ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№64
Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП – ГИМНАЗИЯ
Сабақ
тақырыбы:Word мәтіндік
процессорында
құжат құру және сақтау.
Пән
мұғалімі:Эралиева С.
Шымкент
Сабақтың
тақырыбы: Word мәтіндік процессорында құжат құру және сақтау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Өткен
сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін, икемділіктерін
тексеру, оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру.
2. Дамытушылық:
Танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезімге, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге
тәрбиелеу.
3. Тәрбиелік:Іскерлікке,
ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті
тақта, кеспе қағаздар, слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2.
Үйге берілген тапсырманы тексеру
3.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.
Тапсырмаларды орындау
5.
Сабақты бекіту
6.
Үйге тапсырма
І. Оқушыларды
ұйымдастыру. (2 мин)
Оқушыларды түгелдеп, сынып
тазалығына көңіл бөліп, оларды сабаққа жұмылдыру.
Психолгиялық
дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік
сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау. (5 мин)
Үйге берген
тапсырма “Ғажайып алаң ” арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап
сұарқтарға жауап беруіміз қажет.
ІІІ.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтіндік процессор - кез келген басып
шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға арналған қолданбалы компьютерлік
программаның түрі.
1. Бастау –
Барлық программалар –Microsoft Office – Microsoft Word
2. Жұмыс
үстелінде тышқанның оң жақ батырмасын шерту – Құру – Ms Word
Microsoft
Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына
ие:
• құжаттарды
құру және теру;
• қаріптер
жиынын пайдалану;
• кестелер,
графиктер пайдалану
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
• Математикалық
формулаларды енгізу күрделі;
• Растрлық
графикаларға арналмаған
Компьютерде
мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығына
: сақтау
ықшамдылығын, мәтінді басқа тасығыштарға жылдам көшіру, компьютерлік желілер арқылы
жеткізу мүмкіндіктерін жатқызуға болады.
Мәтіннің
негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
Пішімдеу тақтасы
Сергіту сәті: «Көңілді күн!»
IV.Тапсырмаларды
орындау
1. Сөзжұмбақ шешу:
1. Word қандай редактор?
2. Ақпаратты бейне бетке шығаратын
құрылғы
3. Word терезесінде стандартты
тақтадан соң не орналасқан?
4. Бас менюді ашу батырмасы
5. Есептеуіш машина.
6. Файл, Главный, Вид ...
орналасқан жол.
7. Word терезесінің
жоғарғы жағындағы көк жолақ не деп аталады
8. Меңзердің оң жағындағы символды
өшіретін перне.
9. Құжат құру, сақтау, ашу
батырмалары қайда орналасқан?
2. Компьютердегі
тәжірибелік жұмыс.
1. Құжат құр
2. Суретке
қарап мәтін құр
3. Мәтінді
компьютерде теріп жаз
4. Құжатты
сақта
3. «Демалыс сәті» (Табиғат
туралы әуен)
4. Ребус шешу
4.Рефлексия
Не
білдім
|
Не
үйрендім
|
Сабақтан
алған әсерім
|
V. Сабақты бекіту:
Өзіңді тексер! (Кітаппен жұмыс)
1. Артығын
таңдаңдар.
2. Ашық
құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады?
3. Құжатты
қарап шығу масштабын қалай өзгертуге болады?
4. Құжатты
сақтау бұйрығы қайда орналасқан?
5. Түр
– басқа терезеге ауысу бұйрығы не үшін керек?
VI.
Үйге тапсырма беру: Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.