бегімай:Инабат пен ибадан

Ол тұрады алдында

Күллі адамзат сыйлаған

Имандылық бар мұнда

Ит те иесін қорғайды

Бізбен бірге ойнайды.

Нұрасыл:Көк зеңгір көгіңмін, көгілдір көліңмін,

Кішіге қария, үлкенге – келінмін.

Атымды ал кәне, айтады менің кім?

Нұрлыбек: Көлдей көңіл тілеген, әріп ғой ол «К» деген.

Аружан: Қуанамын келсе үйге көп қонақ,

Жемістерден мөлдіреген қарақат

Ойыншығым бар ойнайтұғын қуыршақ

Көрші бала, оның да аты – Қайрат.

Мади: Мақта қыз бен мысық та

«М» әрпінен басталады

Ертегіні қызықты етіп

Біздің балалар қоя алады.

Тамирлан:Спортпенен айналыс,

Сұлулықты сыйлаған,

Сурет салған пайдалы іс,

Сауық пенен кинодан.

Ажар: Отан менің ата-анам,

Отан досым, бауырым,

Отан өлкем, астанам

Отан – туған ауылым.

Алижан: Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны,

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

Нұрай: Оқыған оны ғалым да,

Оқыған оны ұстаз да,

Оқыған көсем, қолбасшы,

Жазушы, ақын, дарын да.

Үйретті бізді Әліппе

42 дербес әріпке.

«Әліппе», «Әліппе» әні орындалады.

Әліппе: - Жарайсыңдар, балалар! Сендер көп нәрсені біліпсіңдер. Сендерді жаңа оқулықпен таныстыратын сәт келді.

(музыка ырғағымен «Ана тілі» ортаға шығады).

Әліппе: Ұстаздар мен балалар

Аталар мен аналар

Танысыңдар досыммен

Достасыңдар осымен

Аттанғанда мен бүгін

Ана тілін таныңдар

Оқып ана тілінен

Ақыл-білім алыңдар!

Ана тілі: Туған елдің тілімін

Ақылы мен таңымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

Сәлем ойшыл достарым

Терең білім жол салады

Әрбір сөзін ой салады

Ғылым, тәлім, өнерім көп

Достасқанға берерім көп.

Ана тілі: - Ал, балалар, менімен достасар алдында сендерді бір сыннан өткізсем деймін. Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Әдепті екен бұл дейміз!

Ана тілі: - Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!

Ана тілі: Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!

Ана тілі: Өтірік сөз айтпаса, уәдесінен қайтпаса, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!

Ана тілі: Жарайсыңдар, балғындар! Рахмет достарым! Бүгін ниет қосқан күн! Аянбаймын сырымды, баяндаймын ғылымды. Талаптыға бәрі бар, менен оқып алыңдар!

Әліппе: Сендерге рахмет! Кәрі жасқа ой сала, үйрететін ой-сана, ана тілін сүйіңдер, осыған бас иіңдер!

Жамал: Әліппемен қош айтысып қаламыз, енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол, сауатты боп шықты міне, балаңыз!

Т.Дастан:Таныстырған 42 әріппен, қош бол менің қасиетті Әліппем,

Сенің арқаң оқи-жаза білгенім, сауатты адам санатына кіргенім!

Дильназ: Қош бол, құтты Әліппем, көп нәрсені үйреттің,

Таныстырып әріппен, тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе:Алғаш рет өзімнен

Білім алды балалар

Оқу сырын сөзімнен

Біліп алды балалар

Өсті білім санасы

Елжірейді жүрегі

Маған адам баласы

Алғыс айтып жүреді.

Ана тілі:Балдырған, балғын балалар

Ақ басты ғалым даналар

Оқушың , жас та, кәрі де

Риза саған бәрі де.

Бастаған ғылым әріптен

Бас кітап сенсің – «Әліппем!»

Мұғалім: Балалар, Әліппеге рахметімізді айтайық!

Оқушылар: Әліппеге шексіз рахмет!

Әліппе: Айналайын балғындар,

Менен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Рахмет айтып шаттанам

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасым бар

Оқумен өсіп-толыңдар

Аман-есен болыңдар!

Алижан: Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!

(музыка ырғағымен Әліппе кетеді)

Мұғалім: - Қымбатты балалар, барлығымызға әріптерді үйреткен Әліппемізбен қоштастық, енді ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, қонақтарымызға арнап өз өнерімізді ортаға салайық!


  1. «Ән – көңілдің ажары» дегендей осы залда отырған барлық аналарға Сапарханова Ақнұрдың орындауында «Аналар» әнін қабыл алыңыздар!


  1. Ұлдардың орындауында ән – «Тұлпарым».


  1. Жумабекова Дильназдың орындауында «Үнді биі».


  1. Қазақ биі.


  1. Барлық оқушылардың орындауында хор: «Ақ көгершін»


Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің соңы























  1. Гимн «Менің Қазақстаным».


  1. «Ертегілер» әні.


  1. Вальс биі. «Сағындым Алматымды».


  1. «Әліппе, Әліппе» әні.


  1. «Аналар» әні.


  1. «Тұлпарым!» әні.


  1. «Үнді биі».


  1. Қазақ биі.


  1. «Ақ көгершін» әні.

«Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігі.
  • Начальные классы
Описание:

«Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігі.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өнерлерін ата-аналарға

                     көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, оқушыларды өзін-

                     өзі басқаруға үйрету.

Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, гүлдер.

 

Мұғалімнің тойбастар сөзі: Әліппені бітірді балаларым,

                                                         Әліппеден нәр алған даналарым,

                                                         Өзі оқып, жазатын халге жетті,

                                                         Құтты болсын білімі балалардың!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының алғашқы рет қолдарына ұстап әріп танытқан оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

         Бүгінгі «Әліппе» оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде, сіздердің балаларыңыз осы күнге дейін сауатын ашып, оқып-жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салмақ кез келді.

         «Әліппе» бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той – сіздер мен біздер үшін ортақ та, салтанатты мереке. Олай болса, бүгінгі үлкен мерекенің иелері – балғындарымыздықошеметпен ортаға шақырайық.

(музыка ырғағымен балалар ортаға шығады).

         Хор «Менің Қазақстаным» орындалады.

Мұғалім: - Біз әр салтанатты мерекені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз. Енді балғындарымызды тыңдасақ. («Әліппе» деген жазуы бар балалар алдыға шығады).

Нұрсұлтан:Бар кітапқа бас болған

                         Әліппе – ғылым анасы.

                         Әліппеден басталған

                         Даналықтың данасы.

Жамал:        Ең алғаш алғанымда Әліппені

                         Қызығып қарай бердім әріптерді

                         Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

                         Ұстазым оның кілтін алып берді.

Т. Дастан:«Әліппем» менің «Әліппем»

                         Сені қолға алып мен

                         Есігін аштым мектептің

                         Ертеңгі сәуле жарықпен.

Дильназ:Келгенде алғаш мектепке

                         Білмеуші едік әріп те

                         Оқимыз қазір ертекті

                         Үйреткен оны, Әліппе.

Адлен:Ашыла берді алдымнан

                         Кең дүние есігі.

                         Соғылған сомдар алтыннан

        «Әліппе» - білім бесігі.

Ақнұр:Әліппе деген – алтын жол,

                        Апарар сені алысқа.

                        Жеңіл емес, ауыр жол

                        Тырмысып бақ намысқа.

Осы оқушылар хормен:Алфавитті білдік біз,

                                                      Онда жүйе, қалып бар.

                                                      Біздің қазақ тілінде

                                                      42 әріп бар.

Мұғалім: - Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын. Соған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке

                   Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар,

Ол – сүйікті Әліппе!

                                           Ол – сүйікті Әліппе!

Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар хормен:- Әліппе! Әліппе! Әліппе!

                                        (Әліппе ортаға шығады).

Әліппе: Армысыздар жас достар, Армысыздар ата-аналар!

                 Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға.

                 Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген

                 Келешегі қазақтың, басталады сендерден.

                 Жақсы білім көрімдік, болсын сізге халайық

                 Не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық!

Мұғалім: - Ең бірінші әріптер сырын ашсақ қалай ойлайсыңдар балалар?

Б.Дастан:Алфавиттер тұрыңдар,

                      Бір адым алға шығыңдар.

                      Бастайық қане айтысты

                      Жібермейік намысты.

Нұрай:Алфавиттің «А» тұрады басында,

                     Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,

                     Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

                     Ал осының сыры неде түсінші?

Алижан:«А» деген ол аналар ғой ардақты,

                     «Ә» деген ол әкелер ғой салмақты,

                     «Б» деген ол балалар ғой әдемі.

                      Біздің елде үшеуі де кәделі.

Айшажан:Ата-ананың тілегі               

                      Адам болып өскенің

                      Адамдықтың тірегі

                      Адал болып өскенін.

Кәмила:    Бас әріпке інімін,

                     Дауыстының бірімін.

                     «Ә» дегенін Әліппе

                     Бастауы бар білімнің.

Мұғалім: Айтпақшы, әдептілік, әсемпаздық, әдемілік сөздерімен қатар ән мен әнші сөздері де «Ә» әрпінен басталады екен. Олай болса сыныбымыздың сүйкімді де, әнші қызы Болатбаева Нұрайдың орындауында «Ертегілер» әнін тыңдайық.

Азиз:      Бал бұлақтың басында,

                 Бәйтеректің қасында

                 Бұлан, бұғы келіпті

                 Бір-біріне кезікті

                 Барабан ойнап барлығы

                 Барабан тілін тез ұқты.

                 (Барабан алып шығады).

Ерсултан: «В» әрпімін кезекте

                      Дауыссыз дыбыс керек те

                      Вагон, вокзал сөздері

                      Басында тұрар көрікті.

                      Биші болсын балаңыз,

                      Бар өнерді саламыз.

                      Вальс би өнерін

                      Шын жүректен тамашалаңыз.

Олай болса, Вальс биін тамашалайық. Қарсы алыңыздар!

Мұғалім: Келесі әріпке сөз берейік.

Айдана: Өлкеме беріп жарасым,

                     Құлпыртқан сай саласын.

                     Гүлді сүйсең сен егер

                     Мені де тез табасың.

                     Қане атымды кім айтар,

                     Қайсың зерек баласың?

                     Ал зердеге салайық

                     Бұл қай әріп халайық?

Алмас:«Г» әрпі ол гүлменен

                     Бірге бүрлеп гүлдеген.

                     (гүлмен келіп, гүлді қызға ұсынады).

Алмас:Дария дархан даламын,

                     Дарамын да данамын

                     Добы да боп кетемін,

                     Ойын құмар баланың.

                     (доп алып шығады).

Алуа:Еркелетіп ел ерең

                    Еңбегіңді  елеген.

                    Ерлік етсең еліңе

                    Елжіретер «Е» деген.

Мұғалім: - Айтпақшы балалар, «Е» дегеннен есеп сөзі басталады,

                                                                Есептеуді жақсы көреді әлемдегі адамзат.

Олай болса, біраз есеп шығарып көрейік.

Мұғалім: Көлден ұшқан жеті қаз, қайтып қонды екі қаз, қонбады оның нешеуі, қане кім тез шешеді?

Балалар хормен: бесеуі

Мұғалім: Мына алты ақ алма

                    Алуа менен Алмасқа

                    Үш сарысы Айданаға

                    Қызыл алма Ерсултанға

                    Қанша сонда бар алма?

Балалар хормен: он алма

Келесі есеп: Бір-бірімен жарасқан, төрт аю, екі арыстан, екі қоян, бір түлкі, бәрі нешеу кім білді?

Балалар хормен: тоғыз

Мұғалім: - Балалар, жарайсыңдар! Бұл – сендердің математика пәнінен алған білімдеріңнің жемісі. Олай болса, келесі әріпке сөз берейік.

Қуаныш: Жанында жаздың шуағы

                    Жаңбырмен жүзін жуады

                    Екі орақ пен бір таяқ

Белін бірге буады.

                    Ол қай әріп болады?

Мұғалім: Ал зердеге салайық, болады екен бұл қай әріп?

Ажар:   Журнал сөзін жетелер

               «Ж» әрпі бұл көкелер

               («Ж»-журнал ұсынады).

Мұғалім: - Балалар, жаңылтпаш, жұмбақ сөздері де «Ж» дыбысынан басталады екен. Олай болса, жұмбақтар жасырып көрейін.

1.     Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама!  (кітап)

 

2.     Үйреткен ілімді

42 білімді.    (алфавит)

 

3.     Өшірді, сүртті, өзгені құртты, өзін де құртты. (өшіргіш)

 

Мұғалім: - Жарайсыңдар, балалар, жұмбақтарды дұрыс шештіңдер. Келесі әріпке сөз берейік.

Ерсін:Зерделі де зерек те

              Зиялы да керек те

              Шатастырып үштікпен

              Тек оны сен жер етпе

              Зырылдауық ойыншығы

              Зыр еткенде селк етпе.

Бегімай:Инабат пен ибадан

                  Ол тұрады алдында

                 Күллі адамзат сыйлаған

                  Имандылық бар мұнда

                  Ит те иесін қорғайды

                  Бізбен бірге ойнайды.

Нұрасыл:Көк зеңгір көгіңмін, көгілдір көліңмін,

                     Кішіге қария, үлкенге – келінмін.

                   Атымды ал кәне, айтады менің кім?

Нұрлыбек: Көлдей көңіл тілеген, әріп ғой ол «К» деген.

Аружан:Қуанамын келсе үйге көп қонақ,

                       Жемістерден мөлдіреген қарақат

                       Ойыншығым бар ойнайтұғын қуыршақ

                       Көрші бала, оның да аты – Қайрат.

Мади:Мақта қыз бен мысық та

                       «М» әрпінен басталады

                       Ертегіні қызықты етіп

                       Біздің балалар қоя алады.

Тамирлан:Спортпенен айналыс,

                       Сұлулықты сыйлаған,

                       Сурет салған пайдалы іс,

                       Сауық пенен кинодан.

Ажар:Отан менің ата-анам,

                       Отан досым, бауырым,

                       Отан өлкем, астанам

                       Отан – туған ауылым.

Алижан:Барлық әріп бағалы

                       Айттық әділ бағаны,

                       Әріпсіз сөз болмайды,

                       Буын онсыз толмайды.

                       Адам барлық әріпті,

                       Ардақтайды, қолдайды.

Нұрай:Оқыған оны ғалым да,

                       Оқыған оны ұстаз да,

                       Оқыған көсем, қолбасшы,

                       Жазушы, ақын, дарын да.

                       Үйретті бізді Әліппе

                        42 дербес әріпке.

«Әліппе», «Әліппе» әні орындалады.

Әліппе:  - Жарайсыңдар, балалар! Сендер көп нәрсені біліпсіңдер. Сендерді жаңа оқулықпен таныстыратын сәт келді.

(музыка ырғағымен «Ана тілі» ортаға шығады).

Әліппе:Ұстаздар мен балалар                              

Аталар мен аналар

 Танысыңдар досыммен

                  Достасыңдар осымен

                  Аттанғанда мен бүгін

                  Ана тілін таныңдар

                  Оқып ана тілінен

                  Ақыл-білім алыңдар!

Ана тілі: Туған елдің тілімін

                   Ақылы мен таңымын

                   Түсіндірер бәріне

                   Ана тілі пәнімін

                   Сәлем ойшыл достарым

                   Терең білім жол салады

                   Әрбір сөзін ой салады

                   Ғылым, тәлім, өнерім көп

                   Достасқанға берерім көп.

Ана тілі: - Ал, балалар, менімен достасар алдында сендерді бір сыннан өткізсем деймін. Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Әдепті екен бұл дейміз!

Ана тілі: - Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!

Ана тілі: Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!

Ана тілі: Өтірік сөз айтпаса, уәдесінен қайтпаса, кім дейміз?

Оқушылар хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!

Ана тілі: Жарайсыңдар, балғындар! Рахмет достарым! Бүгін ниет қосқан күн! Аянбаймын сырымды, баяндаймын ғылымды. Талаптыға бәрі бар, менен оқып алыңдар!

Әліппе: Сендерге рахмет! Кәрі жасқа ой сала, үйрететін ой-сана, ана тілін сүйіңдер, осыған бас иіңдер!

Жамал:Әліппемен қош айтысып қаламыз, енді қолға ана тілін аламыз.

                  Ата-ана қуанышқа ортақ бол, сауатты боп шықты міне, балаңыз!

Т.Дастан:Таныстырған 42 әріппен, қош бол менің қасиетті Әліппем,

                    Сенің арқаң оқи-жаза білгенім, сауатты адам санатына кіргенім!

Дильназ: Қош бол, құтты Әліппем, көп нәрсені үйреттің,

                    Таныстырып әріппен, тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе:Алғаш рет өзімнен

                Білім алды балалар

                Оқу сырын сөзімнен

                Біліп алды балалар

                Өсті білім санасы

                Елжірейді жүрегі

                Маған адам баласы

                Алғыс айтып жүреді.

Ана тілі:Балдырған, балғын балалар

                  Ақ басты ғалым даналар

                  Оқушың , жас та, кәрі де

                  Риза саған бәрі де.

                  Бастаған ғылым әріптен

                  Бас кітап сенсің – «Әліппем!»

Мұғалім: Балалар, Әліппеге рахметімізді айтайық!

Оқушылар:Әліппеге шексіз рахмет!

Әліппе: Айналайын балғындар,

                 Менен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

                 Рахмет айтып шаттанам

                 Риза болып аттанам

                 Алда ұзақ жасым бар

                 Оқумен өсіп-толыңдар

                 Аман-есен болыңдар!

Алижан: Бәрімізді сүйіп өткен

                   Балаларға үйреткен

                   Әліппе мен ұстазға

                   Бас иеміз құрметпен!

(музыка ырғағымен Әліппе кетеді)

Мұғалім: - Қымбатты балалар, барлығымызға әріптерді үйреткен Әліппемізбен қоштастық, енді ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, қонақтарымызға арнап өз өнерімізді ортаға салайық!

 

1.     «Ән – көңілдің ажары» дегендей осы залда отырған барлық аналарға Сапарханова Ақнұрдың орындауында «Аналар» әнін қабыл алыңыздар!

 

2.     Ұлдардың орындауында ән – «Тұлпарым».

 

3.     Жумабекова Дильназдың орындауында «Үнді биі».

 

4.     Қазақ биі.

 

5.     Барлық оқушылардың орындауында хор: «Ақ көгершін»

 

Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор Сарсембинова Мунира Кадесбековна
Дата добавления 07.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 486
Номер материала 41665
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓