Главная / Информатика / Орта мерзімді жоспар. 6-сынып.

Орта мерзімді жоспар. 6-сынып.

«Бекітемін»

«____»______________ 2013 жыл

Мектеп директоры К.М.Шапикова

hello_html_m38cfa88d.gif hello_html_26eba015.gif hello_html_m39d7f3e0.gif

















Информатика пәнінен орта мерзімді жоспар

6-сынып




Пән мұғалімі Г.Г.Сараева

2013-2014 оқу жылы
















Түсінік хат


«Информатика» пәні бойынша 6-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жасалды. Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-9 сыныптарда информатика сабағын беру ауыспалы сипатқа ие, осыған орай 5-9 сыныптарға арналған жана оқу бағдарламасы негізінде 6-9 сыныптар үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді, Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады.

Информатика пәнін оқыту мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

  • ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  • есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  • программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  • ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  • алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық,

  • зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.



Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

Кіріспе (1 сағат):

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат)

Информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері; ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі; вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау; ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.

Компьютер (4 сағат) :

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері, пернетақта; есептеуіш техниканың даму тарихы; электронды-есептеуіш машинанық кезеңдері.

Алгоритмдеу және модельдеу (6 сағат):

Алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар; алгоритм типтері: сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер; модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді; модельдер түрлері.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат) :

Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу; мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац; графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот, дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу; мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау; мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері; қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар; нөмірленген және маркерлеген тізімдер; бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару; кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу; графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу; программа интерфейсімен танысу, презентациялар; мультимедиялық презентациялардың конструкторы, презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру; кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты слайдтарға кірістіру; анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.

Телекоммуникациялар (2 сағат):

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта.

Жобалық іс-әрекет (2 сағат).





Орта мерзімді жоспарлау

6-сынып



1. Сабақтың тақырыбы.



2. Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

3. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

4. Оқып-үйренудің нәтижесі

5. Үйрену мақсатында бағаны қоса алғанда, бағалау

6. Барлығын қоса алғанда, бағалау

7. Негізгі дерек көздер

І тоқсан

9 сағат

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқушыларды техника қауіпсіздігімен таныстыру. Техника қауіпсіздігін сабақта сақтау

Баяндама, сергіту сәті, денеге, көзге арналған жаттығулар жасау

Оқушылар техника қауіпсіздігімен танысып, алғашқы медециналық көмек көрсету әдістерін көрді, арнайы жаттығуларды орындады. Нұсқаулыққа танысқаны туралы белгі қойды

Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты игергенің тексеру: тест арқылы және айызша


Тірек сызбалар, таратпа материалдар, мұғалім оқыған баяндама (лекция)

Информатика және ақпарат (4сағат)

1

Информатика. Ақпарат қасиеттері. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Оқушыларға информатика қандай ғылым және нені зерттейтінің, сонымен қатар ақпарат дегеніміз не және оның алуан түрлілігімен таныстыру

Топқа бөлу, постер, кластер және сыни тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану

Ақпарат алуан түрлілігін ажырата білді және өздіктерінен оларға мысалдыр келтіруді үйренді

Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты игергенің тексеру: жуан-жіңішке сұрақтар көмегімен


Тірек сызбалар, оқулық, таратпа материалдар

2

Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Ақпараттың санын анықтау және оның өлшем бірліктерімен таныстыру

Топқа бөлу, постер, кластер және сыни тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану

Өлшем бірліктерді ажыратды және өлшем бірліктеріне байланысты есептер шығарып үйренді

Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты игергенің тексеру: жуан-жіңішке сұрақтар көмегімен


Тірек сызбалар, оқулық, таратпа материалдар

3

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Ақпаратты қалай және не үшін қорғайтынымыз туралы түсінік беру және оның т.рлерімен таныстыру

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, постер, деңгейлік тапсырма

Ақпаратты қалай және қандай программалармен қорғау керектігін үйренді

Берілген тапсырмалар бойынша топпен бағалау және жеке бағалау


Оқулық, интернет желісі, таратпа материалдар

4

Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Практикалық жұмыс. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программасымен жұмыс.

Ақпаратты не үшін сығу керек және қалай сығу керектігін үйрету. Сығу түрлерін көрсету

Жеке жұмыс беру. Топпен жұмыс беру. Деңгейлік тапсырмалар беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды пайдалану

Ақпаратты сығу түрлерімен танысты, практика жүзінде ақпаратты сығуды үйренді

Берілген тапсырмалар бойынша топпен бағалау және жеке бағалау


Оқулық, тірек сызбалар, таратпа материалдар

Компьютер (4 сағат)

1

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру, олардың міндеттерімен, мүмкіндіктерімен таныстыру

Жеке жұмыс беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды қолдану

Компьютердің негізгі құрылғыларымен танысты, олардың міндеттерін ажырата біледі, мүмкіндіктерін біледі

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, тірек сызбалар

2

Пернетақта. Практикалық жұмыс. Пернетақтамен жұмыс.

Пернетақта дегеніміз не, не үшін керек, пернелер нешеге бөлінетінің түсіндіру

Жеке жұмыс беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды қолдану

Пернетақта пернелерін ажырата біледі, қолдануды үйренді. Пернетақтада басу ережесін үйренді.

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, интернет желісі

3

Есептеу техникасының даму тарихы.

Есептеу техникасының даму тарихымен таныстыру. Оның даму жолдарын кезеңдерімен бөліп көрсету. Әр кезеңнің компьютерінің жұмыс жүйесімен таныстыру

Жеке жұмыс беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды қолдану. Топтық жұмыс беру

Есептеуіш техникасы тарихын біледі. Оларды бір-бірінен ажырата алады. Мысалдар келтіре алады. Даму жылдарын біледі

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, тірек сызбалар, таратпа материалдар

4

Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.

Есептеуіш машиналармен таныстыру

Жеке жұмыс беру. Жуан-жіңішке сұрақтарды қолдану. Топтық жұмыс беру

Есептеуіш машиналар түрлерін білді.

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, тірек сызбалар, таратпа материалдар

ІІ тоқсан

7 сағат

Алгоритмдеу және модельдеу (6 сағат)

1

Алгоритм және оның атқарушылары.

Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның жазылу пішімін көрсету.

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Алгоритм ұғымын білді, оны жазып және блок-схемасын құруды үйренді. Есептер шығаруды үйренді. Түрлендіреді

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

2

Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Блок-схема түрінде жазылу әрекетін көрсету. Есептер шығару

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

блок-схемасын құруды үйренді. Есептер шығаруды үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

3

Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу)

Алгоритм типтерімен таныстыру, оларды ажырату білуді үйрету. Есептер шығаруды үйрету

Топтық, жеке жұмыстандыру. Деңгейлік тапсырмалар беру

Алгоритм типтерімен танысты, түрлерін ажырата білді. Есептер шығаруды үйренді

Берілген тапсырма бойынша жеке және топпен бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

4

Циклдік алгоритм

Циклдік алгоритмнің жазылу жолымен таныстыру. Есептер шығаруды үйрету. Оның түрлендіруді көрсету

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру

Циклдік алгоритмді басқа алгоритмдерден ажырата алады. Есептерде қолдана алады. Оларды түрлендіре алады

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар

5

Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді. Модельдер түрі.

Модельмен таныстыру, оның түрлерін көрсету. Қасиеттерін көрсету

Жеке жұмыс. Жіңішке-жуан сұрақтарын пайдалану

Модельдерді анықтап, түрлендіруді үйренді, қасиеттерін ажырата алады

Берілген тапсырма бойынша жеке бағалау


Оқулық, таратпа материалдар, тірек сызбалар, есептер жинағы

6

Білімін тексеру

Алгоритмдеу және моделдеу тақырыбы бойынша білімін тексеру

Тест жұмысы


Жеке бағалау



7

Жарты жылдық бақылау жұмысы

Жарты жылдық бойынша білімін тексеру

Бақылау жұмысы


Жеке бағалау



І жарты жылдық бойынша барлығы 16 сағат







Қолданылған әдебиеттер


Негізгі:

  • Информатика 5 сынып. Оқулық. Вьюшкова Е. А., 2013, Арман – ПВ;

  • Информатика. Әдістемелік нұсқау. Вьюшкова Е. А., 2013, Арман – ПВ.

Қосымша:

  • Информатика 5 сынып.Оқулық. Беляева Н., 2013, Атамұра;

  • Информатика 5 сынып. Әдістемелік нұсқау. Беляева Н., 2013, Атамұра;

  • Информатика 5 сынып. Оқулық. Ермеков Н., 2013, Жазушы

  • Информатика 5 сынып. Әдістемелік нұсқау. Ермеков Н., 2013, Жазушы

  • Информатика 5 сынып. Практикум. Ермеков Н., 2013, Жазушы


Орта мерзімді жоспар. 6-сынып.
  • Информатика
Описание:

Бірінші жарты жылдыққа арналған орта мерзімді жоспарымды ұсынып отырмын. Бұл жоспар деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге қажет болады деп ойлаймын. Әрине көптеген кемшіліктері болуы да мүмкін, сондықтан құрметті әріптестер, Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін өте қажет. Егер менің бұл жасаған жоспарым Сіздің жұмысыңызға септігін тигізсе, мен өте қуаныштымын. Сіздердің пікірлеріңізді күтемін. Бұл мен үшін өте қажет.

Орта мерзімді жоспарлауды (ОМЖ) әдетте оқу бағдарламасының құрылымына сай сабақтарды жүйелейтін мұғалімдер жүзеге асырады.Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда айқындалған бағдарларды нақтылайды және қысқа кезең аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарлауда бекітілген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалған.

 

Автор Сараева Гульмира Ганмирхановна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 1281
Номер материала 50500
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓