Главная / Начальные классы / Мың алғыс, саған Әліппе!

Мың алғыс, саған Әліппе!

Тақырыбы: Мың алғыс, саған Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау.Эстетикалық талғамдарын тереңдету.Оқуға,білімге деген сүйіспеншілігін арттыру.Өзін-өзін басқаруы мен ана тілін,туған жерін,Отанын сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: Мерекелік ертеңгілік

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер: «Мың алғыс, саған Әліппе!», «Білім кілті-Әліппе»,шаралар.

Жүру барысы:

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Алтын күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына еңген 1 «а» сынып оқушылары бүгін бір асудан асты.Алғашқы рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

(ақсақал немересін жетектеп шығады)

Алпыста атай жетектеп. Келе жатыр көшеде:

-Қайда әлгі мектеп-деп.

Алпыс келеді сүрініп,алты келеді жүгіріп.

-Балам,балам жақсы бол!

Міне сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол теңтегім.

Немересі: -Менің қарыс маңдайым,

Балаң болам талапты.

Тәртіп сақтап әрдайым,

Жақсы оқимын сабақты.

Атасы: -Айтқанымды шырағым,

Шығарма тек санаңнан.

Мектептегі мұғалім,

Кем болмайды анаңнан.

Немересі: -Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен.

Қадамымды құп алып.

1ж:-Білім нәрін алған балғын бүлдіршіңдерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!

Хор:

1ж:-Армысыздар аналар!

Бармысыздар балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз !

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр – әніміз!

2ж:- Әліппені меңгеріп,

Әріптерді таныған.

Құтты болсын тойымыз

Біз білімді балдырған.

1ж: -Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық!

1оқушы: -Бірінші қыркүйек

Келдім мен гүл алып,

Алдымнан ұстазым

Қарсы алды қуанып.

2оқушы: -Қуантып мені ағалар,

Шақыртты осы мектепке.

Қараңдар міне,балалар

Келмеппін мұнда мен текке.

3оқушы: -Мектебім қандай тамаша!

Жарқырап тұр жаңаша.

Ұстаздарым білікті

Ақтаймыз біз үмітті.

4оқушы:-Ақыл,білім көп берер

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктеймін

Сенсің өмір көктемім.

«Аққу» биі.

1ж:-Аяулым, мен саған ертегі айтайын тыңдайсың ба?

2ж:-Әрине, Аяп құлағым сенде.

1ж:-Ерте,ерте, ертеде, Ерте ме, әлде бүгін бе?Жақын ба,әлде алыс па?Беймәлім бе,таныс па, Бір ел болыпты.Бұл елдің адамдары бір-бірімен көк байрақтың астында тату-тәтті өмір сүріп, өніп-өсіпті.Елді бір кемеңгерхан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп жатқан елде бірде-бір бала білімсіз болмауын талап етіпті.

2ж: -Аяп,бұл ертегің маған өте таныс....А-а таптым-таптым сен біздің еліміз Қазақстан туралы айтып тұрсың ғой я...

1ж:-Рас, бұл ертегі біздің ел тәуелсіз Қазақстан туралы.Біздәің еліміз үлкен жетістікке жетіп тез қарқынмен дамып келе жатыр.

2ж:-Біздің 1 сынып оқушыларыда үлгілі тәртібі мен саналы білімі мен еліміздің өркендеп өсуіне өз үлестерін қосуда.

1ж:-Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Барлығы: Ол-сүйікті Әліппе!

2ж: Ендеше, ортаға Әліппені шақырайық!

-Әліппе,әліппе,әліппе!!!!!!!!

Әліппе шығады:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Менің атым Әліппе,

Болашаққа жол бастар.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден!

5оқушы: -Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

6оқушы:-Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

-Олай болса, сендерге сұрақ коямын,жауап бересіңдер ма?

1)-Алғашқы мектепті ашқан және Әліппені жазған кім?(Ыбырай атамыз)

2)-Ал алғаш Әліпбидің атасы кім?(Ахмет Байтұрсын ұлы)

8оқушы:-Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,42 әріп бар.

Хор «Әліппе»

9оқушы.-«А»-дегенім ақыл

Ата-бабам айтқан.

Асыл сөзі қауым,

Бұрыңғыдан қалған.

10оқушы:-«Б»-дегенім білім

Бізге төгер нұрын.

Байыпта де бәрін,

Білімді бол бәрін.

11оқушы: «Е»-дегенім ертегі,

Бізге сырын шертеді.

Еңбек,есті,ерлікті

Үлгі қылып ертеді.

12оқушы: «С»-дегенде салмақты

Сабырлы бол жан-жақты.

Сүйкімді бол саялы ,

Өзгелерге ардақты.

13оқушы: «Т» деген төл есімім,

Туған жер,тал бесігім.

Тәуелсіз ел-Қазақстан,

Қыран бол, қалықтаған!

-Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге дайындап әкелген жұмбақтарым бар,шешіп көріндерші, бірақ тапқан сөзді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасайсыңдар... 1.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім, Қырық екі дос- жаран (42 әріп)



2.Білімнің дәнін тереді, 3.Өзім сөзден тұрмын,

Балаға тәлім береді. (ұстаз) Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)

4.Көзге танытқан,

Сөзді дамытқан.

Ойды кеңейткен,

Озықтарға теңейткен.(мектеп)

- Жарайсыңдар балалар! Қанаттарын талмай,ешқашанда ерінбей, білім нәрін теріңдер.

Ән «Мектебім»

-Құрметті оқушылар өзіммен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың Анатілің ортаға шақырайық! Ән «Мектебім»

Ана тілі: -Сәлематсыздар ма балалар! (балалар амандасады)

-Мерекелеріңіз құтты болсын!Сендер барлық әріптерді танып,оқи алатын болыпсыңдар.--Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі мен болам.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

1ж: -Әліппе біздің білім есігін ашқаш алғаш оқулығымыз болса,Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.

Сахналық көрініс ертегі «Түлкі мен қоян».

Ағылшын мұғалімі

2ж:-Ия...Осы сыныптың балалары нақтылық пен дәлдікті ұнататын математиканы сүйіп оқиды..

Математика: -Бар ғылымның патшасы,

Менмін математика,

Қосып,азайт есепте,жаңылыспай тез сана.

Негізімді қалайтын,

Көмегімен санайтын.

Сенімді де сабырлы,

Он батырым бар менің.

-Кәне балалар есептеуді білеміз бе?.. (балаларға есеп беріледі,олар есептейді)

Ал,санамақ білесіңдер ме? (балалар айтып шығады)

-Жарайсыңдар!

Би «Чунга-чанга» қыздар тобы

Әліппе:-Балалар, сендер оқуды,есеп шығаруды жақсы игердіңіздер, Мен сіздерге ризамын.Енді сендермен қоштасамын балалар!

Хор: -Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің ең сүйікті әліппем!

Сенің арқан оқи ,жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.

Рақмет саған, Әліппе!!!!!!

Вальс биі, флешмоб биі.

1ж: Сүйікті әліппемізбен қоштаса отырып досымыздың құрметіне ән шырқайық!

Хор «Қош бол, құтты Әліппе!»

Мұғалім: -Енді балаларыма , яғни 1-ші «А» сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын толық курсын аяқтағаны үшін құттықтау ашық хатын марапаттаймын!

2ж: -Бүгінгі мереке әр үйдің «Той басы» деп саналар.Оқушылардың есімі әулеттерге таралар.

1ж: -Ырым етіп сондықтан тоймыздың соңында Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Мұғалім: -Оқитын,әрі жазатын,

Білімге қол созатын,

Оқушы болдың сауатты

Білімнің кілтін ашатын- дей келе,

-Бүгінгі «Мың алғыс, саған Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталды!

Сау болыңыздар!



























































1-ші «А» сынып оқушысы Кумискалиев Айқынға

«Әліппе» оқулығының толық курсын аяқтаған үшін беріледі.





Мектеп директоры: Турегалиева.А.З.

Сынып жетекшісі: Досалиева.М.А.

2014-2015оқу жылы









Мың алғыс, саған Әліппе!
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы:  Мың  алғыс, саған  Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппе  пәнін игеру  барысында  алған білімдерін  тиянақтау.Эстетикалық талғамдарын тереңдету.Оқуға,білімге деген  сүйіспеншілігін арттыру.Өзін-өзін басқаруы мен ана тілін,туған  жерін,Отанын  сүйіп,қастерлеуге  тәрбиелеу.

Түрі: Мерекелік ертеңгілік

Көрнекілігі:  ұлағатты сөздер: «Мың  алғыс,  саған  Әліппе!», «Білім кілті-Әліппе»,шаралар.

                                        Жүру  барысы:

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Алтын күзде  қоңырау үнімен алғашқы  білім сабағына  еңген  1 «а» сынып оқушылары бүгін бір  асудан асты.Алғашқы рет қолдарына ұстап әріп  таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

(ақсақал немересін жетектеп шығады)

Автор Есенбаева Захот Болатовна
Дата добавления 08.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 498
Номер материала 59415
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓