Главная / Начальные классы / Нан отанның байлығы

Нан отанның байлығы

Нан отанның байлығы

Тақырыбы: Бар байлықтың бастауы – нан
Мақсаты:
1. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, нан түрлері, ұннан жасалған тағамдар.
Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біздер «Бар байлықтың бастауы – нан» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
І. Ұйымдастыру бөлімі. Қызығушылықты ояту.
«Нан туралы аңыз»
- Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.
- Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.

- Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды.

Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді.
- Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен
Топқа бөлу 1 - топ «Алтын дән» 2 - топ «Береке» 3 - топ «Дастархан»
Сабақтың кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Нан туралы тақпақтар
3. «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар»
4. мақал айтып, жұмбақ шеше білейік
5. Үй тапсырма «Нан – ардақты адал ас» ұннан жасалған тағамдарды таныстыру
6. Қорытынды Бейнежазба көру (Сұрақ - жауап)
7. Хор «Ақбидай»
І - бөлім Таныстыру
Ендеше, әр топ өз атын, ұранымен таныстырып өтсін.
І топ «Алтын дән»
Ұраны: «Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»
ІІ топ «Береке»
«Ас жүрген жер - береке»
ІІІ топ «Дастархан»
«Дастархан дәмі - киелі»
ІІ - бөлім
Нан туралы тақпақтар
«Алтын дән» тобы
1 - оқушы: Нан – ардақты адал ас,
Кәрі - жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.

2 - оқушы: Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.

«Береке» тобы
1 - оқушы: Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан өседі,
Нан – жемісі ол кешегі.

2 - оқушы Нан - өмір,
Жеміспен алып келген кешегі.
Нанға пірім деп,
Жырым деп табынам.

«Дастархан» тобы
1 - оқушы: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

2 - оқушы: Еліміздің құдіретін асырып тұрған
Менің де,
Сенің де,
Оның да мерейін үстем қып тұрған
Ол - Нан!

Хормен:
Нанды кім қорлайды,
Аштықтан сол сорлайды.

ІІІ бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар»

1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3. Нанды аяқ астына тастама.
4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
5. Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.

6. Ас жүрген жер – береке..
7. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
8. Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
9. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

10. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
11. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
12. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
13. Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
14. Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.

15. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
16. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
17. Дастарханнан аттауға болмайды.
18. Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
19. ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

ІУ - бөлім. Нан туралы мақал айтып, жұмбақ шеше білейік

1. Әр топ білгендеріңше мақал айту
2. Жұмбақтар шешу
1. Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)
2. Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (таба нан)
3. Келіге түйіп ақтадым не? (тары)
4. Шеңберлі есігі бар,
Жүздеген тесігі бар
Ішіне кіргендердің
Ұсағы жол табады
Ірісі тор қабады. (Елеуіш)

Өлеңнің ұйқасын тап

1. Қайнатса апаң балқаймақ
Бізді де шақыр.... ( айқайлап)
2. Халықтың дәмі қалауы
Жараттық біз де... (палауды)

3. Қырда жүрсең күн ұзын
Сімір қазақ... (қымызын)

4. Салқын сүт
Сарқып... (жұт)
V бөлім. «Үй тапсырма»
«Нан – ардақты адал ас» тақырыбында ұннан жасалған тағамдардан жасап әкелген тамақтарын қорғау

Қорытынды: Бейнежазба көру Сұрақтар қою
«Ақ бидай»
Әні: Е. Хасанғалиев
Ақ бидай – әнім, ақ бидай – дәнім,
Ақпейіл – халқым, ақпейіл – әр үй.
Еңбегі – шежіре, ерлігі – дастан,
Қазағым осы, дәулеті тасқан!

Дәм - тұзға толы дастарқан дала,
Күн сайын думан, күн сайын – жаңа ән.
Күмбірле күйдей көңілдің хошы,
Мерейі асқан қазағым – осы!

Нан отанның байлығы
  • Начальные классы
Описание:

Автор Космуканова Нуржайнат Муратовна
Дата добавления 22.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 819
Номер материала 59662
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓

Похожие материалы