Главная / Химия / Қолданбалы курс, авторлық бағдарлама Химия "Өнеркәсіптегі химия" 10-сынып

Қолданбалы курс, авторлық бағдарлама Химия "Өнеркәсіптегі химия" 10-сынып

ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ХИМИЯ

Х СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН


К.Х.Мұңайтбасова

Атырау қалалық С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі


Аннотация

Атырау қалалық С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебінің химия-биология пәндерінің мұғалімі К.Х.Мұңайтбасованың химиядан «Өнеркәсіптегі химия» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасының мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химиялық өнеркәсіптің ғылыми принциптері мен Қазақстанның химия өнеркәсібі, қалдықсыз технологияны ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім, білік және біліктілікті дамыту. Оқушыларға химия өнеркәсібі мен өндіріс салаларында химия мамандықтары бойынша мәліметтер беру.

Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу.Бұл ағымды іске асыру саралап оқыту арқылы жүзеге асатыны мәлім. Саралап оқыту формаларының бірі сыртқы саралау. Бұл саралау селективті және элективті жүйелер болып екіге бөлінеді. Элективті жүйені пәндер бойынша қолданбалы курстарды өткізу арқылы жүзеге асыратынымыз белгілі. Осыған орай жоғарыда аталған курс енгізіліп отыр.

Мектепте жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігіне, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Аталған курс бағдарламаларға қойылатын талаптар мен критериийлер бойынша құрастырылды. Атап айтсақ, ғылымилық, практикалық бағыттылық, жүйелілік, уақыт қорына лайықтылық т.б. принциптерге сай жасалды. Қолданбалы курсты өткізу барысында мектеп оқушыларына өнеркәсіптегі химияның орнын көрсету және жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия төрден орын алатынын дәлелдеу.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген. 10 сынып, аптасына 1 сағат.

Қолданбалы курс алты тараудан тұрады:

І.Химия өнеркәсібіне кіріспе,химия мамандықтары, Қазақстан химиясына зор үлестерін қосқан ғалымдар.

ІІ- химиялық кинетика және оның өндірістегі ролі.

ІІІ- Өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері

ІV- Химия өндірістері мен өнеркәсібі

V- Химиялық өнімдер. VІ- Қоршаған ортаны қорғау.

Бағдарламада курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары мен оқушылардың білімдерін тексеру мен рейтингілік, кестелік т.б. бағалау тәсілдері мен әдістері атап көрсетілді. Оқытудың күтілетін нәтижелері, яғни оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар анықталып жазылды. Қолданбалы курсты өткізу үшін мұғалімге және оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі, соның ішінде бүгінгі күн талабына сай тақырыптық интернеттен іздеу – web сайттар нақты көрсетілген.

Бұл курстың бағдарламасын мектептерде жаратылылыстану – математикалық бағыты бойынша 10 сыныптарда негізге ала отырып пән мұғалімдері қолдануларына болады деп ойлаймын.

Автор: Мұңайтбасова К.Х.

І.Түсінік хат

(10 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігіне, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Саралап оқытудың негізгі бағыты сол аймақтағы өндіріс орындарына мамандар дайындау міндеттеріне негізделеді.

Қолданбалы курсты өткізу барысында мектеп оқушыларына өнеркәсіптегі химияның орнын көрсету және жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия төрден орын алатынын дәлелдеу.

Бүгінгі таңда «Өнеркәсіптегі химия» қолданбалы курсын өткізу бағдарламасына сұраныс бар деп ойлаймын.Әсіресе өнеркәсіп, өндіріс салалары жақсы дамыған аймақтарда өткізу бірден-бір қажет.

Пән мұғалімдеріне бұрыннан «Химия өнеркәсіпте» факультативтік курсы белгілі, авторы Д.А.Эпштейн, бірақ бұл курста қолданбалы бағыты мен жергілікті жердің ерекшелігі, экологиялық жағдайы ескерілмеген. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелер мен республикамыздың аймақтық ерекшелігін ескеріп, практикалық бағытта экскурсиялар ұйымдастыру жоспарлануда.

Аталған курс бір-бірімен байланысты бес тараудан тұрады: химия өнеркәсібіне кіріспе, химиялық технология, химия мамандықтары, химиялық кинетиканың өндірістегі ролі, химиялық эксперименттер, өнеркәсіптегі химия – қара, түсті металлургия, күкірт қышқылын, азот қышқылын өндіру, аммиак синтезі, негізгі бейорганикалық химикаттар, негізгі органикалық химикаттар. Сонымен қатар еңбектің әртүрлі саласында химия мамандықтары туралы мәліметтер беру көзделеді.

Курсты өткізуде практикалық бағытқа, мүмкіндігінше өндіріс орындарына экскурсия ұйымдастыру, ақпараттық технология бойынша соңғы ғылыми өндіріс жаңалықтарын өз беттерімен іздену арқылы жұмыс істеуге баулу.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.


Курстың мақсаты: Химияны оқытуда химиялық өнеркәсіптің жалпы ғылыми принциптері мен Қазақстанның химия өнеркәсібі, қалдықсыз технологияны ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім мен білік және біліктілікті дамыту. Болашақта химия саласы бойынша мамандықтардың сипатын беру және таңдауларына бағыт - бағдар беру.


Курстың міндеттері:

  1. Химиялық өндірістің шикізаттары, оларды тиімді пайдалану жөнінде мағлұмат жинақтау.

  2. Химиялық кинетиканың өндірістегі мәнін ашу.

  3. Өндіріс орындарында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеу.

  4. Оқушылардың танымдылығын арттыру мақсатында өз беттерімен химиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.

  5. Бейорганикалық өнімдер өндірісінің қондырғылары макеттері мен модельдерін құрастыра білу.

  6. Оқушыларға химия мамандықтары (адам-табиғат, адам-адам, адам-техника) туралы және сол мамандарға тән қабілеттер жөнінде өз беттерімен ізденіп мәліметтер жинақтау.

  7. Экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілік қалаптастыру.

  8. Қазақстан химиясына өз үлестерін қосып, еңбегі сіңген ғалымдар жөнінде ғылыми көпшілік әдебиеттермен, интернет сайттарынан ізденіс жұмыстарын жүргізу.


ІІ. Мазмұндық бөлім

Курстың мазмұны

Сағаттың жалпы саны – 34

Кіріспе (2 сағ)

Химия өнеркәсібі, өндірістің жалпы ғылыми принциптері мен әдістері. Химиялық технология және өндірістің шикізаттары. Химия мамандықтары (адам-адам, адам-табиғат, адам-техника). Қазақстан химиясына зор үлестерін қосқан ғалымдар.


1.Химиялық кинетика және оның өндірістегі ролі (6 сағ.)

Химиялық кинетика. Химиялық реакциялардың жүру мүмкіндіктері. Гомогенді, гетерогенді реакциялардың жылдамдығы.Химиялық реакцияның жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері. Химиялық реакцияға катализатордың әсері.Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі.


2.Өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері (4 сағ.)

Химиялық эксперименттер. Эксперимент жүргізудің жалпы ережелері.

Өндірістегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Улы және қопарылғыш

заттардың ерекшеліктері. Эксперименттік есептер.


3.Химия өндірістері мен өнеркәсібі (12 сағ.)

Қазақтандағы негізгі химия өндірістері мен өнеркәсібі. Қара және түсті

металлургия. Азот қышқылын өндіру. Аммиак синтезі. Күкірт қышқылын

өндіру. Көмір және мұнайды өңдеу.Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі.

Цемент өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндірісі. Практикалық

жұмыстар. Өндірістік және экологиялық мазмұнды сандық есептер

шығару.


4.Химиялық өнімдер (8 сағат)

Химиялық өнімдер. Бейорганикалық химикаттар. Металдар мен құймалар.

Кең тараған органикалық химикаттар. Пластмассалар, химиялық

талшықтар. Жанғыш газдар. Практикалық жұмыс «Пластмасса өнімдерін

танып білу». Пластмасса өндіретін өндіріс орнына экскурсия.


5. Қоршаған ортаны қорғау (2 сағ.)

Қоршаған ортаның химиялық ластануы.Өндіріс экологиясы. Өндіріс

қалдықтары, олардың қоршаған ортаға әсері. Қалдықсыз технология және

оның маңызы.


ІІІ. Нормативті бөлім


«Өнеркәсіптегі химия» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы



р/р


Тараулар

Сағат саны

Оның

Теориялық

сабақ

ішінде

Практика

лық саб.


Кіріспе


2

2

-

І.

Химиялық кинетика және оның өндірістегі ролі

6

5

1

ІІ.

Өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері

4

3

1

ІІІ.

Химия өндірістері және өнеркәсібі

12

8

4

ІV.

Химиялық өнімдер. Өндірістерге танымжорық

8

5

3

V.

Қоршаған ортаны қорғау

2

1

1



Тақырыптық жоспар


Сабақ №

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны



1.


2.



Кіріспе

Химия өнеркәсібі, өндірістің жалпы ғылыми принциптері мен әдістері

Химиялық технология және өндірістің шикі- заттары.Химия мамандықтары (адам-адам, адам-табиғат, адам-техника). Қазақстан химиясына зор үлестерін қосқан ғалымдар.


2

1


1





І.

Химиялық кинетика және оның өндірістегі ролі

6

3.


4.


5.



6.

7.

8.

Химиялық кинетика. Химиялық реакциялар

дың жүру мүмкіндіктері.

Гомогенді, гетерогенді реакциялардың жылдамдығы.

Химиялық реакцияның жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері. №1 практикалық сабақ


Химиялық реакцияға катализатордың әсері

Химиялық тепе-теңдік

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.

Ле-Шателье принципі

1


1


1



1

1


1

ІІ.

Өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері

4

9.


10.


11.


12.

Химиялық эксперименттер. Эксперимент жүргізудің жалпы ережелері.

Өндірістегі қауіпсіздік техникасының ереже лері.

Улы және қопарылғыш заттардың ерекшеліктері.

Өндіріс орындарына не ҒЗИ химия лабораториясы -на танымжорық.


1

1


1


1

ІІІ.

Химия өндірістері мен өнеркәсібі

12

13.


14.

15.

16.

17.

18.19

20.

21.

22.

23.24

Қазақстандағы негізгі химия өндірістері мен өнеркәсібі.

Түсті және қара металлургия

Азот қышқылын өндіру

Аммиак синтезі

Күкірт қышқылын өндіру

Көмір және мұнай өңдеу

Силикат өнеркәсібі.Шыны өндірісі

Цемент өндірісі

Минералды тыңайтқыштар өндірісі

Өндірістік және экологиялық мазмұнды сандық есептер

1


1

1

1

1

2

1

1

1

2

ІV.

Химиялық өнімдер

8

25.

26.

27.

28.29

30.

31.32


Химиялық өнімдер. Бейорганикалық химикаттар.

Металдар мен құймалар

Кең таралған органикалық химикаттар

Пластмассалар. Өндіріс орнына танымжорық

Химиялық талшықтар.Жанғыш газдар

Практикалық жұмыс «Пластмасса өнімдерін танып білу»

1


1

1

2

1

1

V.

Қоршаған ортаны қорғау

2

33.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы.Өндіріс экологиясы

1

34.

Өндіріс қалдықтары, олардың қоршаған ортаға әсері. Қалдықсыз технологияны дамыту.

1

ІV. Ақпараттық-әдістемелік бөлім


Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары мен білімдік қазынасы:

1. Лекция - семинарлар

2.Лабораториялық жұмыстар.

3. Практикалық жұмыстар.

4. Мүмкіндігінше ғылыми-зерттеу институттары, селекциялық орталықтар

мен өндіріс орындарына (Атырау мұнай өңдеу зауыты, пластикалық

құбырлар өндіретін зауыт) экскурсиялар ұйымдастыру.

5. Интернет-сайттармен ізденіс жұмыстары.

6. Ғылыми жобаларды қорғау.

7. Реферат, эссе, баяндамалар.

Білімдерін тексеру формалары:

Күнбе-күнгі тексеру: сабақ барысында оқушы білімін әңгімелесу арқылы,

әр сабақта тест тапсырмаларымен, өздік жұмысты, зерттеу жұмыстарын -

жобалар орындау арқылы тексеру.

Тақырыптық тексеру: бейорганикалық, органикалық қосылыстарды өндіруде химиялық процестерді реакциялар арқылы өрнектей білуін тексеру.

Қорытынды тексеру: тесттік (таңдамалы, құрама) бақылау жұмысы, жобаларды қорғау.

Білімді бағалау:

Бағалау тәсілі: рейтингілік, кестелік, «меңгерді» деген белгілермен.

Бағалау әдістері: мұғалімнің оқушыны өз ара бағалауы, топпен жұмыс нәтижесі, өзін-өзі бағалау.

Білім мен біліктерге қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • маңызды металлургия және химия өнеркәсіптерін;

  • химиялық технология және өндірістің шикізаттарын;

  • химиялық реакцияның жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін түсіндіре білу;

  • өндірісте өндірілетін бейорганикалық және органикалық қосылыстардың өндіру механизмін білу.

Оқушылар эксперимент жасап, қолдана білуі (меңгеруі) тиіс :

  • химия пәнінен алған білімдері мен біліктерін күнделікті өмір мен тұрмыста ;

  • қарастырылған бейорганикалық және органикалық заттармен жұмыс істеу ережелерін сақтауды;

  • кең таралған пластмассалар мен талшықтарды анықтауға;

  • өндірістік және экологиялық мазмұнды сандық есептер шығару, практикалық жұмыстар орындау;

  • қалыптасқан экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қажеттілікке айналдыру.

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі:


Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

1.Бейсенова Ә. Экология. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына

арналған оқулық. – Алматы.: «Мектеп», 2005. -176б.

2.Зайков Г.Е. и др. Химическая кинетика. – М.: Знание. 1982.

3.Нұрахметов Н.Н. «Өнеркәсіптегі химия» факультативі мамандыққа

бағдарлайды. Авторлық мақала.

4.Нұрахметов Н.Н.,т.б. Химия: Жалпы білім беретін мектептің

жаратылыстану – математика бағытындағы 10 сыныбына

арналған оқулық. Алматы.: «Мектеп».2006. – 335б.

5.Эпштейн Д.А. Химия в прмышленности. М., 1977.

6.Химиядан жүргізілетін факультативтік сабақтар. Алматы, «Мектеп»

1974,127б.

7.Интернеттен іздеу: www.chem.msu.suпортал фундаментального

химического образования.

www.chembridqe.ru «Chembridqt corporation» – синтез

химических соединений.


Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Артемов А.В. Химия.: Интенсивный курс подготовки к ЭГЭ. Москва.

«Айрис-пресс», 2005. 336с.

2.Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии. М.:

«Просвещение».1984. – 318с.

3.Нұрахметов Н.Н. Химия: Жалпы білім беретін мектептің

жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныбына

арналған оқулық. Алматы.: «Мектеп». 2006. – 335б.

2.Сатыбалдина С.Т. Химия: Жалпы білім беретін оқу орындарының 9-

сыныбына арналған оқулық. Алматы, «Рауан» 1998. – 141б.

3.Семенов И.Н. Химия и научно-технический прогресс. Москва.

«Просвещение», 1988. 172с.

4.Оқушы анықтамасы. «Талапкер топтамасы». Химия: 8-11 сыныптар. –

«Арман-ПВ». 2005. -304б.

5.Интернеттен іздеу: www.chemistry.bsu.by/abc - Азбука web - поиска для

химиков. www.chemistry. nm.ru – интернет репетитор по

химии.

www.tacis-synergy.leontief.netзагрязнение природной

среды


Қолданбалы курс, авторлық бағдарлама Химия "Өнеркәсіптегі химия" 10-сынып
  • Химия
Описание:

   Жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігіне, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Саралап оқытудың негізгі бағыты сол аймақтағы өндіріс орындарына мамандар дайындау міндеттеріне негізделеді.

    Қолданбалы курсты өткізу барысында  мектеп оқушыларына өнеркәсіптегі химияның орнын көрсету және жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия төрден орын алатынын дәлелдеу.

Бүгінгі таңда «Өнеркәсіптегі химия» қолданбалы курсын өткізу бағдарламасына сұраныс бар деп ойлаймын.Әсіресе өнеркәсіп, өндіріс салалары жақсы дамыған аймақтарда өткізу бірден-бір қажет. 

  Пән мұғалімдеріне бұрыннан «Химия өнеркәсіпте» факультативтік курсы белгілі, авторы Д.А.Эпштейн, бірақ бұл курста қолданбалы бағыты  мен жергілікті жердің ерекшелігі, экологиялық жағдайы ескерілмеген. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелер мен республикамыздың аймақтық ерекшелігін ескеріп, практикалық бағытта экскурсиялар ұйымдастыру жоспарлануда. 

  Аталған курс бір-бірімен байланысты бес тараудан тұрады: химия өнеркәсібіне кіріспе, химиялық технология, химия мамандықтары, химиялық кинетиканың өндірістегі ролі, химиялық эксперименттер, өнеркәсіптегі химия – қара, түсті металлургия, күкірт қышқылын, азот қышқылын өндіру, аммиак синтезі, негізгі бейорганикалық химикаттар, негізгі органикалық химикаттар. Сонымен қатар еңбектің әртүрлі саласында химия мамандықтары туралы мәліметтер беру көзделеді.

   Курсты өткізуде практикалық бағытқа, мүмкіндігінше өндіріс орындарына экскурсия ұйымдастыру, ақпараттық технология бойынша соңғы ғылыми өндіріс жаңалықтарын өз беттерімен іздену арқылы жұмыс істеуге баулу.       

 

 Бұл курс 34 сағатқа негізделген. 10-сынып

 

Курстың мақсаты: Химияны оқытуда химиялық өнеркәсіптің жалпы ғылыми принциптері мен Қазақстанның химия өнеркәсібі, қалдықсыз технологияны ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім мен білік және біліктілікті дамыту. Болашақта химия саласы бойынша мамандықтардың сипатын беру және  таңдауларына бағыт - бағдар беру. 

 

Курстың міндеттері:

1.     Химиялық өндірістің шикізаттары, оларды тиімді пайдалану жөнінде мағлұмат жинақтау.

2.     Химиялық кинетиканың өндірістегі мәнін ашу.

3.     Өндіріс орындарында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеу.

4.     Оқушылардың танымдылығын арттыру мақсатында өз беттерімен химиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.

5.     Бейорганикалық өнімдер өндірісінің қондырғылары макеттері мен модельдерін құрастыра білу.

6.     Оқушыларға химия мамандықтары (адам-табиғат, адам-адам, адам-техника) туралы және сол мамандарға тән қабілеттер жөнінде өз беттерімен ізденіп мәліметтер жинақтау.

7.     Экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілік қалаптастыру.

 

8.     Қазақстан химиясына өз үлестерін қосып, еңбегі сіңген ғалымдар жөнінде ғылыми көпшілік әдебиеттермен,  интернет сайттарынан ізденіс жұмыстарын  жүргізу.

Автор Мунайтбасова Куляш Хамитовгна
Дата добавления 26.02.2015
Раздел Химия
Подраздел Другое
Просмотров 2298
Номер материала 57139
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓