Главная / Начальные классы / Қош бол, құтты Әліппем!

Қош бол, құтты Әліппем!

Бекітемін:


Тақырыбы: Әліппеге шексіз рахмет!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта, шар, жазба қағаздар,суреттер.


Барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар мен қадірлі ата-аналар мен оқушылар!
Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебіреніп, көңіл толқытатын сәт. Осыдан 4 ай бұрын мектеп есігін имене ашып, партаға отырған кішкене ғана сәби жүректер,қолдары дірілдеп өздеріне беймәлім оқулықты қорқынышпен ашқан еді. Бүгін сол оқушылар алғашқы оқулығы әліппемен қимай қоштасқалы тұр. Осы сыныптың «Әліппеге шексіз рахмет!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Диляра:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Нұржарқын:
Біз әлем мектептерінен кем түспейтін осындай мектепте оқығанымызды мақтан тұтамыз.
М.Ақбота:
Біз бүгін алғаш рет қолымызға ұстап, әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Бекзат:
Әліппе - бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол. Біз бүгін сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы « Әліппені » қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз.
Айнара:
Әліппе бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық.
Анжела:
Мен өзім –ақ оқып , жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетімше оқитын болдым.
Нұрбол:
Біз сонымен бірге ән айтуды . сурет салуды , есеп шығаруды да үйрендік.
Мұғалім:
Ендеше, Әліппені ортаға шақырып, 4 ай бойы алған білімімізді көрсетейік. Кәне бәріміз хормен «Әліппе, әліппе,әліппе» дейік
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жолбастар,
Әліппең келді ортаға.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен Әпкең де.
Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.

Асем:
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Ернар:
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Толғанай:
Әліппем менің, әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Меруерт:
Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Нұрислам:
Әліппем менің, әліппем,
Өшпейтін нұрлі әріптен.
Есігін аштым білімнің,
Өзіңнен кілт алып мен.
Аружан:
Үйреттің бізге Әліппе,
42 дербес әріпті.
Сөз , сөйлем құрап әріптен,
Жаздырдың бізге Әліппе.
Т.Ақбота:
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімді тегін қазатын.
Анель:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
Жұпар:
Әліппем, менің Әліпем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Хормен: -Өзіңе көп-көп рахмет!
Хор: Әліппе
Әліппе:

Ал, балалар, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші?

Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!
Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!
Әліппе:
-Өте жақсы , балалар . Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты,үлгілі,шыншыл болыңдар! Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар?
Әліпбиді біліңдер
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
Айгерим:
Әліпбидің А тұрады басында,
М.Ақбота:

Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Мади:

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,
Айнара:

Ал осының сыры неде, түсінші?
Айгерим:
А деген ол- аналар ғой ардақты,
М.Ақбота:

Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.
Мади:

Б деген ол- балалар ғой әдемі,
Айнара:

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Хормен:
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар , әліпбидің басында
Әліппе:
- Балалар, қазір бір ойын ойнайық
Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне,менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.
Хормен: Сәлеметсіз бе , Ана тілі!
Ана тілі: Сәлем, ойшыл достарым!
Терең білім , ой саналы,
Әрбір сөзім , ой салады.
Ғылым, тәлім , өнерім көп,
Достасқанға берерім көп.

Әліппе:
Жарайсыңдар , балғындар!

Сендерге ризамын.
Кәрі-жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер.
Бекшат:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
Данияр:

Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім
Әліппе:
Айналайын , балдырған,
Менен білім алдыңдар!
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасың бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман –есен болыңдар!
Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен ,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен!
Осы кезде «Әліппеге шексіз рахмет!» -деген жазулы тәж киген балалар ортаға шығады. Әліппе шығып кетеді.

Би: М.Ақбота
Мұғалім:
Еңбек білім мәнінде,
Есептейтін бәрін де.
Сөз береміз ардақтап,
Математика пәніне
Математика:
Сәлемет пе достарым?
Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.
Хормен: Сәлеметсіз бе, математика!
Математика:
-Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? Сан құрамдарын сұрау. 7,8,9,10 сандарының құрамын атаңдаршы?
Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
1.Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2
2.Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2
3.Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
4. Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
5. Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )
Математика:
-Ал балалар, білімді екендерінді білдім, енді өнерлеріңді көрсетіңдерші?
Ана тілі:
-Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді?
-Ыбырай Алтынсарин
-Ал алғашқы әліппенің атасы кім?
-Ахмет Байтұрсынов
- Олай болса, ол кісілердің де рухына бас иіп, өсиеттерін әркез есте ұстаңдар!

Мұғалім:
-Ал енді «Әліппені » ерінбей, жалықпай, жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр арнайық!

Нұржарқын:
Күн боп күліп балаға,
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймыз,
Ардақты абзал анаға
Ақбота:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген – ана!
Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да – ана! Бұл өмірге бәріміз оған қарыздармыз.

Құттықтау сөз. Ата-аналарға беріледі.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың
Білім алып, тер төгем , еңбек етем
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.

Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол шуақ күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.

Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,
Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.
Әкешім, аман –есен жүре берші,
Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

Хормен:
«Әліппе» сырын ұқтырған,
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән: Мұғалім-ол біздің
Мұнан соң «Болашаққа саяхат немесе өскенде кім болам?» деген балалардың болжамдары оқылып, кілттеулі сандыққа салынып, он жылдан кейін ашуға мектеп мұражайына тапсырылады.
Ант қабылдау.
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз.

Құттықтау сөз. Мектеп әкімшілігіне беріледі.

Ата-аналарға алғыс хат тарату.







Қош бол, құтты Әліппем!
  • Начальные классы
Описание:

Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебіреніп, көңіл толқытатын сәт. Осыдан 4 ай бұрын мектеп есігін имене ашып, партаға отырған кішкене ғана сәби жүректер,қолдары дірілдеп өздеріне беймәлім оқулықты қорқынышпен ашқан еді. Бүгін сол оқушылар  алғашқы оқулығы әліппемен қимай қоштасқалы тұр. Осы сыныптың «Әліппеге шексіз рахмет!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 


Автор Мухамбетжанова Салтанат Орынбасаровна
Дата добавления 04.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 450
Номер материала 57505
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓