Главная / Другое / " Омонимдер". Ашық сабақ. 5-класс

" Омонимдер". Ашық сабақ. 5-класс



Мазмұны

 

4 Мемлекеттік қызметті өткеру мен мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің мемлекеттік қызметінің тоқтатуының негіздері:

  • Мемлекеттік қызметшілерді аттестатциядан өткізу тәртібі

  • Мемлекеттік қызметшілерді тестілеу бағдарламасы

  • Құқық қорғау органдары қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі

  • Пайдаланған әдебиеттер





































Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін

  • саяси

  • әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратынҚазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • заңдылык;

  • патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;

  • мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;

  • мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;

  • жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);

  • азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;

мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);

  • мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы;

  • мемлекеттік қызметкерлердін өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;

  • бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы;

  • бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;

  • мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;

  • мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;

  • мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;

  • мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.





Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен ландеттері

Мемлекеттік қызметкер:

  • өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;

  • қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;

  • мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;

  • біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;

  • орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;

  • еңбекденсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;

  • мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;

  • зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;

  • жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.

Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:

  • Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;

  • азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;

  • олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;

  • өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

  • өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;

  • басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;

  • мемлекеттік құпияларды сақтауға;

  • мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

  • кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:

  • белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;

  • сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;

  • мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касакана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын

  • сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам;

  • сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.

Мемлекеттік қызметке тұру және оны өту тәртібі

Мемлекеттік қызметке тұрудың заңмен бекітілген шарттарын екі топқа бөлуге болады: саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы — тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ өзге жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіп және шарттарға орай жүзеге асырылады; мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және мемлекеттік әкімшілік қызметкердің жоғары санатты қызметке тұру жолымен қызмет бабында жоғарылауы бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мемлекеттік қызметке тұру үшін мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы;

  • заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген болса, жасының он сегізден кем болмауы;

  • тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі.

Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде жататын мүліктері мен алған табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті. Азамат міндетті, арнаулы тексерістен өткеннен кейін саяси және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара. Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.



Мемлекеттік қызметкерлер өкілеттігін тоқтату негіздері және олардың жауапкершілігі

Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:

  • мемлекеттік органның жабылуы;

  • заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;

  • оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;

  • саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;

  • саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;

  • оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);

  • қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;

  • келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;

  • табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;

  • заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;

аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады. Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;

  • сөгіс;

  • қатаң сөгіс;

  • қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;

  • қызметтен шығару.

Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген тәртіп бойынша ақы төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек.



Мемлекеттік қызметті өткеру;

Мемлекеттік қызметті өткеру — бұл лауазымдық өкілеттіліктерін практикада жүзеге асыруда көрінетін, қызметкердің күнделікті жұмысы және қызмет ету барысында қызметкердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер.

Лауазым — бұл заңнамада көзделген бастапқы ұйымдық-құқықтық бірлік немесе белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган құрған бірлік. Ол оған орналасқан тұлғаның өкілеттілігінің мазмұны мен көлемін білдіретін категория болып табылады.

Қызметкер лауазымға кірген сәттен бастап мемлекет белгілеген және кепіл болатын нақты құқықтар мен міндеттерді тасушы болып табылады. Құқықтар мен міндеттер қызметкер істейтін органның міндеттерінен, функцияларынан және құзырлығынан туындайды.

Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:

1) мемлекеттік қызметке кіру;

2) сынақ мерзімін белгілеу;

3) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;

4) қызметті ауыстыру;

5) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;

6) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;

7) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.

Мемлекеттік қызметке кіру. «Жасақтау» ұғымы мемлекеттік қызметкерлердің кадрларын дайындауды, іріктеуді және орналастыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болғандықтан, онда орналасатын азаматтар кәсіби даярланған болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің білім деңгейі, біліктілігі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты лауазымдардың талабына жауап беруі тиіс.

Кадрларды дайындау — бұл жауапты басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу үшін арнайы оқыту, біліктілік деңгейін көтеру, кадралрдың резервін қалыптастыру.

Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту арнайы оқу орындарында,сондай-ақ тікелей мемлекеттік қызметкер істеп жүрген мемлекеттк органның шегінде де өтуі мүмкін.

Резервті қалыптастыру кадрларды жаңарту процесінде сабақтастықты, жалғастырушылықты, орын басушылықты қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады. Резервпен жұмыс қызметтік перспектива қағидасына сай келуі тиіс.

Іріктеу, ереже бойынша, басқару органдарын жаңа қызметкерлермен толтыру. Мемлекеттік қызметке кадраларды іріктеу кезінде басшылыққа алынатын, практикада қалыптасқан және нормативті бекітілген нақты талаптар болады.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мынадай талаптар қойылады:

1) ҚР азаматы болуы қажет;

2) егер ҚР заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, 18 жастан кем болмауға;

3) қажетті білімі, кәсіби даярлығы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;

4) мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті;

5) арнайы тексеруден өтуі тиіс;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

Кадрлармен жұмыс істеудің бір түрі болып — оларды орналастыру. Орналастыру — бұл әркімге оның мамандығына және біліктілігіне, жеке бас ерекшеліктеріне және ұжымдық мүдделеріне сәйкес, өз уақытында адамдарды анағұрлым білікті немесе жауапты лауазымға пайдалану үшін қалыптасқан мүмкіндіктерін ескере отырып орын беру.

Мемлекеттік органдарда лауазымға орналасудың төрт ұйымдық — құқықтық тәсілі жалпыға мәлім:

1) қабылдау;

2) тағайындау;

3) сайлау;

4) конкурс.

Осылардың әрқайсысы еңбек шартын жасасумен байланыстырылатын әкімшілік актіні шығарумен аяқталатын өзіндік процедураны білдіреді.

Қабылдау — мемлекеттік қызметке тұлғаны алған кезде жинақтайтын тәсілдердің бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі қызметке қабылдау тәртібінде алынады.

Тағайындау — бұл мемлекеттік органдардың жеке құрамын жинақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі. Тағайындау тәртібінде мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің, олардың орынбасарлары және басқа да лауалауазымға алынады. Тағайындау бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асырылады: тиісті орган немесе лауазымды тұлға дербес түрде (ҚР Президентінің ҚР Мемлекеттік хатшысын тағайындауы); ұсыну бойынша (Президенттің ұсынысы бойынша Сенат — Жоғарғы Соттың Төрағасын, ҚР Жоғарғы Сотының коллегиялар төрағасын және судьяларын); келісім беру бойынша (Парламенттің келісімі бойынша Президент Премьер-Министрді тағайындайды).

Сайлау — мемлекеттің, тұрғындардың белгілі бір саны бойынша немесе қандайда болмасын органның тапсырмасы бойынша құзырлықты жүзеге асыруға нақты бір тұлғаларды уәкілетті ету. ҚР заңнамасы бойынша Президент, барлық деңгейдегі депутаттар сайлануға жатады. Сайланушылық өзінің артынан көп құқықтық салдарларға әкеледі: саланған тұлғаны бақылау құқығы; оның есебін тыңдау, жұмысын бағалау. Сайлаудың өзіне тән процедурасы болады: талқылау, дауыс беру, дауыстарды санау және т.б. Сайлау белгілі бір уақытқа ғана есептеледі, осы мерзім өткеннен кейін осы лауазымға қайтадан сайлау жүргізіледі.

Конкурс — лауазымға орналасудың дербес, ерекше тәсілі. Сайлауға ұқсас болып келеді. Конкурстың мәні — барлық қатысушылар үшін тең жағдайда жарысу тәртібінде бос лауазымға ораласу. Конкурс үшінші санаттан жетінші санатқа дейінгі лауазымдарға орналасуға мүмкіндік береді. Ол құжаттардың конкурсы түрінде жүргізіледі. Арнайы құрылған конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды білімі туралы, мемлекеттік қызметті өткеру немесе өзге де қызметтерді атқару туралы құжаттардың, сонымен қатар тестілеу нәтижелерінің, ұсыныстардың негізінде бағалайды. Конкурстық комиссияның шешімі азаматпен контракт жасасу үшін немесе осындай контракт жасасудан бас тарту негізі болып табылады.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына жинақтаудың қандайда болмасын тәсілін таңдау қызмет түріне, қызметкердің санатына, сондай-ақ нақты лауазымдық өкілеттіліктерге байланысты болады.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

2) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған немесе оғарғы санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған азамат үшін 3 айға дейін мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. Егер сынақ мерзімі өтіп, мемлекеттік әкімшілік қызметкер мемлекеттік қызметті жалғастыра берсе, ол снақтан өткен болып саналады және сынақ мерзімі мемлекеттік қызмет стажына есептеледі («ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 15 бабы).

3) Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер олардың кәсіби даярлығы, құқықтық мәдениеті, азаматтармен жұмыс істеу қабілеттілігі деңгейін анықтау үшін кемінде 3 жылда 1 рет аттестациядан өтеді. Оны жүргізу тәртібі мен талаптарын уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді. Аттестациядан жоғарғы, 1 және 2 санаттағы мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер өтпейді.

4) Жұмысында жетістіктерге жеткені үшін, бастамашылдығы үшін, өзінің кәсіби деңгейін үгемі көтеретін мемлекеттік қызметкерді қызмет бабы бойынша ктермелеу жоғарғы лауазымға ауыстыру немесе одан да жоғары біліктілік класын беру арқылы жүзеге асырылады;

5) жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен қатар күні бұрын болжанбаған жұмыс күні үшін өтем ақы төлеу кепілі мен тәртібі және мемлекеттік қызметкерді демалыс және мереке күндері қызметке келуге міндеттеу ҚР еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді;

6) мемлекеттік қызметте болудың шекті жас мөлшері 60 жас белгіленген. Кәсіби біліктілік деңгейі жоғары және денсаулық жағдайы сай тұлғалардың мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім 5 жылдан аспауы тиіс.

7) Мемлекеттік қызметкердің еңбегіне төленетін ақы қызметтік міндеттерін сөзсіз және тиянақты атқаруы үшін жеткілікті материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды білікті және тәжірибелі кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың адал да бастамашыл еңбегін ынталандыруға тиіс.

8) Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің бірыңғай жүйесін Үкімет әзірлейді және Премьер — министр ҚР Президентіне бекітуге береді; Олардың жалақысы бюджет қаражаты есебінен не болмаса Ұлттық банк қаржысынан төленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалақысы мен оларға төленетін басқа да төлемдер ҚР заңдарында белгіленген тәртіпте индекстелуге тиіс.

9) Мемлекеттік қызметкерге сауықтыру үшін 2 лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайынғы демалыс беріледі.

Өткізілген аттестация мемлекеттік қызметкерді ынталандыру негізі болып табылуы мүмкін. Оны 3 топқа бөлуге болады:

1) моралдық (алғыстар, ҚР мемлекеттік наградалары, кезекті біліктілік класын мерзімінен бұрын беру);

2) материалдық (ақшалай сыйақылар, құнды сыйлықтар);

3) ұйымдық (қызмет бабы бойынша көтермелеу).

Мемлекеттік қызметкердің жауаптылығы (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 28 бабы). Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай ақ осы Заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметкерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) атқаратын қызметінен босату:

Мемлекеттік қызметкерлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда ҚР заңдарында белгіленген тәртіпте тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылыққа тартылады.

Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметі тоқтатылады.

Мемлекеттік саяси қызметкердің отставкаға шығуы және қызметтен бостылуы:

1) оның жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады;

2) оның отставкасын қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешім жазбаша арыз берілген күннен бастап 1 ай мерзімде қабылданады. Саяси қызметші отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтік өкілеттілігін атқаруды жалғастыруы тиіс және ҚР заңдарында көзделген тәртіппен қызметтен босауға құқығы бар. Лауазымдық өкілеттілігін өрескел бұзу, мемлекеттік қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттік саяси қызметкрдің отставкаға шығуы үшін негіз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшін негіз болады. Оларды қызметтен босату негіздері мен тәртібін ҚР Президенті белгілейді (ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңның 26 бабы).





Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің мемлекеттік қызметінің тоқтатуының негіздері:

1) өз тілегі бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруі;

2) зейнеткерлік жасқа толуы;

3) келісім — шарт мерзімінің бітуі не болмаса ҚР заңдарында көзделген көзделген негіздер бойынша келісім-шарт бұзылуы;

4) өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі;

5) заңда блгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;

6) меншім құқығымен титесілі мүлікті сенім білдірілген басқаруға бермеуі;

7) ҚР азаматтығын жоғалтуы;

8) сыбайлас жемқорлықпен айалысуы;

9) мемлекеттік әкімшілік лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

10) аттестациядан өткендегі көрсеткен теріс нәтижелері.



Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік қызметкер мынаған құқылы:

1) ҚР Конституциясында және өзге де заңдарымен белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын талап етуге;

3) белгіленген тәртіпте лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттілік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

7) өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;

9) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болғанда жеке түсініктеме беруге;

10) қызметі бойынша жоғарылауға;

11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылғанда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығынң сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

13) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босатылуға;

15) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

16) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшінің мынадай негізгі міндеттері болады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2) ҚР Президенті бекіткен тәртіпте ант беруге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

4) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттілігін жүзеге асыруға;

5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

7) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарғы органдар мен лауазымды адамдардың өз һкілеттіліктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, соның ішінде мемлекетті қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

9) қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жекеөмірін, ар — намысын және қадір -қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

11) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

12) мемлекеттік қызметкердің жеке мүдделері оның өкілеттілігінен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларда. оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;

13) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты қойылатын шектеулер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу ҚР заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауыдағы мемлекеттік органдарда өкіл болуға;

5) өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттілігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

Мемлекеттік қызметкер белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызметті өткеру уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті. Осы мүліктен, соның сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.

Мемлекеттік қызметкер өзінің жақын туыстары (ата — анасы, жұбайы, аға — інісі, апа -сіңілісі, балалары) немесе жекжаттары атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.







































Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін

бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің

2000 ж. 21 қаңтардағы № 327 Жарлығы

 

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері бекітілсін.

2. "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 3088 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 30, 268-құжат) күші жойылған деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2000 жылғы 21 қаңтардағы

327 Жарлығымен

бекітілген

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан

өткізу ережелері

1. Жалпы ережелер

Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау (бұдан әрі қызметшілер) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде оқтын-оқтын жүзеге асырылатын рәсім.

2. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

3. Аттестациялауға, жүкті әйелдерді қоспағанда, барлық қызметшілер жатады.

4. Қызметшiлер мемлекеттiк қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде, аттестациядан өтедi.

Бұл ретте аттестация аталған мерзiм басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.

5. Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет немесе мемлекеттік қызмет стажындағы үзіліспен кірген қызметшілер, мемлекеттік қызметте үзіліссіз болудың үш жылы өткен мерзімде, осы Ережелердің 4-тармағында белгіленгеніндей аттестациядан өтеді.

Бұл ретте мемлекеттiк қызметшiнiң бiр мемлекеттiк органнан жұмыстан шыққан күнiнен бастап, басқа мемлекеттік органға қызметке тағайындалған күнiне дейiн 3 ай өтпеген және оның аталған кезеңде өзге заңды (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, мемлекеттiк қызмет өткеру үзiлiссiз болып саналады.

5-1 Аттестация өзiне бiрқатар дәйектi кезеңдi қамтиды:

1) аттестация өткiзуге дайындық;

2) мемлекеттiк қызмет icтеpi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестациялануға тиiс қызметшiнiң сынақтан өтуi;

3) аттестация комиссиясының қызметшiмен әңгіме жүргiзуi;

4) аттестация комиссиясының шешiм шығаруы.

5-2. Қызметшілердің аттестациядан өту мәселелерін аттестациялануға тиіс қызметшілерді қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды тұлға шешеді.

Орталық атқарушы органда, еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметшілерді қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметшілерінің аттестациядан өту мәселелерін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда - орталық атқарушы органның басшысы шешеді.

Бұл ретте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға орталық атқарушы орган басшысының келісімі бойынша, орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармалары бастықтарының, органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарларының аттестациядан өту мәселелерін шешеді.

Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы орган қызметшілерінің аттестациядан өту мәселелерін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар шешеді.

 

2. Аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру

6. Аттестация өткізуге дайындықты, осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның  тапсырмасы бойынша кадр қызметі ұйымдастырады.

Аттестация өткізуге дайындық мынадай шараларды қамтиды:

1) аттестациядан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау;

2) аттестация өткізудің кестесін әзірлеу;

3) аттестация комиссияларының құрамын айқындау;

4) аттестация өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

5) мемлекеттiк қызмет істерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен сынақ мерзiмдерi және оны өткiзетiн орны туралы келiсу.

7. Мемлекеттік органның кадр қызметі алты ай ішінде бір рет осы Ережелердің 4-тармағына сәйкес аттестациялануға тиіс қызметшілерді айқындайды.

8. Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға кадр қызметінің ұсынуымен аттестациялануға тиіс қызметшілердің тізімі бекітілген, аттестация өткізу мерзімі және аттестация комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленетін бұйрық шығарады.

9. Кадр қызметі аттестация өткізу мерзімі туралы оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.

10. Аттестациялануға тиіс қызметшінің тікелей басшысы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызметтік мінездемені ресімдеп, оны кадр қызметіне жолдайды.

11. Қызметтік мінездеме аттестацияланушы қызметшінің мемлекеттік қызметте үзіліссіз екі жыл болуы мен осыдан кейін осы Ережелердің 4-тармағына сәйкес өткізіліп отырған аттестацияға дейін өткен мерзімнен тұратын кезең ішіндегі кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген бағасын қамтуға тиіс.

12. Кадр қызметі қызметшіні аттестация комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімнен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті.

13. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр қызметіне беруге хақылы.

14. Аттестацияланушы қызметшіге кадр қызметі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша аттестациялау парағын ресімдейді.

15. Кадр қызметі жиналған аттестациялау материалдарын аттестация комиссиясына жолдайды.

3. Аттестация комиссиясы

16. Аттестация комиссиясын кадр қызметінің ұсынысы бойынша осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға құрады және комиссия мүшелері мен хатшысынан тұрады. Аттестация комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады.

17. Мемлекеттік органның басшысы лауазымын атқаратын қызметшіні аттестациялауды өткізетін аттестация комиссиясын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен оны осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлға құрады.

18. Мемлекеттік орган жұмысының қызмет бағыттарының ерекшеліктеріне байланысты бірнеше аттестация комиссиялары құрылуы мүмкін.

19. Аттестация комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері аттестациялануға тиіс қызметшілерге қарағанда дәл сондай лауазым атқаруы немесе неғұрлым жоғары лауазымды атқаруға тиіс.

20. Аттестация комиссиясының мүшелері аттестациядан жалпы негіздерде өтеді.

21. Аттестация комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, кадр және заң қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметшілер енгізіледі.

22. Аттестация комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы деп есептеледі.

23. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

4. Аттестацияны өткізу

24. Аттестация комиссиясы аттестациялауы аттестацияланушы қызметшінің қатысуымен өткізеді.

Аттестация комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған қызметшілер, жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді.

Аттестация комиссиясының отырысына қызметші дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде оның қатысуынсыз аттестация өткізу туралы шешім қабылдауға хақылы.

25. Аттестация комиссиясы табыс етiлген материалдарды зерделеп және сынақтан өту кезiнде лауазымдардың осы санаты үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген шектi мәннен (бұдан әрi - шектi мән) төмен емес баға алған қызметшiмен әңгiме жүргiзiп мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес және жоғары санаттағы лауазымға орналасу үшiн кадрлар резервiне ұсынылады;

2) атқаратын лауазымына сәйкес;

3) қайтадан аттестациялануға тиiс;

4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi.

25-1. Сынақтан өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған қызметшi әңгiмелесуге жiберiлмейдi.

Бұл peттe қызметшiге уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қайта сынақтан өту құқығы беріледі.

Егер қайта сынақтан өту кезiнде қызметшi тағы да шектi мәннен төмен баға алса, аттестация комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) қайтадан аттестациялануға тиiс;

2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi.

26. Аттестация комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы қабылдаған шешімі аттестациялаудың теріс нәтижесі болып табылады.

27. Қызметшінің кәсіби деңгейі мен оның атқаратын лауазымына сәйкестігін бағалау үшін шешім қабылдағанға дейін аттестация комиссиясы сауалдама және топтық пікірталас әдістерін қолдануы мүмкін.

Қызметшілерді аттестациялауға осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сараптау және консалтингтік ұйымдар тартылуы мүмкін.

28. Аттестация комиссиясының шешімі ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру жолы аттестация комиссиясының қарауы бойынша таңдалады. Аттестация комиссиясы құрамына енген аттестациядан өтуші қызметші, өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

29. Қайта аттестациялау бастапқы аттестация өткен күннен бастап алты ай өткеннен кейiн осы Ережеде айқындалған тәртiппен өтедi. Бастапқы аттестациялауда сынақтан өткен кезде шектi мәннен жоғары баға алған қызметшi қайта аттестациялау кезiнде әңгiмелесуге қайта сынақтан өткiзiлмей жiберіледi.

Аттестация комиссиясы қайта аттестациялау өткiзiп, мынадай шешімдердiң бiрiн қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес;

2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi.

Бастапқы аттестациядан өткен кезде шектi мәннен төмен баға алған қызметшіге қайта аттестациялау кезiнде сынақтан өту құқығы бiр рет қана берiледi. Қызметшi осы сынақтан өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алса, аттестация комиссиясы қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.

30. Аттестация комиссиясының шешімдері, оның мәжілісіне қатысқан аттестация комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

31. Қызметші аттестация комиссиясының шешімімен таныстырылуға тиіс.

32. Аттестация комиссиясының шешімдерін бір ай мерзімде осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаға бекітеді және олардың көшірмелерi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне жолданады.

33. Бекітілген аттестация комиссиясы шешімдері қызметшінің аттестациялық парағына енгізіледі.

34. Аттестациядан өткен мемлекеттік қызметшінің аттестациялық парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады.

Аттестация комиссиясының осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаға бекіткен шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.

35. Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға аттестация комиссиясының шешімін бекітпеуге және қайта аттестациялау тағайындауға құқығы бар, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Қайта аттестациялау осы Ережелердің 29-тармағына сәйкес жүргізіледі.

36. Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға бекіткен аттестацияның теріс нәтижелері, қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып табылады.

5. Аттестациялық комиссияның шешіміне шағым беру

37. Қызметші аттестация комиссиясының шешімін бекіту туралы осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның бұйрығына, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағым арыз беруге құқығы бар.

38. Осы Ережелерді бұзу жағдайлары анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет істері жөнінде уәкілетті орган осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаға бұйрықты өзгерту жөнінде ұсыным жасайды.

39. Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның бұйрықты өзгертуге және қайта аттестация тағайындауға құқығы бар. Қайта аттестациялау осы Ережелердің 29-тармағына сәйкес жүргізіледі.

40. Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға екі апта ішінде уәкілетті органды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.













Аттестаттауды өткізу және дайындау технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады:

I. Дайындық кезеңі

Аттестаттауды өткізудің  мақсаты мен уақытын (мерзімділігін) анықтау.

1. Қызметкерлерді аттестаттау туралы ережені дайындау және бекіту; (негізгі жергілікті нормативтік акт) нормативтік-құқықтық базаға сәйкес.

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Қазақстан Республикасының Заңы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 110 бұйрығы (2013.03.12. берілген өзгерістерімен)

Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығы(2013.08.11. берілген өзгерістермен)

3. Аттестаттауды өткізудегі қажетті құжаттарды қарап (оқып) шығу

  • кітапханадағы ішкі еңбек тәртібінің ережесі;

  • құрылымдық бөлімшелер туралы ереже, қызметтік нұсқаулар және т.б.

4. Аттестаттауды дайындау және өткізу туралы құжаттар:

аттестаттау туралы бұйрық дайындау, қызметкерлер тізімі;

аттестатауға тиісті және тиісті емес;

аттестаттау комиссиясының тізімі (комиссия төрағасы, тиісті дайындығы бар хаттамалық іс-шараларды техникалық-ұйымдастыруды қамтамасыз ететін аттестаттау комиссиясының хатшысы);

аттестаттауды өткізу әдістері;

аттестаттауды өткізу жоспарының үлгісі;

кадр бойынша инспектор (Аттестаттау туралы қазіргі қолданыстағы ережеге сүйеніп аттестатталушының қажетті құжаттарын дайындау);

аттестаттауды өткізудің кесте-жоспарын құрастыру;

аттестаттауды өткізу тәртібі;  

аттестатталушы тұлғалардың жоспарланғанға дейінгі аттестаттау мерзімінің кестесіне сәйкес бір айдан кем емес мерзімде аттестация өткізу күні туралы жазбаша хабарлауы (қол қойылғанда жарамды);

кеңестер, семинарлар, дәрістер және басқаларын ұйымдастырып өткізу;

II. Қажетті құжаттар пакетін дайындау

1. Аттестатталушыға мінездеме жасау;

2. Аттестатталушы өзін өзі бағалау нысанын толтыру;

3. Аттестатталушы тұлғаға қолданыстағы ереженің қосымшасына сәйкес аттестаттау парағын дайындау; 

4. Бағалау парақтарын және басқа құжаттарды дайындау (сауалнама, мәтіндер,сұрақтар);  

III. Аттестаттауды өткізу

  1. 1.      Аттестатталушымен әңгіме өткізу, ұсынылған құжаттарды талдау, алдағы өткен аттестаттаудың нәтижесімен салыстыру. Алдын ала қызметкердің іскерлік қасиеттері туралы қорытынды жасалады. Аттестатталушы тұлғаның хабарламасы тыңдалады, қажетті жағдайда – аттестаттау кезеңі барысында кәсіби қызметі туралы оның тікелей бастығы тыңдалады. Аттестаттау мерзімі ішінде аттестатталушы қызметкердің іскерлік қасиеттеріне және оның кәсіби қызметінің нәтижесіне баға беріледі.

  2. 2.       Әр қызметкер үшін шешім қабылданады. Нормативтік құқықтық актіні ескеріп қызметкерге біліктілік деңгейін белгілеу өлшемі анықталады.

"Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 230-бап. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі

Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдар тізілімі. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы (2014.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 378-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8011 тіркелді

Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу (жоспарлы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттық комиссияның шешімі)

  • Аттестаттаудан өтуші тұлғалар үшін өзінің лауазымдық міндеттерін толық және сапалы орындауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар жасау (жүктелген жұмыстар);

  • Аттестатталушы қызметкерге байланысты комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды;

  • Атқаратын қызметіне лайықты (орындайтын жұмысына);

  • Осы лауазымға лайық (орындайтын жұмысына) және бос қызмет орнын алу үшін кадрлық резервке енгізілуге ұсынылады;

  • Сәйкес шаралар орындалып біткеннен кейін қайта аттестаттау арқылы кәсіби қайта даярлаудан өтуді немесе біліктілігін жоғарлатуды қажет етеді;

  • Біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын қызметіне лайықты емес (орындайтын жұмысына) ;

  • Аттестаттау нәтижесі аттестаттық параққа енгізіледі (№  қосымша қазіргі қосымшаға).

IV  Аттестаттау нәтижелерін іске асыру

1. Аттестаттаудың қорытындысы бойынша бұйрық шығару және жиналыс өткізу;

2. Деректерді кадр бөліміне тапсыру, алынған деректерді қызметкердің жеке ісіне (файл) енгізу ;

3. Аттестаттаудың нәтижелерін талдап қорыту;



Мемлекеттік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары

1. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары:
1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»  (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
2) басқа санаттар үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»  (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 2-қосымша

Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндері

1. Логикалық тест, жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігі бойынша тест және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді.
2. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мәндер:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауап;
2) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге:
«Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;
басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды;
3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін:
Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;
басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 3-қосымша
_____________________________________
(уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері)

Өтініш
Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының ____санаты бойынша тестілеуге жіберулеріңізді сұраймын.
Мемлекеттік қызметшілерді  және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың растығына жауап беремін.
Тестілеу өту орны ______________қаласы.
Тестілеу өтуді қалаған күні _________________.
Қоса берілген құжаттар тізімі:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
__________         ____________________________________               (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты)
«____»_______________ 20__ ж.

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 4-қосымша

ҚОЛХАТ
_____________________________________________________________
(уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері)
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткер ______________________________________________________ мынадай құжаттарды қабылдады:
(үміткердің аты-жөні)

р/н
№    Құжаттың аты    Парақтар саны
1.    Өтініш
2.    Білімі туралы құжаттардың көшірмесі
3.    Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі
4.    ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

Үміткердің тестілеу өтуді қалаған күні 201_жылғы_________________.
Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тағайындаған тестілеу күні 201_жылғы_________________.
Тағайындалған тестілеу күнінің үміткердің қалаған күнімен сәйкес келмеуінің себебі ________
______________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Қабылдаған  ________________    _________________________________
(қолы)                               (Уәкілетті орган немесе оның аумақтық
бөлімшелері өкілінің аты-жөні)
М.О.
Тапсырған  _________________    ________________________________
(қолы)         (үміткердің аты-жөні)

Күні 201_жылғы ____________________

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 5-қосымша

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге тестілеу бағдарламалары

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»  (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтары кiредi;
2) логикалық тест (вербальдіемес - 60 тапсырма);
3) жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігі бойынша тест - 263 (жеке тұлғалық - 117, басқарушылық - 136 тапсырма);
4) ҚАЗТЕСТ (150 сұрақ).
2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға тестілеу бағдарламасы:
1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1,
С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»  (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
2) басқа санаттар үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»  (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 6-қосымша

Тестілеу ережесін бұзған мемлекеттік қызметшінің немесе үміткердің тестілеуін тоқтату
АКТІСІ

201____ж. «_____» _____________________сағ._______мин.
Тестілеу әкімшісі _________________________________________
(аты-жөні)
Орталықтың Өкілі  ______________________________________________
(аты-жөні)
Мемлекеттік қызметші/үміткер ________________________________
(аты-жөні)
________________, ЖСН________________тарапынан Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің 26-тармағының бұзылғаны анықтадық:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (осы актіні жасаған адамдардың қолы мен аты-жөні)

актімен таныстым:
___________________________________________________________________
(мемлекеттік қызметшінің/үміткердің қолы, аты-жөні)

Күні: 201_ж. _______________

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне 7-қосымша

СЕРТИФИКАТ
_____________________________________ «___» корпусының мемлекеттік
(үміткердің аты-жөні)
әкімшілік лауазымына орналасуға ____санаты бойынша _______________
қаласындағы аумақтық тестілеу орталығында тестілеуден өткенін растайды.

Тест атауы    Тесттегі тапсырмалар сұрақтар саны    Шекті мәні    Дұрыс
жауаптар саны

Осы сертификат тестілеу өткен күннен бастап 1 жылдың ішінде жарамды.

Уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы:                ________________
Тест әкімшісінің қолы:                      ________________
Күні___________

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

1) «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5113 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 ақпандағы № 02-01-02/33 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5151 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған) бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы;
3) «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 02-01-02/95 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6298 тіркелген);
4) «Тестiлеудi өткiзу ережесiн, Тестiлеу программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 06-7/4 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8273 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде № 54 (27993), 2013 жылғы 26 қаңтарда жарияланған).

























Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы 
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын лауазымды адамдар мен олардың орынбасарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдары оқу орындарының және құқық қорғау органдары мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Қызметкерлерді аттестациялау (бұдан әрі - аттестациялау) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім.

3. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

4. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үзіліссіз қызметте болған әрбір кезекті үш жыл өткен сайын аттестациядан өтеді. Бұл ретте аттестациялау аталған мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. 
      Егер аттестацияланатын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан бір жылдан кейін аттестациядан өтеді. Тең дәрежедегі лауазымдарға тағайындалған кезде, егер бұл функционалдық міндеттерін өзгертпейтін болса, аталған мерзім есепке алынбайды.
 
      Қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесінен қызметтен босаған күнінен бастап, құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның аталған кезеңде өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте болуы үзіліссіз болып саналады.

5. Қызметкерлер қатарындағы әйелдер жүктілігі және баланы күту үшін берілген демалыс мерзімінде аттестацияланбайды. Олар қызметке шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін және бір жылдан кешіктірілмей аттестацияланады.

6. Аттестациялау бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

1) аттестация өткізуге дайындық;

2) дене тәрбиесі даярлығы жөнінде белгіленген нормативтерді тапсыру және медициналық куәландырудан өту (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда);

3) аттестациялануға тиіс қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне байланысты компьютерлік тестілеуден өтуі;

4) әңгімелесуге жіберу, аттестация комиссиясының қызметкермен әңгімелесу жүргізуі;

5) аттестация комиссиясының шешім шығаруы.

2. Аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру

7. Аттестация өткізу мерзімі келген кезде құқық қорғау органы, құқық қорғау органы оқу орны немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесі басшысының (бұдан әрі - басшы) тапсырмасы бойынша тиісті кадр қызметтері аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастырады. 
      Дайындық мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) аттестация өткізудің кестесін әзірлеу;

2) аттестация өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

3) тестілеу мерзімдері және оны өткізетін орынды белгілеу;

4) аттестацияланушы қызметкерлердің қажетті құжаттарын дайындау. 
      Тестілеуден өтудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәнін (бұдан әрі - шекті мән) тиісті құқық қорғау органдары белгілейді.

8. Құқық қорғау органының, құқық қорғау органы оқу орнының немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) алты ай ішінде бір рет осы Ереженің 4-тармағына сәйкес аттестациялануға тиіс қызметкерлерді айқындайды.

9. Басшы кадр қызметінің ұсынуымен аттестациялануға тиіс қызметкерлердің тізімі, аттестация комиссиясының құрамы, оның жұмыс кестесі бекітілетін, аттестация өткізу мерзімі белгіленетін бұйрық шығарады. U051642 , P961644

10. Кадр қызметі аттестация өткізу мерзімі туралы оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда қызметкерлерге жазбаша хабарлайды.

11. Аттестациялануға тиіс қызметкердің тікелей басшысы оның осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысандағы қызметтік мінездемесін ресімдеп, оны аттестация комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімнен кешіктірмей кадр қызметіне жолдайды.

12. Қызметтік мінездеме аттестацияланушы қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте үзіліссіз үш жыл болуы және бұдан кейін осы Ереженің 4-тармағына сәйкес өткізілетін аттестацияға дейін өткен мерзімнен тұратын кезең ішіндегі кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің әділ және негізделген бағасын қамтуға тиіс.

13. Кадр қызметі қызметкерді өзіне берілген қызметтік мінездемемен аттестация комиссиясының отырысына дейін екі апта мерзімнен кешіктірмей оған қол қойғыза отырып таныстыруға міндетті.

14. Қызметкер өзіне берілген қызметтік мінездемемен өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеуге және өзін сипаттайтын қосымша ақпаратты кадр қызметіне беруге хақылы.

15. Кадр қызметі жиналған аттестациялау материалдарын аттестация комиссиясына оның отырысына дейін үш күн мерзімнен кешіктірмей жолдайды.

3. Аттестация комиссиясы

16. Аттестация комиссиясы кадр қызметінің ұсынуы бойынша басшының бұйрығымен құрылады. Аттестация комиссиясы мүшелерінің арасынан басшы төрағаны тағайындайды. 
      Аттестация комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
 
      Аттестация комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға болмайды.
 
      Аттестация комиссиясының хатшысы кадр қызметі басшысы белгілейтін кадр қызметінің өкілі болады.
 
      Аттестация комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етеді және ол дауыс беруге қатысуға құқылы емес.

17. Құқық қорғау органы, құқық қорғау органы оқу орны немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің жұмыс бағыттарына байланысты бірнеше аттестация комиссиялары құрылуы мүмкін.

18. Аттестация комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері аттестациялануға тиіс қызметкерлермен бірдей немесе жоғары лауазымда болуға тиіс.

19. Аттестация комиссиясының құрамына құқық қорғау органының, құқық қорғау органы оқу орнының немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің түрлі бөлімшелерінің басшылары, кадр және заңгерлік қызметтердің өкілдері (не осы аталған қызметтердің өзіне есепті адамдар), сондай-ақ өзге де қызметкерлері енгізіледі, бұған аттестациядан өтетін қызметкерлер қосылмайды.

20. Аттестация комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңдық күші бар деп есептеледі.

21. Аттестация комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысқан аттестация комиссиясының мүшелері санының көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестация комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

4. Аттестацияны өткізу

22. Аттестация комиссиясы табыс етілген материалдарды зерделеп, қызметкерлерді әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды. 
      Дене тәрбиесі даярлығы жөнінде белгіленген нормативтерді тапсырмаған және медициналық куәландырудан өтпеген (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда), не тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді және аттестация комиссиясы шешімімен осы Ережеде айқындалған тәртіппен қайта аттестациялануға жіберіледі.

23. Аттестация комиссиясының отырысында аттестацияланушы қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі. 
      Аттестация комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған қызметкерлер жұмысқа шыққаннан кейін әңгімелесуден өтеді.
 
      Аттестация комиссиясының отырысына қызметкер дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестация комиссиясы осы Ережеде айқындалған тәртіппен қызметкерді қайта аттестациялау туралы шешім қабылдайды.

24. Аттестация комиссиясы әңгімелесудің қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес және мерзімінен бұрын арнаулы атақ берілуге немесе жоғары лауазымға орналасу үшін кадр резервіне ұсынылады;

2) атқаратын лауазымына сәйкес;

3) қайта аттестациялауға жатады;

4) атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады.

25. Қайта аттестациялау бастапқы аттестация өткен күнінен бастап, үш ай өткеннен кейін және алты айдан кешіктірілмей осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізіледі. 
      Бастапқы аттестациялауда немесе қайта аттестациялауда дене тәрбиесі даярлығы жөнінде белгіленген нормативтерді тапсырған және медициналық куәландырудан өткен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда), тестілеуден өткен кезде шекті мәннен жоғары баға алған қызметкерлер әңгімелесуге жіберіледі.
 
      Қайта аттестациялау кезінде дене тәрбиесі даярлығы жөнінде белгіленген нормативтерді тапсырмаған және медициналық куәландырудан өтпеген (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда), не тестілеуден өткен кезде шекті мәннен төмен баға алған, сондай-ақ аттестация комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен келмеген қызметкерлер аттестация комиссиясының шешімі бойынша осы Ережеде айқындалған тәртіппен лауазымынан төмендетуге немесе жұмыстан босатылуға ұсынылады.

26. Аттестация комиссиясы қайта аттестациялау өткізіп, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес;

2) атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады;

3) лауазымына сәйкес емес және жұмыстан босатылуға ұсынылады.

27. Аттестация комиссиясы жұмыстан босату туралы ұсыныммен қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы қабылдаған шешімі аттестациялаудың теріс нәтижесі болып табылады.

28. Аттестация комиссиясының шешімі үш жұмыс күні ішінде оның отырысына қатысқан аттестация комиссиясының мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

29. Кадр қызметі аттестация комиссиясының шешімін қызметкердің аттестациялау парағына енгізеді, ол шешіммен қызметкер қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қолын қоя отырып танысады ( 2-қосымша ).

30. Аттестация комиссиясының шешімі қызметкерге мерзімінен бұрын арнаулы атақ беруге, қызметкерді жоғары лауазымға орналасу үшін кадр резервіне тіркеуге, қызметкердің лауазымын төмендетуге немесе оны жұмыстан босатуға негіз болып табылады.

5. Аттестация комиссиясының шешіміне шағымдану

31. Қызметкердің аттестация комиссиясының шешіміне басшыға немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға шағымдануға не сотқа жүгінуге құқығы бар.

32. Басшы немесе жоғары тұрған лауазымды тұлға қайта аттестациялауды тағайындай алады, оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Ол аттестациялау осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы 
                                              Президентінің
 
                                          2005 жылғы 8 шілдедегі
 
                                             N 1612 Жарлығымен
 
                                                бекітілген,
 
                                           Қазақстан Республикасы
 
                                         құқық қорғау органдарының
 
                                        қызметкерлерін аттестациядан
 
                                         өткізу туралы үлгі ережеге
 
                                                 1-ҚОСЫМША

Аттестациялануға тиіс қызметкерге берілетін 
                    қызметтік мінездеменің 
                         ҮЛГІ НЫСАНЫ 
             (қызметкердің тікелей басшысы толтырады)

Қызметкердің тегі, аты-жөні _______________________________________ 
Лауазымы __________________________________________________________
 
Тағайындалған күні ________________________________________________
 
Атағы (сыныптық шені) _____________________________________________

1. Лауазымдық міндеттерін орындауы (шешіміне қызметкер қатысқан негізгі мәселелердің тізбесі беріледі; қызметтік міндеттерін орындауының тиімділігі мен адалдығы, шығармашылық бастамашылығы, азаматтармен жұмыс істеуі бағаланады және т.б.). 
      2. Мемлекеттік органның қызметі аясында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімін, сондай-ақ бұл қызметтік міндеттеріне кіретін болса, коммуникация және ақпараттық технологияларды қолдануы (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімі, коммуникация және ақпараттық технологияларды білу деңгейі, оларды жұмыста қолдануы сипатталады және т.б.).
 
      3. Заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
 заңнаманы , Қазақтан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін , сондай-ақ мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауы (тәртіптік жазалары туралы, заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сондай-ақ мемлекеттік және еңбек тәртібін, ішкі қызмет тәртібін сақтауы туралы мәліметтері көрсетіледі және т.б.). 
      4. Жеке басының қасиеттері (қызметкердің жеке басының қасиеттері сипатталады: тіл табысқыштығы, азаматтармен жұмыс істей білуі, өзін-өзі жетілдіру қабілеті, көшбасшылығы және т.б.).
 
      5. Қызметкер жұмысын қорытынды бағалау (қызметтер туралы тікелей басшысының пікірі көрсетіледі: атқарған лауазымына сәйкес немесе сәйкес емес, жоғары немесе төмен лауазымға ұсынылуы мүмкін және т.б.).
 
      6. Өзге мәліметтер. *

Басшының тегі, аты-жөні_______________________________________ 
      Лауазымы______________________________________________________
 
      Атағы (сыныптық шені)_________________________________________
 
      Уақыты                   200 ж."__"__________

_______________________________ 
* Қызметтік мінездемеге құқық қорғау органдарының ерекшелігіне байланысты толықтырулар енгізілуі мүмкін.








                                   Қазақстан Республикасы Президентінің
 
                                          2005 жылғы 8 шілдедегі
 
                                             N 1612 Жарлығымен
 
                                                бекітілген,
 
                                           Қазақстан Республикасы
 
                                         құқық қорғау органдарының
 
                                        қызметкерлерін аттестациядан
 
                                         өткізу туралы үлгі ережеге
 
                                                 2-ҚОСЫМША

Аттестациялануға тиіс қызметкердің 
                       аттестация парағының 
                           ҮЛГІ НЫСАНЫ

1. Тегі, аты-жөні    _______________________________________________ 
2. Туған уақыты      "__"_________________19__ж.
 
3. Білімі            _______________________________________________
 
4. Мамандығы         _______________________________________________
 
5. Аттестациялау кезінде атқаратын лауазымы
 
____________________________________________________________________
 
6. Атағы (сыныптық шені)
 
____________________________________________________________________
 
7. Аттестация комиссиясының ұсынымдары
 
____________________________________________________________________
 
8. Өзге мәліметтер*
 
____________________________________________________________________

Аттестация комиссиясының төрағасы  _________________________________ 
                                             (қолы)
 
Аттестация комиссиясының хатшысы   _________________________________
 
                                             (қолы)
 
Аттестация өткізілген күні         200 ж."__"_______________________

Аттестация парағымен таныстым      _________________________________ 
                                      (қызметкердің қолы және күні)

МО

* Аттестация парағына құқық қорғау органдарының ерекшелігіне байланысты толықтырулар енгізілуі мүмкін.





Пайдаланған әдебиеттер

  1.  “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-638-5







" Омонимдер". Ашық сабақ. 5-класс
  • Другое
Описание:

18.05.2015 Вы поделились материалом:
"АКТ-ны пайдаланудың тиімділіктері.18.05.2015 Вы поделились материалом:
"АКТ-ны пайдаланудың тиімділіктері.18.05.2015 Вы поделились материалом:
"АКТ-ны пайдаланудың тиімділіктері.18.05.2015 Вы поделились материалом:
"АКТ-ны пайдаланудың тиімділіктері.18.05.2015 Вы поделились материалом:
"АКТ-ны пайдаланудың тиімділіктері.

Автор Солтанова Айгерим Жумагазыевна
Дата добавления 22.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 1283
Номер материала 59639
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓