Главная / Начальные классы / Қош бол, сүйікті Әліппе!

Қош бол, сүйікті Әліппе!

hello_html_m3f12b02f.gif«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ




















1 «Ә» сынып

Сынып жетекшісі: Мусина Г.К













Семей 2013 -2014оқу жылы


Қош бол, сүйікті Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әректтері арқылы икемділігін,қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергендерін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру,қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың ата-ана,Отан,ел,болашақ алдындағы борышын сезінуге ,елін,Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.hello_html_700ffce4.jpg

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер,нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»,оқулықтарының мұқабасы,шарлар,ертегі кейіпкерлері,слайд.

Мұғалім:

-Құрметті қонақтар!

«Қош бол, сүйікті Әліппе!»атты мерекемізге қош келдіңіздер!

hello_html_1efbf091.jpg

1 оқушы:

Сара:Қош келіпсіз,ардақты ата-аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2 оқушы:

Ералы:Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.hello_html_138c15ee.jpg

Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Мұғалім:Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып жазатын хәлге жетті

Құтты болсын білімі балалардың!

1 «Ә»сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық!

Мерекенің пердесін ашуға «Бал балалық »әнімен Нұрымды ортаға шақырайық.

Ән:Бал балалық

Мұғалім:

-Ерте,ерте,ертеде «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде аю Панда мен арыстан Алекс ұзақ жылдар бойы өмір сүріпті.Содан екеуі алма ағашын отырғызады.Оны күтіп бағады.Күтім жақсы болғанмен ,алма ағашына көңілдері толмайды.Өйткені оның себебі де бар еді.Ал ол қандай себеп екен?

Мән жайды өздерінен сұрайық.Бізден көмек сұрауға жол артып келе жатыр екен, қарсы алайық.

(Музыка әуені естіліп,ертегі кейіпкерлері келеді.)

Аю Панда ,арыстан Алекс :Амансыңдар ма балалар.Біз білім ордасындағы білімді балалар бар деп,өздеріңнен көмек сұрай келдік.Мерекелеріңмен!!!Жолдан құр келмейік деп әдемі гүл ала келдік.

Арыстан Алекс:Біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Аю Панда:Оқушылардың мұғалімі өзіңіз көмек берсеңіз.

Мұғалім :Әрине ,олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:Әліппе,әліппе

Әліппе:

Менің атым-Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер,балғындар!

40 әріп пен 2 таңбам өздеріңе көмегін тигізер.Менің әр әрпімнің ғажап сыры бар.Мүмкін еккен ағаштарың жеміс берер.

(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды.)

Әріпке байланысты тақпақтар айтылады.

Аю Панда:Керемет!Ағашымыз бірнеше жеміс берді.Әліппе сізге көп рахмет!

Арыстан Алекс :Әріптер көп-көп рахмет!Бізге көп көмек бердіңдер .Әліппе,сенің әріптерің «Әліпби» елінің тұрғындары болсын.Алма ағашын бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?

Аю Панда:Мен жолда келе жатып,көп сурет тауып алдым жауабын өздеріңмен бірге шешсем деп едім ?

(Слайдта шыққан суреттің жауабын табады.)

Жұмбақ: Сақинаға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (О)

Қолымда нық ұстаған

Шеге ұратын балғаның

Қай әріпке ұқсаған

Түрін көріп,таң қалдым. (Т)

Үш ағашты байластырып

Күрке жасап ойнадым

Қызық болды күркеме қарап

қай әріп деп ойладым. (А)

Екі алып мұнараға,

Аспа көпір салыпты.

Келген адам бұл араға

Қай әріпті еске алыпты. (Н)

Арыстан Алекс:Отан деген не?

Мұғалім:Отан жайлы ән тыңдаңыз ,мағынасын сонда түсінерсіз.

Хор: «Отан»

Мұғалім:Отанын қорғар сарбаздарды қарсы алайық.

Би :Сарбаздар.

Аю Панда: 1 «Ә» сынып оқушылары
-Нені үйрендіңдер ?
1. Алижан М -Оқуды
2-
Дильназ Жазуды
3-
Алижан А есеп шығаруды
4-
Жанерке : ән айтудыhello_html_m7a37146c.jpg

5-Санжар : би билеуді
6-
Дина: үлкенді сыйлауды
7-
Досжан: кішіге қамқор болуды
8-
Айым :елімізге жақсылық жасауды


Арыстан Алекс: Нені ажырата білесіңдер ?

9-Амина: жақсылық пен жамандықты
10-
Нұрым: ақ пен қараны
11-
Нұрасыл: арамдық пен адалдықты

Аю Панда:Нені сүйесіңдер ?
12-Мадина : Отанды
13-
Расул: ата-ананы
14-
Сара : халқымызды
15-
Нұртуған :достарымызды
16-
Ерсұлтан :ұстазымызды
17-
Аружан: мектебімізді

Арыстан Алекс :Өскенде кім боласыңдар ?
18-
Олжас: адал азамат,
19
-Алимгер: оқымысты ғалым
20-
Дана: ақылды ару
Ералы: Және Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын
Хормен : елін сүйген ер «боламыз»
Әлем
:
Жаса менің Отаным-Қазақстан.
Адиль:
Мен өзіңді өте жақсы көремін!
Қымбат :
Мен сенімен мақтанамын!

Мұғалім:Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар:Ол,сүйікті Әліппе.

Ән:ӘЛІППЕ

Аю Панда: Әліппе мерекеге арнап гүл әкеп едім, ашылмай тұрғаны.

Әліппе:Балалар!Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар.Сонымен бірге қандай пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар:Математика,дүниетану,ән сабағы,бейнелеу өнері,еңбекке баулу.

Әліппе:

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?-сонда гүліміз ашылар !

Мұғалім:СЫНЫП жетекшісі ретінде 0 (Ж) санын ашып өзім бастайын.

Аhello_html_m294c2f0c.jpg

Қымбат:
Бір дегенім-білім,
Білім-жарық күнің

Р
Айым :
Екі-дегенім-еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.

А
Аружан :
Үш дегенім-үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.

Й
Мадина :
4-дегенім талап,
Талмайтұғын қанат.

С
Сара :
5-дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.

Ы
Дина :
6-дегенің арман,
Атар таңың алдан.

Ңhello_html_304c97b5.jpg

Дильназ :
7-дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.

Д
Амина :
8-дегенің –сенім,
Сүйенішің сенің.
hello_html_m44acb4be.jpg

А
Дана:
9-дегенің талғам,
Тура жолға салған.

Р
Жанерке :
10-дегенің –Отан,
Отанды сүй ботам.


1-10 ға дейінгі цифрды ашу арқылы ЖАРАЙСЫҢДАР –сөзін ашады.Осы сәтте Гүл ашылады,ішінен алтын кілт шығады.

Аю Панда ,арыстан Алекс :Міне керемет! Ана тілі кітабының алтын кілті ғой, Ана тілі қайда ,ортаға шақырайық.(алтын кілтті ана тіліне табыстайды)

АНА ТІЛІ:Сәлеметсіңдер ме балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Мұғалім: Ана тілі төрге шығыңыз сізге деген сыйымызды қабыл алыңыз.Қойылым «Сөмке».hello_html_m1fe23829.jpg

Аю Панда:

Гүліміз ашылып,көбелектің жиналғанын қара .

Би:Көбелек

Аю Панда:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ата-аналар қаттырақ қол соғыңдар,

Көбелектің билері қандай жақсы.

Арыстан Алекс :

Ата-анаңнан кейінгі

Екінші адам өмірде

Тәрбиелі білікті

Ол ұстазың сүйікті

Ән:Ұстаз.

Әліппе:Енді мен сендермен қоштасайын

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарың есте болсын.

Күнделіктерің 5-ке толсын!( 5 бағасын таратады.)


-Балалар,алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге Ана тілімен бірге атсалысасыңдар.

Мен сендерге ризамын,сау болыңдар!!!hello_html_1b332002.jpg

Оқушылар :Қош бол ,Әліппе!


Аю Панда:Бізге де қайтар уақыт болды.

Балалардың білімі құтты болсын,

Арыстан Алекс :

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Аю Панда:

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Арыстан Алекс :

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!

Мұғалім:

Балалар,сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол.Сондықтан да бәріміз де ата-аналарымызға рахмет айтайық!

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің-деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.



Марапаттау.

Осымен «Қош бол,сүйікті әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

Зер салып ,тыңдағандарыңызға рахмет!!!












Қош бол, сүйікті Әліппе!
  • Начальные классы
Описание:

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әректтері арқылы икемділігін,қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

  Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергендерін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру,қызығушылығын арттыру.

   Оқушылардың ата-ана,Отан,ел,болашақ алдындағы борышын сезінуге ,елін,Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер,нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»,оқулықтарының мұқабасы,шарлар,ертегі кейіпкерлері,слайд.

Автор Мусина Гульдерай Кайргелдиновна
Дата добавления 03.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 654
Номер материала 22111
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓