Главная / Информатика / Орта мерзімді жоспар. 7-сынып.

Орта мерзімді жоспар. 7-сынып.

«Бекітемін»

«____»______________ 2013 жыл

Мектеп директоры К.М.Шапикова

hello_html_m38cfa88d.gif hello_html_26eba015.gif hello_html_m39d7f3e0.gif

















Информатика пәнінен орта мерзімді жоспар

7-сынып




Пән мұғалімі Г.Г.Сараева

2013-2014 оқу жылы
















Түсінік хат


«Информатика» пәні бойынша 7 сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жасалды. Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-9 сыныптарда информатика сабағын беру ауыспалы сипатқа ие, осыған орай 5-9 сыныптарға арналған жана оқу бағдарламасы негізінде 6-9 сыныптар үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді, Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады.

Информатика пәнін оқыту мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  • есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  • программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  • ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  • алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық,

  • зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.




Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


Кіріспе (1 сағат):

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):

Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері; сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.

Компьютер (3 сағат):

Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.

Алгоритмдеу және программалау (10 сағат):

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар; Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер); программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі; айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

Ақпараттық модельдеу (2 сағат):

Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (13 сағат):

компьютерлік графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.

Жобалық іс-әрекет (2 сағат).










Орта мерзімді жоспарлау

7-сынып



1. Сабақтың тақырыбы.



2. Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

3. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

4. Оқып-үйренудің нәтижесі

5. Үйрену мақсатында бағаны қоса алғанда, бағалау

6. Барлығын қоса алғанда, бағалау

7. Негізгі дерек көздер

І тоқсан

9 сағат

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқушыларды техника қауіпсіздігімен таныстыру. Техника қауіпсіздігін сабақта сақтау

Баяндама, сергіту сәті, денеге, көзге арналған жаттығулар жасау

Оқушылар техника қауіпсіздігімен танысып, алғашқы медециналық көмек көрсету әдістерін көрді, арнайы жаттығуларды орындады. Нұсқаулыққа танысқаны туралы белгі қойды

Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты игергенің тексеру: тест арқылы және айызша


Тірек сызбалар, таратпа материалдар, мұғалім оқыған баяндама (лекция)

Информатика және ақпарат (3сағат)

1

Информатика. Ақпарат қасиеттері. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Оқушыларға информатика қандай ғылым және нені зерттейтінің, сонымен қатар ақпарат дегеніміз не және оның алуан түрлілігімен, оның өлшем бірліктерімен таныстыру

Топқа бөлу, постер, кластер және сыни тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану

Ақпарат алуан түрлілігін ажырата білді және өлшем бірліктеріне байланысты есептер шығарып үйренді

Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты игергенің тексеру: жуан-жіңішке сұрақтар көмегімен


Тірек сызбалар, оқулық, таратпа материалдар

2

Әлемнің ақпараттық бейнесі. Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері.

Өткен тақырып бойынша түсініктерін бекіту, ақпаратты өздіктерінен іздеуді үйрету, ақпарат алаун түрлілігін ажырата білу

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, постер, деңгейлік тапсырма

Өз беттерінше ақпарат іздеуді, оны ажырата білуді үйренді

Берілген тапсырмалар бойынша топпен бағалау және жеке бағалау


Оқулық, интернет желісі, таратпа материалдар

3

Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.

Код не екенің түсіндіру. Олардың түрлерімен таныстыру, ақпаратты кодтауды үйрету.

Жеке жұмыс беру. Топпен жұмыс беру. Деңгейлік тапсырмалар беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды пайдалану

Кодтаудың түрлерімен танысты, оларды қолданды және кері кодтауды үйренді

Берілген тапсырмалар бойынша топпен бағалау және жеке бағалау


Оқулық, тірек сызбалар, таратпа материалдар

Компьютер (3 сағат)

1

Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады.

Компьютер ұғымымен таныстыру, оның ең басты бөліктерін көрсету. Жады не екенің түсіндіру, оның түрлерімен таныстыру

Жеке жұмыс беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды қолдану

Компьютердің ең басты құрылғыларын ажырата алады. Жады компьтердің ең басты құрылғысы екенің біледі. Оның түрлерін және бір-бірінен айырмашылығын ажырата алады

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, тірек сызбалар

2

Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Программалық қамтамасыз етудің сипаттамасымен таныстыру, тақырыпты кеңінен ашу

Жеке жұмыс беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды қолдану

Программалық қамтамасыз ету сипаттамасымен танысты, ол туралы түрлі мәліметтер жинақтады

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, интернет желісі

3

Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.

Операциялық дегеніміз не және оның түрлерімен таныстыру. Олардың артықшылықтарын ажырату және атқаратын фукцияларын бөліп көрсету

Жеке жұмыс беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды қолдану. Топтық жұмыс беру

Операциялық жүйе түрлерімен танысты, оларды ажыратуды үйренді, олардың функцияларымен танысты

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, тірек сызбалар, таратпа материалдар

Алгоритмдеу және модельдеу (9 сағат)

1

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның жазылу пішімін көрсету. Блок-схема түрінде жазылу әрекетін көрсету. Есептер шығару

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Алгоритм ұғымын білді, оны жазып жіне блок-схемасын құруды үйренді. Есептер шығаруды үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

2

Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Алгоритм типтерімен таныстыру, оларды ажырату білуді үйрету. Есептер шығаруды үйрету

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Алгоритм типтерімен танысты, түрлерін ажырата білді. Есептер шығаруды үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

ІІ тоқсан

7 сағат

3

Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.

Программалау тілімен таныстыру. Оның алфавитімен таныстыру. Жазу ережесін көрсету.

Жеке жұмыс. Жіңішке-жуан сұрақтарын пайдалану

Программалау тілі не екенің түсінді. Олардың түрлерімен, алфавитімен танысты. Жазылу ересін меңгерді және есептер шығарып үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

4

Программалау тілінің синтаксисі. Айнымалылар типтері.

Айнымалылар типтерін ажыратуды үйрету, есептерде қолдануды үйрету

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Айнымалылар типтерімен танысты. Оларды ажыратуды үйренді. Есептерде қолдану жолдарымен танысты.

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

5

Программа құрылымы. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Программа құрылымымен таныстыру. Математикалық тілде жазылған есепті программалау тіліне айналдыруды үйрету

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Программа құрылымымен танысты. Оны өз бетімен құрыду үйренді. Математикалық тілден программа тіліне айналдыруды меңгерді

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

6

Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Сызықтық алгоритмдерді программалау жолдарымен танысу. Есептер шығару

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Сызықтық алгоритмдерді программалау жолдарын меңгерді. Есептерде қолдануды үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

7

Енгізу және шығару операторлары.

Енгізу және шығару операторларымен танысу, олардың жазылу ережесімен танысу. Түрлерін ажырату.

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Енгізу және шыңару операторларының түрлерін ажыратуды үйренді. Есептерде қолдану жолдарымен танысты

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

8

Меншіктеу операторы

Меншіктеу операторы мазмұнымен таныстыру, есептерде қолдану

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

Оператормен танысты, оны қолдануды үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

9

Жарты жылдық бақылау жұмысы

Алгоритмдеу және моделдеу тақырыбы бойынша білімін тексеру

Бақылау жұмысы


Жеке бағалау


Практикум, бақылау жұмысы №1

І жартыжылдық бойынша барлығы 16 сағат







Қолданылған әдебиеттер


  • Информатика 7 сынып. Оқулық. Ермеков Н.,Стифутина Н., Алматы «Атамұра» 2012

  • Информатика 7 сынып. Оқулық. И.Г.Семакин., Көкшетау «Келешек -2030» 2012

  • Информатика 9 сынып. Оқулық Ермеков Н.,Стифутина Н., Алматы «Атамұра» 2012

  • Есептер жинағы 9 сынып

  • Практикум 9 сынып


Орта мерзімді жоспар. 7-сынып.
  • Информатика
Описание:

Бірінші жарты жылдыққа арналған орта мерзімді жоспарымды ұсынып отырмын. Бұл жоспар деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге қажет болады деп ойлаймын. Әрине көптеген кемшіліктері болуы да мүмкін, сондықтан құрметті әріптестер, Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін өте қажет. Егер менің бұл жасаған жоспарым Сіздің жұмысыңызға септігін тигізсе, мен өте қуаныштымын. Сіздердің пікірлеріңізді күтемін. Бұл мен үшін өте қажет.

Орта мерзімді жоспарлауды (ОМЖ) әдетте оқу бағдарламасының құрылымына сай сабақтарды жүйелейтін мұғалімдер жүзеге асырады.Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда айқындалған бағдарларды нақтылайды және қысқа кезең аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарлауда бекітілген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалған.

 

Автор Сараева Гульмира Ганмирхановна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 1577
Номер материала 50506
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓