Главная / Начальные классы / 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Мұғалім: Армысыздар, құрметті аналар және біздің ару қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

-Қош келдіңіздер, құрметті аналар, қыздар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Мұғалім:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар, - дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет, - деген екен пайғамбар. Олай, балаларыңыздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.


(оқушылар аналарға өлеңдерін оқиды)


Айтуар:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Айдана:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Аружан:

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Еміп өскен бөбекпіз,

Анамыздың мамасын.


Нұрасыл:

Мен үшін не керек-

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенше

Шын сағынып қаласың.


Айлана:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


Жұмабике:

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.


Қасымжомарт:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Әжем айтып береді.

Дарина:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!


Сабина:

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.


Амина:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам.


Мұғалім:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.


Мұғалім:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.


Хормен:

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен.


Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»


«Кімнің дауысы, тауып көр!» ойыны.

Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.


Ән: «Ах, какая мама»


(жылы лебізді музыка ойнап тұрады).


Нұрасыл:

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.


Мұғалім:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


(қыздарды орындарынан тұрғызып, ортаға таныстыру)


«Кім тапқыр» ойыны.

Сұраққа тек қана қыз балалар ғана жауап береді.


Мұғалім:

1. Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалтты? (хрустальді туфли)

2. Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, ең мейірімді жан деп кімді атаймыз? (ана).

3. Бақа ханшайымы шын өмірде кім болған? (Василиса Прекрасная)

4. Қызыл Телпекті бәрінен көп кім жақсы көрді? (апасы)

5. Майсыз дәмді ботқаны қалай пісіруге болады? (әзіл: үлкен махаббатпен).

6. Ананың көңілі балада, ... жалғастыр (баланың көңілі далада).

7. Қыздар атаулары кездесетін ертегілерді атаңыз. (Золушка, Түйме қыз, Мақта қыз бен мысық және т.б.).

8. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
9. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
10. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
11. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
12. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
13. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
14. Көкөністен дайындалған салқын тағам (салат)


(ұлдар қыздарға арнап өлеңдер оқиды)


Нұрасыл: (Аружанға)

Аружан сұлу көрінеді білімімен,

Мінезі де ашық, жарқын достарымен.

Бар болса қолындағы нәрселерін

Аямай бере салад шын көңілден.

Айтуар: (Жұмабикеге)

Жұмабике сұлу көрінеді мінезімен,

Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.

Сөйлегенде бар адамды баурап алып,

Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.

Қасымжомарт: (Аминаға)

Амина сұлу көрінеді күлкісімен,

Майысып, ашық көңіл мінезімен.

Аминаның достары көп әрқашанда

Құрметтейді, жақсы көріп шын көңілден.

Нұрасыл: (Сабинаға)

Сабина сұлу көрінеді көңілімен,

Қамқорлы, жанашыр мінезімен.

Ешкімді ешқашан да ренжітпейді

Өзінің бойына біткен қасиетімен.

Айтуар: (Даринаға)

Мадина сұлу көрінеді өрнегімен,

Тиянақты, ұқыпты мінезімен.

Достарымен әрқашан да ойнағанды

Жақсы көред күлгенді шыныменен.

Қасымжомарт: (Айданаға)

Айдана сұлу көрінеді өнерімен,

Жазуды жазады ғой жан тәнімен.

Ұнатады ән айтып, билегенді

Қатысып жүр өзінің өнерімен.

Нұрасыл: (Айланаға)

Айлана ерке көрінеді мінезімен,

Көңілді, күле береді шыныменен.

Сөйлейді шеберлікпен сөзді әрқашан

Баурайды адамдарды жан тәнімен.


«Сөз құра» ойыны.

Қыздардың алдына әріптер беріледі, әріптерден сөз құрайды, сөздерінде өз есімдері шығуы қажет.

Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру гүл өсірумен бірдей! «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады.


"Золушка биі" ойыны.


Золушка әрдайым билегенді ұнатқан. Бірақ оның билеуге бос уақыты болмағандықтан жұмыс істеп жүрген кезінде би билеп үйренген.


Золушканың киім үтіктеп, гүл суғарып, ыдыс- аяқ жуғанда, шаң сүрткен кезде билеп жүргенін көрсетіңдер.


Мұғалім:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған.


«Сыңарын тап» ойыны.


  1. Ананың сүті - бал, баланың тілі - бал.

  2. Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

  3. Ата – бәйтерек, бала - жапырақ.

  4. Ана алдында –құрмет, ата алдында –міндет.

  5. Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

  6. Күннің шуағы –жылы, ананың құшағы –жылы.

  7. Баланың ұяты -әкеге, қыздың ұяты – шешеге.


Мұғалім:

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасыңдағы, кәрің де.

Сыйынар ем болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем «Ана» деген тәңірге!


«Не тәтті?» әңгімесін еске түсіру.


«Жұмсақ алақан» ойыны.

(ата-аналармен ойналады)

Басқа балалардың арасынан ана өз баласын қолынан тану керек. (жабық көзбен)


Бәрі қосылып:

Ана-біздің гүліміз,

Ананың біз гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Жұмабике:

Ана – ұстаз.

Айдана:

Ана – дәрігер.

Сабина:

Ана – ғалым.

Дарина:

Ана – ақын.

Амина:

Ана – жазушы.

Аружан:

Ана – қоғам қайраткері.

Айлана:

Ендеше, барлық аналарға құрметпен бас иеміз.

Мұғалім:

-Ана – отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балаларының бақытты болуын қалайды. Біз аналарды сыйлаймыз, құрметтейміз.

Олай болса, бүгінгі аналар мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды!


Ән: «Тұсау кесер»

Мерекелеріңіз құтты болсын!






8 наурыз мерекесі құтты болсын!
  • Начальные классы
Описание:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті аналар және біздің ару қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

-Қош келдіңіздер, құрметті аналар, қыздар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Автор Тленкенова Нургуль Камзатовна
Дата добавления 25.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 168
Номер материала MA-065852
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓