«Назарбаев және Қазақстанның заманауи тарихы»
Мақсаты:
1.Қазақ халқының
тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып
білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке,
азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің
Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев «Еліңнің ұлы болсаң, еліне жаның ашыса, азаматтық
намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыс мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында
жан тереңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екенінді ұмытпа!»
Барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Мұғалімнің сөзі.
Құрметті
ұстаздар, оқушылар! Алдымызда үлкен мереке қүтіп тұр. Бұл мереке тарихи
күн,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы .Осыған орай
«Назарбаев және Қазақстанның заманауи тарихы» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Өмірбаяны:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең
ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей
таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету
керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз
өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын
маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы
оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз
еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск
қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна
пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық
комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және
республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.
Қазақстан
республикасының алғашқы және қазіргі президенті Н.Ә.Назарбаев тек қана біздің
ел ғана емес, әлем таныған саяси тұлға. Елбасының саясаты арқасында қазіргі
кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап тұр.
Заманбек:Президент болу – мәртебе,
Ол –Алланың
қолдауы.
Ел басқарған Нұр
аға,
Жол көрсетті
жолдауы.
Қазақ деген
халықтың
Бағына туды
Нұраға.
Сынынан өтсек
нарықтың,
Арқаңыз сіздің,
Нұраға.
Тілейді сізге бар
халық,
Амандық, саулық,
Нұраға!
Азамат:Халық оны сыйлап, мақтап, қолдаған
Ел басымыз бізге
бақыт сыйлаған.
Халық оны
президент қып сыйлаған,
Елдің, жердің
парасатын ойлаған.
Диана:Ұзақ ғұмыр
кешсін біздің елбасы,
Жері көркем,
Астана әсем ордасы
Төрге шығып
елбасымыз жасасын,
Елбасымыз жерге
әйгілі данасын.
Елбасымыз қадам
басып шындасын,
Жамандық ешқашанда
болмасын.
Нұрсәт: Боламын
мен елбасымыз сияқты
Елбасымыз батыл,
қайрат, ардақты.
Мұң шалмасын
елбасының көңілін
Асқақтай берсін,
жалғастырып өмірін,
Елбасының ойлы,
жылы жүрегін
Орындаймын
елбасының тілегін.
Мұғалім:
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың
жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың
басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп
келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл
өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Алтынбек: Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Несівелді:Ауыр күнді
артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Мұғалім: 1991-
2016 жылдары аралығында қандай жетістіктерге жеттік?
(әр оқушы
әр жылды айтып шығады, сонда қағаздың екінші бетіндегі әріптерден "Жаса,
ҚАЗАҚСТАН –Президент!" деген сөз шығады).
1991 жыл-
республика
жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті
етіп сайланды.
Тәуелсіздік алған жыл. Қазақ халқының тұнғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарықа
самғады.
1992 жыл- Мемлекеттік
рәміздер бекітілді. Наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық.
1993 жыл- Тұңғыш
Конституция қабылданды. 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы
–Теңге айналымға енді.
1994 жыл- Мемлекетіміздің
тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш
ғарышкері Талғат Мусабаев ғарышқа ұшты.
1995 жыл- Жаңа Конституция
қабылданды.
1996 жыл-
30
қантарда Қазақстан Парламентінің 1-сессиясы өтті.
Ж. Жабаевтың 150
жылдығы тойланды.
1997 жыл- Елордамыз
Астанаға көшірілді. «Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды
. «Қазақстан-2030» старегиялық бағдарлама қабылданды.
1998 жыл- 10
маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды .Халық тұтастығы мен ұлттық
тарих жылы.
1999 жыл- 10 қантар
Президент сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге Президент
болып қайта сайланды. Ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000 жыл- Мәдениетті
қолдау жылы.
2001 жыл- Қазақстандағы
Ресей жылы.
2002 жыл- Денсаулықты
нығайту жылы. 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы
өтті.
2003-
2005жылдары- Ауыл
жылы.
2004 жылы
–Денсаулық
жылы
2005 жылы-4
желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы болды.
2006 жыл- Тәуелсіздікке-
15 жыл. 7 қантарда жаңа әнұран қабылданды.
2007 жыл- Қазақ
тілін қолдау жылы.
2008 жыл –
Астанаға
10 жыл.
2009 жыл- Қазақстанның
Украинадағы жылы.
2010 жыл –
ЕҚЫҰ
саммиті.
2011 жыл -
Қысқы
Азиада
2012 жыл
– ЭКСПО
-2017
2013 жыл – «Бір
халық, бір ел, бір тағдыр» ҚР Президентінің Жолдауы
2014 жыл – ҚР
Президентінің Жолдауы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»
2015 жыл –
Қазақ
хандығының – 550 жыл, Қазақстан Ассамблеясына – 20 жыл; Ұлы Отан соғысына 70
жыл
2016 жыл –
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл
Мұғалім: Төле би
сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:
Біз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың саясатын қолдаймыз. Әрқашанда Президентімізді мақтан
тұтамыз!
«Осы
тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ
елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.