Главная / Директору-завучу / «Қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың жолдары»

«Қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың жолдары»

«Қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың жолдары»


Кидришева Айнагуль Уразаевна

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж қоғамдық

пәндер кафедрасының оқытушысы.

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі-әлеуметтік,экономикалық өзгермелі

жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай,сонымен қатар оны жақсартуға

игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, технологиялық тұрғыдан сауатты және АКТ-ны жанжақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған маман болу талап етілуде.

Жаhандану заманында Қазақстанда жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж – Қазақстан Республикасына танымал ғасырға жуық тарихы бар арнайы кәсіби оқу орындарының бірі. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті саналы ұрпаққа сапалы білім беріп, құзыретті маман даярлайтын киелі білім ордасы.

Колледжде «Құзыретті маманға бағытталған сапалы білім» ұранымен мемлекет, қоғам, жеке тұлғаның талабына сайкес АКТ пайдалана білетін, кәсіби құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметі жүзеге асырылуда.

Колледжді дамытудың тұжырымдамасы мен бағдарламасы күтілетін нәтижеге бағытталып жасақталған,педагог өзінің кәсіби және тұлғалық сапаларын дамытады. Біз студентті тұлға деп есептеп, оған өз бетімен білім алуға жағдай жасаймыз, оқу-танымдық қызметін ұйымдастырамыз. Білім сапасының белгіленген деңгейіне нәтижеге жеткізетін құзыреттіліктер мен ұлттық құндылықтардың ұстанымдарына негіздеу арқылы жетудеміз. Жаңа білім беру стандарттарына енгізілген ақпараттық, коммуникативтік,проблеманы шешу құзыреттіліктерін студенттердің бойында қалыптастыруда колледж ұжымы бес жылдан бері жұмыстануда.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін

дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті педагог мамандарын даярлау оқытушының
 басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды  дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Құзыреттілік оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.

Құзыреттіліктің 3 бағытын негізге ала отырып жұмыстану, құзыретті маман дайындауға көп ықпалын тигізері сөзсіз. Атап айтсақ ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру арқылы студенттер мен педагогтар арасында позитивті қатынас орнатылған, өзара түсінушілік, тыңдай білу, түсіне білу, көмек көрсету қабілеттері айқындалған. Қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ,Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11- бабының 9 тармағында оқытудың  жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек  нарығының  өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал  ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. 

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі , өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуы, даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңінен толғай отырып, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек ғана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар – біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген болатын. Олай болса, осы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз міндеті баға жетпес биік болмақ.

Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде жұмыстана алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау болса, Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының басты мақсаты- өзі-өзін дамытатын, терең білімді, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімде қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Міне, осыдан елбасы Н.Ә.Назарбаев дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауында атап өткендей, Республикадағы әлеуметтік саяси – мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің болашақ мамандарын дайындау үрдісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелерін атап көрсетті. Осы бағытта қазіргі кезде қол жеткен нәтижелер келешекте Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Осы бағытта білім беру жүйесінің орны маңызды, себебі кәсіптік құзіреттілігі жоғары мамандар мемлекет дамуының кепілі. Демек, студенттерді үздіксіз өз бетімен білім алуға, білімін жетілдіруге баулып, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашыл әрі жауапкершіл, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Студенттердің оқу-танымдық субьективтік шығармашылық дербестігін дамытатын оқу үрдісін ұйымдастыру, тиімді әдістерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу, біліктерін қалыптастыру, іздену аясын кеңейту оқу орындарында өзекті мәселе болып табылады.

«Құзыреттілік» сөзі француз тілінен «заңға сай», ал латын тілінен «қабілетті», «жетік» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар құзіреттілік ұғымы « білім», «біліктілік» , «әдет» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар, студенттердің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін көрсетеді.

Кәсіби құзыреттілік ұғымы Б.С.Гершунский еңбектерінде сауаттылықтан басталып, менталитеттен аяқталатын даму сатысының қандай да бір деңгейін белгілейді «Кәсіби құзыреттілік» адамның өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы , өздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске деген шығармашылық және жауапкершілік қатынасымен анықталады деленген. Құзыреттілік студенттің мамандықпен ғана шектеліп қалмай, ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби молбильділігін, өзгерістерге ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз етеді.

Құзыреттілік жаңа әлеуметтік- экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамсыздандырады.

«Құзыретті маманға бағытталған сапалы білім» бағытын ұсынатын оқу орны Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде мемлекет, қоғам, жеке тұлға талабына сәйкес ақпараттық- коммуникациялық технологияны пайдалана білетін, кәсіби құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметі жүзеге асырылуда.

Қоғамдық пәндерді оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.

Білім беру саласында мемлекеттің алдында тұрған міндет 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогтың құзыреттілігін дамытуға, оның кәсіби міндеттерін шешуге әркет ету болып отыр. Жалпы білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа жүйесіне көшу педагог кадрлардан төмендегідей құзыреттіліктерді игеруін қажет етеді,арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби қызметін жоғары деңгейге көтеру және өзінің болашақтағы дамуын жобалау қабілетінің болуы;

әлеуметтік құзыреттілік- біріккен кәсіби қызметпен айналысу, бірге әрекет ету және мұғалім мамандығымен сәйкес кәсіби қатынас түрін пайдалана білу қабілетінің болуы. Өз еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершіліктің болуы;

тұлғалық құзыреттілік- тұлға ретінде кәсіби даму және тарату қабілеті;

жекелік құзыреттілік- өз мамандығының шеңберінде тұлғаның қасиетін тарата білу және дамыту түрлерін пайдалана білу, кәсіби өсу дайындығының болуы.

12 жылдық мектепте оқуды ұйымдастырудың жалпы дидактикалық қағидаларды басқа мынадай маңызды түрлері бар:

тұлғаның дамуындағы психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін еске алу;

күтілген нәтижелерге жетуге бейімделу;жан-жақтылық;интерактивтілік.

Жалпы орта білім берудің мазмұны оқушылардың білім, білік, дағды алуын ғана қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде олардың өмірге араласу құзыреттілігін шектейді. Осыған байланысты қазіргі білім беру саласындағы басты проблема әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық еңгізудің тиімді әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыратын кәсіби шеберлігі бар құзыретті мұғалімдерді даярлау, еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты екені түсінікті.Осыған орай болашақ маманның тұлғасы мыналардан көрінуге тиіс:

  • Ол шын мәнінде қоғамдық педагогикалық жүйеге ие бола алатын ынталы, шығармашылық ойлау қабілеті жетілген, өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан, еңбек пен тәртіп ережесін бойына сіңірген, гуманистік, тілдік қарым-қанасты орната алатын маман;

  • Болашақ мамандығына қажет азаматтық, адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайтын және оны өз бойына қалыптастырумен бірге оларды шәкірттеріне дарыта білетін іскер де қабілетті маман.

Мұғалім шеберлігінің басты белгісі оның психологиялық- педагогикалық жоғары әзірлігі болып табылады. Психолог маман Ә.Алдамұратов тәлім-тәрбие психологиясында ұстаздық қабілетті айрықша мән-жайы бар өзекті мәселе ретінде қарастырады. Оның өзіндік сипат қасиеттерін жеке-жеке атап көрсетеді:

1. Ұстаздың ұйымдастырушылық қасиеті- мұғалімнің оқу-тәрбие істеріне көп күш жұмсамай оларды тиімді әрі әдеттегі үйреншікті түрде жүзеге асырып отыруы. Шәкірттердің бойындағы күш-қуатымен ынта-ықыласын жандандырып отырудың әдіс-тәсілдерін жете білетіндігі. Оқушылардың сабақтан, мектептен тыс шараларды орындауға, алға қойған мақсат-міндеттерін шеше білуге үйретіп, баурап оқыту.

2. Конструктивтік қабілет- оқу-тәрбие материалдарын жоспарлы түрде іріктеп алып, оларды тәлім-тәрбие ісінде жүзеге асырудың өнімді жолдарын іздестіру.

3.Коммуникативті қабілет- қарым-қатынас жасау мен қатынас орнату нәтижесінде жүзеге асырудың өнімді жолдарын іздестіру.

4. Экспрессивті қабілет-ұстаздың сырт пішіні, бет құрылысы сияқты жеке басының өзіндік көріністері, сөз қолданып сөйлеу жүйесі, дауыс ырғағы,т.б.

5. Перцептивті қабілет- ұстаздың сергектік қабілеті, сабақ үстінде оқушыларды бақылай отырып, олардың жай-күйін түсіне білуі.

6. Академилық қабілет- оқу үрдісінде ұстаздың уақыт мөлшерін дұрыс пайдалана білуі.

7. Дидактикалық қабілеті- ұстаздың өткізген сабағы мен оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді біліктілікпен қолдануы.

Ал XIX ғ. Өмір сүрген өз замандастары «орыс мектебінің энциклопедиясы» деп атап кеткен педагог А.И.Анастасиевтің «Халық мектебі. Бастауыш училищелердің оқушылары үшін» кітабынан үзінді келтірейік.

  1. Бірде-бір сабақты дайындықсыз өткізбе.

  2. Алдын-ала сабаққа не дайындау керектігін біліп ал.

  3. Оқушыларға түсіндіретін оқу материалын оқып, бірнеше шағын бөліктерге және әр бөлікті оқушыларға жақсылап таныстыруды ойластыр.

  4. Сабақты уақытында басып, уақытында аяқта.

  5. Оқушының сөзін бөлме, сөйлемін аяқтауға мүмкіндік бер.

  6. Ешқашан бір ғана оқушымен жұмыс істеп, қалғандарын жұмыссыз қалдырудан аулақ бол.

  7. Дұрыс және түсінікті сөйле, өз ойыңды қысқа да, тұжырымды жеткізуге тырыс,

  8. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыр, сонда сыныпта тәртіпсіздік мәселесі шешіледі.

  9. Сыныпта мең-зең көңіл-күйді болдырмауға тырыс.

  10. Оқушыларға түсіндіргеніңді сол сәтте қайталап және олардың есінде

қалуын қадағала.

  1. Түсіндіргенде үнемі көрнекіліки қолдан.

  2. Есіңде болсын, сен өзіңнің сөзшеңдігінді көрсетуге емес, оқушыларды

сөйлетуге тырысуың керек.

  1. Оқушылар алдында тек білетініңді көрсетіп, мақтанудан аулақ бол.

  2. Өз-өзіңді емес, оқытып тұрған пәніңді көрсет.

  3. Барлық уақытта оқушыларды назарда ұстауға тырыс.

  4. Ешқашан ашулы түрде сабақ берме.

  5. Сабақта өзіңді-өзің салмақты ұста, сен борышыңды атқарып тұрсың. Ал борышқа салмақты қарайды, сабаққа қатысы жоқ нәрсені айтудың қажеті жоқ.

  6. Оқушылар алдында өзіңді білімді адам ретінде ұста.

  7. «Сүйіктілерің» мен «бәрін жеткізушілерің» болмасын.

  8. Оқушыларға адамгершілігі мен үлгерімі жағынан түзелмейтіндігін бетіне баспа. Ешкімге «шығып тұр» дегенді айтпа.

  9. Ешқашан жекіп ұрыспа. Сондай-ақ ұзақ тәрбие сөздерін оқыма. Содан гөрі әзіл мен күлкіні пайдалан. Көп жағдайда қатаң түрде, бірақ айқайсыз оқушылардың фамилиясын ата.

  10. Егер бұл көмектеспессе, оқушының оны жазып алуға тиіс екенін ескерт және өз сөзіңде тұр.

  11. Жаза қолданғаныңды жазба кітабыңа түсіріп отыр.

  12. Әрқашан оқушылар үшін өмір суретініңді ұмытпа.

Қазіргі таңда колледж ұжымы мамандарды даярлауда терең де сапалы білім

берумен қатар кәсіби құзыреттіліктерін өмірде қолдануға ерекше көңіл бөлуде.



Пәні:

«Философия негіздері»

Тобы:


Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Философияның тарихи типтері.Ежелгі Шығыс философиясы.(Үнді,Қытай, Грек)

Мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзыреттілік

ә) коммуникативтік құзыреттілік


б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Үнді,Қытай, Грек философтарының философиялық ойлары туралы берілген ақпараттарды жүйелеу


Студенттің пікірін тыңдау арқылы өзіне деген сенімділігін арттыру.Аристотель.Сократ,Платон,Лао Цзы,Сюнь Цзы т.б.көзқарастарын талдау

Шығыс философтардың дүниеге,табиғат,адамның ой санасы туралы пікірлерін анықтау.

Сабақтың типі:

Дәріс-жаңа білімді хабарлау

Сабақтың әдісі:

Әңгіме, түсіндіру, баяндау. Оқу ақпараттарын алгоритмдеу, талдау.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:


«Категориялық топтастыру», « Зерттеу шеберханасы»

Пәнаралық байланыс:

Тарих,мәдениеттану,саясаттану және әлеуметтану, информатика .

Қолданылатын көрнекіліктер:

Компьютер, интерактивті тақта, тірек-сызбалар,портреттер т.б.

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі

Студенттермен амандасу.

Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындау. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

Студенттермен мен амандасу.

Сабақтағы жұмыстарға дайындалу.



Коммуникативтік құзыреттілік- оқытушының талаптарын түсінеді, орындайды;

Өзара түсінік қалыптасады;

Проблеманы шешу құзыреттілігі- нақты мәселелерді шешуге үлес қосады,

Аудиторияда студенттердің білім алуына қолайлы жағдайлар жасайды;Танымға қызығушылық туғызады;





hello_html_3cb0397.gif



hello_html_7449724b.png










hello_html_m11267879.png




hello_html_m68e35d08.png







hello_html_m56fc07fd.png



hello_html_1a6b05b9.png





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасы.

3. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру

жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005

4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»

(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008

5. «Қазақстан мектебі» журналдары, 2010,2013 жыл.

6.



«Қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың жолдары»
  • Директору-завучу
Описание:

«Қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық технологияларды   пайдаланудың жолдары»

 

                                                            Кидришева Айнагуль Уразаевна

                         Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж қоғамдық  

         пәндер кафедрасының   оқытушысы.

                                              

 

           Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі-әлеуметтік,экономикалық өзгермелі         

     жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай,сонымен қатар оны жақсартуға

     игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.

           Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи   танымдық, педагогикалық-психологиялық, технологиялық тұрғыдан сауатты және АКТ-ны жанжақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған  маман болу талап етілуде.

          Жаhандану заманында Қазақстанда жас ұрпаққа  әлемдік стандартқа сәйкес білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

   Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж – Қазақстан Республикасына танымал ғасырға жуық тарихы бар арнайы кәсіби оқу орындарының бірі. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті саналы ұрпаққа сапалы білім беріп, құзыретті маман даярлайтын киелі білім ордасы.

           Колледжде  «Құзыретті маманға бағытталған сапалы білім» ұранымен мемлекет, қоғам, жеке тұлғаның талабына сайкес АКТ пайдалана білетін,  кәсіби құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметі жүзеге асырылуда.

 

   Колледжді  дамытудың тұжырымдамасы мен бағдарламасы күтілетін нәтижеге бағытталып жасақталған,педагог өзінің кәсіби және тұлғалық сапаларын дамытады. Біз студентті тұлға деп есептеп, оған өз бетімен білім алуға жағдай жасаймыз, оқу-танымдық қызметін ұйымдастырамыз. Білім сапасының белгіленген деңгейіне нәтижеге жеткізетін құзыреттіліктер мен ұлттық құндылықтардың ұстанымдарына негіздеу арқылы жетудеміз. Жаңа білім беру стандарттарына енгізілген ақпараттық, коммуникативтік,проблеманы шешу құзыреттіліктерін студенттердің бойында қалыптастыруда колледж ұжымы бес жылдан бері жұмыстануда. 

Автор Кидришева Айнагуль Уразаевна
Дата добавления 12.03.2015
Раздел Директору-завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров 676
Номер материала 57849
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓