Главная / Другое / Орыс тілді мектепте қазақ тілін қалай оқу керектігін үйрету

Орыс тілді мектепте қазақ тілін қалай оқу керектігін үйрету

Кембридж жүйесі бойынша білім алып келген соң көптеген ойлар мені қатты мазалады. Біз оқушыларға білімді  қалай береміз, нені үйретеміз, қалай үйретеміз. Әдеттегі   біздің сабағымыз дәріс беруден оны оқу және жаттаудан ғана тұрады екен .
Білім үдерісінің нәтижелі  болуы мұғалімдерінің  оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім –дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей алған  білім ғана жүзеге асатынын түсіндім. Оқушылар   нені біледі, әрі қарай  нені іздеу керектігін үйрету. Егер оқушының тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын түсіндіру.  Білім игерудің бастауы дұрыс болмаған жағдай  да оқушы алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады. Мұғалімдердің қазіргі мақсаты оқушы алған білімдерін өмірде  тиімді қолдану.
      Оқыту оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін кешен деп есептесек, сол кешенде оқушы мыналарды білу қажет.
-    оқудың қалай жүретінін түсіну, оқытудың қолайлы жақтарын назарға алу  және өмір бойы өзін өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау ;
-    жеке ойлауға жүйелі түрде үйрету ;
-    өзінің шығармашылық таланттарын жақсы пайдалану жолдарын зерттеу  және анықтау ;
-    өзін өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру ;
-    тілді, есептеуді жақсы игеру;
-    сандық технологиялар саласындағы жоғарғы құзыреттілігі.
Осы тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құру
Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар: 1) балалардың оқу үдерісін түсінуі; ол дегеніміз оқушы сабақта  мақсат қояды,  өзі білімге қол жеткізеді.  2) нені оқу керектігін түсінуі; яғни   тактикалық оқуды білу , түсініп оқу, кез келген мәтіннің астына үңілу, айтар ойын ұғыну,   3) оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы; яғни оқу үдерісі талқылауға, сынақтан өткізуге, дәлелдеуден тұратынын түсіну   4) оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі; яғни кері байланыс жасау арқылы оқу нәтижелерін бағалауды түсіну.

Осы факторларды оқушы бойына қалыптастыру керек. Өздігінен реттелетін оқудың үш  элементі аса маңызды болып табылады
-    тапсырмамен  жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
-    оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы ,
-    проблеманы шешу  мен мақсатқа жету үшін әдіс –тәсілдерді өздігінен таңдауы
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады
Осы мақсатта мұғалімдер жұмыс үдерісіне мақсатқа жету жүйесін енгізеді, нәтижесінде оқушылардың жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету жетістігіне көңілдері толады. Сабақтар жүйесі оқушылардың нақты жайға назар аудару қабілеті дамитындай және сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып ұзақ уақыт назарда ұстайтындай құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Басқаша айтсақ, жеке бағдарланған оқыту шеңберінде, оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдауын жасауға қабілетті екенін мұғалім түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп өткізе алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру әдістемесін түсінеді. Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай-ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін қалайтын қағидаттар мен басты идеяны түсінеді.
Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін болады.
Білімге бағдарланған оқу үдерісінде мұғалімдер үстірт оқытуға қарағанда тиянақты білім беруді көздейді. Мұндай үдерісте оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.
Орыс тілді мектебінде оқушы қазақ тілін қалай оқу керектігін жайында айтатын болсам,  сабақтың тақырыбын шығарып алады, әр оқушы алдына мақсат қояды,  мысалы:  тақырып «Қазақ сазгерлері» болса, осыған дейін қазақ сазгерлер туралы ештеңе білмегені, естімегені анықталады, тұйыққа тірелді, тұйықтан шығу жолын қарастырып оқулықтан 1-2 сазгерлердің өмірбаянын айтып береді.
Мысалы : дәстүрлі  сабақта оқушының білімін бағалау былай болған

Оқушы аты жөні     Жаңа
тақырып
түсіндіру      тақырыпты оқуы    жаттау,
түсінігін айту     Көшіріп жазуы     Үй тапсыр
масын
орындауы    Қортынды
бағасы
Блохин А

    3    4    3    4    3    3
    Ал дәстүрлі емес сабақта былай өзгерді

Оқушы аты жөні     Тақырып бойынша
мақсат
қоюы     Ақпарат
жинақтауы     Ұғыну,
анықтауы     Түсіндіруі дәлелдеуі     Үйде қосымша жаңа
ақпараттар
әкелуі    Қортынды
бағасы
Блохин А

    5    5    4    4    5    5
Оқушы білімді қайдан алатынын, қалай үйренетінін білді, өзі жетістікке жетеді. Бір сөзбен айтқанда оқушы өзі білімге қол жеткізеді, оқу тактикасын біледі, өзін өзі бағалайды, өмірде қолдана алды.
       Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндіктері бар. Олар өзін және бірін-бірі бағалайды, бұл тереңірек түсінуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды.
Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Қоғамдасып оқыған өте тиімді екенін түсіндім. Оқушы диалогке түседі, яғни білмегенін білетін оқушыдан көмек сұрайды.Жалғыз оқығанан екі адам оқығаны әлдеқайда түсінікті болатынына көзім жетті. Білімге  қызығушылығы жоқ оқушыларды кездестіріп жатамыз  немесе білуге жол таба алмайтын оқушыларды кезіктіреміз  міне  сондай оқушыларға оқу тактикасын ұғындырып жіберу. Сонда ғана жаһандану заманында оқушыларымыз нені қалай оқу керектігін біледі,  сондай-ақ оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін  түсінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.III деңгей бойынша «Нұсқаулық»2012ж
2. Bronson, M.  2000 ж «Ерте жастағы өзін өзі басқару: Табиғат және тәрбие»
3. Druner, I. 1996 ж «Білім беру мәдениеті»

1.ШакейАйжангүл
2.Осакаров ауданы , Есіл селосы,  №2ОМ КММ
3. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
4. сот: 87058747490 электрон адрес  Aizhangul_1983 @ maie.ru
5.Орыстілдімектептеқазақтілі мен әдебиетін қалай оқу керектігін үйрету
6.Профессиональнаярефелексиякакисследовательскаядетельностьучителя
7. сот 87058747490

  • Другое
Описание:

Автор Шакей Айжангүл
Дата добавления 05.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1836
Номер материала 55649
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓