Главная / Информатика / Орта мерзімді жоспар. 9-сынып.

Орта мерзімді жоспар. 9-сынып.

«Бекітемін»

«____»______________ 2013 жыл

Мектеп директоры К.М.Шапикова

hello_html_m38cfa88d.gif hello_html_26eba015.gif hello_html_m39d7f3e0.gif

















Информатика пәнінен орта мерзімді жоспар

9-сынып




Пән мұғалімі Г.Г.Сараева

2013-2014 оқу жылы
















Түсінік хат


«Информатика» пәні бойынша 9 сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жасалды. Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-9 сыныптарда информатика сабағын беру ауыспалы сипатқа ие, осыған орай 5-9 сыныптарға арналған жана оқу бағдарламасы негізінде 6-9 сыныптар үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді, Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады.

Информатика пәнін оқыту мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  • есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  • программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  • ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  • алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық,

  • зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.






Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


Кіріспе (1 сағат):

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Алгоритмдеу және программалау (25 сағат):

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар; Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер); программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі; айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

алгоритм ұғымы, қасиеттері, алгоритмнің берілу тәсілдері, атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі, алгоритм типтері; есептер шығару кезеңдері, қадамдап бөліктеу әдісі; программалау тілі, программа және оның құрылымы, деректер типтері, айнымалы ұғымы, өрнек, меншіктеу, сандық функциялар; деректерді енгізу және шығару; сызықтық алгоритмдерді программалау; файлдармен жұмыс, тармақталу алгоритмдерін программалау; шартты көшу операторлары, шартсыз көшу операторлары, циклдік алгоритмдерді программалау, параметрі бар циклдер, ДЕЙІН циклы, ӘЗІРШЕ циклы; массивтер; символдық деректерге қолданатын амалдар; графикалық объектілерді программалау, графикалық процедуралар және функциялар.

Ақпараттық моделдеу (4сағат):

компьютерлік графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.

Жобалық іс-әрекет (4 сағат).








Орта мерзімді жоспарлау

9-сынып



1. Сабақтың тақырыбы.



2. Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

3. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

4. Оқып-үйренудің нәтижесі

5. Үйрену мақсатында бағаны қоса алғанда, бағалау

6. Барлығын қоса алғанда, бағалау

7. Негізгі дерек көздер

І тоқсан

9 сағат

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқушыларды техника қауіпсіздігімен таныстыру. Техника қауіпсіздігін сабақта сақтау

Баяндама, сергіту сәті, денеге, көзге арналған жаттығулар жасау

Оқушылар техника қауіпсіздігімен танысып, алғашқы медециналық көмек көрсету әдістерін көрді, арнайы жаттығуларды орындады. Нұсқаулыққа танысқаны туралы белгі қойды

Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты игергенің тексеру: тест арқылы және айызша


Тірек сызбалар, таратпа материалдар, мұғалім оқыған баяндама (лекция)

Алгоритмдеу және модельдеу (25 сағат)

1

Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритмді ұсыну тәсілдері

Алгоритм дегеніміз не, оның қасиеттерін ажыратуды үйрету. Оның жазылу жолын көрсету

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Алгоритм және оның қасиеттерін ажырата білуді үйренді. Жазылу жолын есепте қолдана алды

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

2

Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі. Алгоритм типтері

Алгоритм типтерімен таныстыру. Атқарушы ұғымы мен комендаларымен таныстыру

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Типтерін ажырата алды, түрлендіре алды, есептерде қолдана алды

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

3

Есептер шығару кезеңдері. Қадамдап бөлу әдісі.

Есептерді шығару түрлерімен таныстыру, шығару жолдарын көрсету

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Есептерді шығару жолдарын тиімді пайдалана алды, қадамдап шығару жолын қолдана білді

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

4

Программалау тілі. Программа және оның құрылымы

Программалау тілі дегеніміз не, оны қолдану жүйесі, түрлері, құрылымы және алфавитімен таныстыру

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Прграммалау тілінің алфавитімен жұмыс жасауды үйренді, есептерде қолдаана алды. Құрылымын құра алды

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

5

Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы

Типтермен таныстыру, оларды қолдану жолдарын көрсету. Айнымалы ұғымымен таныстыру

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Мәліметтер типімен танысты, оларды ажырата алды, айнымалыларды типтермен белгілеуді үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

6

Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

Меншіктеу операторының міндетімен таныстыру, оны қолдануды үйрету. Сандық функциялармен таныстыру

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Меншіктеу операторымен жұмыс жасай біледі, оның міндеттерін ажырата алады. Функцияларды есептерде қолдана алады

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

7

Мәліметтерді енгізу және шығару

Енгізу және шығару операторларымен танысу, олардың жазылу ережесімен танысу. Түрлерін ажырату.

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Енгізу және шыңару операторларының түрлерін ажыратуды үйренді. Есептерде қолдану жолдарымен танысты

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

8

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сызықтық алгоритмдерді программалау жолдарымен танысу. Есептер шығару. Меншіктеу операторы мазмұнымен таныстыру, есептерде қолдану

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Сызықтық алгоритмдерді программалау жолдарын меңгерді. Есептерде қолдануды үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

ІІ тоқсан

7 сағат

10

Файлдармен жұмыс

Файл ұғымымен таныстыру. Онымен жұмыс жасау жолдарымен таныстыру

Жеке жұмыс. Жіңішке-жуан сұрақтарын пайдалану

Файлды басқа ұғымдардан ажырата алады. Онымен жұмыс жасай біледі

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

11

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Тармақталу алгоритмімен таныстыру, оны программалау жолын көрсету

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Тармақталу алгоритмі не екенің біледі, басқа алгоритмдерден ажырата алады, есептер шығара алады

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

12

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Берілген тақырып бойынша есептер шығару, оларды түрлендіруді үйрету

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Есептерді шығара алады, түрлендіре алады

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

13

Шартты көшу операторлары

Шартты операторға көшу жолдарымен таныстыру

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Берілген оператормен танысты, дұрыс жаза алды. Есептерде қолдануды үйренді. Өзбеттерімен есептер шығара алды

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

14

Шартсыз көшу операторлары

Шартсыз көшу операторымен таныстыру. Оны қолдануды үйрету, жазылу жолымен таныстыру

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Шартсыз өту операторымен танысты. Жаза білді, есептерде қолдана алды.

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

15

Есептер шығару

Өтілген тақырыптаға байланысты есептер шығару. Білімін тексеру

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Есептер шығарылды. Білімі тексерілді

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

16

Жарты жылдық бақылау жұмысы

Алгоритмдеу және моделдеу тақырыбы бойынша білімін тексеру

Бақылау жұмысы


Жеке бағалау


Практикум, бақылау жұмысы №1

І жартыжылдық бойынша барлығы 16 сағат









Қолданылған әдебиеттер


  • Информатика 9 сынып. Оқулық. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова., Мектеп 2013.

  • Информатика 9 сынып. Оқулық. Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова Арман ПВ 2013

  • Информатика 9сынып. Әдістемелік нұсқау. Б.Нақысбеков, А.Мұхамади, Г.Мадиярова , Мектеп 2013

  • Информатика 9сынып. Әдістемелік нұсқау. Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова Арман ПВ 2013

  • Информатика 9 сынып. Есептер мен жаттығулар жинағы. Б.Бөрібаев, Р.Дузбаева.,А.Махамбетова, Мектеп 2013.

  • Информатика 9сынып. Оқу кітабы. Б.Бөрібаев HTML де web- құжаттар жасау негіздері. Мектеп 2013



Орта мерзімді жоспар. 9-сынып.
  • Информатика
Описание:

Бірінші жарты жылдыққа арналған орта мерзімді жоспарымды ұсынып отырмын. Бұл жоспар деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге қажет болады деп ойлаймын. Әрине көптеген кемшіліктері болуы да мүмкін, сондықтан құрметті әріптестер, Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін өте қажет. Егер менің бұл жасаған жоспарым Сіздің жұмысыңызға септігін тигізсе, мен өте қуаныштымын. Сіздердің пікірлеріңізді күтемін. Бұл мен үшін өте қажет.

Орта мерзімді жоспарлауды (ОМЖ) әдетте оқу бағдарламасының құрылымына сай сабақтарды жүйелейтін мұғалімдер жүзеге асырады.Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда айқындалған бағдарларды нақтылайды және қысқа кезең аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарлауда бекітілген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалған.

 

Автор Сараева Гульмира Ганмирхановна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 1772
Номер материала 50513
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы