Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

 

Қаржаубаева Ж.М.

№45 мектеп-гимназия, Шымкент

 

Резюме

В статье рассматриваются пути развития устной и письменной речи учащихся русских школ на уроках казахского языка.

 

SUMMARY

The article deals with the ways of developing students’ speaking and writing skills at the lessons of the Kazakh language.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың « … қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және оны дамыту туралы айтуға қақылы» деген сөзі тіл проблемаларын шешудің,  еліміздің алдында тұрған маңызды мақсаттарының бірі екендігін көрсетеді. Қазір мемлекеттік тіліміздің дамып, өркендеп, қанат жаюына қатысты іс-шаралар жан-жақты жүргізілуде.

Қазақ тілі – өз ішінде салаларға бөлінетін, өзіндік сыры мен қыры көп, күрделі және бай тіл. Оның барлық сыр-сипатын, салаларын бірден тану, білдіру мүмкін емес, сол себепті тілдік материалдар өз жүйесі бойынша жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген ұстанымдарды есепке ала отырып үйретіледі.

Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру оның белсенділігін, шығар-машылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. Қазақ тілі пәні арқылы қалыптастыруға бағытталған пәндік құзіреттіліктер оқушылардың қоғам қажеттілігіне сай мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасуға ынталы болуын, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана алуын, халқының өткен тарихын білуін, отбасында, қоғамда және адамдармен қарым-қатынаста өз көзқарасын білдіре алуын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет (1).

Оқушы, қазақ тілінде сауатты, жақсы жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, сауатты жаза білу де міндет. Сауатты жаза білуге үйрету арқылы мұғалім оқушыға  жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы ауызекі сөйлеу тілін де дамытады.

Олай болса, оқушы әр сабақта бірнеше жаңа сөз үйрену керек деген ұстаным басшылыққа алынуы тиіс. Осы орайда оқушылардың түсініп тыңдау дағдыларын дамыту басты мәселе болып табылады. Сөздерді, сөз тіркестерін түсіне білу, дыбыстарды, дауыс ырғағын ажырата білу қабілетін қалыптастыру мақсатында сөздік жұмысы жүргізіледі. Мысалы: 6 сыныпта «Біздің отбасымыз» тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту кезеңінде мынандай жұмыс түрлерін алуға болады:

1.Жаңа сөздер интерактивті тақтада көрсетіледі: онша, жеке меншік, балалар дәрігері, немере, шөбере, заңгер. Мұғалім дауыс ырғағын дұрыс қойып, қазақ тіліне тән дыбыстарға екпін түсіре отырып, оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Келесі кезеңде оқушыларға сөздерді қайталата отырып, сөздерді дұрыс айту дағдыларына көңіл бөлінеді. Дыбыстарды ажыратуға арналған жаттығулар жүргізіледі. Оқушылар жуан, жіңішке түбірлі сөздерді ажыратады. Осыдан кейін түсіну қабілетін арттыру мақсатында аударма жұмыстары жүргізіледі. Сөздердің грамматикалық және морфологиялық формалары түсіндіріледі (2).  Оқушылардың жаңа сөздерді түсініп тыңдау дағдыларын қалыптастыру жұмыстарынан кейін тіл дамыту жұмыстарына көшеміз, яғни сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыруға үйретеміз. Бірінші сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы: Анам-балалар дәрігері. Атамның 6 шөбересі бар. Содан кейін сөйлемдер құрастыруға болады. Осылайша сөйлеуге қажет фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мен дағды тіл дамыту негіздерін құрайды. Осы білім аясында сөйлеу әрекеті дамиды. Мұндай тіл дамыту шын мәніндегі тілдік коммуникацияны жаңа мазмұндағы жаттығулар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

                    Мәтіналды дайындық жұмыстары:

1. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру

                                          үлкен, шағын

                                           атам мен әжем ( әкем мен шешем ) бар

Менің отбасым (да)   атамды, ...., ...сыйлаймын. (ардақтаймын, құрметтеймін) 

                           (ның)        дәстүрі бар

                           (ды)          дәстүрі – үлкенді сыйлау

                                             жақсы көремін.

         Мәтіналды дайындық сатысынан өткеннен кейін, мәтінде кездесетін тірек сөздерді қолдану, оның мазмұнын анықтайтын сұрақ-жауап арқылы мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жағдай туғызамыз. Ол үшін төмендегідей сұрақ түрлерін ұсынуға болады:

 - Сенің отбасың үлкен бе?

 - Ата анаңның мамандықтары не?

 - Сен кімдерді құрметтейсің?

 - Отбасыңда қандай жақсы дәстүр бар?

Мәтінмен жұмыс кезінде орындалатын тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, дайындық деңгейлеріне байланысты болады. Тапсырмалар мұғалімнің ұсынысы бойынша ауызша немесе жазбаша орындалады. Мәтін балаға білім береді, баланы оқуға үйретеді, баланың ойын дамытады. Өз-өзіне сұрақ қою, басқаға сұрақ қою, кез келген нақты дайын жауап алудан гөрі терең ойлантатын сұрақ тауып қою- осының бәрі ойлауға әкеледі, қызығушылықты арттырады, іздендіреді, жетелейді, дамытады (3).

Сонымен қатар оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Қазақ  тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі. 
Тапсырмалары:

1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;
2. Мазмұнын түсіну, аудару;

3. Мәтін бойынша  сұрақ құрастыру;
4. Мәтіннен тірек  сөздерді табу;
5. Ойыңды  сызбамен ,суретпен, кестемен көрсету;

6. Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу.

           Бұл жұмыс түрі оқушының өз отбасы туралы ауызша да, жазбаша да әңгімелей алуына жетелейді. Мәтін мазмұны бойынша сурет салдыртуға, мәтінді өздігінен аяқтап жазуға, мәтіннің мазмұнын ашатын мақал-мәтелдерді қолдана отырып өз отбасы туралы монолог дайындатуға болады. Сонымен қатар мәтін мазмұнын меңгерту барысында диалог түрлерін қолдануға болады: сұрап-білу диалогі, әдепке байланысты диалог, ой-пікір алмасу диалогі.

Сұрақ-диалог барысында қарым-қатынастық біліктіліктерге оқушының өзіне қажетті ақпаратты кім? не? қашан? қандай? қайда? деген сұрақтарды қою арқылы қол жеткізіледі (3). Мысалы:

 -Сенің отбасың үлкен бе?

-Отбасыңда қанша адам бар?

- Атаң мен әжең кімдер?

- Олар қандай адамдар?

- Әкең қайда жұмыс істейді?

 - Анаң кім?

- Бізге кім қамқор болады?

- Біздің отбасымызда қандай жақсы дәстүр бар?

Пікір алмасу диалогі өз ойын, көзқарасын білдіру, басқа біреудің ойымен келісу немесе келіспеу, күмәндануын білдіру сияқты біліктіліктерді қажет етеді. Мысалы:

- Мараттың отбасы шағын ба?

 - Жоқ, шағын емес,үлкен.

 - Атасы мен әжесі жұмыс істей ме?

- Жоқ, зейнеткерлер.

- Мараттың әкесі мен анасы еңбекқор адамдар.

 - Иә, олар еңбекқор адамдар.

 Оқушылардың ынтасы және таным әрекеттерін дамыту, белсенді ізденуші, пікір айтушы, ой бөлісуші деңгейіне жеткізу мақсатында шығармашылық жұмыс түрлері жүргізіледі. Бұл жұмыс түрлері баланы өз бетінше ізденіске бағыттайды, ынталандыратын мүмкіндіктер туғызады, оқушының еркін шығармашылығын қамтамасыз етеді.  Сондай-ақ сын тұрғысынан ойлау  «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Салыстыру кестесі» стратегияларының да тіл үйретуде маңызы зор.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

1.Не?              Отбасы

2.Қандай?       Үлкен тату

3. Не істейді? Қамқор болады, құрметтейді, жақсы көреді

4. Сөйлемжазу.Біздің жақсы отбасылық дәстүр

5. Синоним.     Жанұя

 

Сонымен жаттығулардың түрлерін әр сабақта тақырыпқа байланысты түрлендіру- мұғалімнің тіл үйретудегі басты шеберлігі. Оқытудың басты міндеті - ең тиімді әдіс- тәсілдерді орынды қолданып, нәтижеге қол жеткізу.

 

 

 

 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Тұрсынғалиева С.Ч., Берекенова Ә.С. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік құрал. «Арман-ПВ» баспасы, 2013

2.Хабаршы. ҚазМҚПИ ғылыми журнал. Филология сериясы. №5 (2). 2007. 38 бет.

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, 2007жыл №8, 24-25бет.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Елбасы Н.Назарбаевтың « … қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және оны дамыту туралы айтуға қақылы» деген сөзі тіл проблемаларын шешудің, еліміздің алдында тұрған маңызды мақсаттарының бірі екендігін көрсетеді. Қазір мемлекеттік тіліміздің дамып, өркендеп, қанат жаюына қатысты іс-шаралар жан-жақты жүргізілуде. Қазақ тілі – өз ішінде салаларға бөлінетін, өзіндік сыры мен қыры көп, күрделі және бай тіл. Оның барлық сыр-сипатын, салаларын бірден тану, білдіру мүмкін емес, сол себепті тілдік материалдар өз жүйесі бойынша жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген ұстанымдарды есепке ала отырып үйретіледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.06.2020 677
    • DOCX 21.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кондратьева Елена Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 147002
    • Всего материалов: 233

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 952 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 702 человека

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов