Главная / Другое / ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

МАКИМОВА

АЙНУР

ЕРДЕНБАЕВНА

ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылы Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады», – деп айтылған болатын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда егеменді еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Достықтың киелі бесігіне айналып, талай ұлтты бауырына басқан біздің өңірде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, өз тарапымыздан жүйелі түрде тиісті шаралар ұйымдастырып, қолдау көрсетуіміз қажет.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты - оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

Олай болса, өзім сабақ беретін орыс сынып оқушыларының арасында қазақ тіліне деген қызығушылықты, мәртебені арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқаратыным жөнінде айта кетсем.

Сабақ барысында тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді орнымен қолдана білуге үйрету арқылы оқушылардың танымы кеңейтіледі. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тіл үйренуге ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін іске асыруға бағытталады.

Біздің қазақта «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру» деген әріден келе жатқан сөз бар. Сол себепті сөздің күші мен құдіретінің ортаға әсер-ықпалын арттыруға бүкіл халық болып арғы замандардан бері ат салысқан.  Халық аталы сөзді алты жасар бала айтса да, айтушысына қарап, айтқанына қарап бағалаған, тыңдаған. Ақылы асса, аға ғой деп құрметтеген, сөзге тоқтаған.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында фразеологиялық сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді жиі қолданамын.

Мысалы, 6 сыныптың қазақ тілі сабағындағы «Отбасы мүшелері» тақырыбында төмендегідей сөз тіркестерін қолдануға болады:

  • «Ағама жеңгем сай, апама жездем сай» - Два сапога пара; Из одного и того же теста.

Ағама жеңгем сай, апама жездем сай демекші, өзіңе балаң да сайма –сай екен ғой.

Вы, как говорят, два сапога пара, и дети ваши под стать вам.

  • «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» - В гостях хорошо, а дома лучше.

Шіркін, қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім деген екен Жиренше.

В гостях хорошо, а дома лучше, часто говорил Жиренше.

  • «Көзінің ағы мен қарасы» - Только и света в окошке.

Ата-ананың сен-дағы әлпештеген баласы ең, ата-ананың көзінің ағы менен қарасы ең.

У твоих родителей только и света в окошке было, что ты, любили тебя и лелеяли.

  • «Сойып қаптап қойғандай» - Как две капли воды.

Сойып қаптап қойғандай Шыңғысханның өзінен аумайтын Жошы деген ұлы бар еді.

Был у Чингисхана сын Джучи, как две капли воды похожий на своего отца.

  • «Түймедейді түйедей ету» - Делать из мухи слона.

Отбасында сөз салғастыруды артық көрген Болат түймедейді түйедей етіп өсіретіндерді еске алды.

Зная, что многие любят делать из мухи слона, Болат предпочитал не вступать в спор у семейного очага.

9 сыныптағы қазақ әдебиетінің «Абай Құнанбаевтың өлеңдері» тақырыбында

  • «Ішкен асың жерге қою» - Сидеть гвоздем в голове.

Абайды қамаған жаулықты тағы бір кезек өзінің аулынан, аталас бауырынан шығарсам дегенде, Оразбай ішкен асың жерге қояды.

У Уразбая гвоздем в голове сидела мысль о том, как бы разжечь вражду в семье Абая, оторвать его от сородичей.

  • «Тігерге тұяқ қалдырмау» - До нитки (обобрать).

  • Осы малды қазір тігерге тұяқ қалдырмай, тік көтере алып кетеміз, - деді Әбілғазы. (М.Ә. Абай жолы)

  • Мы весь этот табун сейчас угоним, - сказал Абылгазы.

  • «Жүрегі удай ашу» - Сердце болит.

Абайдың жүрегі тағы да удай ашып кетті.

Сердце Абая опять заныло.

  • «Көппен көрген ұлы той» - Как все, так и мы.

Ендігі жұбаныш – жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болса болады да дегенді жұбаныш қылады.

Не только нам, всем плохо. Ничего не поделаешь, как все, так и мы.

7 сыныптағы қазақ тілінің «Ұйқының пайдасы» тақырыбында

  • «Тұяқ серіппей ұйықтау» - Спать без задних ног.

Жәнібек тұяқ серіппей қатты ұйықтаған екен.

Жанибек в тот день спал без задних ног.

«Жаны саудың – тәні сау» тақырыбында

  • «Тамағы тоқ, киімі көк» - Сыт и обут.

Тамағы тоқ, киімі көк – бәрі де бар.

Мы сыты и обуты – всего у нас вдоволь.

4 сыныптағы «Қыс» тақырыбында

  • «Сақылдаған сары аяз» - Трескучий мороз.

Сол күні таңертең сақылдаған сары аяз еді.

Утро того дня выдалось на редкость морозным.

  • «Қыстың көзі қырауда» - Зимняя стужа.

Қыс көзі қырауда деп елдің қамын ойлаған боларсың.

Ты, наверное, заботишься о людях, которым нелегко в зимнюю стужу.

6 сыныптағы «Ізетті бала» тақырыбында

  • «Айтқанын екі етпеу» - Сказано – сделано.

Бұдан былай қарай сенің айтқаныңды екі етпеймін.

Отныне я буду беспрекословно тебе подчиняться.

«Менің досым» тақырыбында

  • «Тонның ішкі бауындай» - Водой не разольешь.

Арман мен Жанат тонның ішкі бауындай құрдастар болатын.

Арман и Жанат – сверстники. Их, что называется, водой не разольешь.

  • «Аяғынан тік тұрғызу» - Ставить на ноги.

Достықтың, ұйымшылдықтың арқасында біз зауытты аз мерзім ішінде аяғынан тік тұрғызып, іске қостық.

Благодаря дружбе и сплоченности мы за короткий срок восстановили и пустили завод.

9 сыныптағы «Адамның құндылығы» тақырыбында

  • «Арасы жер мен көктей» - Как небо и земля. Как день и ночь.

Арасы жер мен көктей адамдарды біріне-бірін қосып қойған тәңірінің құдіреті күшті-ау деймін.

Велика же воля божья, соединившая под одной крышой этих разных, как небо и земля, людей.

  • «Иман жүзді» - Добродушный.

Осындай иман жүзді адамдар да көп екен ғой. Свет не без добрых людей.

«Қазақ халқыныңы салт-дәстүрлері» тақырыбында

  • «Аузы берік» - Держать пост.

Құдайшылық жолына рәсім байлап беріп, ораза деген өткелсіз міндет шығыпты. Еңкейген шал, еңбектеген балаға дейін аузы берік.

По мусульманским обычаям все: и стар, и млад – были обязаны держать пост.

  • «Барға мәзір, жоққа әзір» - Чем богаты, тем и рады.

Ғазиз шалды аяп кетті: - Қысылмаңыз, отағасы, барға мәзір, жоққа әзір... Біз ықыласыңызға да ризамыз.

Газиз успокоил старика: - Хозяин, не переживайте, угостили чем бог послал. Спасибо вам за теплый прием.

6 сыныптағы «Отансүйгіштік – басты қасиет» тақырыбында

  • «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» - Рука об руку.

Халқымыздың ұл-қызы күш біріктіріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса, кім бізді торғайдай тоздыра алар еді.

Если весь наш народ будет действовать сплоченно, рука об руку, никакой враг не сможет разорить и разогнать нас, как воробьиную стаю.

  • «Ит көзі көрмес, түтін танымас» - Еле-еле сводить концы с концами.

Ит көзі көрмес, түтін танымас болып отырсақ та, кіндік қаның тамған, туған жерің болған соң қимайды екенсің.

Хоть еле-еле и сводим концы с концами, покинуть родные места не в наших силах.

  • «Көзге оттай басылу» - Милый для глаз.

Осы ауылдың ортасында екі үй өзгеше зейнетті, көзге оттай басылады.

Эти два домика, стоящие посреди аула, кажутся ей особенно близкими и родными.

  • «Кіндік кесіп, кір жуған жер» - Родная земля.

Қайтейін өйтпей, кіндік кесіп, кір жуған жерім ғой ол.

Как же иначе, это мои родные места, я их люблю.

  • «Қырымнан көру» - Дальновидный.

Қырымнан көретін басшысы бар халық бақытты.

Счастлив народ, у которого дальновидный правитель.

  • «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» - Силой оружия и духа.

Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен болуды ойлаңдар.

Нужно положиться на острие копья, на свою силу, чтобы сохранить единство народа.

Қазақтың мақал-мәтелдері – көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма. Өйткені бұл – мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, сыннан өткен асыл түйіні.

Сабақтарда тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді қолдану оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыра отырып, сөйлеу мәдениетіне де зор әсер етеді.

Мысалы, 4 сыныптағы «Менің елім - Қазақстан» тақырыбындағы сабақта

  • «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» - Человек без Родины своей, что одинокий соловей.

  • «Туған жер алтын бесік» - Родная земля- золотая колыбель.

«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында

  • «Тазалық - денсауылық кепілі» - Чистота- залог здоровья.

3 сыныптың «Ұлттық тағамдар» тақырыбында

  • «Нан - дастархан құты» - Хлеб - всему голова.

  1. сыныптағы «Қазақ отбасындағы еңбектің орны» тақырыбында

  • «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» - Семь раз отмерь, один раз отрежь.

3 сыныптағы «Күш білімде» тақырыбында

  • «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - Сильный победит одного - ученый тысячу.

  • «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» - Без ученья - нет уменья.

Оқушыларға қазақ тілін меңгерту барысында жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдануы керек. Оқушылардың сабақта алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру және олардың ынтасын үздіксіз арттырып отыру үшін де ойын элементтерін кірістіріп отыру тиімді. Жаңа сабақты түсіндіргенде де, өткенді қайталау кезінде де, сабақты пысықтау-қорытындылау кезеңінде де ойын элементін қолдануға болады. Ол сонымен бірге қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады және тіл дамытуға көмектеседі. Сабақ барысында қолданған сондай элементтердің бірнеше түріне тоқталайық.

«Мақал-мәтелді аяқта» ойыны.

1. Бас кеспек болса да, .................... (тіл кеспек жоқ).

2. Таяқ еттен ..................... (сөз сүйектен өтеді).

3. Жақсы байқап сөйлейді, .................. (жаман шайқап сөйлейді).

4. Тіл тас жарады, ....................... (тас жармаса бас жарады).

5. Ана сүті бой өсіреді, ..................... (ана тілі ой өсіреді).

6. Отансыз адам, .................. (ормансыз бұлбұл).

7. Екі жақсы қас болмас, ....................... (екі жаман дос болмас).

8. Ашу - дұшпан, ақыл – дос, ...................... (ақылыңа ақыл қос).

9. Бір тал кессең, .................. (он тал ек).

10. Төрт аяқтыда бота тату, ..................... (екі аяқтыда бажа тату).

«Полиглот» ойыны.

1. Қыз өссе – елдің көркі, ... өссе – жердің көркі (гүл-цветок).

2. Ұстаздан ... озар (шәкірт-ученик).

3. Піл көтермегенді, ... көтереді (тіл-язык).

4. .... тістен шыққан сөз, .... рулы елге тарайды (отыз-тридцать).

5. ... ала болса, ауыздағы кетеді (алтау-шестеро).

6. ... рет өлшеп, бір рет кес (жеті-семь).

7. ... жылға қоян терісі де шыдайды (бір-один).

8. Туған жердей ... болмас, туған елдей .... болмас (жер-земля, ел-народ).

9. ... жылатып айтады, .... күлдіріп айтады (дос-друг, дұшпан-враг).

10. Досы көпті ... алмайды, ақылы көпті ... алмайды (жау-враг, дау-спор).

«Тұрақты сөз тіркестерін жалғастыр» ойыны.

Бұл ойын оқушыларды сөйлемді дұрыс құрай білуге үйретеді.

Шарты: бұл ойынды оқушылар екі топқа бөлініп ойнайды. Бірінші топтың бір оқушысы тұрақты сөз тіркесін бастайды, ал екінші топтың бір оқушысы сол сөз тіркесін жалғастырады.

1. Ашса алақанында, ........ (жұмса жұдырығында).

2. Басы ауырып, ....... (балтыры сыздау).

3. Бетегеден биік, ......... (жусаннан аласа).

4. Екі аяғын ........ (бір етікке тығу).

5. Сәуір болмай, .......... (тәуір болмас).

6. Тастай батып, ......... (судай сіңу).

7. Сүттен ақ, ............ (судан таза).

8. Сенген қойым сен болсаң, ................. (күйсегенін құрысын).

9. Сайда саны, ................... (құмда ізі жоқ).

10. Отырса опақ, ............... (тұрса сопақ).

Осындай сабақ кезінде жүргізілген ойындар оқушылардың ой-белсенділігін артып қана қоймай, өз бетінше ізденулеріне жол ашады, пәнге деген құштарлығын арттырады. Әсерлі ойындар оқушылардың бір-бірімен сөйлесудегі психологиясына да әсер етеді. Ойындар арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеті мен логикалық ойлануына әсер етуге болады. Оқытудың әдіс-тәсілдері өте көп, оларды тиімді қолдану әр пән оқытушыларының шеберлігіне байланысты.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді,-

дегендей әр сөзді орнымен қолдана білу де шеберлікке жатады. Сабақтарда оқушыларды сөйлете білу, оның ішінде мәдениетті сөйлеуге үйрету – әр мұғалімнің міндеті.


ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
  • Другое
Описание:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылы Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.  Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады», – деп айтылған болатын. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

 

Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда егеменді еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Автор Карасташева Ирина Валерьевна
Дата добавления 21.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 697
Номер материала 56842
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓