Главная / Информатика / Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс. Объектілерді көшіру және орын алмастыру. Алмасу буфері

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс. Объектілерді көшіру және орын алмастыру. Алмасу буфері

Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру және жою.

Алмасу буфері. Практикалық жұмыс. Объектілерді көшіру және орын алмастыру. Алмасу буфері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру

және жою және алмасу буфері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың білімдерін, компьютермен жұмыстану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды компьютерде жұмыс жасауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: практикум элементі бар түсіндірмелі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

А) Оқушылармен амандасу;

В) Оқушыларды түгендеу;

С) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Файл деген не?

2. Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?

3. Бума деген не?

4. Файлдың атауындағы шектеулерді атаңдар.

5. Буманы қалай құрамыз?

6. Белгішелер қалай құрылады?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Компьютерде жұмыс істеу барсында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

  • Көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады.);

  • Орын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

  • Жою;

  • Атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді)

Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тәсілмен орындауға болады. Әдетті бұйрықты мәзірдің, контекстік мәзірдің неесе пернетақтаның көмегімен береді. Ең жылдам орындалатыны пернетақталық тәсіл, бірақ ол үшін пернелердің негізгі тіркесімдерін есте сақтау керек.

Нысандарды жылжыту/көшіру

Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласындар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласындар, мысалы дискіде.

Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанды бумадан бумаға тышқанмен үйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Сондай-ақ тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып орындалатын сүйреу әрекетін де қолдануға болады.

Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық: Көшіру және Кірістіру керек болады.

Көшіру бұйрығын орындағн кезде нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады.

Пернетақта арқылы орындау. Ctrl+C-көшіру; Ctrl+X-қиып алу, Ctrl+V – кірістіру.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту:

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. D дискісінде Оқыту пәндері атты бума құрыңдар.

  2. Оқыту пәндері бумасының ішінде Информатика, Әдебиет, Математика бумаларын құрыңдар.

  3. Оқыту пәндері бумасының мөлшерін анықтаңдар.

  4. Өздеріңнің бумаларыңның ішіндегі бірнеше файлдың аттарын өзгертіңдер.

В деңгейі

  1. Дискіде бумалар ағашын құрыңдар: D:\Оқыту\Сынып\Оқушылардың тегі.

  2. С дискіден SOL.EXE файлын тауып, оны өз бумаларыңа көшіріңдер. Осы файлдың қасиеттерін тексеріңдер.

  3. Жұмыс үстелінде осы программаны іске қосатын жарлық құрыңдар.

  4. Жұмыс үстелінде осы жарлықтың көшірмесін алыңдар.

  5. Өздерің құрған барлық нысандарды Қоржынға жойыңдар.

  6. Барлық жойылған файлдарды қайта қалпына келтіріңдер.

  7. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  8. Өздерің құрған нысандарды қоржынға орналастырмай бірден жойыңдар.

С деңгейі

  1. Менің құжаттарым бумасында Children бумасын құрыңдар

  2. Children бумасында 1-мысал және 2-мысал бумаларын құрыңдар.

  3. 1-мысал және 2-мысал бумаларының көшірмесін жасаңдар.

  4. 1-мысал және 2-мысал бумалары көшірмелерінің атауларын Lesson1 және Lesson2 деп өзгертіңдер.

  5. 1-мысал бумасын 2-мысал бумасына жылжытыңдар.

  6. Өз бумаларыңның мөлшерін анықтаңдар.

  7. Кез келген екі файл үшін жарлық құрыңдар және оларды (жарлықтарды) Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

  8. Жарлықтың көмегімен файлдардың бірін іске қосыңдар.

  9. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  10. Өз бумаларың мен файлдарыңның жарлықтарын жойыңдар.

  11. Қоржынды тазалаңдар.

Өзіңді тексер!

Оқулықта берілген тест жұмысын дәптерде орындайды. Жауаптары: 1. Д, 2. А. 3. С. 4.В. 5. В.

Ү. Сабақты қорытындылау:

1. Нысандарға қолданатын қандай амалдарды білесіңдер?

2. Нысандарды көшірумен жылжытудың айырмашылығы неде?

3. Бірнеше нысанды қалай ерекшелейміз?

4. Алмасу буфері деген не?

5. Файлдардың атын өзгерту не үшін керек?

ҮІ. Үйге тапсырма: 5-сынып оқулығы §12, 13, Өзіңді тексер! (115 бет)

ҮІІ. Бағалау:



Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс. Объектілерді көшіру және орын алмастыру. Алмасу буфері
  • Информатика
Описание:

Компьютерде жұмыс істеу барсында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

  • üКөшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады.);
  • üОрын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады);
  • üЖою;
  • üАтын алмастыру (нысанның атауы өзгереді)

Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тәсілмен орындауға болады. Әдетті бұйрықты мәзірдің, контекстік мәзірдің неесе пернетақтаның көмегімен береді. Ең жылдам орындалатыны пернетақталық тәсіл, бірақ ол үшін пернелердің негізгі тіркесімдерін есте сақтау керек.

Нысандарды жылжыту/көшіру

Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласындар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласындар, мысалы дискіде.

Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанды бумадан бумаға тышқанмен үйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Сондай-ақ тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып орындалатын сүйреу әрекетін де қолдануға болады.

Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық: Көшіру және Кірістіру керек болады.

Көшіру бұйрығын орындағн кезде нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады.

Пернетақта арқылы орындау. Ctrl+C-көшіру; Ctrl+X-қиып алу, Ctrl+V – кірістіру.

Автор Купжасарова Алмагул Калымжановна
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другое
Просмотров 533
Номер материала 59306
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓