Инфоурок Другое ПрезентацииО.Бокей(7 класс)

О.Бокей(7 класс)

Скачать материал
Скачать материал "О.Бокей(7 класс)"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Алтайдың асыл жыршысы

    1 слайд

    Алтайдың асыл жыршысы

  • Жазушылар Валерий Поволяев, Роллан Сейсенбаев, Қалихан Ысқақовтармен бірге Кө...

    2 слайд

    Жазушылар Валерий Поволяев, Роллан Сейсенбаев, Қалихан Ысқақовтармен бірге Көктөбеде демалып жүрген кез.
    Оралхан жерлес достары – кеңшар директоры Уәлихан Қанафин, мектеп директоры Нұрахмет Шабатаев, аудандық газеттің редакторы Қайырды Назарбаевпен бірге.

  • О.Бөкей Катонқарағай аудандық 
“Луч-Арай” газетінің редакциясында.О.Бөкей жер...

    3 слайд

    О.Бөкей Катонқарағай аудандық
    “Луч-Арай” газетінің редакциясында.
    О.Бөкей жерлес жазушы Т.Рахымжановпен бірге.
    1987 жылы, 28 тамыз
    Тәлімі бөлек талант

  • Оралхан Бөкейдің өмір жолы.
(1943-1993)
   	Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жа...

    4 слайд

    Оралхан Бөкейдің өмір жолы.
    (1943-1993)
    Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі - Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
    Жеті атасы: Ұзақ Тезек РайысИсақан Бөкей Оралхан Айхан(жазушының ұлы).
    Оралхан Бөкейдің анасы – Күлия, Исақановтардың тұңғышы Ахметке тұрмысқа шығады. Олар соғыстан екі жыл бұрын үйленген екен. Ахмет соғыста қаза табады. Қазақтың ежелгі салты бойынша, қайтыс болған ағасының әйеліне інісі үйленетін болған. Осылайша, Оралханның әкесі Бөкей Күлияға үйленіп, оны өмір бойы сүйіп өтеді...
    Оралхан сұрапыл соғыстың отты жылдарында дүниеге келді. Бөкей Оралға еңбек майданына аттанғанда, Оралхан іште қалған нәресте еді. Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ниетпен, дүниеге келген нәрестеге Оралхан деп ат қояды. Ниет қабыл болып, әкесі аман-есен оралады.
    Әкесі Бөкей орта бойлы, шымыр денелі, шапшаң қимылдайтын, көп сөйлемейтін, оқта-текте дөп басып дәл ғана айтуды жөн көрген жан, бірақ ойын-тойда «Қалқаман-Мамыр», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қиссаларын жатқа айтып, өзінің қоңыржай үнімен тыңдаушыларын еліктіріп әкетеді екен. Шешесі Күлия келісті, кесек тұлғалы, ауылға сыйлы, өзі тұстастар арасында ықпалды, ешкімге сөзден есесін жібермейтін, той-жиында суырып салып, өлең айтып, құрбыларын айтысқа шақырып, отырған жерін думан, күлкі ететін жан болған.
    Оралханның әдебиетке бейімділігі оқушы кезінде-ақ көріне бастаған. Ол әдеби кітаптарды өте көп оқып, бейнелеп, шешен сөйлеуге бейім, жүріс-тұрысы тиянақты, өзгелерге сын көзбен қарайтын, қауып та тауып та сөйлейтін, көпшіл болған. Оралхан мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзінің журналист, жазушы болғысы келетінін іркілмей айтқан. Мектеп бітіру кешінде жиылған ата-аналар мен мұғалімдералдында: - Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырады. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. «Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін»,- деген екен.

  • О.Бөкейдің еңбек жолы.
 	1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай...

    5 слайд

    О.Бөкейдің еңбек жолы.
    1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеді.
    1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі.
    «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары болды. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде қызмет етті.
    1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді.
    1974-1983 жылдарында «Жұлдыз» журналында проза бөлімін басқарды.
    1983жылы өмірінің соңына дейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған.

    Оның қаламынан туған «Қамшыгер» (1970ж), «Үркер» (1971ж), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973ж), «Мұзтау» (1975ж), «Өз отынды өшірме» (1981ж), «Ұйқым келмейді» (1987ж) т.б.роман, повесть, әңгімелері оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп, сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
    Қазақ әдебиетін дамытуда сіңірген зор еңбегі үшін жазушы «Құрмет белгісі» орденімен және Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, медальдармен наградталған. Республиканың Мемлекеттік сыйлығы берілді.
    Қазақстан Жастары Одағы мен Н. Островский атындағы, Қазақстан Мемлекеті сыйлықтарының лауреаты.

  • «АТАУ КЕРЕ» повесі.
   	Жазушының соңғы жылдары жазған күрделі шығармасы – «А...

    6 слайд

    «АТАУ КЕРЕ» повесі.
    Жазушының соңғы жылдары жазған күрделі шығармасы – «АТАУ КЕРЕ» повесі, «күрделі» дейтін себебім, мұнда тағы да «кемелденген социализм» тұсындағы «өркениеттің» адамзат баласына, руханияттың, адамгершіліктің дамуына тигізетін әсері суреттеледі. Адамзат бойында «жаңа тұрпатты» әлеуметтік – моральдық, «қасиеттер» көрініс береді. Содан барып бұрынғы атып-асу, аштан қырудан мүлде өзгеше басқа тұрпатты қасірет-дерттің пайда болғанын, оның тіпті, халқымызды улап, ұрпағымызды аздырып бара жатқанын автор ашына жазады. Сөйтіп, өз қағынан жеріп, өз топырағынан алыстаған, құдайдан безіп, дінінен ажыраған, ана тілі мен төл мәдениет, салт-дәстүрінен безінген «тамырсыз», «тексіз» ұрпақтың өсіп шыққанын жүрегі қан жылап отырып жазған.

    «ҚАР ҚЫЗЫ» повесі.
    Оралханның «ҚАР ҚЫЗЫ» повесінде осындай халықтық трагедияны ишаралайтын, тіршілігі қайшылықты, жұмбақты бір кейіпкер бар. Ол – адам аяғы баспайтын биік таудың қуысында жападан жалғыз ғұмыр кешіп жатқан Қоңқай шал. Ол да бір кезде өзін сыйғызбаған, қудалаған мына заманға сес көрсеткендей ерегісіп, таудың қуысында ғұмыр кешуде. Осы Қоңқай шал сияқты елден қол ұзіп, үйірінен адасқан қазақ аз ба?
    Соры қайнаған қазақ сауғалап қайда бармады? Туған жеріне, ел-жұртына әлі орала алмай жүрген жоқ па? Қайта Қоңқайдың туған жерден табан аудармай қасарысып жатып алуы оның рухының мықтылығын көрсетсе керек.
    О.Бөкей шығармаларындағы
    ойшылдық

  • Оралхан туралы сөз
шеберлерінің пікірлері Қалам сілтеген алыптардың бірі еді....

    7 слайд

    Оралхан туралы сөз
    шеберлерінің пікірлері
    Қалам сілтеген алыптардың бірі еді...
    Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдың асқақ, оның оқ жетпес құздар шыңдарындай биік еді» заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Шығыстан жарқырап шықан жұлдыз еді...
    Қасым Қайсенов.
    Өмірстанға тағы бір саяхат.
    Оралхан Бөкеевтің оның қай-қайсысымен де шаруасы жоқ, оқушысын Алтайдың небір терең жыныс-жықпылдарына жетелей түседі. Және де екі сөзінің бірі: «Табиғаттың арда төлі ардақты Алтайым»,- деп үсті-үстіне еміреніп қояды. Туған топырағын сүймейтін адамнан кісі мейірін қандыратындай көркем сөз тудыра аларлық шынайы суреткер шығуы мүмкін емес. Алғаш рет анаңды танып, алғаш рет көкжиекке көзің түскен жерді, мейлі, сусыған құмнан басқа түгі жоқ шөлде ту, мейлі, жел өтінде, су бетінде мұзда ту – бәрібір емешегіңді езіп, өліп-өшіп сүймеске әлің жоқ. Ал, Бөкеев суреттеп отырған өңірдің табиғатына таңғалмау, тамсанбау әсте мүмкін емес. Әлгі көп айтылатын пейіштің өзі осындай-ақ болар деп қаларсыз. Мынандай табиғаттың аясында өмір тек бір ғана бақыттан тұратындай, ондай ортада тек бір өңкей періштелер ғана өмір сүретіндей болып көрінеді.
    Әбіш Кекілбаев.
    Ол не жазса да оқушы бейжай қалмайтын.
    Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде-бірі қаламдастары мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын. Көп жұрт бірде оқып, бірде оқымайтын очерктердің өзіне ол жаңа леп, жаңа әр қосып, көркем дүние деңгейіне көтере білуші еді. Сол көркем дүниесі Бөкеев бояуы мен Бөкеев эмоциясын бойына әбден сіңіріп шығып, Бөкеев стилімен дүниеге келгенде біраз жұрт оның төңірегінде тағы да таласты пікірді бұрқ еткізеді. Біреулер түк түсінбеген боп бас шайқап жатса, келесі бір топтың айызы қанып, риза болып жатушы еді. Әйтеуір қалай болғанда да сенің қаламыңнан шыққан шығарма оқушыны бейжай қалдырмайтын.
    Дулат Исабеков.

  • Жаратылысы бөлек
жан еді...Оралханның әкесі Бөкей және анасы Күлия.Дос – құрб...

    8 слайд

    Жаратылысы бөлек
    жан еді...
    Оралханның әкесі Бөкей және анасы Күлия.
    Дос – құрбылары Алтын, Майра, Молдаш, Амантай Оралханның конақжай шаңырағында.
    Дуэт. Ұлы Айханмен.

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен[1].Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.09.2020 881
    • PPTX 2.6 мбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Василькина Валентина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77004
    • Всего материалов: 249

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе