Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Он екі жыл иелері» Жаңа жылдық кеш!

«Он екі жыл иелері» Жаңа жылдық кеш!

Скачать материал

Жаңа жыл

Лариса :

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар.

Гүлсезім:

 Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін

Жансауле:
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып

Келді, міне, Жаңа жыл
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Гульзира:

Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Жаңа жылды қарсы алып

Би билеңдер, ән салып

Маскарадта басталды,
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар!!!

Жаңа жыл хорын айтып оқушылар ішке енеді.

♫♫♫♫♫Хор:  Жаңа жыл

әні:Сәкен Дәрібаев

сөзі: Сайлаубай Тойлыбаев

                             1

Көк шыршамыз ырғалып ,

Жатыр дала- қыр нағып  

Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !

Жарасатын еліме ,

Төрлет жылым төріме !

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !

Қайырмасы :

Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !

Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .

Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !

Шалқытайық шаттық  ән мен жаңа жыр.

                             2

Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,

Би билейік , ал кәнекей  ән салып !

Аяз ата әніміз,

Ақшақарың сәніміз ,

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз !

                             3

Күлімдесін күніміз ,

Жалындасын жүзіміз ,

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !

 Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн,

Тілейікші елімізге сәтті күн .!

Лариса : Ал ендеше бал маскарадымызға он екі жыл иесін ортаға шақырайық.

Лариса: (дауыстап оқып айтылып жатқан кезде біртіндеп кіреді, үндері қосылады)
1) Тышқан жылы - тыныштық                               (7в Амантаева Аида)
2) Сиыр жылы – сыйластық, сабырлылық            (7в Жолдасбаев Данияр)
3) Барыс жылы - бірлік         (7в Қорғанбеков Қазбек)
4) Қоян жылы - қуаныш      (7б Қуанышова Балнұр)
5) Ұлу жылы - үлгілі                        (7б Құлмағамбетов Ерзат)                      
6) Жылан жылы - жайлылық          (7б Мырзабергенов Ислам)
7) Жылқы жылы - жұтсыз   (8в Жакупов Әлішер)
8) Қой жылы - құтты                       (8в Әли Диас)
9) Мешін жылы - мерейлі    (8в Аяғанов Тұрлыхан)
10) Тауық жылы - табысты (8б Жұмағалиева Ақмерей)
11) Ит жылы - игілік            (8б Қалдыбекұлы Аланбек)
12) Доңыз жылы - дүниелі -            (8б Жолдыбаев Саламат)

деп, халқымыз әр жыл иесін құт пен ырыс, береке мен молшылық әкеледі деп, үнемі шат думанда қарсы алып, қадір тұтқан.

Жансауле: иә, мінекей, барлық жыл иесі ортамызға қош келдіңіздер!  Құрметті қонақтар, жаңа жылды қарсы алып, тойлауға жиналған балаларымызға өз сыйлықтарыңызды  тарту етсеңіздер. Олай болса, алғашқы жаңа жылдық тілекті  тапқырлығымен талайды тамсандырып жүретін ТЫШҚАНҒА берелік.

Тышқан(7в Амантаева Аида) :  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, баршаңызға жаңа жыл құтты болсын!

 (Монтаж)

Назгүл(7б):

Кел төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.

Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,

Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын,

Кеудеміз күмбірлеген жырға толы,

Қане достар күлкімен орта толсын.

Жігер(7б):

Жаңа жыл,жаңа қадам,жаңа бақыт

Болашаққа бастайтын жаңа уақыт

Бірге соғар бар әлемнің сағаттары

12-ні күтер қалмай тағаттары

Ғасырдың он бесінші жылы келді

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Ақмырза (7б):

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршымыз

Көптен күтіп салынған

Ақмерей(7б):

Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Барша бала жаңа кеп

Мерекені бастаған

Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де

Айгерім(7б):

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды манайды

Жаңа жылмен құттықтаймын дегенде

Қанаттана жаз алқапқа тарайды

Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жыдым келдігой

Ай жүзіндей айшықтанып арайы

Ддинара(7б):

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқытатып шамдарын

Шырша келді ортаға

Ауыл маңы қар аппақ

Қызықтар көп не түрлі

Ақ даптерді парақтап

Қыс отырған секілді

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауармаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

Дана (7б):

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантта баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз ата басқарды

Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де.

М.Аяжан (8в):
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Аида(8в):
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!

Анель(8в):

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Гүлхан (7в):

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Айдана (7в) :

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілеріміз көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Жақсылықтар мол болып,

Тек биікке қонайық.

Келер қой жылы,

Табысты тек жыл болсын!

Мұқағали (7в):

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы келіп қалды міне,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ақтілек (8б):

Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Құралай (8б):

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға  ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.

Арай (8б):

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Гульзира: Бәрекелді! Шабыттарың шарықтай берсін! Ал енді біздің мекерекемізге сиыр қандай сыйлығыңыз бар.

Сиыр (7в Жолдасбаев Данияр):

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Осындай менің сыйлығым,

Тамаша, тамаша!!!

(8 в сынып бал биін билейді.)

Барлығымыз сиырға ризашылығымызды білдіре  отырып  барлығымыз бірге Жаңа жыл әнін айтайық.

♫♫♫♫♫Хор:  "Жаңа жыл"

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

            Тамаша,тамаша

            Шыршамыз тұр жараса

            Басында әсем жұлдызы

            Көз тоймайды қараса

Көрікті,бөрікті

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып

Алма анар өрікті

            Қала нұр дала нұр

            Құтты болсын жаңа жыл

            Шырша жаны көңілді

            Билеп барлық бала жүр

Барыс  (7в Төретаев Темірлан):

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдерге нұр сыйлап,

Шырша тұрар мәңгілік!

            Баршамыз Саламаттың өнерін тамашалап, қол соғып отыралық.

(баянмен өнер Саламат 8б )

 

Қоян  (7б Қуанышова Балнұр):

О!Жаңа жыл!Жаңа жыл!

Саған дайын жаңа жыр!
Бар адамға Көңілді тапқыштар ойынын
Алып келе жатырмын!

КВН (8в,7б класс)

Ұлу  (7б Құлмағамбетов Ерзат) : Ән: (8в)Мырзабергенова Аида "Келші Жаңа жыл" Бақыт Тұрманованың әні. 

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші балам, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

            Ортаға өзіммен бірге ере келген Айда қызымды "Келші Жаңа жыл"әнімен ортаға шақырйын.

Жылан  (7б Мырзабергенов Ислам):

 О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Қызықтаңдар, сайрандаңдар.

Абзал атты сиқыршымызға

Назарларыңды салыңдар!

Сиқыр Түменов Абзал (7б)

Орта

♫♫♫♫♫Хор:  "Аппақ, аппақ, жапалақтап"
Аппақ, аппақ, жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан.

            Қайырмасы:

Кел билейік, үйренейік

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл.

            Қайырмасы:

Кең пейілді, мол мейірлі

Сағынышпен табысқан

О алақай Аяз ата

Келе жатыр алыстан

Жылқы (8в Жакупов Әлішер):Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім деп есептеймін. Ендеше маған деген биылғы құрметтеріңді сендерден күтемін.(Үнді биі 7б)

            Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
            Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
            2015 жыл қадам басқан
            Гүлденіп көркейе бер Қазақстан.

Лариса: Ал енді балалар бүгінгі кешіміздің ең маңызды да, қызықты сәті жаңа жылымызды қарсы алайық!

Қой (8в Әли Диас):

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.

             Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің бір  қасиетім – өте жай болуым. Бірақ та мен біле білсеңіздер тоқшылық, құтты  жылмын. Мен әдейі кешіккенім жоқ. Сіздерге алыс жолдан керемет сыйлық алып келемін деп кешіктім. Менің қандай сыйлық жасағанымды көргілеріңіз келе ме? Ендеше хормен аяз ата мен ақша қызды шақырайық.

Хормен: Аяз ата, ақша қыз. Аяз ата, ақша қыз. Аяз ата, ақша қыз.

Гульсезим:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Аяз ата, ақша қыз сөздері.

 Хор: " Орманда шырша туыпты"

Орманда шырша туыпты,
Орманда өсіпті.
Қысы - жазы бой көтеріп,
Жап - жасыл болыпты.
            Енді ол болып көрікті,
            Қонаққа келіпті,
            Және көптеген қуаныш,
            Балаларға беріпті.
Аппақ қоян, қорқақ қоян,
Шырша астында жатыр.
Ашулы қасқыр, аш қасқыр,
Аңдып оны жатыр.

Қой(8в Әли Диас):  

Өнерімді жұрт көреді,
Тауып өз ортамды,
Тайсалмай, биге түcем,
Тарқатам қазір құмарымды. Ал қане қазір менімен кім билейді.

Жансауле:  Қане, тұрмаймыз, өнерімізді ортаға салайық, келер құрметті жыл қой биінің құрметіне.

("Қой биі" Бүркіт пен Аишаның бәрі жақсы болады әніне класс жетекшілер, оқушылар қосылып билейді.)

Гульзира: Аяз ата, ақшақар сіздердің құрметтеріңізге Сартаева Алтынай мен Өтеген Ардақтың «Жаңа жыл, жаңа ән» әнің ұсынамыз.(Мадина Садуақасованың Жаңа жыл, жаңа әні шырқалады.)

Аяз ата ШЫРШАны жағып, ризалықтарын білдіріп, ортадан шығып кетеді.

Мешін ( (8в Аяғанов Тұрлыхан):  Қойдың құрметіне арнап, барлығымыз ортаға шығайық, ол үшін маған жүргізушілердің көмегі керек.

Ойын:  «Кім жылдам»  (Бокс қолғабымен шарды жару.)

Ендігі ойын ата-аналарға арналады.  Ойын  «Паравоз» деп аталады. (2 ата-ана сонына көп адам жинауы қажет.)

Жиналған адамдар осы қалыпты сақтаймыз. Биылғы қой жылы тоқшылық, молшылық жылы болғай деп, ендігі ойынымыз нағыз мықтыларды анықтайтын болады. ( 2 дәмді тағам ұсынылады, 1 жеген топ жеңіске жетеді.Жеңімпаздарға «Қомағай қонақ» атауын ілеміз.)

Тауық:  (8б Жұмағалиева Ақмерей) 

Қане біздің қонақтар!

Басқаға мойын бұрмаңдар!

Бізге қарай жақындап

Испан биін билендер!

8б класс "Испан биі"

Жаңа жыл

1) Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа шаттық мереке

Жаңажыл,жаңа жыл,

Жаңа табыс береке

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Арман қиял ордасы

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа өмір жыл басы

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жыл,жаңа жыл

Қайырмасы: (2 рет)

            Жаңа жылды қарсы алайық

            Шаттанайық,қүлейік

            Жаңа жыл деп ән салайық

            Кел шырқайық,билейік

2)Жаңа жыл,жаңа жыл

Келді міне ғажайып

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа ырыс,жаңа құт

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа сезім қуаныш

Жаңа жыл,жаңа жыл

Құт пен жылдан жұбаныш

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жыл,жаңа жыл                                   Қайырмасы: (2 рет)


Ит(8б Қалдыбекұлы Аланбек): 

Жаңа жылға сәніміз-
Біздің айтар әніміз.

(Хабарлаусыз 8б оқушылары Санғалиева Бағдат пен Жолшарова Диана "Жаңа жыл" әнің айтады.)

Доңыз (8в Алғат):

Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Тойлап, көңіл ашайық.

I Fill good биіне басайық!
             7в I Fill good биі

Гульзира: Ал енді бәріміз  бірге Опа жана жыл  биін билейік.

Лариса:  Қымбатты достар, қонақтар!
Міне, Жаңа 2015жыл да келді. Ал 2014 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.
Жансауле:
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

Гульзира: Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!
Лариса: Біз тілейміз Жаңа жылда достықты!

Гульсезим: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық,- дей келе, құрметті халайық, жасыл шыршамен қоштасайық.
Жансауле: Көріскенше күн жақсы болсын, ағайын! Сау болыңыздар!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Он екі жыл иелері» Жаңа жылдық кеш!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Лариса :

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар.

Гүлсезім:

 Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін

Жансауле:
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып

Келді, міне, Жаңа жыл
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Гульзира:

Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Жаңа жылды қарсы алып

Би билеңдер, ән салып

Маскарадта басталды,
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар!!!

Жаңа жыл хорын айтып оқушылар ішке енеді.

 

♫♫♫♫♫Хор:  Жаңа жыл

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 891 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 478
    • DOCX 67.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елубаева Гульсезим Курмангазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89720
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе