Главная / Биология / Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы.

Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы.

Тақырыбы:Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы.

Сабақтың мақсаты: омыртқалы жануарлардың (балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы жайлы білімдерін кеңейту; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байлынысты қызығушылықарын арттыру.

Сабақтың әдісі: топтық. (Сабаққа 2 топ қатысады: «Бригантина», «Атландида»

Сабақтың типі: аралас

І Ұйымдастыру кезеңі. «Биология» өлеңі.Топтарды таныстыру: Сабаққа 2 топ қатысады: «Бригантина», «Атландида». Капитандарды белгілеу.(3мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі (сұрақтарға жауап беру) (4+1)

(Интерактивті тақтада жұмбақ сұрақтар, теңіз белгілерінің астында)

  1. Жануарлар тіршілігінде қоректенудің қандай маңызы бар?

  2. Қоректің құрамындағы тіршілік үшін ең қажетті нәрлі заттарды атаңдар.

  3. Бұларды неліктен «құрылыс материалы» дейді.

  4. Қуатқайдан, қалайпайдаболады? Оның «құрылысматериалына» қандайқатысы бар?

  5. Синтез деген не? (өзтүсініктеріңдіайтукерек). Оның нәтижесінде қабылданған ас ағзадақ андай өзгеріске түседі?

  6. Тозған жасушалардың жаңаруына синтездің қандай қатысы бар?

  7. Көпжасушалы жануарлардың дене қабаттарын атаңыз.

(Интерактивті тақтада сәйкестендіру)

Асқорыту жүйелерінің (әріппен белгіленген) қайсысы қай жәндікке (санмен белгіленген) тән екенін анықтап, сәйкес әріп пен санды бірге жазыңдар.(интерактивті тақтада сәйкестендіру)(2мин)

А. Ауыз қуысы – жұтқыншақ – өңеш – жемсау – қарын – ішек. 4. Шұбалшаң.

Ә. Өткір хитинді үстіңгі тақташа – тісшелі астыңғы жақ – ерін – өңеш – тісшелі қарын – ішек. 2 Зауза қоңыз

Б. Ауыз – жұтқыншақ – ішек. 1. Ақ планария.

В. Ауыз тесігі – ішек қуысы – асқорыту вакуолі3. Гидра.


ІІІ. Жаңа материалды меңгеру кезеңі (16 мин). Материктерді зерттеу үшін картаны табу. (Өз бетімен материалмен танысу-4 мин)

Әр оқушыға жаңа тақырып мазмүны бар мәлімет берілген.

  1. Балықтардың асқорыту жүйесі.

  2. Қосмекенділердің асқорыту жүйесі.

  3. Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі.

  4. Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі.

Материк картасы интерактивті тақтада көрсетілген жануардың ішкі құрылысы суретінің артында орналасқан. Оған жету үшін топтар оның асқорыту жүйесін белгілеу керек. (Алдарында суреттер бар)

«СУРЕТТІ СӨЙЛЕТУ»

Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға түскенше елеулі өзгеріске түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен араласып ас ақырына дейін қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі. 

Құстардың жақсүйектері – мүйізденген тұмсық; тістері болмайды. Жемнің мөлшері үлкен болса, оны тұмсығымен шоқып бөлшектеп жұтады.

Дәнқоректі құстарда (кептерлер, тауықтар, т.б.) өңештің соңғы бөлімі кеңейіп, жемсауға айналған. Мұнда жем бездерден бөлінетін сөлмен араласып жұмсарады және аздап өзгеріске ұшырайды. 

Бунақденеліқоректі құстардың (мысалы, қарлығаштар, үйректер, т.б.) жемсауы болмайды. Жем өңештен қарынға өтеді.

Құстардың қарны екі бөлімнен – безді қарыннан және етті қарыннан тұрады. Қарынның алдыңғы бөлімі – безді қарында жем асқорыту сөлімен араласып, одан соң етті қарынға түседі. Бұл бөлімнің бұлшықеті қалың және іші қасаң, қатпарлы қабықпен астарланған. Бұлшық еттің жиырылуынан жем қасаң қабықпен және құстың үнемі жұтатын майда тас-құм түйіршіктерімен үйкеліп әбден ұсақталады, ботқаға айналады. Сонымен құстарда етті қарын тістің қызметін атқарады. Жем бауыр мен ұйқы бездері сөлінің әсерінен ішекте әбден қорытылады.

Сүтқоректілерде, әдетте тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу тістер.

Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат – дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.

Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі. 

Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді болады. Етпен қоректенетін(мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.

Өсімдіктекті азықпен қоректенетінірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.

Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.

Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін хайуандарда (мысалы, мысық, қасқыр және т.б.) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік ішекпен жалғасады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Бауырдан бөлінетін сөл – өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.

Ұйқы безінің сөлі ұлтабар ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май, көмірсуларды қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.

Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап жатады. Қорытылған органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға, ұлпаларға таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.



 №17-зертханалық жұмыс (12мин)

Тақырыбы: Балықтың ішкі құрылысы.

Мақсаты: Бүгінгі сабақ тақырыбы мазмұнындағы негізгі ұғым-түсініктерді нақтылы мағлұматтармен байыту; табиғи объектімен жұмыс істеуге үйрену: Келесі сабақтар мазмұнына тірек болатын кейбір ұғым-түсініктер жинау.

Құрал-жабдықтар: сойылған (ішкі мүшелері ашылған) балық (табақшаға орналасқан, іш қуысына су құйылған), оңаша үстелге қойылып, ми сауыты ашылған балық, ұлғайтқыш қол әйнек, іскек, тақтаға ілінген кесте: «Балықтың ішкі құрылысы», балықтың ішкі құрылысының сұлбасы салынған карточкалар (жұмыстың белгілі бір кезеңінде мұғалім әр оқушыға таратып береді).

Жұмыстың барысы:

І.  1. Ауыз қуысындағы қоректенуге қатысатын мүшелерді зерделеу.

Астың жүріп өтетін жолын, кестені пайдаланып, анықтап, әр бөлімнің атауымен, сыртқы түрімен, пішінімен, мөлшерімен (ұзын, қысқа, үлкен, кіші, т.с.с.), орналасуымен (арқа, құрсақ, құйрық бөлімдері) танысу.

2. Астың қорытыла бастайтын және әбден қорытылатын бөлімдерін табу.

3. Асты қорытуға қатысатын бауыр мен қарынасты безін, өт, сөл жүретін жолдарының асқорытудың қай бөлімімен жалғасатынын анықтап көру.

ІІ. 4. Балық желбезегін зерделеп, қақпақшаларын, жапырақшалары мен талшықтарын қарап, әрқайсысының орналасуына назар аудару.

5. Зәршығару жүйесінің бөлімдерін (бүйрек–несепағар–қуық–аналь тесігі) тауып, зерделеу.

6. Жүрегінің орнын, түрін, пішінін анықтау.

7. Жақсы дамыған бұлшықетті дене бөліміне назар аудару.

8. Аталық немесе аналық (зерделеніп отырған қайсысы?) бездердің орналасуымен, пішінімен, мөлшерімен, сыртқы көрініс-түрімен танысу.

Нәтижесі: Балықтың ішкі құрылысын жаз:



Балықтың ішкі құрылысы





1._______________

2._______________

3._______________

4._______________

5._______________

6._______________

7._______________

8._______________

9._______________

10.______________

11.______________

12.______________

13.______________

14.______________



Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



ІV. Бекіту.

«ҚБТ» орындау (7мин)

Қорытындылау . «Психолог» ойыны (1 мин)

Бағалау. ҚБТ орындауын бағалау (2мин)

Үй тапсырмасы. § 37 оқу, 82, 83, 85-суреттерді салу


















Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы.
  • Биология
Описание:

Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға түскенше елеулі өзгеріске түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен араласып ас ақырына дейін қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі.

Құстардың жақсүйектері – мүйізденген тұмсық; тістері болмайды. Жемнің мөлшері үлкен болса, оны тұмсығымен шоқып бөлшектеп жұтады.

Дәнқоректі құстарда (кептерлер, тауықтар, т.б.) өңештің соңғы бөлімі кеңейіп, жемсауға айналған. Мұнда жем бездерден бөлінетін сөлмен араласып жұмсарады және аздап өзгеріске ұшырайды.

Бунақденеліқоректі құстардың (мысалы, қарлығаштар, үйректер, т.б.) жемсауы болмайды. Жем өңештен қарынға өтеді.

Құстардың қарны екі бөлімнен – безді қарыннан және етті қарыннан тұрады. Қарынның алдыңғы бөлімі – безді қарында жем асқорыту сөлімен араласып, одан соң етті қарынға түседі. Бұл бөлімнің бұлшықеті қалың және іші қасаң, қатпарлы қабықпен астарланған. Бұлшық еттің жиырылуынан жем қасаң қабықпен және құстың үнемі жұтатын майда тас-құм түйіршіктерімен үйкеліп әбден ұсақталады, ботқаға айналады. Сонымен құстарда етті қарын тістің қызметін атқарады. Жем бауыр мен ұйқы бездері сөлінің әсерінен ішекте әбден қорытылады.

Сүтқоректілерде, әдетте тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу тістер.

Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат – дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.

Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі.

Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді болады. Етпен қоректенетін(мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.

Өсімдіктекті азықпен қоректенетінірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.

Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.

Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін хайуандарда (мысалы, мысық, қасқыр және т.б.) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік ішекпен жалғасады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Бауырдан бөлінетін сөл – өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.

Ұйқы безінің сөлі ұлтабар ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май, көмірсуларды қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.

Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап жатады. Қорытылған органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға, ұлпаларға таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.



17-зертханалық жұмыс (12мин)

Тақырыбы: Балықтың ішкі құрылысы.

Мақсаты: Бүгінгі сабақ тақырыбы мазмұнындағы негізгі ұғым-түсініктерді нақтылы мағлұматтармен байыту; табиғи объектімен жұмыс істеуге үйрену: Келесі сабақтар мазмұнына тірек болатын кейбір ұғым-түсініктер жинау.

Құрал-жабдықтар: сойылған (ішкі мүшелері ашылған) балық (табақшаға орналасқан, іш қуысына су құйылған), оңаша үстелге қойылып, ми сауыты ашылған балық, ұлғайтқыш қол әйнек, іскек, тақтаға ілінген кесте: «Балықтың ішкі құрылысы», балықтың ішкі құрылысының сұлбасы салынған карточкалар (жұмыстың белгілі бір кезеңінде мұғалім әр оқушыға таратып береді).

Автор Қожахмет Жансая
Дата добавления 30.07.2015
Раздел Биология
Подраздел Планирования
Просмотров 878
Номер материала 60328
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓