Главная / Начальные классы / Қош бол, сүйікті Әліппем! (сыныптан тыс іс-шара)

Қош бол, сүйікті Әліппем! (сыныптан тыс іс-шара)

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!

Мақсаты: Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. 
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы-«Әліппемен қоштасу». Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз. 
Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Қош келдіңіздер!
 

Ернұр:
Балдәурен шағындағы балалықтың,
Алтын ұя бесігі ең даналықтың.
Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан,
Парызын сенен ұқтым адамдықтың.
Әсем:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Ернұр:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған
Әсем:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, әліппемен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер.
Ернұр:
Неге екенін білмеймін, неге екенін,
Әйтеуір бір мәні бар мерекенің.
Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой,
Салтанаты жарасқан берекенің

Әсем:
-Құрметті ұстаздар мен қадірлі қонақтар!
Ернұр:
-Қадірменді ата-аналар мен оқушылар!
Әсем:
-Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебіреніп, көңіл толқытатын сәт. Аққұм елді мекеніндегі негізгі білім беретін №221 мектепте өткізгелі отырған «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 

Ернұр:
-Көкте күнді күлімдеткен күмбезді мектебіміздің мерейі үстем, айбыны асқақ болсын!
Әсем:

-Ортаға сіздердің қошеметтеріңізбен 1-сыныптың бүлдіршіндерін шақырайық!

Досымжан:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Аятбек Қарақат:
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жанымда сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Диас:
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алып көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Мектебім, мектебім, мектебім 
Би: Мектеп вальсі
Әсем:
-Біз әлем мектептерінен кем түспейтін осындай мектепте оқығанымызды мақтан тұтамыз. 
Ернұр:
-Біз бүгін алғаш рет қолымызға ұстап, әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Әсем:
-Әліппе - бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол. Біз бүгін сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы « Әліппені » қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз. 
Ернұр:
-Әліппе бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық. 
Сабыржанқызы Қарақат:
-Мен өзім –ақ оқып, жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетімше оқитын болдым.
Айым:
-Біз ән айтуды, сурет салуды, есеп шығаруды да үйрендік. 
Ернұр:
-Ендеше, Әліппені ортаға шақырып, 4 ай бойы алған білімімізді көрсетейік. Кәне, бәріміз хормен «Әліппе келіңіз, әліппе келіңіз» дейік.
Әліппе: 
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жолбастар,
Әліппең келді ортаға.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен, 
Ағаң менен әпкең де.
-Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы. 
Бағыбек:
Ана, әке атын сен, 
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті.
Нұршат:
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ділназ:
Үйреттің бізге Әліппе,
42 дербес әріпті.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Жаздырдың бізге Әліппе.

Эльнара:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.
Ерсұлтан:
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімді тегін қазатын.
Нұргүл:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
Сабыржанқызы Қарақат:
Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Хормен: -Өзіңе көп-көп рахмет!
Әліппе:
-Ал, балалар, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші?
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!
Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!
Әліппе:
-Өте жақсы, балалар. Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты, үлгілі, шыншыл болыңдар!
Ернұр:
Әуезді ән, жаны раушан күй жүрегі,
Жел басқан сезімдерді идіреді.
Мың бұралып алдарыңда иіледі,
Әсем биді паш етер қазақтың биші қызы –дей келе, Сабыржанқызы Қарақаттың орындауында «Өзбек» биі.

Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.
Хормен: Сәлеметсіз бе, Ана тілі! 
Ана тілі: 
Сәлем, ойшыл достарым!
Терең білім, ой саналы,
Әрбір сөзім, ой салады.
Ғылым, тәлім, өнерім көп,
Достасқанға берерім көп.
Көрініс: «Үйшік» (орыс халқының ертегісі)
Әліппе:
-Жарайсыңдар, балғындар! Сендерге ризамын.
Кәрі-жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер.
Миірман:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
Дания:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім
Әліппе:
Айналайын, балдырған,
Менен білім алдыңдар!
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам.
Алда ұзақ жасың бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман –есен болыңдар!
Хормен:

Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен!
Осы кезде «Әліппеге рахмет!» -деген жазулы тәж киген балалар ортаға шығады. (Әліппе шығып кетеді.)
Хор: «Әліппе» әні
Әсем:
Еңбек білім мәнінде,
Есептейтін бәрін де.
Сөз береміз ардақтап,
Математика пәніне.
Математика:
Сәлемет пе достарым?
Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.
Хормен: Сәлеметсіз бе, математика!
Математика:
-Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? Қазір, бәріміз бірге қызықты есептерді шығарып көрейік.
1. Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2
2. Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық? 5+3+2 = 10
3. Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
4. Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
5. Маратта бар 5 іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )

Математика:
-Ал балалар, білімді екендеріңді білдім, енді өнерлеріңді көрсетіңдерші?
Би: «Көбелек»
Ана тілі:
-Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді?
-Ыбырай Алтынсарин
-Ал алғашқы әліппенің атасы кім?
-Ахмет Байтұрсынов
- Олай болса, ол кісілердің де рухына бас иіп, өсиеттерін әркез есте ұстаңдар! Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар! (сахнаға кір-қожалақ Білмесбек жүгіріп шығады)
Білмесбек:
-Мыналар неге жиналған, әй! Менің Білмесбек деп атымды атаған қайсысың?
Ана тілі:
-Сәлеметсіз бе, Білмесбек! Бүгін « Әліппемен қоштасу » мерекесі. Сен туралы айтқан мен.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да, жұлып алмақшы болады.)
Бала: 
-Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп , мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал мына бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты. Бұлардың бәрін мен « Әліппені » оқымай-ақ білемін.
Ана тілі:
-Ол не дегенің, Білмесбек! Бұлар О,Ү әріптері ғой. Дегенмен, балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане, ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарды шешіп көрейікші.
1. Қос мықынын тіреніп,
Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік,
Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? ( С )
(Осылайша 2-3 жұмбақ айтылады, Білмесбек 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды)
Ана тілі:
-Міне, Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Білмесбек:
-Ой , менен басқа білмейтіндер де бар шығар –ау іштеріңде!
Ана тілі:
-Жоқ, Білмесбек, барлық бала жақсы оқиды.
Білмесбек:
-Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен...
Ана тілі:
-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! « Әліппені » таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Білмесбек:
- Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!
Мұғалім:
-Ал енді «Әліппені » ерінбей, жалықпай, жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр арнап, ән салайық.
Айым:
Күн боп күліп балаға,
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймыз,
Ардақты абзал анаға.
Диас:
-Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген – ана! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да – ана! Бұл өмірге бәріміз оған қарыздармыз.
Ернұр:
-Ендеше, аналардың құрметіне арнап, жігіттеріміз би жолдайды.
Би: «Жігіттер» тобы

Әсем:
-Ендігі өлең жолдарын асқар таудай әкелерімізге арнаймыз.
Нұрым:
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналмақ,
Біз айтатын келесі бір асқақ ән.
Ән: «Сәлем берем үлкенге»
Шапағат:
«Әліппе » даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
Хормен: -Рахмет, ұстаз алғашқы!
Хор: Мұғалім-ол біздің
Әсем:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз. 





Қош бол, сүйікті Әліппем! (сыныптан тыс іс-шара)
  • Начальные классы
Описание:

Мақсаты: Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. 
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы-«Әліппемен қоштасу». Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз. 
Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Қош келдіңіздер! 

 

Ернұр:
Балдәурен шағындағы балалықтың,
Алтын ұя бесігі ең даналықтың.
Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан,
Парызын сенен ұқтым адамдықтың.
Әсем:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Автор Усенова Баян Алдабергеновна
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 331
Номер материала 45562
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓