Инфоурок Другое СтатьиҚосалқы есімдердің түрлері, статья по иностранному языку

Қосалқы есімдердің түрлері, статья по иностранному языку

Скачать материал

Қосалқы есімдердің түрлері

Кісі есімідері негізінен мағынасы айқын да анық, айтылуға жеңіл болып келеді. Ана тілі сөз байлығынан алынған есімдер әдетте тұақты болады да көп өзгеріске түспейді, дыбыстық құрамы өзгемейді. Ал шет тілдерден, әсіресе араб, парсы ,монғол,тілдерінен енген есімдер құбылмалы, дыбыстық өзгеріске ұшырап, бірнеше иемденуші адамды, көбіне оқу – ағарту ісі мен заң қызметкерлерін шатастырып, әуре – сараң салып, көптеген қиындықтар туғызады.

Біздің тілімізде орыс, араб, парсы тілдерінен енген көптеген есімдер бар. Мәселен: орыс тіліндегі максим бізде Мақсым, Александар – Ескендір, Мария – Мариям, Егор – Жагор. Әлбетте тіліміздегі бұл есімдер орыс тілінен енген есімдердің вариянты болғанмен, бізде жеке, дербес есімдер. Мәселен, Мұхаметтен біздің тіліміздегі Махамбет, Мұқамет,Мәмбет; Фатимадан - Патима, Бәтима,Хасаннан – Хасан, Асан, Әсен, Хұсайын, Құсайын, Құсан, Құсен, Үсен, Үсейін, Хұсейін; Хайдар – Айдар, Қайдар, Азиз – Ғазиз, Әзіз, Қазыз; Омар – Ғұмар, Құмар;

Сондай – ақ, бір дыбыстың өзгеруінің салдарынан пайда болған бірнеше нұсқалы есімдер бар. Бұларды есімнің түрлі тұлғада айтылған вариантары деп тану керек. Мысалы; Сәбира – Сабира, Әбілхайыр – Әбілқайыр, Гауһар – Гаухар, Ислам – Слам, Хадиша – Қадиша, Исқақ – Ысқақ, Сқақ.

Тілімізде биреслими вариянтты, яғни қосалқы есімдер де бар. Бұл тектес есімдер туған – туыс, жора – жолдас, отбасы арасында ғана айтылғаны болмаса, дербес жеке есімдер қатарына жатпайды.

Мұсылман діні негізінде құраннан қойылған аттармен қатар әр адамның таза ана тілінде қойылған есімдер болды. Оның негізгі себебі бірнешеден, діни есімдер халыққа жат болса, екіншіден тұрмыста айтылымда да қыйын болып отырған.

Қазақ тіліндегі қасалқы аттар үш түрлі жолмен жасалады

  1. Ислам дініне сәйкес құраннан кітаптардан қойылған ат және үй ішінде, туған – туыс арасында аталатын есім мәселен, Мұхамбетрахым – Мұқамбат, Шахбатдун – шақабай.

  2. Ислам діні бойынша құраннан кітаптардан қойылған есімдерді қазақылап, қысқарта айту. Мысалы, Ибраһим орнына Абай, Мұхаметқанапиов орнына Шоқан, Сәдуақас орнына Сәкен, Гүлбаһрам орына Күлпаш т.б.

  3. Қосалқы есімдердің үшінші тобына адамдардың төл құжаттағы есімдерінен басқа тұрмыста қолданатын екінші қосалқы есім айтылуы жатады. Мәселен, төлқұжатта Разия, тұмыста Роза, Әлібек – Алик, Жарқын – Жора,Гүлжан – Гуля,т.б.

Бұл әдіс қазіргі өмірде аса жиі кездесетін өнімді тәсіл. Алайда, заңды, ресми есімдер – төлқұжатта есімдер болып табылады.



Лақап есімдер.

Адамның толық аты –жөнінің бірі – әке немесе шеше аты мен атау қазақ тұмысында, оның тарихында ежелден бар жәйт. Бұл құбылыс халақ ауыз әдебиетінде, сөйлеу тілінде,жазушылардың шығармаларында да кездеседі. Мысалы: «ҚұлымқанныңАуылынан «қара қасқа сорлылардың» қатарына қосылатын Балғабайдың сумұрын Нұртазасы мен жыланнкөз Ыбырайдың Ахметі жүр. Балбатай ауылынан «қарақасқа сорлылырдың» қатарына қосылатын Өстемірдің Ғабдеші, Срыхан қатының Ұзын Әшкері, Тапалтақ Әбділман, Омардың таз Сұлтанқайы жүр; Крестада өмір бойы Сақталғанын сауыншысы болған Қойшығалидің Арықбаласы, Төлебайдың Айқаракөз Уәлиі жүр. Қараталдан – Көшекбайдың шұбар Өтегені, Құсайынның бұжыр Ережебі,суылдақ Құдиярдың балалары және ұзынмұртын Құрманның інісі мәжен». Жазушы бұл жерде кейіпкерлерінің жүріс – тұрысын, мінез – құлқын, болмысын сын көзбен қарай отырып суреттеген.

Аты Мұстафа болғанмен жұрт оны Сақау деп кеткен. Көкериді мен жақсы білемін. Оны шын аты – Аманжол. Бала кезінде жылауық болғандықтан жеңгелері оны тауықтың дамылсыз шақыратын әтешіне ұқсатып «Көкерей – көк» қойға да,содан « Көкерей» атанып кеткен. Қасқұлақтың шын аты – Айтжан. Құлақтары қасықтай, қалқиған үлкен болғандықтан, бала кезінде жеңгелері «Қасық құлақ» қойған да, содан «Қасық құлақ» атанып кеткен.

Бұл сияқты көркем әдебиттерде қолданылатын кісі есімдері. М.Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Т. Ахметов т.б. шығармаларында көптеп кездеседі. Мұндай кісі есімдері дара күйінде, кісі аттарымен де тіркесіп келеді. Мәселен, Қасқабас, Сабалақ, Көккөз, Заманбек, Жыланқы Айбас, Әңгүлдік Хасен, Жалаңтөс.

Т. Жанұзақов тіліміздегі лақап атарды, лексикалық мағынасына қарай мынадай топтарға бөліп қарайды: « а) адамның бет – әлпет түріне, көзі, шашына байланысты:Қаракөз Айша, Шұбар Малыбай, Шегір Асаубай т.б. б) адамның жүрісі, тұлғасы, мүсініне байланысты: Жорға Жұмабай, Түйе булан, Қисық Әлтай, Шойынқұлақ т.б в) адамның дене мүшесінің кемдігіне байланысты: Шолақ Шаймерден, Таз Сұлтан, Пысылдақ Омар, Кекеш Ораз т.б. г) мінез – құлық, бейімділік әрекетке, ерекшелік қасиеттерге байланысты: Найзағай Асан, Қиясбай,Қисық, Дарабоз т.б. ғ) негізгі кәсібі, қызмет бабына байланысты: Етікші Ахмет, Саятшы Ораз, Ұста Сұлтанбек, Мұғалім Оспан т.б. д) әлуметтік яки қоғамдық жағдайға байланысты: Аяз би, Алғазы Сұлтан, Сағыр батыр, мырза Боранбай т.б. Міне, жоғарғы дәлелді мысалдардан кейін тіл – ұлттың тірегі, ұлтмәдиниеттің негізгі тұжырымға келуге болады.



Қазақ жазушыларының шығармаларындағы табу және эвфемиздер.

Қазақ этносы мәденикеңістігіндегі әйелдер тілінде ер кісілердің жалқы есімдерін атаудан көрінетін табу және эфемизм құбылыстары ерекше орын алады. Қазақ ер кісілері антропонимдерін табуландыру және эвфемизмдендірудің жарқын үлесінен бір – екі мысал келтірейік:

Бір келіншектің алты қайын ағасы болыпты дейді. Олардың азан шақырып қойған аты Өзенбай, Қамысбай, Қасқырбай, Қошқарбай, Қайрақбай, Лөктебай болса керек. Келіншек бір күні өзенге суға барса, қамыс арасында қойды қасқыр тарпа бас салып жейіндеп жатқанын көріп, қойды қасқырдан арашалап алады. Сонана соң үйге жүгіріп келіп хабарды быллай беріпті: «Сарқарамың арғы жағында, сылдыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жейін деп жатыр екен, ұлыманы үркітіп жібердім де маңырама арам өліп қалмас үшін тезірек қынаманы жанаманы жанап – жанап алып жетіңіздер».

Әр мәдениеттің өзіне сай, заттарға, іс – әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрлері бар. Осы тұрғыда қазақ мәдениеттіндегі кездесетін ата – ене, қайын аға, қайын, қайын сіңілердің атын атамау қазақ халқының төтемдік көзқарасынан сыр тартады. Қазақ мәдениетіндегі тыйым салу жөн – жоралғылары туралы Ш.Уәлихановтың шығармаларынан көп мағлұмат алуға болды.

Телқожа Жанұзақов ауылындағы жасы үлкен адамдардың атын тура атамай, бұрмалап атау, жалпы есім сөздерімен алмастырып айту кеңінен етек алғандығын айта келе, төмендегідей мысалдармен дәлелдейді: «Жламан деген атасының атын атай алмай, оның келіні» «Соқпақ атты» дегн. Сүттібайды-«Уыз», Бұқабайды-«Сүзербай», Мергенбай-«Атқышшыл», Қарабек-«Боран» т.б.

Батырлық қиял – ғажап ертегілерді батыр бейнесі туралы Е.М.Мелетейнский былай деп жазды: «батырлық ертегі жеке тұлғаның рулық ұжымынан бөліну процесін және оның өзіндік санасынан өсуін айқын көрсетеді. Табиғат күшіне тәуелді бір ғана адмнан көрнекті ғажап тұлға, ерекше күш пен қуатқа ие ертегілік батырдың ойлы мақсаты, асқақ армандары идеалданған образды туындайды.

Батырлық эпостық батыр шынайы адамдарға, кейде тарихи тұлғаларға жақын жаңа қасиеттері иеленеді. Атап өтетін бір жағдай қазақ фольклорындағы кейбір ертегілер мен эпикалық жырларда, батырлық эпостарында антропонимдердің алдына «Ер» компонентті есімдер кездесіп отырады: Ер Қосай, Ер Қодар, Ер Тарғын, Ер Бөкше, Ер төстік,Ақжонасұлы Ер Кеңес, Ер Сайын т.б. мәселен қазақ батырлық эпос Алпамыс батырда Алпамыстың қарсыласы қалмақ батыры Таймас болды, оны ер деп атп оған келесі түрде сипаттама береді:

Аты ердің Таймас еді

Қолындағы күрзісі,

Отыз батпан алмас еді

Қаһарланып сілкісе,

Тау болса да қалмас еді.

Бірге жасын жасасқан

Тайшық ханмен жолдас еді

Неше майдан соғыста

Аш қасқырдай томас еді.

Қазақ батылық эпосы Қобыланды Батырда былай дейді:

«Қысылған жерде ержігіт,

Бір тәңірге жылай ма?





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қосалқы есімдердің түрлері, статья по иностранному языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 896 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 880
    • DOCX 38 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калибекова Айнур Мамалуковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калибекова Айнур Мамалуковна
    Калибекова Айнур Мамалуковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11302
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 31 региона

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе