Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қобыланды батыр жырын оқыту" методическое пособие по казахской литературе

"Қобыланды батыр жырын оқыту" методическое пособие по казахской литературе

Скачать материал

  

 

      «Павлодар қаласының № 29 орта білім беру мектебіі» ММ

 

Әпсалямова

 

 

 

 

 

 

«Қобыланды батыр» жырын оқыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2011 жыл

                                      

 

 

КІРІСПЕ

Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен, қазақ мектептеріндегі  қазақ әдебиет пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.

Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде қазақ әдебиеті пәні бойынша батырлар жырын оқытудың маңызы зор. 6-9 сыныптарында батырлар жырын оқытудың маңызы - оның өзіне тән ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын, жалпы ондағы  халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататынын айқындап көрсету.

Батырлар жыры өздерінің тақырыптары жағынан  сан алуан болды. Айталық олар батырлар туралы, салт-дәстүрлерді, достық пен махаббатты жырлады. Мысалы: батырлар жырына “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер тарғын”, “Қамбар батыр” эпостарын жатқызуға болады.

Қазақ халқының сүйіп тыңдайтын жыры – “Қобыланды батыр” . Деректерге қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың аяғынан айтылып келе жатыр делінген. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында “Қобыланды батыр” жырын эпик ақын Марабай Көлбаев жырлаған. Бұл жырды ең алғаш рет Ыбырай Алтынсарин Марабай ақыннан жазып алып, 1879 жылы бастырған. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар жарық көрген.

“Қобыланды батыр” жыры – эпикалық поэма. Оның 10000-нан астам сөзі Қобыландының  ғажайып тууы, ата-анасы, балалық шағы, қаһармандықпен үйленуі, оның Қазанмен, Алшағармен, Көбіктімен т.б сыртқы дұшпандармен соғыстары, Қарлығамен арадағы қарым-қатынасы, ерлігі, жауға шапқан жорығы суреттеледі.

Сөйтіп, батырлар жырын оқыта отырып, оқушыларды батылдыққа, ерік-жігерге тәрбиелеп, олардың патриоттық сезімдерін оятуға болады.

 

 

 

 

 

 

“ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР” ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ

 ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде кез келген пәнге байланысты жүргізілетін сабақтар дәстүрлі және дәстүрлі емес түрінде болады. Бұл екі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Екеуінің де маңыздылығы мен тиімділігі сабақтың тақырыптарына сай қолданылады.

Сабақ дегеніміз - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ қоғаммен, оның идеологиясымен, саясатымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты.

Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Дұрыс қойылған сабақтың мақсаты – мұғалім еңбегінің мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен, дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді дайын күйінде меңгертеді.

Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендірін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей піірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес , жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді.

Дәстүрлі оқыту процесінде “проблемалы жағдай”, “оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдерін блок-блокпен жинақтап отыруға ынталанады. Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар функциясы – білімді ғылыми негізде меңгерту. Сөйтіп, іс-әрекетте ғылыми зерттеушілікке бағыттайды. Нәтижесінде, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, қажетін дидактика әлемінен өздігінен іздейтін іс-әрекетке даярлайды. Оқушыда эмоциялық-еріктілік және уәждік қажетсіну іс-әрекеті ұшталады. Әрине, мұндай оқытуды іске қосудың өзі оқулықта міндетті түрде байланысты болып келеді.

Әдеби нысанында оқушының жанрларға жіктей білуі, егер эпикалық жанр болса, кіші әңгімеден эпопеяға дейінгі басқыштарды ажыратады, олардың жасалу жолдарын айқындауы, бейнелер, кейіпкерлер, қаһармандарды топтастырып, автордың позициясын құбылыстар менгеру процестер, суреттер, сұхбат түрлері мен монологтары арқылы түйсінуі, егер поэзия жанры болса, одан элегияға дейінгі басқыштарды жіктеп беруі, лирикалық қаһарманнның позициясы, өлең өрнегіндегі троп пен фигурасының түрлерін талдауы және тағы басқа.

Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы - ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-9 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты  мына мәселелерге көңіл бөлу керек:

 

Кіріспе жұмыстар:

 

-    “Батырлар жыры” туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)

-    Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны.

 

Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар:

 

1.Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, 6-сыныптағы “Қобыланды батыр” жырына мынадый жоспар жасауға болады:

 

Қобыландының дүниеге келуі

Қобыландының алғашқы күресі

Қобыландының аты – Тайбурыл

Тайбурылдың шабысы

Қобыланды және қазақ хандығы

Қобыландының тұтқынға алынуы

Көбіктінің ащы сөзімен жеңілісі

Алшағыр ханның сарайында

Қобыландының Құртқа сұлуға үйленуі

Қобыланды батырдың ұлы – Бөгенбай

Қорытынды

Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы, ірә сол бойынша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.

1.Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға да болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.

2.Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, өзінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу, аннотация жаздыру.

Мына үлгіде жүргізуге болады:

Басты эпизодтар

Сұрақтар

-Қобыландының дүниеге келуі

- Қобыландының алғашқы күресі

- Тайбурылдың шабысы және т.б.

 

 

3.Жырды оқып біткен болған соң, мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде, жауаптарының тезисін, жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін, соған қарап айтқызу.

1.                        Оқушылап жауабын бір-біріне толықтыртып отыру.

2.                        Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.

3.                        Ұнаған жерлерін жатқа айтқызу.

4.                        Жауаптарында да жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу.

Жырға әдеби талдау жасау

а) Жырдың идеясын тақырыбын ашу. Оны мұғалім әңгімесі, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру. Мынадай сұрақтар қоюға болады:

- Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады?

- Жырдың негізгі ойы қай бейне көбірек көрінеді?

ә)  Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау

- Қобыландының қандай қасиеттері ерекше бөле-жара айтар едің?

- Қобыланды бейнесін жасай отырып халық не айтпақшы болған?

- Құртқаға қарап бұрынғы қазақ әйелдері қандай болған деп ойлайсың?

- Қазан, Көбіктілер бойындағы жек көрінішті қасиеттер қайсы?

- Портреттеу суреттеулерді тауып, оны кейіпкерлер  іс-әрекетін      ашудағы маңызы, орнына тоқтал.

б) Тіл көркемдігі, өлең құрылысына талдау жасау.

- Жырда асыра, әсірелей суреттелінген жерлерін табу;

- Теңеулерді, эпитеттерді табу;

- Диалогтерді табу, оның жырдағы орнын, маңызын ашу;

- Өздеріне ұнаған айшықты сөздер, сөз тіркестерін тапқызу;

- Сөздік жұмыстарын жүргізу.

Жырды талдау кезінде сурет мысалдарды пайдалану, қажетті оқушыларға жыр бойынша өзіне ұнаған  эпизодтарға суреттер салғызудың  маңызы зор. Мүмкін болса, жыршы-термешілермен кездесу өткізіп, жырдан үзінді жаттатып, оқушыларды да жырды мақалмен айтқызуға талаптандыру.

Батырлар жыры ауыз әдебиетінің ірі саласы ретінде тоғызыншы сыныпта өтілген. Бұл сыныптарды оны оқытудың өзіндік жолдары қайсы?

- Жыр мазмұнын меңгерту алдын-ала үйден оқып келу , сыныптан тыс оқу арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сыныптардағыдай емес, жыр толық беріледі, оны талдау да күрделене түседі.

- Жыр мазмұнын тез, әрі өз мәнінде толық меңгері үшін мұғалім басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспарын ұсына алады.

- Бұл сыныптарды жырдың тарихи негізі, яғни халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалары осы батыралр жырларынан  көрінетіне тоқталу керек. Бұл мәселені мұғалім өзі, немесе тарих мұғалімінің көмегімен жүзеге асырады.

- Танымдық: іздендіретін, ойландыратын сұрақтарды алдын-ала беріп, оқушылардың өз ойларын , пікірлерін жинақтап, пікірталастарын туғызудың да ерекшелігі тиімді болмақ.

Ғылыми материалдармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

а)  Мұғалім өтіліп жатқан тақырыпты қамтитын еңбектің нақты жерлерін көрсетіп беріп, оқушылардан оны  талап етуді пайдаланады. (үзінділер келтірну арқылы)

ә)  Ғылыми материалдарды оқып, жауаптарының жоспар – тезисін жасау, қысқаша конспектілеу.

б)  Мұғалім оқушылардың бірнеше  ғылыми материалдар бойынша өз пікірлерін ортаға салып салыстыруға, әдеби әдіс ұйымдастыруға бастамашы болады.

- Батырлар жырын талдауда, әсіресе, образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор.

Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады:

- Батырлар жырындағы әйелдер бейнесіне тән ортақ қасиеттерді сарала.

- Өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы қандай пікірдесін?

- Әйелдер бейнесі арқылы бұрынғы  өткен әпкелеріміз, аналарымыз туралы не айтар едің?

- Батырлар жырындағы ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едің?

- Жырдағы әйелдерге берілген портреттеуді салыстыр

а) Поэтикалық тіліне назар аудар, яғни портреттеуде қандай айшықты сөздер пайдаланған?

ә) Ұқсас портреттеулер бар ма?

- Жырдың өлең құрылысын бұрын өтіп кеткен тұрмыс-салт жырларымен салыстыруға болады?

- Образдарды  талдағанда да, немесе тіл көркемдігі сөз болғанда да, үнемі мәтінге сүйенудің маңызы зор. Мұғалім өз түсінігінде де, бала жауабында да мәтінді басшылыққа алғаны дұрыс. Үнемі нақты мысалдар келтіріп, дәлелді сөйлеудің орны бөлек. Себебі, жырдың тілі күрделі, оны тіпті мәтінге жақын мазмұндау да қиын болып келеді.

- батырлар жырын талдауда көрнекіліктердің де маңызы  бар.  Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы қобыланды бейнесін оқытуда төмендегі көрнекілікті пайдалануға болады (кесте-плакат етіп жазып пайдалану)

 

Үлгі:

Оқиға

Қобыландының іс-әрекеті

Қысқаша мінездеме

 

 

ә) Жалпы жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.

б) «Батырлар жыры - өнерімізде» деген стенд жасауға да болады. Мысалы, артистер ойынынан көрініс, жыр кітаптарының суретті безендірулері т.б.

- Әдеби-теориялық ұғым беру (төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында  теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен  байланыстыру)

Мысалы , мынадай практикалық жұмыстар орындауға болады:

-- Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау.

-- Архаизм, историзм сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндінру.

-- Батырлар жырының ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау.

-- Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау, олардың қолдану орны мен маңызын дәлелдеу.

-- Сөздік жұмысын жүргізу.

-- Оқушылармен сыныпта атқарылатын, сыныптан тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, іздендірушілік сипат болуы.

«Қобыланды батыр» жырын оқыту кезінде оқушылардың зейінін сабаққа аударту үшін, қызығушылықтарын ояту үшін сабақты мынадай түрде жүргізуге де болады:

 

 

 

Үлгі:

Сабақ барысы

Әдіс-тәсіл

Әрекеті

Қызығушылықтарын ояту:

-«Топтастыру стратегиясы»

а) «Батырлар жыры» жайлы  өз ой-тұжырымдарыңызды жазыңыздар.(бес минут)

ә) «Батырлар жыры» туралы не білеміз немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Сол жайлы көршіңізбен ой бөлісіңіз, талқылаңыз, пікірлесіңіз.

 

Сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс

Өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады.

Мағынаны ажырату

- «Кубизм стратегиясы» бойынша жұмыс жасау

Зерттеңіз:

Жырдың тақырыбын, идеясын ашу.

а)Жырда қандай мәселелер сөз болады?

ә) Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

б) Жырдың нег.ізіг ойы қай бейне арқылы көбірек беріледі?

Суреттеңіз:

Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау.

а) Портреттеу, суреттеулерді тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы

Жазбаша жұмыс, баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, проблемалық ізденіс тудыру, ой қорыту

Тірек сөйлемдер мәтінді талдайды, дәлелдейді.

Салыстырыңыз:

а ) Жырдағы әйелдер бейнесі бойынша Құртқа мен «Алпамыс батырдағы» Гүлбаршын бейнесін салыстырыңдар.

ә) «Ер қанаты – ат» тақырыбы бойынша Тайбурыл мен Байшұбарды салыстырыңдыр.

Өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табу.

Сұрақ-жауап, проблемалық ізденіс тудыру, оқу, жазу, айту

Тапсырмаларды өз бетінше орындайды, салыстырады.

 

Жалпы білім беретін мектептерде «Қобыланды батыр» жырын өтуге бағдарламада төрт сағат бөлінген. Осыған орай сабақтың мынадай жүйесін көрсетуге болады:

Бірінші сабақ: Ел намысы- ер намысы.

Екінші сабақ: Ер ермен шайқаста танылады.

Үшінші сабақ: Жырдағы әйелдер бейнесі.

Төртінші сабақ: Тайбурыл- жылқының тұлпары.

Ал енді бұл сабақтардың біреуіне мысал келтірейік.

 

Бірінші сабақ.

Мұғалім бұл сабақты дәріс әдісімен «Қобыланды батыр» жырының халық арасына көп тараған әрі көлемді, әрі көркемінің бірі екенін, негізгі тақырыбы және нұсқалары туралы айта келіп, жырдың оқиға желісімен таныстырудан бастайды.

Жырдың негізгі тақырыбы - өз елін, өд жерін сыртқы жаудан қорғау. Жырдағы өзекті ой – «ел намысы- ер намысы». Қобыланды өз басының қамы емес, бүкіл елдің бүтіндігін, тәуелсіздігін ойлайды. Қолына соло үшін қару алады, жауға қарсы аттанады.

Жырдың идеялық-көркемдік мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі арқылы көрсетілген. Халшықтың арманы да осы арқылшы берілген. Оның арманы – «Қарааспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамы», ел қамы. Сондықиан да «Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейді». Ол жауға аттанарда «жіберуге қимай, жиылып жұрты жылайды». Артында қалып бара жатқан ата-анасын, қарындасы Қарлығаш пен өмірлік жары Құртқаны «Сендерді мұнда жылатпас, қалың қыпшақ қарындас» деп жұбатады. Мұғалім бұның бәрін жырға сүйене отырып баяндағаны жөн.

Сөйтіп, мұғалім Қобыланды батыр бойындағы жақсы қасиеттерді- оның адамгершілік, ерлік мінездерін жырдың нақтыоқиғасына ене отырып, баяндаса, оқушылар елі үшін еңіреген ер мінезіне сүйсінер еді. Бұл тақырып бойынша мұғалім төмендегідей сұрақтар мен тапсырмалар беруге болады:

-Қобыландының балалық шағы. Оның бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына өскен ортасының әсері.

-Жауға аттанарда ата-анасымен, қарындас Қарлығашпен, сүйікті жары Құртқамен қоштасқан жерінде Қобыланды мінезінің қавндай жақсы жақтары ашылған?

-Жыр халықтың қандай арманынан туған?

-Қобыландының ерлік, батырлық сипаттары жырдың қандай оқиғалары үстінде ашылады?

Екінші сабаққа Оқушыларға жырдағы Қобыланды мен Қараман, сол сияқты Қобыланды мен жау батырларының бейнесін салыстырып сипаттама беріңдер деген сияқты тапсырма беруге болады.

«Ер ермен шайқыста танылады» деген тақырыптағы сабақты аналитикалық әңгіме түрінде өткізуге болады. Өйткені өткен сабақта Қобыланды мен Қараман, сол сияқты Қобыландыды мен жау батырларын салыстыра сипаттау туралы тапсырма берілген болатын.Мұғалім соған орай оқушылар назарын мына мәселелерге аудартады:

-Қобыландыны ерлікке бастаған қандай бииік арман?

- Ал, Қараман жауға қандай мақсатпен аттанды? Оны шынайы батыр деп аламыз ба? Дей алмасақ, неге? Жырдағы Қобыфланды мен Қараман іс-әрекеттерін салыстырыңдар.

-Жау батырлары жырда қалай көрінген? Қобыланды мен оларды салыстыра сипаттаңдар.

Бұл тақырыпты өту барысында мұғалім оқушыларды шығарма арқауына үңілдіруі керек. Жалпылама сөйлеу- шығарманы тану емес. Шығармаға талдау жасай отырып, оқушы өз пікірін, өз түсінігін айтып беретін болса, бұл пайдалы.

«Жырдағы әйелдер бейнесі» тақырыптаға үшінші сабақта кейіпкерлерге салыстырма сипаттама беру тәсілін қолдану ұтымды. Себебі, ол оқушыларды мәтінге үңілдіреді, ізденіс жасауға жетектейді. Мұғалім Құртқа мен Қарлыға бейнелерін салыстырғанда жыр арқауына сүйене отырып, ашуы керек.Осындай салыстыра отырып сипаттама бергенде кейіпкерлерді оқшау алып қарастырмай, бір-бірімен байланыста қарағанда ғана шығармадағы проблематика жан-жақты ашылады.

Төртінші сабақтың тақырыбы- «Тайбурыл- жылқының тұлпары». Жырда батырдың қанаты- Тайбурыл бейнесі шебер суреттелінген. Жыршы-ақын көркем сөз айшықтарын талғампаздықпен қолданып, аттың тек сұлу мүсінін ғана емес, оның «алты айшылықты алта-ақ аттар» дүлдүл екендігін ерекше суреттеген. Жыршы-ақын оның асқан жүйріктігін сипаттауда гипербола әдісін шебер қолданған. Мұғалім оқушы назарын жырдағы атты суреттеу тәсіліне аударып, жырдың көркемдік шеберлігін ашуы керек.

Проблемалы баяндау үстінде мұғалім оқушыларды жыр арқауына, оның ішкі қатпарына үңілдірсе, жырдың идеялық-көркемдік сапалары ашылмақ. Үйге Тайбурылдың шабысы суреттелетін жерлерді жаттап келі және сондағы ақындық тәсілге назар аудару тапсыы\рылуы керек.

Сабақты қорытындылау кезінде мұғалім оқушыларға мынандай сұрақтар беруге болады:

-«Қобыланды батыр» жырын неге эпостық жырға жатқызамыз, дәлелджеп айтып беріңдер.

-Жырдың тақырыбы, ол тақырып халықтың қай арманынан туған?

-Қобыланды бойындавғы қас батырға тән мінездер, қимылдар жырда қалай көрсетілген?

-Қараманның жырдағы іс-әрекетіне сай оған смпаттама беріңдер.

- Жырда әйелдер бейнесі қалай суреттелген?

-Тайбурылды суреттеудегі ақындық көркемдік тәсіл, оның ұтымдылығы.

Жалпы батырлар жырын, оның ішінде «Қобыланды батыр» жырын оқытқанда, оларды тек өткен өмірдің ізі ретінде ғана қарамай, соның бүгінгі өмірмен үндесу жағына зер салу абзал. Олардағы үлкен ой түйіні қазіргі ұрпағымызға да тіл қатады. Батырлар жырындағы елін, халқын сүю, адалдық, ащдамгершілік, риясыз достық сияқты азаматтық сарын біздің заманымызға жетті. «Қобыланды батыр» жырын оқытқанда мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:

Алғашқы тарауды  өткен кезде- ақ оқушыларды  тақырыпты оқуға және аударуға міндеттеу керек. Сонда оқушы өзіне жүктелген  тапсырманы орындау  барысында қазақ халқының салт- дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерін  түсіндіреді.

Айталық баланың алғашқы қадамы, бірінші шыққан тілі , атқа мінуі  немесе «сүйінші!» деп қуануы да қазақ ұлтына  тән өзіндік қайталанбас ерекшеліктері. Міне, осыларға жырды оқи отырып, оқушылардың назарын  аудартқан абзал. Сөйте отырып, жырдағы неше  алуан көркемдігін, байлығын және өткір де дана сөздің  маржаны мақал- мәтелдерді қалай қолданылатынын да айту дұрыс. «Қобыланды батыр» жырынан қазақ халқының  неше алуан қанатта да асыл  сөздерін табуға болады.

Мысалы: «Жалғыздың үні шықпас», «Бірлік болмай тірлік болмайды» , «Халық тілегі- көз» т.б.

Басты кейіпкерді анықтауда оқушы  батырдың батылдығын, ерлігін мәтін ішінен оқып, көрсетуі тиіс. Осы жерде мұғалім оқушыны  ойландыратын  философиялық сұрақтарды қойған дұрыс.

1.Қобыланды батырдың: Жер басып жүрген жалғыздықтан не пайда? Неге бұлай айтылады?

2. Қобыланды Қарлығаны бағалады ма? Ол жырда қалай көрінеді? Әлде бағаламады ма? Оны айтыңыздар.

3.Қомбыландының орнында сендер болсандар, Қарлығыға не істер едіңдер?

Мұнда Қараман батырдың да  образы қызық.

Жұмыс барысында төмендегі  берілген сұрақтарды қоюға болады.

1.Қараман  Қобыландыны бағалап, құрметтей ме?

2.Қобыланды Қараман туралы не айтады?

Эпоста әйел  бейнелері де  көрнекті орын алады. Олардын ішінен  Қобыландының жары- Құртқаны бөліп алуға болады. Жұбайы болған соң Құртқа өзінің  ақылдылығымен, батыр бейнесін жан-жақты толықтырып отырады. Қазақтың белгілі жазушысы М. Әуезов: «Құртқа Қобыландының  жұбайы ғана емес, оның қорғаушы да, ақылшы досы, қиындықты және білетін серігі» деген.

Оқушылар осы сөзді оқи отырып бекітуі тиіс. Сондай-ақ Қарлыға бейнесі жан-жақты талдағаны дұрыс. Ол үшін оқушыларға  төмендегідей сұрақтарды қою керек.

1.     Қарлыға Қобыландыға қандай көмек көрсетеді?

2.     Неге Қарлыға Қобыландыны жаралайды?

Тарауда «Тайбурыл» бөлімі де ерекше орын алады. «Ат- ер қанаты» деген сөз де бекер айтылмады.

Тайбурыл Қобыландының жауға шапқан мінетін  тұлпары ғана емес, қиналған сәтте сырласар ақылшысы. Бұларға Тайбурыл мен Тарланды жатқызуға  болады. Оқушыларға  Тайбурылдың  шабысын жырлаған сөздердің  мағынасын да тереңірек түсіндірген жөн.

Жырда баласы жоқ ата- аналарды  негізгі мағынада көрсете отырып, бала сұрап құдайға жалыну  тәсілі де өте шебер көрсетіледі және дүниеге келген жалғыз бала ата- ананың  баласы болмай,  адамның баласы болып, отбасының емес, Отанын, халқын қорғау  үшін ер болып  туатынына қуанғандайсын. Қыпшақ елінің бір руында өте бай адам болады,  бірақ олардың балалары болмайды. Кезекті бір тойда Тоқтарбай  мен Аналыққа баласы жоқтығы  жайлы той жүргізуші бетіне басады. Бұған қатты ренжіген Тоқтарбай мен Аналық аруаққа сыйынып, құдайдан бала тілейді. Ақырында ата- ананың арманы орындалып, дүниеге Қобыланды келеді. Ол жыл айын емес, сағат сайын өсіп, өзі  мықты ел қорғайтын  батыр болып өседі. Батырлығын Қалмақ, Жоңғар шапқыншылығында  дәлелдейді. Оқушылар осы  жерде жырдағы Қобыландының сырт жаулардан қорғаудағы ерлігін жоғары бағалай отырып, ұлт азаттылығының  жоғары идеясын да  түсінуі керек.

Осы жыр арқылы оқушылар әр ұлттың өз эпосы бар, ондағы жағымды кейіпкерлердің барлығы да халқы  үшін күресетіні, жаудан жерін қорғайтынын жоғары бағалап, құрметтеуі тиіс. Сондай- ақ қандай ұлт, халық  оларды құрметтей отырып, кіші немесе үлкен , жақсы әлде жаман деуге болмайтынын айта кету керек. 

Әрине, жоғарыда келтірген сабақ үлгілерін сол қалпында пайдалану міндет емес. Мұғалім өзінің қалыптасқан тәжірибесіне орай, өзінің талғамына қарай, шығарманы оқушыларға эстетикалық әсерлі етіп қабылдатуға, соған ынталандыруға жәрдемдесер деген әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануға ерікті.

 

 

 

 

 

 

 

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ ФОРМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

 

Оқытудың дәстүрлі емес түрі- ең тиімді сабақ. Оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады, жалпы оқуға деген ынтасын тудырады деген пікірлер айтылып жатыр. Мен де осы пікірлерге қосыламын. Бұл – дұрыс ой.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өтудің мәні мынада:

- оқушылардың танымдық белсенділігі, оқуға қызығуы артады;

- оқушылардың бастамашыл, шығармашылық әлеуеті дамиды;

- мұғалім оқыту мен тәрбиелеудің қолайлы жағдайын іздестіреді.

- режиссерлік, орындаушылық, әртістік, т.б. қабілеттерін жетілдіріп, кәсіби мәнге ие қасиеттерін қалыптастырады, т.т.

Оқытудың дәстүрлі түрлерінің (дәріс, семинар, зертханалық және тәжірибелік жұмыстар, консультация, емтихан, сынақ) мүмкіндігі шектеулі, мұғалім тек оқыту жағдайында ғана болады. Ал дәстүрлі емес сабақ түрінде мұғалім режиссерлік, консультанттық, ойлап табушы немесе суретшілік, сондай-ақ оқушының белгілі іс-әрекетін, мектептегі білім үрдісін ұйымдастырушы міндеттерін бірдей атқара алады. Мұндай әртүрлілік оқушылардың жан-жақты дамуын, оның ой іс-әрекетінде жүйелік сипаттамаларының болуын қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі емес сабақтарды өткізу мұғалім мен оқушылар тарапынан мынадай іс –қимылдарды талап етеді:

- Сабақтың алдын-ала өте ұқыпты дайындалуы: арнайы тапсырмалар беріледі, сабақ мақсаты, құрылымы, әр оқушының міндеті мен рөлі түсіндіріледі. Қажетті дидактикалық материалдар мен әр түрлі көрнекіліктер әзірленеді.

- Сынып және әр оқушы ерекшеліктеріне , білім деңгейлеріне сәйкес сабақтың жүру барысы тыңғылықты ойластырылады. Нақты жоспарланады.

-Нашар үлгеретін және білімге немқұрайлық танытқан оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Дәстүрлі емес сабақтардың өткізілуі де алуан түрлі, мұғалім қиялында шек болмайды, тек түпкі мақсат – сабақты жанжандыру, оқушының білімге қызығуын арттыру, еш өзгеріссіз сақталуы тиіс. Мысалы: ойын-сабақ, викторина-сабақ, сабақ-байқау, конференция-сабақ, рецензия сабақ, рефераи немесе оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарын қорғау сабақтары және тағы басқа.

Дәстүрлі емес оқытудың ең маңызды әдістерінің бірі – «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясының пікірталас әдісі. Психологтердің пікірінше, жоғары сыныптардағы пікірталас өз нәтижесін беруі мүмкін. Педагогикада мұны коммуникативтік әдіс деп атайды, ол жаңа оқыту тәсілі бойынша «дебат» бағдарламасы деп те аталады.

Пікірталас - әлдебір сауал, сұрақ немесе мәселені талдау, талқылау. Пікірталас, әдетте, адамдар әр түрлі көзқараста болып, бірыңғай пікірге келмеген күрделі мәселеге айналады.

Пікірталас оқушылардың ақыл-ойын, тілдік қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Пресс-конференция - оқушылардың іскерлігі мен танымдық  белсенділігін арттыратын  жұмыс түрі.  Пресс-конференция жоспарлы түрде іске асырған мақұл. Алдымен осы сабақты өткізудің дайындық мәселелерін шешіп алған жөн. Мұғаліс пресс-конференция сабағының тақырыбын бір апта бұрын хабарлап, Қазақ әдебиеті кабинетіне «почта жәшігін» орналастырады. Бұл почта жәшігіне  оқушылар екі түрлу мәселелер төңірегінде  сұрақтар жазып тастайды: бірінші – қаралып отырған мәселе немесе тақырып жөнінде; екінші - өзін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрайды. «Маман» оқушылар осы сұрақтарды және өзіне қатысты объектілерді  үңіле зерттеп, оқулық бгойынша алған білім мен білігін көмеекші құралдар, кітаптар және мерзімді баспасөз материалдарымеан байытады. Сөйтіп, «маман» оқушылар сабақ өтілетін күні өзіне қойылатын түрлі сұрақтарға жауап беруге әзір тұрады.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша, әсіресе «Қобыланды батыр» жырын оқыту барысында дәстүрлі емес сабақтардың пресс-конференция түрінің тиімділігі өте зор. Бұл, ең алдымен оқушылардың әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын оятса, екінші жағынан, жаңа тақырыпты тез және ұғынықты меңгерулеріне жол ашады. Осы пікірталасты немесе пресс-конференция сабағын алуан түрлі тақырыптарға өткізуге болады.  Сыныпты екі топқа бөліп, олардың арасынан «тілші» және «маман» оқушыларды таңдап аламыз. Тақырыптар алдын-ала беріледі, оқушылар өздеріне лайықтысын таңдап алып, сол бойынша дайындық жүргізеді және өздерінің қарсыластарына сұрақ пен тапсырмалар дайындайды.

Пресс-конференция тақырыптары:

- «Қобыланды батыр» жырындағы халық арманы

- Ел намысы- ер намысы

- Ер ермен шайқаста танылады

- Жырдағы әйелдер бейнесі

- Тайбурыл – жылқының тұлпары

Және қосымша сұрақтар беріледі:

-«Қобыланды батыр» жырының тарихы және зерттелуі

- «Жер басып жүрген жалғыздықтан не пайда?»- деген Қобыландының сөздері нені білдіреді?

- Жырдағы Қараман батырдың бейнесі немен ерекшеленеді?

- Қобыландының орнында болсаңдар қандай әрекет жасаушы едіңдер? Неге?

Оқушылар дайындалғанда, тақырыпта ашу үшін баяндама, реферат және т.б. жазылулары тиіс. Өйткені, мұндай жұмыстар  мектеп оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамытып, сөздік  қорлары артады, жалпы тіл мәдениеті қалыптасады.

             

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда, “Қобыланды батыржыры өзінің идеялықкөркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі  таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлікелдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді үлкен проблемалар көрсетілген. Басқа  батырлар жыры сияқтыҚобыланды батыржырының негізінде де тарихи оқиғалар жыры жатыр. Халқымыздың басынан кешкен  тарихи-әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет-ғұрып салт-санасы  рухани тірщілігі , арман-мұраты  көрініс бередіБатырлар жырын оқытудың маңызы зор . Себебі, батырлардың ерлік бейнелері арқылы оқушыларды батылдыққа, ерлікке тәрбиелеп, олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін оятуға болады. Батырлар жырын оқыту кезәнде  дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың  тиімділігі көрінеді.

Дәстүрлі оқыту процесіндепроблемалық жағдай”, “ оқу проблемасы”, “мәселенің принциптерісияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген  теориялық білімдері блок-блокпен жинақтап оқытуға ынталанады. Дәстүрлі оқытуда оқытудың мақсаты  өзгерсе, оның барлық құрылым жүйесі басқаша өзгереді.

Дәстүрлі емес сабақтардың тиімділігі барлық сабақтарды өткізудің мүмкін еместігін, тіпті оның қажеті де жоқ екенін есте ұстаған жөн. Жалпы оқу үрдісінде мұғалңм қалауына қарай дәстүрлі емес сабақтардан аз орны, пайыздың мөлщері болуы керек. (15-25 пайыз) Неғұрлым сынып ынтасы тұрақтанған сайын , сынып дәрежесі жоғарылап, оқушының білімге ынтасы тұрақтанған сайын мұндай сабақтың пайыздың мөлшері азая беруі тиіс. Яғни, дәстүрлі емес сабақтар “барлық аурудың емі емес” екенін ұмытпайық. Әр мұғалім сабақ үрдісі , оны өткізу әдістері, дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар оқытудың жаңа технологиясы бұларды күнделікті сабақтарда қолдануды өзіндік әдістемесі туралы дұрыс ой жүйесі қалыптаспау нәтижелерге жетуі мүмкін емес.

Қорытындылап айтқанда, батырлар жырын оқыту кезінде  дәстүрлі және дәстүрлі емес  сабақтардың тиімділігін көреміз.

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША №1

Сабақтың тақырыбы: Ел намысы – ер намысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға батырлар жайлы ұғымын пресс-конференция (пікірталас) арқылы “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып, жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау, сөздік қорларын байыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Батырдың батылдығын, ерлігін анықтап, оқушыларға үлгі тұту. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, адамгершілік , ізгілік қа сиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес , пресс-конференция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларға үйге берілген тапсырмаларын жинақтап, пікірталасқа дайындау.

2. Сыныпты 3 топқа бөлу.

II. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1-топ Қобыланды бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?

2-топ Жырдағы Құртқаға қарап, бұрынға қазақ әйелдері қандай болған? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманы не деп түйендер едің?

3-топ Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

 

III. Бекіту.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

(Оқушылар өздері толықтырып, сабақты қорытындылайды).

IV. Бағалау

(Оқушылар өз-өздерін бағалайды)

V. Үйге тапсырма беру: Тайбурылдың шабысын жаттап келу

Жыр кейіпкерлерінің бейнелерін ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША №2.

 

Сабақтың тақырыбы: Ел намысы- ер намысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға батырлар жыры жайлы ұғым беріп, “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып , жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау. Батырдың батылдығын, ерлігін анықтау, оқушыларға үлгі тұту. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, олардың тапқырлық, ізеттілік қабілеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, дәріс

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

1.                 Оқушылардан үйге берілген тапсырмаларын жинақтап, дәріс жазуға дайындау.

Дәріс:

Жырдың идеялық-көркемдік мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі арқылы көрінген. Халықтық армане да осы арқылы берілген. Оның арманы – “Қара аспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамы”, ел қамы. Сондықтан да “Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейді”.

Халық Қобыланды бойына батырлықты жастайынан дарытқан. Алты жасында қолына қару ұстатады. Жанына болат байлатады. Ол – аңшы. Ол –мерген.

Батырдың өскен ортасы да оның мінезінің қалыптасуына ықпал етеді. Ол ыстық-суықты малшылармен бірге кешіп , бірге өседі. Бойындағы жақсы қасиеттер еңбек адамдар арасында қалыптасады. Жырда Қобыланды тек батырлық , ерлігімен ғана емес, бүкіл жан жылу\ымен , адамершілігімен де көрінген. Батырдың ата-анасына сүйген жары Құрқаға, қарындасы Қарлығашқа деген туыстық мейірімі, жарға деген адал жүрек сезімі арқылы оның бойындағы адамгершілік сапаларын байқаймыз.

Қобыландының шынайы батырға тән мінезі Алшағармен кездескен жерден байқалады. Ол Қазанмен шайқасарда жекпе-жекті қалайды. Қапылыста , қамсызда, әккілікпен ұрланып келіп, жауын жеғу – ердің емес, батырдың емес , қорқақтың ісі. Қобыланды мұндай жолға бармайды, Өйткені ол шынайы батыр. (жалғасы кітаптан)

 

II. Бекіту кезеңі (сұрақ-жауап)

III. Үйге тапсырма беру

1. Дәріс бойынша дайындалу.

 

 

 

 

ҚОСЫМША №3.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Отанын сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу тілегін қамтитын, қазақ халқының басынан кешірген жауынгерлік өмірі суреттелетін жырлар

А) батырлар жыры

Б) лиро-эпос жырлар

С) жоқтау

Д) беташар

2.Батыралар жырын көрсет

А) “Аяз би”

В) “Қобыланды батыр”

С) “Алдар көсе”

Д) “Қозы Көрпеш- Баян сұлу”

3.“Қобыланды батыр” жырының басты кейіпкері

А) Құртқа

В) Тоқтарбай

С) Қобыланды

Е) Тайбурыл

4.Қобыландының атасы

А) Қыпшақ

В) Тоқтарбай

С) Қарақыпшақ

Е) Естеміс

5.Қобыландының қарындасы

А) Қарлығаш

В) Қаракөзайым

С) Құртқа

Д) Гүлбаршын

6.Алты жасқа келгенде

Арыстан туған...

Қазнадан қамқа киеді

Өзімнің емшім болсын деп

Тобылғы менді торы атты

Енші қылып мінеді

Бұл кім туралы айтылған?

А) Қобыланды

В) Құртқа

С) Қарлыға

Д) Қамбар

7.Қобыландының тұлпары

А) Құлагер

В) Тайбурыл

С) Тарлан

Д) Ақмандай

8.Қыпшақтарға шабуыл жасаған Қызылбас елі неліктен олай деп аталған?

А) Елдің ханы Қызылбас болған

В) Бастарына қызыл бөрік киген

С) Шаштарын қызылға бояған

Д) Туы қызыл түсті болған

9.Қобыланды батырда суреттелетін қазақ елінің қақтығысқан жаулары қандай?

А) қалмақтар

В) Көбікті ханға қарсы

С) Қият-ноғай мекені

Д) жауаптардың бәрі дұрыс

10.Қобыландының жары Құртқа кімнің қызы?

А) Көклан

В) Тарлан

С) Көбікті

Д) Қазан

11.Қобыланды Құртқамен қалай қосылды?

А) Қалың мал беріп

В) Әкесінен ұрлап

С) Құртқа қойған шарттарын өтеп

Д) Бәрі дұрыс

12.Қобыланды жырда қалай бейнеленген?

А) көрсеқызар, қорқақ бейнесінде

В) халық қамы үшін күрескер бейнесінде

С) өз жерін сатып, сатқын бейнесінде

Д) дұрыс жауабы жоқ

13. Қобыландыға үнемі болысып жүрген кім?

А) Қараман

В) Алшағыр

С) Көклан

Д) Алпамыс

14. “Қобыланды батыр” жырының негізгі тақырыбы

А) махаббат

В) Отан қорғау

С) білімге шақыру

Д) Қобыландының бүкіл өмірі қамтылады

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі . Алматы “Рауан”, 1997 131-бет

2. Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту”  Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет

3. Икапова Д. “Оқушыларға батырлар жырын оқыту” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №7 122-бет

4. Имжарова З. “Пікірсайысы – жаңашылдық қайнары” Қазақстан мектебі 2003, №6 54-бет

5. Көшекова А. “Батырлар жырының зерттелуі” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №6 73-бет

6. Мырзабекова К. “Алпамыс батыр жырының сюжеті мегн композициясы” Қазақ тілі мен әдебиеті , 2003, №12 35-бет

7. Сағындықова Қ. “Білім сабақ санасынан” Қазақстан мектебі , 2004 №7 30-бет

8. Серікбаев Т. “Дәстүрлі емес сабақтар туралы бірер сөз” Қазақстан мектебі , 2002 №11-12 62-бет

9. Тәжібаева С. “Дәстүрлі емес сабақтар” Қазақстан мектебі , 2003 №2 27-бет

10.            Үрістенбекова Г. “Пікірталас дамыту және тәрбиелеу құралы” Қазақстан мектебі 2003 №5 39-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

1.     КІРІСПЕ......................................................................................... 3

 

2.“ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР” ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ

 ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ.............................................................. 4

 

  3.ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ ФОРМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ..... 14

 

         4.ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................ 16

 

         5.ҚОСЫМША.................................................................................... 17

 

         6.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................ 21

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қобыланды батыр жырын оқыту" методическое пособие по казахской литературе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

В методическом пособии по казахской литературе "Қобыланды батыр жырын оқыту" представлены дополнительные материалы по изучению данной темы. Для учителя предложены различные формы урока. Также рассмотрены новые технологии в изучении этой темы.В приложении данного материала имеются тесты, для проверки знаний учащихся, также различные задания с ответами.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 902 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2020 3392
    • DOCX 360 кбайт
    • 56 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гришина Марина Станиславовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гришина Марина Станиславовна
    Гришина Марина Станиславовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86879
    • Всего материалов: 230

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе