Инфоурок Другое ПрезентацииОдағай сөздер. Жәнібек пен бала

Одағай сөздер. Жәнібек пен бала

Скачать материал

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Сәбиге ат қою. Шілдехана. 10.09 – 11.09.2015 /10-класс/

Дамытушылық: , Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, білім мен білік дағдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру. 
ТәрбиелікТуған жерін, елін қадірлеуге, салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың әдісі:: оқушылардың жобаларын тыңдау, грамматикалық тапсырмалардыорындау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау, ой қозғау. 
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,флипчарт, бағалау парағы. . 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі. 
Психологиялық сәт. 
Сабақтың мақсатымен және өтілу барысымен таныстыру. 
/Слайд / 
Мұғалімнің кіріспе сөзі /Шілдехана, бесік той деген өлең ойнап тұр/ 
Балалар, бүгін біздің үйде той, дүниеге сәби келді. Сондықтан құттықтап келген қонақтар да келіп қалды, біздің де көңіліміз қуанышты болып тұр.Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Балаға ат қою. 
Слайд 
Сабақта біз 

-Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қайталаймыз 
-Құрмалас сөйлем грамматикалық тақырыбын бекітеміз 
. II. Үй тапсырмасын тексеру: 
Сұрақ-жауап: 
- Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін халқымыздың қандай салт дәстүрлері бар? /Слайд/ 
-Дәстүрлі той -мерекелері туралы кім айтады? /Слайд / 
III .Жаңа сабақ. 
1. Мұғалім: Дүниеге сәби келді. Жаңа туған сәбиге есім таңдауда қазақтан шебер, дана халық жоқ. ХХ ғасырдан бастап ғалымдар адам есімдерін зерттей бастаған. Соның нәтижесінде- 
«Антропонимика» ғылымы пайда болды. «Антропонимика» – адам есімін зерттейді. 
Ғалымдардың айтуынша, адамның есімі оның өмірімен байланысты. Балаға қандай ат қойылса, оның өмір жолы да сондай. Слайд 
2. Сұрақ-жауап:/мұғалім-оқушы/ 
-Сенің атын кім? Қалай ойлайсың , ата-анаң саған неге сол есімді қойды, ол нені білдіреді? 
Қорытынды. 
Мұғалім; 
Ата салтымызды ардақтап, ұл-қызымызға ежелден қалыптасқан нағыз қазақ есімдерін қою – отаншылдық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Сәбиге жақсы ат қою – парыз және ұлттық болмысымызды танытатын бірден-бір белгі. Есім беру – еріккеннің ісі емес. Сондықтан, балаға есім беруде енжарлық танытпай, естілік танытайық 
4. Грамматиканы бекіту 
Сұрақ-жауап: 
Сөйлемнің неше, қандай түрі бар? /жай сөйлем, құрмалас сөйлем/ 
Құрмалас сөйлем деген не? 
Құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыздар. 
Салалас құрмалас сөйлем деген не? 
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз 
Сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Неше түрі бар? Түрлерін атаңыз. 
Мына сөздерге тиісті жұрнақты қой 
1. Сый, бедел, белгіі, ғылыми,қоғам, халық. /-ді,-лі,-дық, -тық, -лық, -лы/ 
2.Берілген сөздерден сөйлем құрастыр. 
Әке-шешесінің,,«Шоқан» - деген ат, еркелетіп,, қойған-.аты 
Қазақта көп. жолы балаға ат қоюдың мен сәттері 
Сөйлемнің түрін анықта: 
1.Бала туған соң, бір апта ішінде оған ат қою керек. 
2.Ат қою жеңіл іс емес, сондықтан балаға лайықты әдемі есімдер қойған жөн. 
3.Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөліп, әйгілі адамдардың атын қойған. 
-салалас құрмалас сөйлем 
-мезгіл бағыныңқы с.қ.с. 
қимыл-сын бағыныңқы с.қ..с. 
-жай сөйлем 
-ыңғайлас с.қ.с. 
Кестені толтыр. 
Білемін Білдім Білгім келеді 
Ат қою. 
Жаңа туған сәбиге ат қою-ерекше салтанатты дәстүрлердің бірі. Бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.
Кімнің аты? 
Шоқан Уәлиханов Ибраһім 
Абай Құнанбаев Мұхаммедқанафия 
Бейімбет Майлин Әбілмансұр 
Абылай хан Айтық 
Әйтеке би Сәдуақас 
Сә
кен Сейфуллин Бимағамбет 
Тапсырма:/екі оқушы интерактивті тақтада жұмыс істейді/ 
1
-тапсырма 
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. 
Қазақ-балажан халық,сондықтан болар жиған-тергенін балаға шашады. 
2
-тапсырма
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. 
Балаға өнегелі адамның есімін бергеннен кейін, ата-анасы соған лайықты етіп тәрбиелеу керек. 
Тест орындау. 
Қорытынды. 
Ой қозғау. 
Мұғалім: Балалар, уақыт өтеді, сіздер үлкен азамат боласыңдар. Сізде де бала болады. Өз балаларына сіздер қандай ат қоймақшы? /Себебін айту/ 
Оқушылардың жауабы. 
IV Қорытынды: 
-Мұғалім: Есім - адамның өмірлік серігі. Өзің болмасаң да, болашақ ғасырларға атың қалады.Өмірге шыр етіп келген бейкүнә нәрестеге өзің қалай атасаң да бәрібір,өйткені олештеңені де түсінбейді,бірақ есейе келе өзінің есімінің қандай мән беретіндігіне назар аударады. Сондықтан әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, аса сақтықпен қарағаны жөн.Балаға өнегелі адамның есімін бергеннен кейін соған лайықты етіп тәрбиелеу – ата-ана мойнындағы үлкен міндет. Өйткені сәбиіне үлкен адамның есімін беру үлкен жауапкершілік жүктейді.
Тапсырма: 
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. 
Қазақ-балажан халық,сондықтан болар жиған-тергенін балаға шашады. 
Балаға өнегелі адамның есімін бергеннен кейін, ата-анасы соған лайықты етіп тәрбиелеу керек 
Тапсырма: 
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. 
Қазақ-балажан халық,сондықтан болар жиған-тергенін балаға шашады. 
Балаға өнегелі адамның есімін бергеннен кейін, ата-анасы соған лайықты етіп тәрбиелеу керек
.

Құрмалас сөйлем Тест 
1 нұсқа 
1.Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. 
А) Қарсылықты. 
В) Мезгіл. 
С) Мекен. 
D) Мақсат. 
Е) Себеп 
2.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз. 
А) Немесе. 
В) Және. 
С) Әлде. 
D) Себебі. 
Е) Сөйтсе 
3.Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз. 
А) бірақ. 
В) та. 
С) бірде. 
D) немесе. 
Е) әйтпесе. 
4.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз. 
А) өйткені. 
В) сонда да. 
С) біресе. 
D) бірақ. 
Е) әйтпесе 
5.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз. 
А) Өйткені, себебі. 
В) Жалғаулығы жоқ. 
С) Солүшін, себебі. 
D) Сөйтсе де, әйтсе де. 
Е) Әйтпесе, немесе. 
6.Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. 
Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін. 
А) Қарсылықты. 
В) Ыңғайлас. 
С) Кезектес. 
D) Талғаулы. 
Е) Түсіндірме 
7.Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. 
Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек. 
А) Кезектес. 
В) Ыңғайластық. 
С) Талғаулы. 
D) Түсіндірмелі. 
Е) Себеп-салдар. 

8.Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз. 
А) Жай, күрделі. 
В) Бағыныңқы, басыңқы. 
С) Сұраулы, лепті. 
D) Лепті, хабарлы. 
Е) Бұйрықты, сұраулы. 
9.Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. 
Күз келсе де, жаңбыр әлі жаумады. 
А) Қарсылықты. 
В) Себеп. 
С) Шартты. 
D) Мақсат. 
Е) Қимыл-сын. 
10.Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. 
Мұғалім айтқанда, ол жазады. 
А) Мезгілбағыныңқы. 
В) Мақсат бағыныңқы. 
С) Қимыл-сын бағыныңқы. 
D) Себепбағыныңқы. 
Е) Шарттыбағыныңқы. 
2 нұсқа 
1.Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. 
Мұғалім айтқан кезде ғана, ол жаза бастады. 
А) Мезгіл. 
В) Қимыл-сын. 
С) Мақсат. 
D) Қарсылықты. 
Е) Шартты. 
2.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. 
А) Сабақертебасталғандықтан, ертеаяқталды. 
В) Сабақөтеертебасталды. 
С) Олкөпуайымдап, үйгекелді. 
D) Күзкелсе де, жаңбыржаумады. 
Е) Не ексең, соныорасың. 
3.Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз. 
Ол көп уайымдап, үйге келді. 
А) Салаласқұрмалассөйлем. 
В) Араласқұрмалассөйлем. 
С) Қимыл-сын бағыныңқы. 
D) Мақсат бағыныңқы. 
Е) Себепбағыныңқы. 
4.Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз. 
А) Сондықтан. 
В) Өйткені. 
С) Бірде. 
D) Әйтсе де. 
Е) Немесе 
5.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем шылауын көрсетіңіз. 
А) Бірақ. 
В) Және. 
С) Әлде. 
D) Себебі. 
Е) Әйтпесе. 
6Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз. 
А) Немесе. 
В) Бірде. 
С) Сондықтан. 
D) Жалғаулықсыз. 
Е) Сөйткенмен 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: қазақ тілі /10-класс  16.09 -17.09.2015/

Сабақтың тақырыбы: «Бесікке салу», «Сәбиді қырқынан шығару»,«Тұсау кесу»
Сабақтың мақсаты: 1. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының, тұсау кесу жырының маңызын ұғындыру.
2. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Салт – дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2. қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту
2. Ой қозғау.
3. Қорытындылау.
4 Жаңа материалмен жұмыс.
5. Сергіту сәті.
6. Ырым - тыйым сөздер
7. Қорытындылау.
ІV. Сабақты қорыту
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Өс, ұлан!» Өтебай Тұрманжанов жатқа сұрау
Өлең мазмұнына байланысты мақал жинастыру.

Бесікке салу

    Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді.

     Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, негізгі ойды табыңдар.

2. Абзац бойынша жоспар құрастырыңдар.

3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.

4. Қарамен жазылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Мысалы: Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады,
Жай тұрсаң алдыңнан түн шығады.
Денсаулық - зор байлық.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде
Дені саудың - жаны сау.
1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Иесі анық - сәби,
Әрі төсек, әрі үй.
(Бесік)
2. Ой қозғау
- Бесік деген не? Бесік неден жасалған?
- Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
- Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?
Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, тұсау кесу туралы ойларын тыңдау.
 Бесік - бабамыздан қалған киелі мүлік.
Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.
Бесікке салуды көрсету. (фильмнен үзінді )
- Балалар, «Атадан қалған асыл мұра» бөліміндегі «Бесік жырымен», «Тұсау кесу»
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегінен бастап, үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған.
Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры».
Тұсау кесу туралы айту
1) Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді әндетіп оқу. Оқушыларға түсініп оқыту.
2) Сөздік жұмыс:
Күрмеу - баланың аяғына байланған ала жіп
Тақым - тізенің астыңғы, ішкі жағы
Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз мәні де, сәні де болмайды.
5. Сергіту сәті. «Ұйықта, бөпем» Қимылмен орындалады.
6. Ырым - тыйым сөздер:
Бос бесікті тербетпе.
Бесікті бір қолмен көтерме
Бесікті ашық қалдырма
Сабақты қорытындылау.
7. Сұрақтар беріледі.
I. «Бесік жырын» айтып отырған кім?
2 Апасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтты?
3Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?
8.. Үйге тапсырма: «Бесік жырын», «Тұсау кесу» қалағанын жаттау, Үлкендердің айтқан осындай жырларын білсең жазып ал.
9. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: қазақ тілі / 10-класс  18.09.2015/

Тақырыбы: Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз.Зат есім

Мақсаты: оқушыларға грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы отбасы туралы түсініктерімен ой бөлісу; сөздік қорларын арттыру; отбасында да, қоғамдық орындарда өздерін мәдениетті ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: ой бөлісу, талдау, аударма, жоба қорғау.

Көрнекілігі: слайд – отбасы – отбасы бюджеті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. ОТБАСЫ. Ассосация құру.ОТБАСЫ. Әңгіме құрастыру.

ОТБАСЫ

 

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, отбасында ер жетіп, тәрбиеленеді. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әртүрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.                                                                                                                            Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:                                                                        

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер, - дегені бар.

Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.                                                                                                                                                                              

Сөздікпен жұмыс:

Жақындары – близкие (родственники)

Шыр етіп дүниеге келген сәт – с момента рождения

Өзіне тән – присущая себе

Болмыс-тірішілігі – повседневное бытие, жизнь

Қосшылықты қажет етеді – здесь: требует поддержку

Тапсырмалар:

1.     Мәтіннен сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған зат есімдерді теріп жаз.

2.     «Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер», «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөздердің мағынасын түсініп, мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

3.     Өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдер.

Ендеше «ОТБАСЫ БЮДЖЕТІ» Оқушыларға сұрақ

Отбасы бюджеті дегеніміз не?

Жауап: Отбасы бюджеті – уақыт бірлігіне (ай, жылға) шаққандағы отбасының кірісі мен шығысының жиынтығы.

Қаржы кеңесшілері отбасы бюджетін құруда негізгі үш үлгіні белгілейді: тәуелсіз, ынтымақтас және ортақ.

Төмендегі бөліктегі мәтіннен зат есімдерді тап.

Отбасы бюджеті: тәуелсіз үлгі

Тәуелсіз үлгіде отбасы мүшелері тапқан ақшаларын өздерінің еріктерімен жұмсайды. Мұндай үлгі кімде табыс деңгейі тең болса, бір-бірінің тәуелсіздігін сыйласа және отбасылық өмірді жаңадан бастап жатқандарға қолайлы. Егер отбасында бір ортақ шығындарды төлеп тастау қажеттігі туындап жатса, онда олар жиналып төлейді.

Төмендегі мәтіннен күрделі зат есімді тап.

Отбасы бюджеті: ынтымақтастық үлгі

Ынтымақтастық үлгі бойынша отбасы мүшелері «ортақ қазан» құрады. Сонымен қатар отбасында кім көбірек ақша тауып жатса, онда сол тиісінше көбірек ақшаны бөлуі тиіс. Мұндай үлгі көбінесе ерлі-зайыптылардың біреуі басқасынан ақшаны көп тауып жатқандарға қолайлы. Егер де күйеуінің жалақысы әйелінен бір жарым есеге асып жатса, онда ол отбасы «қазанына» бір жарым есе артық салуы керек.

Төмендегі мәтіннен дара зат есімді тап.

Отбасы бюджеті: ортақ бюджеттің үлгісі

Отбасылық ортақ бюджет дегеніміз ол қаржылық тәуелсіздіктен толықтай арылу емес. Дегенмен отбасының әрбір мүшесінде өз ықылас, қалаулары бар және ол қалауларды екінші жұбының келісімінсіз-ақ қанағаттауға хақысы бар.

Сөздік:

Кіріс – доход

Шығыс – расход

Жиынтық – свод, коллекция, набор, группа

Қаржы кеңесшілері – финансовые советники

Тәуелсіз – независимый

Ынтымақтас – солидарный

Ортақ – общий

           Ықылас – интерес

           Қалаулары – желания

 

Бекіту:

1.     Тақырып бойынша мәтінді өздерің аяқтаңдар. Мәтінде өз отбасыңның мүшелері кімдер, олар нешеде, қайда жұмыс атқаратыны, отбасыларыңда қалыптасқан қандай салт-дәстүрлер бар екендігі туралы мәлімдеңдер.

2.     Өз отбасыңның генеологиялық ағашының сызбасын жасаңдар.

3.     Отбасы туралы мақал-мәтелдер тауып, жаттап алыңдар.

4.     Мәтіннің бірінші бөлігіндегі сөз таптарын анықтаңдар.

Үлгі: әрбір – есімдік, жасөспірімнің – ілік септігіндегі зат есім, қалыптасуында – затталған етістік, екі – есептік сан есім, үлкен – сапалық сын есім, фактор – атау септігіндегі зат есім.....

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. Мәтіндерді мазмұндау.

 

Сабақ: қазақ тілі /10-класс 23.09. 2015/

Тақырыбы: Менің жеке бюджетім неден тұрады?

Мақсаты: сын есім, сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтату; бюджет ұғымының қоғамдағы рөлін ұғындыру; оқушылрдың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Әдісі: мазмұндау, ой қозғау, өз бетінше сауатты сөйлеу, жобалау.

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, презентация

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Класс оқушыларын түгендеу.

Үй тапсырмасын төмендегі мәтінмен қорытындылау.

Мазмұндау. Зат есім дегеніміз не.Аударма.

Менің отбасымның бюджеті

    Әкем бюджеттік ұйымда жұмыс істейді. Анам базарда еңбек етеді. Табысымыз орташа. Отбасымызда үш бала бар. Жақсы өмір сүру үшін ата-анам көп жұмыс істейді. Жалақыны үнемдеп жұмсаймыз. Керекті заттарды алдын ала жоспарлап аламыз. Азық-түлікке кірістің 30 пайызын жұмсаймыз. Киімге жалақының 20 пайызын жұмсаймыз. Балалардың киімі арзан емес. Ата-анам балаларға ыңғайлы және ұнайтын киім алады. Сапалы киім қымбат. Сондықтан киім алу үшін алдын ала жоспар құрады.

Біз азық-түлікті супермаркеттен аламыз. Онда керекті заттың бәрі бар және арзан. Көкөністерді базардан аламыз. Базарға екі-үш аптада бір рет барамыз. Онда көкөністердің түрлері өте көп және арзан.

Жаңа тақырып.

МЕНІҢ ОТБАСЫМ және ЖЕКЕ БЮДЖЕТІМ

           Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Біріншісі: өз үйі, отбасы. Екіншісі: өскен ортасы, оқитын мектебі. Бала ата-анасын саналы түрде құрметтесе, олардың алдында инабатты болса, қалған жерде осы қасиет сақталар еді. Өз ата-анасын құрметтейтін, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жүрегіне ұялатқан ұрпақтан еш жамандық күтуге болмайды. Өзінің перзенттік борышын түсінбей, ата-анасын жерге қаратып, көкірегін қарс айырғандар қазір жиі кездеседі.

         Ал менің отбасымда осыған ерекше көңіл бөлінеді. Отбасымда ............

Сын есім. *сапалық*   *қатыстық*

Сан есім . *есептік* *реттік* *жинақтық*  *топтау*  *болжалдық*  *бөлшектік*

Сөздік:

Жасөспірім – подросток

Инабатты – воспитанный

Қасиет – качество

Бойына сіңіріп – здесь: воспитал в себе

Жүрегіне ұялтқан – здесь: вобрал в себя, внедрил в себе

Жерге қаратып – позорить

Көкірегін қарс айырғандар – те, которые не ценят

Тапсырмалар:

5.     Тақырып бойынша мәтінді өздерің аяқтаңдар. Мәтінде өз отбасыңның мүшелері кімдер, олар нешеде, қайда жұмыс атқаратыны, отбасыларыңда қалыптасқан қандай салт-дәстүрлер бар екендігі туралы мәлімдеңдер.

6.     Өз отбасыңның генеологиялық ағашының сызбасын жасаңдар.

7.     Отбасы туралы мақал-мәтелдер тауып, жаттап алыңдар.

8.     Мәтіннің бірінші бөлігіндегі сөз таптарын анықтаңдар.

Үлгі: әрбір – есімдік, жасөспірімнің – ілік септігіндегі зат есім, қалыптасуында – затталған етістік, екі – есептік сан есім, үлкен – сапалық сын есім, фактор – атау септігіндегі зат есім.....

Қорыту:  «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.                                                                                                                                                                                                                         Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – отбасы мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.                                                                                                                                                                                                              «Тәрбие басы – әдептілік» деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді.

Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала-шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.

 Қорыту:

 Құлағына құйып өсірген – здесь: воспитывали с детства

Мұқатпау – не унижать

Жамағат – родня

Ұрығын егеді – сеять

Тапсырмалар:

1. Мәтінде берілген зат есімдердің құрамына назар аударып, тізбекті толтырыңдар.

Бір сөзден

Бірнеше сөзден

Бірігу арқылы

Қосарлану арқылы

Тіркесу арқылы

 

2. Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, әр  бөлігіне тақырып қойыңдар.

3. Мәтіннен синоним, антоним, омоним болатын сөздер мен сөз тіркестерін табыңдар.

4. Мәтінде берілген нақыл сөздерді теріп жазып алыңдар және мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінге бес жол өлең (синквейн) құрастырыңдар.

Төменде берілген мәтіннен сын есім, сан есімдерді тап.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: қазақ тілі  /10-класс 21.10. /

Тақырыбы: Қазақ-қонақжай халық.Үстеу

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының қонақжайлылығын көрсете отырып, үстеу түрлерін үйрету; адамгершілікке, мәдениеттілікке  тәрбиелеу; сөз байлығын дамыту.

Әдісі: мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс, талдау, ажырату.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Класс оқушыларымен амандасу, түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа тақырып. Мәтінді оқу. Аударма.

ҚАЗАҚ – ҚОНАҚЖАЙ ХАЛЫҚ

        Қазақ – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық.

        Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күндегідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауып алу деген болмаған.

         Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ), «құдайы қонақ» (жолаушылап келіп, түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстағы ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-кұрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны андып жүріп келе қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген.

          Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат және басқа) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сыяпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайды жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді.

          Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.

Үстеу туралы түсінік

Бекіту:  

1.     Мәтінді түсініп оқыңдар, сөздік жасаңдар.

2.     Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке тақырып қойыңдар.

3.     Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, оның райларын анықтаңдар және оларды бұйрық райда өзгертіңдер.

4.     Қазақ халқының қонақжайлығына куә болған жағдайды мысалға келтіріп, әңгімелеңдер.

Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма. Үстеу ереже. Қонақ – үй ырысы. /эссе/

 

 

 

 

Сабақ: қазақ тілі  /10-класс  22.10.2015/

Тақырыбы: Қонақ

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының қонақжайлылығын көрсете отырып, үстеу түрлерін үйрету; адамгершілікке, мәдениеттілікке  тәрбиелеу; сөз байлығын дамыту.

Әдісі: мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс, талдау, ажырату.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Класс оқушыларымен амандасу, түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа тақырып. «Қонақ»  Оқылым. Айтылым. Жазылым.

Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі – қонақжайлық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, «қолдағы барымен» дегендей, шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Қонақ болуы үшін оның таныс болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез-келген қазақ үйінде қонақасын «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған.

Қонақасыны «бөлінбеген енші» деудің өзі қазақ арасына кең тарап, дәстүрге айналып қалыптасқан халық жорасы. Бұл дәстүрдің шығу тегін халық аңызы Алаша ханның атымен байланыстырады. Қартайған шағында Алаша хан бар мал-мүлкін теңдей төрт бөлікке бөліп, үш бөлікті үш баласы - Ұлы, Орта және Кіші жүзге беріп, төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты.

Қазақ «Қырықтың бірі қыдыр» дейді. Бұл қонақты кума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен болса керек. «Қонақты қуа берсең құт қашады» деу де содан. Қазақтың дәстүрі бойынша қонақ үй иесінің қамқорлығында болуы керек. Қонақ болып отырған адам ол үйдің жауы болса да өз үйінде оған өзі түгіл басқаға да қиянат жасатпайды. «Өз үйінде таудай дауыңды айтпа» дейді қазақ халқы.

Тапсырмалар:

1.     Мәтінге сөздік құрастырыңдар.

2.     Мәтінді бөліктерге бөліп, тізбектеп оқыңдар.

3.     Мәтіннен ілік, барыс, жатыс септіктеріндегі сөздерді теріп жазып, мағыналарын түсіндіріңдер.

4.     Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазып, солардың негізінде мазмұнын баяндаңдар.

Қорыту: Жоба. Қонақ келсе-құт. Неліктен. Қорғау.

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. Қонақ түрлері. Әңгімелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қонақ шақыру.

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының қонақжайлылығын көрсете отырып, үстеу түрлерін үйрету; адамгершілікке, мәдениеттілікке  тәрбиелеу; сөз байлығын дамыту.

Әдісі: мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс, талдау, ажырату.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Класс оқушыларымен амандасу, түгендеу

Үй тапсырмасын сұрау.

ҚОНАҚҚА ШАҚЫРУ. Ассосация «Қонақ» сөзіне, өз ойыңды саралау.

Мәтінмен жұмыс.

              Қонақ деп кімді айтады? Үйге келген мейманды қонақ деп атайды. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы бойынша үйге келген адам ішке баса көктеп кірмейді, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын ең бірінші шарты – шаңыраққа сәлем беріп кіру. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келген қонаққа үй иесі қонақасын береді. Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады. Үй иесі болмаса келген қонақ ұсынылған астан дәм татқан соң басқа, үй иесі бар отбасына барып түнейді.

            Қонақтың орны – қашанда үйдің төрі. Қонақтар үйге сәлем беріп (шаңыраққа сәлем беріп) кіргеннен кейін қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, аяқ киімін оң жақ босағаға шешіп, төрдегі жаюлы тұрған сырмақ үстіндегі көрпеге барып отыруға тиіс. Өзін таныстыруға асықпайды, үй ішіндегілер де оның аты-жөнін, жұмысын тергеп сұрамауға тиісті. Өйткені ол – көргенсіздік болып саналады. Келген қонақ аты-жөнін айтқанымен, жұмысын айтқысы келмесе, оны ешкім де жазғырмауға міндетті. Осы қонақтың үстіне сырттан тағы да қонақтар келіп қалса, жасы кішісі жасы үлкенге ығысып орын береді. Қонақ шөлдеп келсе, оған ең әуелі қымыз ұсынылады, сосын барып шай, ас береді. Бойжеткендер шыны аяқты салдырлатпай өте әдептілікпен шай құйып береді, қонақтардың әңгімесіне араласпайды, оларға тіктеп қарамайды, орынсыз ыржалақтап күлмейді. Мұның бәрі ежелгі заманнан бері қонақ шақырып күткенде бұлжытпай орындалатын әдептер.

Берілген тапсырмалар:

1. Мәтінге сөздік құрастырыңдар.

2. Мәтіннен сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған сөздерді теріп жазыңдар.

3. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын әңгімелеңдер.

4. Мәтінге бес жол өлең құрастырыңдар.

5. Мәтіннен тағамдар атауларын тауып, сөйлем құрастырыңдар.

Тапсырмалар:                                                                                                                                  1. Мәтіннен біріккен, қос сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құрастырыңдар.                                                                                                                            2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, олардан болымсыз етістік жасаңдар.                                                3. Мәтіндегі сөз тіркестерін сәйкестендіріңдер:

Қонақты

тоқтатпа

Қонақ

Қоғам

қонаққа

Қонақ

Қадірлі

табақ

Тәтті

демалу

Дәстүрлі

көтеру

Құдайы

жарасқан

Сыбағалы

кәде

Көңілді

ене бергей

әзіл-қалжыңы

тағамдар

ырыс-құт

арналған дәм, мәзір

қонақ келсе

мүшелері

Көңіл

құрметпен қарсы алу

 

 

 

Бекіту: Мен бүгін қонаққа барамын. Постер қорғау.

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. Қонақжайлылыққа қатысты салт-дәстүрлер туралы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Одағай сөздер. Жәнібек пен бала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Вечно изобретать, пробовать, совершенствовать и совершенствоваться – вот единственный курс учительской жизни…» К.Д.Ушинский В нашей школе работали прекрасные учителя. Мне хочется рассказать об учителе начальных классов МОУ СОШ №78 Пыхаловой Марии Васильевне. Мария Васильевна пришла работать в нашу школу в 1965 году, и ее педагогический стаж составляет 45 лет. Работая с 1980 года в этой школе, я хорошо знаю этого учителя. Мария Васильевна с детства мечтала быть учителем. Она - талантливый педагог, наделенный высокими душевными качествами, доброжелательный, принципиальный, интеллигентный человек. За долгие годы у нее сложилась своя система работы, Мария Васильевна охотно делилась своими педагогическими находками с коллегами, помогала молодым специалистам. Мария Васильевна выпустила около 400 выпускников. Ее ученики живут и работают в разных уголках России. Выпускники 1992 года посвятили своему любимому учителю стихотворение.Мария Васильевнаотдохните немногоВы устали, небось:много лет у доскиСкольких вы проводилиотсюда в дорогу?Не от тех ли разлукпобелели виски?В нашем классе какбудто ничего не меняетсяИ зимой и весной наокошках листваТак же вас тишина по утрам дожидаетсяТе же взгляды ите же слова.А прошло много летПо цветению вешнемуГоды шли - по осеннимветрам и снегам,Но и нынче встречаетВас юность по-прежнемуСловно время стоитТолько что оно вам?Вы же с будущем рядомПродолжайте начатыйв прошлом урок.И ребятам опятьзадаете вы на дом.Вы хотите,- как с нами,-понять и всмотретьсяВ души этих ребят,не забыв никого.Никого вы из них необходите сердцемА ведь сердце одно…-Пожалеть бы его…Пожалеть?Нет уж, вы не смоглибы иначеЭто все для людей!Так о чем тут речь?Нам без вашего сердцане будет дорогиПоэтому не хотите вы сердце беречь…

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.08.2020 436
    • DOCX 57.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Заболотняя Валентина Ивановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Заболотняя Валентина Ивановна
    Заболотняя Валентина Ивановна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65887
    • Всего материалов: 230

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 296 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов