Главная / Иностранные языки / Моя педагогическая философия (эссе).

Моя педагогическая философия (эссе).

Менің педагогикалық философиям ...

Педагогикалық өтілімің аз бола тұра, педагогикалық философияны ойлап жазу қандай қиын?!. Педагогикалық философияны өмірлік философиядан ажырату қандай қиын? Осы сұраққа жауап іздей отырып, мен өз өмірімнің беттерін еске түсірдім.

Мен кіммін? МЕН – әйелмін, МЕН - анамын, МЕН - ұстазбын. Адам өз өмірінде қаншама рөлдерді атқарады? Кейде түсіну қиын, дәл қазір мен шынымен кіммін? Мен бір рөлдемін бе, әлде барлық рөлім қатар ма? Әлде, мен барлық рөлдерімді өз мамандығыма сыйғыздым ба? Мүмкін, менің жұмысымда мен ойлағаннан да көп рөлдер бар шығар? Ұстаз ана да, дос та, тәлімгер де, психолог та, әртіс те, шешен де, дәрігер де бола алады, ол зерттеуші де, ғалым да, статист те, оператор да, диктор да, менеджер де бола алады, кейде жұмысшы, кейде санақшы, кейде сайлаушы, кейде..., кейде...

Ия, мен өмірімді жұмыстан бөлек елестете аламын ба? Жоқ, мен үшін ұстаздық – бұл мамандық емес, өмір салты. Ұстаздық – бұл менің жаратылысым. Сондықтан, «Ұстаздық – бұл адамға берілетін сый, ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс. (В.А.Родионова)

Мен өзімнің мектеп кезіндегі өзгелердің маған көмектескен кездерін еске түсіре отырып, қазір өзім де оқушыларыма шет тілдің алғашқы әліппесін үйретуден, әлем мәдениетін үйретуден ләззат аламын. Алғашында сәтсіздіктер мен қиыншылықтар кездескенімен, біртіндеп балаларды оқыта отырып, өзімнің де оқитыныма, күн өткен сайын өз тәжірибемнің артып келе жатқанына көзім жетіп келеді. Әрбір сәтсіздіктің себептерін ізденуге үйренудемін. Мұндайда мен үшін баланың мейірімді күлкісі мен сәттіліктен кейінгі қуанышы үлкен тірек болуда. Күн сайын оқушыларымның қызығушылығы мен ынтасы артып келе жатқанын, олардың әрбір қадамына сенімділік пайда болғанын байқаймын.

Мен - ұстазбын, мен өзімнің соңымнан өзгелерді ертемін. Мен – өзімді тани отырып, өзгелерді танитын үрдістің құпияларына қатысушымын. Бұл үрдіс, әзірше, маған толық анық емес, бірақ мен өзіме жүктелген жауапкершілікті толық сезінемін, себебі маған адамдар ең құнды байлық – балаларын - оқытуға, тәрбиелеуге берді.

Менің ойымша, Ұстаз- жасампаз. Мұғалімнің күші – ұлы күш. Бұл жағдайда мұғалімді дәрігермен салыстыруға болады, тек бір айырмашылығы – дәрігердің қателігін бірден көруге болса, мұғалімнің қателігін бірден байқау мүмкін емес. Білсеңіз, баланың өмірі, болашағы, қандай қасиеттерді өзіне алатыны, қандай адам болып шығатыны, ашық мінезділігі, саналылығы, сенімділігі мен табандылығы – осылардың көпшілігі мұғалімге байланысты емес пе?

Әр түрлі сыныптарда сабақ бере жүріп, әрбір сыныптың өзінің мінезі бар екенін, ол мінез жеке оқушылардың мінезінен құралатынын, кейбір сыныптарда ерекше ахуал сақталып тұратынын, ал сол ахуалға әрбір жеке оқушының әсері тиіп тұратынын байқадым. Қатар сыныптарға бір сабақ жоспарымен кірудің өзі де қиын екенін түсіндім. Сондықтан, сабаққа дайындалар кезде әр сыныптың оқушыларын көз алдыма елестете отырып, әр сыныпқа әр түрлі әдістер мен тәсілдер ойластыру керектігін де түсіндім. Әрбір сабақтың қызықты, тартымды өтуін, әрбір оқушы сыныптан шыға бере, өзіне ағылшын тілінде, әлем тілінде аз да болса бір жаңа ұғым алып шыққанын ойластырамын.

Мен ата-аналарымның «біз енді ғана балаларымызбен ағылшын тілін оқи бастадық» дегендерін естігенде, іштей қуанамын. Мен сабақта барлық оқушылар түгел белсенділік көрсеткенде, көздерінде жаңа бір ұшқын пайда болғанда, кейде жауаптарын білгенде шыдай алмай орындарынан атып тұрып, айта жөнелгенде, жеке оқушылар ғана емес, көпшілігі солай істегенде іштей қуанамын, ұстаздық қызметіме деген мақтаныш пайда болады. Кейде сол үшін сыныпта шу да пайда болады, бірақ мұғалім режиссер сияқты, қай кезде тоқтату керек, қай кезде құптау керек, тек өзіне ғана белгілі. Мен оқушыларымның сабақтан үйренген жаңа сөздерімен келесі сабақта таңғаларлық білім көрсеткен кездерінде қуанамын, мақтан тұтамын. Мен оқушыларымның тақта алдына қорықпай шығып айтқан жауаптарын көргенде, сыныптастарымен үйренген әнді айтып жүргендерін, жаттаған өлеңдерін тиісті жерде орынды пайдалана білгендерін көргенде қуанамын, мақтан тұтамын. Мен «Сабақ тез бітті ғой. Сабақ қалай тез өтті?» деген сөздеріне қуанамын, мақтан тұтамын. Осындай сөздерден кейін ары қарай өмір сүруге құлшынысым пайда болады, тағы да бір қызықты сәттер ойластыруға асығамын.

Қазіргі кезде өте жиі айтылып жүрген «өзін-өзі оқыту», «өзін-өзі дамыту», «креативтілік» деген ұғымдар бар. Бұл сән емес, бұл кездейсоқтық емес. Кез келген өмірлік кезеңдерде олар маңыздылығын жоймайды. Өзіндік мінезі бар, әсерленгіш, темпераменті әр түрлі бүлдіршіндерді осы қабілеттерге үйрету, әсіресе өзіндік ойы қалыптасқан, сыни қарайтын жоғарғы сынып оқушыларын үйрету қаншалықты маңызды десеңізші немесе өзің туралы ойды кеңейтуге, тереңдетуге еш уақытта кеш болмайды. «Адамның әлемге деген қызығушылығы өзіне деген қызығушылығының артқанынан пайда болады»,- деген екен Ф. Бэкон.

Ал өмір ары қарай жалғаса бермек. Күн сайын оқушыға және мұғалімге түрлі, қиналатын сұрақтар қоюмен жалғаса береді: «Кімсің сен? Не істеп жүрсің? Не үшін жүрсің?». Бұл сұрақтарға жауап беру үшін оқулықтар да, әдістемелер де жоқ – алғашқы ағартушылар да осыдан мыңдаған жылдар бұрын осыны ойлаған, қазір де, болашақта да біз солай ойлаймыз, саналы түрде әрекет етеміз. Бұл – шындық.

Ең негізгісі – ұстаз өмірі шындыққа үйретеді, менен талант пен білім, білік, күшті талап етеді. Менен де, менің оқушыларымнан да өмірдің қай саласында да болмасын осыны талап етеді. Яғни, үнемі ойлану керек, іздену керек, шешімдерді табу керек...

Өз тәжірибемді ой елегінен өткізе отырып, мен дұрыс бағытта екеніме қорытынды жасаймын. Менен алған шамшырақтарын балалар ары қарай жаға алатынын, өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ағылшын тілінің мұғалімі немесе аудармашы болмайтын шығар, бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін!

Моя педагогическая философия (эссе).
  • Иностранные языки
Описание:

Автор Шоматова Асель Аскарбековна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 721
Номер материала 31939
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓