Главная / Биология / Организмдердің бейімделгіштігі және оның салыстырмалығы.

Организмдердің бейімделгіштігі және оның салыстырмалығы.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

201 орта мектеп-лицей

Алибаева Багия Шынтасовна

Сабақтың тақырыбы: Организмдердің бейімделгіштігі және оның салыстырмалығы.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың бейімделушілік туралы білімін кеңейте, отырып

өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған ортаға бейімделушілігімен таныстыру. Бейімделушілік-табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі екенің ашып көрсету

2) Қазіргі заман талабына сай табиғатты қорғауға, ластамауға тәрбиелеу.

3)Оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың бейім дел-гіштігі туралы ойлау қабілетін дамыту, бақылай

білуге,бақылау нәтижелерін талдап түсінуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабақ .

Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, демонстрация, пікір алысу.

Оқушылармен жұмыс істеу формалары: ұжымдық, топтық, жұптық, жеке.

Көрнекіліктер: 1) кесте Дарвиннің еңбектері, 2) кесте «Органикалық дүние эволюциясының

қозғаушы факторлары», 3) Сурет «Бейімделушіліктің түрлері» 4)Буклет «Экология және біз»

5) Перфотоптамалар, слайдар, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезең.

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Б) Оқушыларды түгендеу.

В) Оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Ч.Дарвиннің қандай еңбектерін білесіңдер? Әр еңбегінің мақсаты не ?

2) Табиғи сұрыпталудың мәні неде?

3). Тіршілік үшін күрес деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

4) Тіршілік үшін күрестің формалары қандай?

5) Органикалық дүние эволюцясының қозғаушы күштері (факторлары) дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушылармен Венн диаграммасы бойынша жұмыс жүргізу.

Жаңа сабақтың кіріспесі

Венн диаграммасы.hello_html_m173eb072.gifhello_html_m4f0e1496.gif

hello_html_22c64fd9.gif

Тірі организмдер қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүру үшін не істеу керек ?

Жауап: Бейімделу керек?

Ал енді бүгін танысатынымыз және өздеріңіз ойлап тапқандай

жаңа сабақтың тақырыбы: Организмдердің бейімделгіштігі және оның салыстырмалығы

Сабақтың жоспары : Нені білу керек?

1.Бейімделушілік дегеніміз не?

2.Бейімделушіліктің көп түрлілігі.

3.Бейімделушіліктің түрлері .

4.Бейімделушіліктің салыстырмалы сипаты.

5.Бейімделушілік және экология .

1.Бейімделушілік дегеніміз не?

Организмдердің нақтылы орта жағдайларында тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамсыз

ететін арнайы қасиеттерінің пайда болуын бейімделушіілік деп айтады.

2. Бейімделушілікттің көп түрлілігі:

Бір ғана ортадағы әртүрлі жануарлардан түрлі-түрлі бейімділік байқалады.Құстарды ұшуға,

балықтардың жүзуге ыңғайлы келуі ал топырақ астында тіршілік ететін жануарлардың

сезім мүшелерінің нашар жетіліуі күрек тістерінің және алдыңғы аяқтарының қуатты

болуы-бейімделушіліктің мысалдары.

Өсімдіктердің қуаңшылыққа немесе ылғалы мол жерлерге бейімделуі, сол сияқты айқас

тозаңдануға өсімдіктердің жел немесе бунақденелілер арқылы тозаңдануға бейімделуі.

3.Бейімделушіліктің түрлері:

І. Бүркеніш рең (Таблица қолданамың.)

Бейімделудің бұл түрі ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі. Кейбір қоңыздар, шегіртке және жұлдызқұрттар жасыл реңді болады. Қиыр солтүстегі жануарлардың көпшілігінің реңі ақ болып келеді-ақ аю, ақ құр.т.б Орманды, далалы жерлерде тіршілік ететін жануарлар әр түрлі жолақты, теңбілді белгілермен ерекшеленеді. Мысалы: зебр,жираф, жолбарыс,тжыланның түстері мекен ортасындағы жарықпен көлеңке дақтарының тез алмасып отыруының сәйкес келеді.

ІІ. Жасырушы рең (Таблица)

Жануарлардың дене пішіні мен реңі тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуі. Судағы қалың балдырлар арасынан теңіз атбасы мен итбалықты ажырату оңайға соқпайды.

ІІІ. Қорғаныш рең (мимикрия)

Қауіпсіз жәндіктердің пішіні, реңі, мінез-қылығы тұрғысынан улы, шағатын қауіпсіз жәндіктерге ұқсастығы.

Мысалы: кейбір шыбындардың араға ұқсауы, улы емес жыланның улы жыланға ұқсауы.

ІV. Сақтандырушы рең (таблица)

Көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы жылан, сона мен аралар әртүрлі жолақты ашық реңіне байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың қанында улы немесе жағымсыз иісті зат болатындықтан, жаулары жемейді.

4. Бейімделушіліктің салыстыралы сипаты.

Организмінің құрылысы және атқаратын қызметінің мақсаты сәйкестігі оның тек сыртықы ортамен нақтылы жанасу арақатынасынан ғана білінеді. Организмнің тірі қалуына кез-келген бейімдеушілік тек эволюциялық қозғаушы күш әсеріне қалыптасқан жағдайларда ғана жәрдемедесе алады.

5. Бейімдеушілік және экология.

Экғология (гректің «экос»- қоныс, мекен еткен жер,» логос»- ғылым)- тірі организмдердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасынжәне олардың айналадағы таиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл терминді 1866 жылы неміс ғылымы Эрнест Геккель ғылымға енгізді.

а) «Қазақстан-2030» бағдарламасы.

б) «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы» (190 тарау,89 бап тұрады)

в) «Қазақстан Республикасының Конституциясы»

г) « Сыр елінің әлеуметтік экономикалық өмірін жақсарту бағытындағы облыстық бағдарлама. (6 бағыты бар)

Осы бағдарламаларға шолу жасап жаңа сабақтың тақырыбын аяқтаймын.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Класты үш үш топқа бөлемін де, кестемен жұмыс тапсырамын, дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.

VІ. Сабақты қорытындылау.

  1. Тірі организмдер қоршаған ортамен тығыз байланыста болуы үшін бейімделу керек.

  2. Бейімделушілік табиғи сұрыпталу нәтижесінде болады және әрбір организмдердің тіршілік үшін күресі байқалады.

  3. Кеше де, бүгін де, ертең де

Табиғаттың қорғаушысы, тірегі де, көзі де

Бір өзіңсің-адамдар

Болсын мәңгі есіңде!

Үйге тапсырма: 8 ескі оқулық,( 51 жаңа оқулық )

VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

Бекіту сұрақтары:

1.Бейімделушілік дегеніміз не?

2. Бейімделушілік қалай пайда болады?

3. Бейімделушіліктің қандай түрлерін білесіздер?

4. Сыр елінде өсетін өсімдіктер (жыңғыл, сексеуіл, жантақ, жиде т.б.) және жануарлар арасында қандай байланыстар бар?

5 Экология дегеніміз не?



































































Организмдердің бейімделгіштігі және оның салыстырмалығы.
  • Биология
Описание:

Оқушылардың бейімделушілік туралы білімін кеңейте,  отырып                               

                                           өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған ортаға   бейімделушілігімен                     таныстыру. Бейімделушілік-табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі                                             екенің ашып көрсету

                                     2)  Қазіргі заман талабына сай табиғатты қорғауға, ластамауға                   тәрбиелеу.

                                               3)Оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың бейім                                                  дел-гіштігі  туралы  ойлау  қабілетін  дамыту, бақылай       

білуге,бақылау нәтижелерін  талдап түсінуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабақ .

Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы.                                      

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,  сұрақ-жауап,  демонстрация,  пікір алысу.      

Оқушылармен жұмыс істеу формалары: ұжымдық,             топтық,  жұптық,  жеке.                                                        

       Көрнекіліктер: 1) кесте Дарвиннің  еңбектері,  2) кесте «Органикалық дүние  эволюциясының 

     қозғаушы факторлары»,  3) Сурет «Бейімделушіліктің түрлері»  4)Буклет «Экология  және біз»       

     5) Перфотоптамалар, слайдар, суреттер.

Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру кезең.

                              А) Оқушылармен сәлемдесу.

                               Б) Оқушыларды түгендеу.

                               В) Оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Ч.Дарвиннің қандай еңбектерін білесіңдер?  Әр еңбегінің мақсаты  не ?

2) Табиғи сұрыпталудың мәні неде?

3). Тіршілік үшін күрес деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

4) Тіршілік үшін күрестің  формалары қандай?

5) Органикалық дүние эволюцясының қозғаушы күштері (факторлары) дегеніміз не?

 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушылармен  Венн  диаграммасы  бойынша жұмыс жүргізу.

 

Жаңа сабақтың  кіріспесі

Автор Алимова Гулмира Абдуразаковна
Дата добавления 31.03.2015
Раздел Биология
Подраздел Другое
Просмотров 2496
Номер материала 58962
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓