Главная / Другое / Өнер - өмір өрнегі

Өнер - өмір өрнегі

Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге...

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Өмір жолының ,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

  • Оқушылдарды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Шаттық шеңбері Ә.Тәжібаевтың «Өмірді аяла»өлеңін шеңберде тұрып оқып шығу.

Әңгімелесу

  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Қандай жағдайда адам өз өміріне риза болады?

  • Өмірден адам өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • Адамның өмірдегі орнын табуға өзін –өзі танудың ықпалы қандай?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек меңгерту мақсатында О.Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін оқып талдау ұсынылады.

Оқу ақпараты «Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана отырып,өзінің өмір жолын табуға ұмтылады Әр адам өз өмірін ақниет,адал істерге бағыттап, рухани-адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады.»

Ойланып көрейік Көрнекті турколог,академик Ә.Қайдардың өмір туралы, өмірдегі жақсылық пен жамандық туралы ой толғауын оқу.

Тыныштық сәті Балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып өздерін жақсы сезінуі үшін тыныштық сәті өткізіледі.

Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі өздеріне ұнаған үзінділерді дәптерге жазып алуды тапсыру.

Жүректен жүрекке Сабақты қорытындылап,аяқтау мақсатында оқушылар шеңберге жиналып:

Өмірге келдім анамды көрдім, деді ол маған..... деген ойды жалғастырып,өз тұжырымдарын жасайды.



Өзін- өзі тану .8-сынып.1-тоқсан.

2-ші сабақ. 9-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге...

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Өмір жолының ,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

  • Оқушылдарды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп,белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Шаттық шеңбері Әсет Бейсеуовтың «Өмір жыры» әнін үнтаспадан тыңдау.

Жағдаятты талдау Аңыз әңгімеден үзіндіні оқып,берілген жағдаяттарды талдау.

Дәйексөз Немістің көрнекті жазушысы Т.Манның: «Өзін-өзі таныған,өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды» деген сөзіне оқушылардың назарын аударту.

Дәптермен жұмыс Білім-біліктерін тиянақтап,қорытындылау мақсатында дәптердегі екінші тапсырманы орындау.

Түйіндеме Балаларға адамның ойлаған ойы мен алдына қойған мақсатына жету жолы туралы онда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын түсіндіру мақсатында оқулықта ұсынылған тапсырманы орындау.

Дәптермен жұмыс 6-шы сабақта берілген «менің түйгенім» тапсырмасын орындау.

Мәтінмен жұмыс Н.Әжіғалиевтың «Есіңде мәңгі қалғалы келгем» атты өлеңін өз бетінше оқу.

Дәптерменжұмыс Дәптердегі 3-ші тапсырманы орындау.

Жүректен жүрекке Оқушылар шеңберге жиналып, оқулықта берілген пікірді жалғастырып, бір-біріне жылы тілектер айтады.







Өзін- өзі тану .8-сынып.1-тоқсан

3-ші сабақ. 16-шы қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өнер – өмір өрнегі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани-адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;

  • Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

  • Өмірді сұлулық,жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың адам өмірпіндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Шаттық шеңбері Ерік Әбіш Шер- Нұрұлының «Өмір-өнер»өлеңімен танысып шығу.

Әңгімелесу.

  • Адамды өмірдің жасампаздықпен қабылдауын қалай байқауға болады?

  • «Өнерлі адамның өмірі бақытқа,шаттыққа толы» дегенге қалай қарайсыңдар?

  • Өнердің адам өміріне ықпалы қандай?

Ойланып көрейік Танымал ғалым,философ-әдебиетші З.Серікқалидың «Дүниетану даналығы» атты ой толғауымен танысып шығу.


Тыныштық сәті Оқушыларға әуен тыңдатып, көңіл күйлеріне әсер ету.


Мәтінмен жұмыс І.Есенберлиннің шығармасының үзіндісімен танысу.


Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген 1-ші тапсырманы орындау.


Жүректен жүрекке Оқушылардың қалауы бойынша ,өздеріне ұнаған әндерін атқызу.











Өзін- өзі тану .8-сынып.1-тоқсан

4-ші сабақ. 23-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өнер – өмір өрнегі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани-адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;

  • Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

  • Өмірді сұлулық,жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың адам өмірпіндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңберге жиналып ,кезекпен бір-біріне: «Мен сенің өміріңе.... тілеймін»,-деп,жылы тілектерін айтады.

Тапсырма Оқушылардың адам өміріндегі,адамзат тарихындағы өнердің құндылығы жөніндегі білімдерін кеңейту мақсатында оқулықта ұсынылған «Әлемнің жеті кереметі»деген атпен мәңгілік мұра болып қалған өнер туындыларымен таныстыру.

Дәптермен жұмыс Мәтіннен алған білімдерін, білікткрін өз елінің сұлу көріністерімен,өз шығармашылықтарын ұштастыру мақсатында дәптерде берілген 2-ші тапсырманы орындау.

Оқу ақпараты «Өнер адамды асқақ сезімге бөлеп,жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет.Ол өмірді кемелдендіріп,ізгілік шуағын таратады.Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын,сүйіспеншілігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген ерекше көзқарасына ықпал етеді.Адамның өмірі ,пейілі және іс-әркеті оның өзіне деген махабатының көрінісі,өнер арқылы өмірге деген көзқарасымызды білдіреміз.Нағыз өнер адамның игілігіне қызмет етеді».

Шығармашылық жұмыс Өнер туындыларының,өнерпаз адамдардың өмірлік ұстанымдарын,өзін қоршаған ортаға қалай әсер ететіндігін оқушылардың терең сезіне білулеріне,өз басынан кешіруіне септігін тигізу мақсатында оқулықта берілген «Әнші мұраты» мәтінін сахналауды тапсыру.

Дәйексөз Б.Момышұлының «Өнер-адамның рухани азығы,ол халықтың бүгіні мен келешегі,арманы мен қиялы,жалпы болмысы» деген сөзін жан-жақты талдау оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтуға көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс «Қос өнерпаз»атты ел аузынан алынған мәтінді оқушылар өз бетінще оқиды.

Түйіндеме Оқулықта берілген тұжырымдамалармен оқушыларды таныстыра отырып,әр баланың жеке көзқарасын анықтау.

Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып,төмендегі өлең жолдарын барлығы хормен айтады:

Өнер деген қазына шығар өрге, Жігеріңді арттырар қамыққанда

Тұта білсе, ақыл-ой берер елге. Жарық сәуле, ізгілік келер шаққа.


Өзін- өзі тану .8-сынып.1-тоқсан

5-ші сабақ. 30-шы қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Мақсат-жетістік желкені

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білу және өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;

  • Рухани-адамгершілік құндылықтарды басшылыққа ала отырып,оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;

  • Оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке,сенімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушыларды өз болышығы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету.

Шаттық шеңбері Барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер жасап,үнтаспадан әншінің орындауында А.Беляевтің сөзіне жазылған Б.Қажымұқановтың «Мақсат-бақыт бастауы» әнін тыңдау.

Әңгімелесу

  • Мақсат адамға не үшін қажет?

  • Мақсат пен арманның айырмашылығы неде?

  • Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серік етуі керек?

  • Адамның өмірлік мақсатын айқындаудағы өзін-өзі танудың орны қандай?


Мәтінмен жұмыс Балалар өзара пікір алмасып,ой тұжырымдарын жасағаннан соң оқулықтағы «Оқып үйренейік!» айдарында берілген аңыз әңгімемен танысып шығады.


Өзіммен-өзім Күйтаспадан баяу дауысы бар әуен қосып,балалар ыңғайланып отырады.Олар жеңіл және ұнамды болатындай етіп еркін тыныс алады.Көздерін ашып,қайта сабаққа оралады.


Оқу ақпараты Оқулықта берілген ақпаратты оқушылар өз ойларымен толықтырады.Оны жауаптарымен байланыстыра,салыстыра отырып талдайды.


Жағдаятты талдау Жағдаятты шешу барысында оқушылардың пікірталасы мақсатты адами құндылықтарды жан-жақты қамтуы,яғни кейіпкердің өз ойын таба алмай қиналуы оның өз басын ғана ойлап,жетістікке ұмтылуда адамның жанына қуат беретін ата-ана,Отан,махаббат т.с.с құндылықтардың тыс қалуы төңерегінде жүргізіледі.


Дәйексөз «Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық»деген дәйексөздің негізінде адамның өмірі мақсатсыз болмайтындығы айтылады.Ол сонымен бірге көздеген мақсатты нақты белгілеп, бар ақыл-ойын, күш-жігерін соған бағыштағанда ғана оның өмірі мәнді болатынын түсіндіру.





Өнер - өмір өрнегі
  • Другое
Описание:

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Оқушылардың «Өзін-өзі тану»пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып,өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;

Оқушылардың өмірдегі ұстанымын,болашағын анықтауына,оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып,адамның қайталанбас тұлға екндігі туралы түсініктерін дамыту;

Әр адамның қайталанбас тұлға екндігін есте тұта отырып,өзін-өзі түсіну,өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;

Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.

Автор Хаскеева Гульфайрус Хайрболатовна
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1076
Номер материала MA-064476
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы