Главная / Другое / Өнермен өрнектелген өңір

Өнермен өрнектелген өңір

Г.З.Нартбаеава

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Әулиеағаш орта мектебі


«Өлеңмен өрнектелген өңір» оқырмандар конференциясы

Кіріспе сөз:

І

Сәлеметсіздерме қадірменді оқырмандар, қонақтар!

« Өлеңмен өрнектелген өңір» атты оқырмандар конференцясын бастауға рұқсат етіңіздер.

«Ең қымбат сыйлық, ең қымбат қазына кітап»

Жақсы кітап, ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Адамды рухани байытатын, ақылдылыққа, білімділікке жетелейтін де кітап. Осындай тот баспайтын асыл маржанымызды дүниеге әкелетін ақындар мен жазушылар.


Қазақ елі ақынға да, жазушыға да бай. Жазиралы Жаркент өңірінің өрінде шығармасымен оқырмандарын ойлантып, жандарына демеу, өміріне себеп болатын жүрек тербейтін жандар аз емес. Ақындық өнердің желкенін тербеткен, әдебиетті өнер өріне жеткізген өнер иелерінен кенде емес. Атап айтқанда, ақындық өнер мектебіміздің негізін қалаған Тоқбай Исабеков, әдеби өнерінің майталманы Әдепхан Төреханұлы, сазгер ақын қаламгер Базархан Жақыбаев өрнекті өлеңдерімен оқырмандар жүрегіне жылу сыйлаған Исламғали Үркімбайұлы, Молот Мұсаұлы, Бағдат Бейсенқызын айтуға болады.

Біздің мектепте сол ақындардың шығармаларын оқып, өмірлерімен танысып өздеріне үлгі тұтатын жас оқырмандар аз емес. Солардың біразы бүгін ауданымыздың ақындары туралы сыр шертіп, ой- толғаныстарын ортаға салмақ. Енді соларға кезек берейік.


  1. Ақындық өнердің тоғыз қырын меңгерген ақын атамыз Тоқбай Исабекұлы Теңізбай тегінің шығармаларына берейік.

Баяндамашы: 10сынып оқушысы Б.Тоқтасын

  1. Өмірі өнегелі, өрісін кең жайған мәуелі байтеректей ақын атамыз Әдепхан Төреханұлының шығармашылық ғұмырына ден қойамыз.

Баяндамашы: 10сынып оқушысы Н.Тұрағалды

  1. Есімі Жетісу жұртшылығына танылған ақын, сазгер Базархан Төреханұлы Жақыбаев атамыздың сезімге, табиғат сырына толы өлеңдеріне кезек берейік.

Баяндамашы: 9сынып оқушысы Б.Бектурғанова


  1. Рухани дәруменге бай, оқырманның жүрегінен жол тапқан ақын Исламғали Үркімбайұлының шығармаларына жол берейік.

Баяндамашы: 11сынып оқушысы Ш.Асқар



  1. Желтоқсан оқиғасының куәгері аудандық «Жаркент өңірі» газетінің редакторы, сыршыл ақын әпкеміз Айтмұқаева Бағдат Бейсенқызының шығармаларына тоқталсақ.

Баяндамашы: 10сынып оқушысы М.Құрманбек


  1. Ұстаздық пен ақындықтың тізгінін қатар ұстап келе жатқан «Елтінді батыр» атындағы орта мектептің директоры ағамыз Молот Мұсаұлының өлеңдеріне кезек берейік.

Баяндамашы: 10сынып оқушысы А.Әбдібек

ІІ бөлім


2.«Ақын-елдің ардағы» атты көрмемізбен таныстырайық


3. Ақындарымыздың өлеңдерін жатқа айтып өз бойларына қайсарлықты, батырлықты, адамгершілікті сіңірген жас жеткіншектерге кезек берейік.

М.Мұсаұлы «Жазым өтіп барады»,Ә.Төреханұлы «Әке өсиеті»,Б.Жақыбаев «Жетісудың ұлымын»,И.Үркімбайұлы «Жер- ана»,Б.Айтмұқаева «Аққала», «Аяз», «Сырғанақ»,Т.Исабеков «Тұған жер».

4.Ақынға елім менің емес кенде,

Шың тұрса аялдамас белестерге.

Жалғасын жақсы жырдың дөп жазыңдар,

Шабыттың айдарларыңнан желі ескенде – деп жас ақындарымыздың арнау өлеңдеріне кезек берейік.



5. Ән Әдепхан Төраханұлының сөзіне жазылған Базархан Жақыбаевтың әні «Саят» орындайтын Мухтар Турдиев





6. Ақындарға лайықты сұңқар қылық,

Жүйрік те жабы емес, тұлпар мініп.

Кету үшін келдік біз бұл өмірге

Ұлы бәйге алаңын бір шаң қылып – дей келе

ақын аталарымызға сөз берейік.



ІІІ бөлім

Қорытынды


Жетісу өңірінде небір майталман ақындар, өнер иелерінің шығармалары, киелі мұралары ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып жаңарып, өзіндік бір үлкен сарқылмас қазынаға айналған.

Ақын елміз даламызда жыр ескен

Табиғаты өлеңімен ілескен

Ел бірлігін жырға қосқан бабалар

Елі үшін өлеңі мен күрескен –дей келе қаламын қару етіп, кестелі сөз өнерін жанына серік қылған Жаркенттік ақын жазушыларымызға төл туындыларыңыз ұлтымыздың өркендеуін, еліміздің ынтымағы мен бірлігін, берекесі мен ырысын насихаттап, жас ұрпақты жақсылыққа бастайтын бағдаршамына айнала берсін деп тілей келе - кешіміздің бірінші бөлімін аяқтаймыз.









Өнермен өрнектелген өңір
  • Другое
Описание:

«Ең қымбат сыйлық, ең қымбат қазына кітап»

Жақсы кітап, ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Адамды рухани байытатын, ақылдылыққа, білімділікке жетелейтін де кітап. Осындай тот баспайтын асыл маржанымызды дүниеге әкелетін ақындар мен жазушылар.

Қазақ елі ақынға да, жазушыға да бай. Жазиралы Жаркент өңірінің өрінде шығармасымен оқырмандарын ойлантып, жандарына демеу, өміріне себеп болатын жүрек тербейтін жандар аз емес. Ақындық өнердің желкенін тербеткен, әдебиетті өнер өріне жеткізген өнер иелерінен кенде емес. Атап айтқанда, ақындық өнер мектебіміздің негізін қалаған Тоқбай Исабеков, әдеби өнерінің майталманы Әдепхан Төреханұлы, сазгер ақын қаламгер Базархан Жақыбаев өрнекті өлеңдерімен оқырмандар жүрегіне жылу сыйлаған Исламғали Үркімбайұлы, Молот Мұсаұлы, Бағдат Бейсенқызын айтуға болады.

Автор Нартбаева Гуллназ Замзатовна
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 263
Номер материала MA-064623
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓