Главная / История / "Оғыз мемлекеті" Қазақстан тарихы пәнінен тест. 7 сынып

"Оғыз мемлекеті" Қазақстан тарихы пәнінен тест. 7 сынып

§6. Оғыз мемлекеті

1. Оғыз мемлекетінінің өмір сүрген уақыты:

а. VІІІ-Х ғ. в. ХІІ-ХІІІ ғ. с. ХІ-ХІІ ғ. д. ІХ ғ. аяғы-ХІ ғ. басы е. ХІІ-ХV ғ.

Оғыздар Сыр бойына ығысты:

а. Қыпшақ хандығы құрылғаннан кейін в. Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін

с. Батыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін д. Қимақ қағанаты құрылғаннан кейін

е. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін

Оғыздардың тапалық құрамын сипаттап жазған ғалымдар:

а. Гардези мен әл-Макдиси в. Ж.Баласағұн мен М.Қашқари

с. М.Қашқари мен әл-Марвази д. М.Х.Дулати мен ибн Хаукал

е. П.Карпини мен В.Рубрук

2. М.Қашқаридің мәліметі бойынша Оғыздардағы тайпалар саны:

а. 34 в. 20 с. 40 д. 24 е. 30

3. Оғыз мемлекетінде жабғудың «инал» атты мұрагерін тәрбиелеуші:

а. Селифтер в. Сюбашы с. Атабектер д. Жабғу е. Шад

4. Оғыздарда жабғу әйелдеріне берген атақ:

а. «патшайым» в. «бәйбіше» с. «қатын» д. «әйел» е. «ханым»

5. Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскер басының лауазымы:

а. Жабғу в. Елтебер с. Қаған д. Патша е. Сюбашы

6. Оғыз мемлекетінде жабғудың кеңесшілерін атады:

а. Он оқ бұдын в. Басқақтар с. Беклербектер д. Күл-еркіндер е. Тархан

7. Оғыздардағы тайпалық және рулық бөлімшелер атауы:

а. «боз оқ», «үш оқ», «уыз» в. «көк», «уыз», «боз оқ» с. «бой», «оба», «көк»

д. «ұрық», «оба», «көк» е. «бой», «уыз», «ұрық»

8. Оғыз жабғуының Киев кінәзімен Хазарларға қарсы одақ құрған жылы:

а. 955 ж. в. 995 ж. с. 965 ж. д. 985 ж. е. 975 ж.

9. 965 жылы оғыздар Хазарларға қарсы әскери одақ құрды:

а. Иранмен в. Парсылармен с. Қытаймен д. Арабтармен е. Киев Русімен

10. Оғыздар хазарларға қарсы соғыста одақ құрған Киев князі:

а. Святослав в. Олег с. Игорь д. Ярослав е. Дмитрий

11. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан ығыстырды:

а. Қарахандар в. Түргештер с. Қарлұқтар д. Қимақтар е. Қыпшақтар

12. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы:

а. Қыпшақтар в. Түргештер с. Қарлұқтар д. Қимақтар е. Қарахандар

13. Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды өсіретінін жазған:

а. Әл-Бируни в. Әл-Марвази с. Ибн-Хәукәл д. М.Қашғари е. В.В.Бартольд

14. Оғыз мемлекеті мал өнімдерімен айырбас сауда жүргізген елдер:

а. Парфия, Араб елдері в. Киев Русі с. Византия, Болгария

д. Орта Азия, Қытай елдері е. Үндістан, Парсы



"Оғыз мемлекеті" Қазақстан тарихы пәнінен тест. 7 сынып
  • История
Описание:

Қазақстан тарихы пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жұмысы. Тест барысында оқушылар өздігінен тест орындайды. Тест мазмұны стандартқа, әдістемелік нұсқау хатқа, бағдарламаға сай келеді. Тестте оқушылар тарихи даталармен, тарихи тұлғалармен, тарихи кеңістікпен, тарихи оқиғамен, тарихи қозғалыспен, тарихи серікпен жұмыс жасайды. Өздігінен мұғалім көмегінсіз оқулықпен жұмыс атқарады.

Автор Аралов Самат Бейсембаевич
Дата добавления 21.10.2015
Раздел История
Подраздел Тесты
Просмотров 1352
Номер материала MA-061527
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓