Инфоурок Другое Конспекты"Қош бол, құтты Әліппе" (1 сынып)

"Қош бол, құтты Әліппе" (1 сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппе»
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: «Қош бол, құтты әліппе» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, сандар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «А» - сынып оқушыларының «Қош бол, құтты Әліппе» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
- Балалар мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп пен жазба әріп.
Дауысты мен дауыссыз.
Айтыңдаршы, балалар
Қай оқулық үйреткен?
Хормен: Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!  (Оқушы барып Әліппені алып келеді)
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім - көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Ә — әлемді
Л – легімен
І – ізгілік
П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз.

Мұғалім:
- Біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән - бимен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан мына орынға отырыңыз.

- Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз?
Оқушылар:
Мектепке келеміз
Мұғалім: Мектеп туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?

Айсұлу: Мектеп кеме, білім теңіз.

Ерсұлтан:Мектеп - білім ордасы.
Мұғалім:
Қане, балалар, Әліппеге арнаған өлеңдерімізді  айтып берейік.
Адина: Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ерасыл:
Үйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Альбина:
Жақсы кітап әліппе,
Үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достасты
м.
Калима:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
Аруна:
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.

Айсұлу:
Әліппе, әліппе
Алғашқы әріппен
ана деп қазір біз
Жазуға әзірміз
Ерсұлтан:
Әліппе, әліппе
үшінші әріппен
Бала деп қазір біз
Жазуға әзірміз

Мұғалім:
Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Калима: Алфавитің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде? Түсінші.
Адина: А - деген ол аналар ғой ардақты,
Ә - деген ол әкелер ғой салмақты
Б - деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Бәрі: Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Ән «Балапан»
Мұғалім: -
Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.
- Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер?
Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
Ерасыл:
Бір дегенім - білім,
Білім - жарық күнің
Екі - дегенім - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Альбина:
Үш дегенім - үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
4 - дегенім талап,
Талмайтұғын қанат
.
Аруна:
5 - дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
6 - дегенің арман,
Атар таңың алдан.
Айсұлу:
7 - дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.
8 - дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің.
Ерсұлтан:
9 - дегенің талғам,
Тура жолға салған.
10 - дегенің – Отан,
Отанды сүй ботам.

Мұғалім:
Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексерейік. 
1. Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?   (10 алма)
2. 5 алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?   (2 алма)
3. Сымда 5 үйрек отыр еді, 2 - еуі ұшып кетті, нешеуі қалды? (3 үйрек қалды)
Ән: «Жау жаңбыр»
Мұғалім:
-
Балалар, біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.
Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек?

Хормен:
Рахмет!

Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар!
Хормен:
Қош бол, Әліппем!
Мұғалім:
- Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата - аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата - аналар сіздерге көп рахмет!
Келесі ән сіздерге арналады, аяулы ата - аналар, қабыл алыңыздар!

Ән «Бақытты балалық шақ»  орындайтын Тайлақ Калима
Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой - деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.- Балалар, сендер « Әліппені»бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі келеді.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім - ұраным
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілі: Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу - білімде. Оқу - білім туралы қандай мақалдар білесіңдер?
1. Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
2. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
3. Кітапсыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
4. Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
5. Оқу инемен құдық қазғандай.
6. Білім іздеген озар,
Бүлік іздеген тозар.
7. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
8. Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағ
ы.
Мұғалім:
Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош бол, құтты Әліппе" (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:9 саны және цифры.Сабақтың мақсаты: 1. 9 саны, оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру. 2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту. 3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Өткен сабақты қайталау. а) 1,5,6,7 сандарының құрамын, сандар қатарын қайталап, еске түсіру. ә) «Орамал тастамақ» ойыныб) Тай жарысы. Сандарды салыстыру = 5 * 7 6 * 2 4 * 7 3 * 6 3 * 7 7 * 6 3. Сергіту сәті.Бір, екі, үшЖинап алдым күшҚолға қалам алайықӘдемі қып жазайық4. Жаңа сабақты түсіндіру. — 8 кейін қандай сан келеді? 9 санының қалай шығатының, қалай жазылатынын айтып көрсету. 8 + 1 = 9 9 — 1= 8Жұмбақ шешу. Бір шеңберді бір шеңбер көтеріп тұр білсендер.( 8 )5. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырмада суреттің сюжетін әңгімелеп, оған сәйкес есептер құрастырып,9 санының пайда болуы туралы түсіндіріледі; 2 – тапсырма. Суреттегі кесіндіні сантиметрлік жолақшамен өлшеу нәтижесі қарастырылып, оның ұзындығы 9 см болатыны, 9см неше сантиметрден артық екені анықталады, тапсырмадағы әйнекшелердің орнына 1см,2см,3см,4см,5см,6см,7см,8см қойылатыны табылады.Шығармашылық тапсырма орындалады. Әрбір суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын анықтау.6. Дәптермен жұмыс. № 1 тапсырма жаңа сабақты бекітуге арналған. Қарындаштарды екі қорапқа әртүрлі тәсілмен бөліп салу.№2 тапсырма Оқушылардың тез есептеу дағдыларын қалыптастыруға арналған. 7.Сергіту сәті№ 3тапсырма көркем жазу69 9669 9678 87№ 4 тапсырма Берілген кесінділердің ұзындықтарының қосындысы мен айырмасына тең кесінділер сызу. Жауабы: 9 см, 5см.№ 5 тапсырма өздік жұмыс ретінде беріледі. Сандардың қосындысы 9 болатындай 3 моншақтан әртүрлі жіптерге тіз. 8. Сабақты қорытындылау.— Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2020 688
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Полищук Татьяна Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Полищук Татьяна Алексеевна
    Полищук Татьяна Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80966
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе