Главная / Другое / «Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тренинг

«Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тренинг

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК





БЕКІТЕМІН

Директордың әлуметтік

және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2016жыл





Тақырыбы: «Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тренингі







Дайындаған:Г.С. Байбатшаева

















2015-2016 оқу жылы


Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« »ақпан 2016ж















































«Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тренингі

Бірінші сабақ

Мақсаты: өз мүмкіндіктері мен уақытты адекватты бағалау, мәселелерді шешуде өзінің ерік жігерін талдау дағдыларын дамыту, қақтығыстық мінез құлықтың алдын алу, өз тұлғалық ерекшеліктерін бағалау, өмірлік мақсатқа жетудегі өзінің ерекше сапаларын айқындау. қатысушылардың өмірдегі шынайы мақсаттарын іздеу, болашаққа деген позитивті көзқарасты қалыптастыру.

Уақыты: 45 минут

Амандасу ритуалы

Әр қатысушы өзінің қалауынша топпен амандасады.

«Уақыт туралы елестету» жаттығуы

Мақсаты: уақытты өзіндік сезінуді саналау.

Уақыты: он бес минут

Мазмұны: Қатысушыларға уақытты қолмен ұстап көруге болатындай физикалық обьект ретінде қарау ұсынылады. Оны сурет етіп салады. Суретті салу кезінде бұрынғы өткен, қазіргі, болашақ уақытты салу керек және өзінің қай жерде тұрғанын бейнелеу керек.

Талдау: мәселені уақытында шешпей кейінге қалтыруға болама? Жоспарды уақытында жұзеге асыруға уақыт болмады деп айтуға бола ма?

Топтық пікірталас: «Бір күні уәдемде тұра алмадым»

Мақсаты: басқа адамның берген уәдесінде тұрмауын түсіну

Уақыты: он минут

Мазмұны: уақыттың жетіспеуімен байланысты басқа адамдарға берген уәдеңізде тұрмаған кездер болды ма? Осы жағдайдан кейін осы адамдарға сіздің қатынасыңыз өзгерді ме? Осы жағдайда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз. Қалай ойлайсыз болашақта осы жағдайдың орнын толтыруға бола ма?

Ақпараттық бөлім: «Уақытты бөлу ережесі»

Мақсаты: уақытты есептеуде өз мүмкіндігі бойынша адекватты дағдыларды дамыту

Уақыты: он минут

Мазмұны: Уақыт біздің физикалық әлеміміздің сипаты. Кейде сіздің уақытыңыз белгілі бір іс әрекетті жүзеге асыруға жетпей жатса онда сіз қазір және осында емессіз, аспанда қалықтап жүрсіз. Егер сіз физикалық әлемнен қол үзсеңіз, онда уақытты мүлдем білмейсіз, үнемі кешігесіз және уәдеңізде тұрмайсыз. Әр уақытта бар мәселе уақыттың жетіспеушілігінде болса , өз күшіңізге деген сенбеушілік қалыптасады. Қоршаған ортамен жағымсыз жағдайлар болмас үшін өз уақытыңызды дұрыс ұйымдастыра білуіңіз керек.

Уақытты үйлесімді өткізудің ережесі бар:

Бірінші ереже:

Іс әрекеттің маңыздылығын анықтау, (Парато принципі) Бұл принциптің қатынасы 80:20. Бұл принциптің мәні сіз қандай деңгейде маңызы бар және маңызы жоқ іс әрекетті бір біріменажырата білу. Уақыттың жиырма пайызын кетіре отырып, маңызды әіс әрекетті атқара отырып сексен пайызына қанағаттанасыз. Кейде керісінше күні бойы маңызы жоқ әрекетпен айналысасыз. Соңында жиырма пайыз іс әрекетіңізге қанағаттанасыз. Ең басты іс әрекетті маңызы жоқ әс ірекеттен ажырата білесіздерме? Осы сұраққа жауап беріңізші?

Екінші ереже:

Көптеген басылып қалған адамдар өз күштерін асырып айтуға бейім және уақытты бағаламайды. Қателесу өлшемін анықтау үшін х бірлікті үш санына көбейту керек. Егер сіз мазмұндаманы отыз минутта жазсаңыз, оны үшке көбейтіңіз, сонда дәл қажетті уақытты аласыз. Өз ойлағаныңызды орындауға үлгермей қалған кездеріңізді мысалмен жеткізіңіз.

Үшінші ереже:

Уәде беру ептілігі белгілі бір іс әрекетке келісім бермей тұрып, өз мүмкіндігіңізді талдауға үйренуіңіз керек. Өтінішке қалай жауап беру керек: «сенің өтінішіңді орындамас бұрын менің мүмкіндігім бар ма? Соны ойланып көрейін». Одан кейін жағдайды талдау қажет, тек ойланғаннан кейін жауап беру керек. Бұл сенімді адамға лайық іс.

Келесі ережелерді есте сақтаған жөн:

  • Психологиялық қысым жағдайына келісуге асықпаңыз;

  • Уақыттың кетуі мен приоритеті туралы талдаудан кейін ғана шешім қабылдаңыз;

  • Егер уәдені орындай алмасаң, «жоқ» деп айтуға дағдылан;

  • Келісімге келуді ұсын;

  • Егер сөзіңде тұрсаң? «жарайсың» деп өзіңді мақта.


Екінші сабақ


Амандасу ритуалы

Әр қатысушы өзінің қалауынша топпен амандасады.

Топтық пікірталас: «Өмір мәнін іздеу»

Уақыты: он бес минут

Мазмұны: әрбір адам өмірге белгілі бір іс әрекет арқылы мән мағына беру үшін келеді, бұл өмірдің заңы. Барлық адамдардың алдында ерте ме кешпе не үшін өмір сүретіндігі туралы сұрақ тұрады. Қандай жағдай болмасын өмір мәнінен ешқашан айырылмайды. Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

Мен өмірге не беремін?

Мен өмірден не аламын?

Менің өз өміріме көзқарасым қандай?

Өз өмірімді өзгерткім келеме?

«Менің өмірімдегі оқиғалар» жаттығуы

Уақыты: он бес минут

Мазмұны: қатысушыларға «оқиғалар сызбасын» салу ұсынылады.

«Сәттілік формуласы» жаттығуы

Уақыты: он минут

Мазмұны: көз алдарыңызға кең далада тұрғандарыңызды елестетіңіздер. Айналаңызға қараңыз. Артқы жаққа қарасаңыз кедір даланы көрдіңіз. Бұл сіздің өткен өміріңіз. Алдыңызға қарасаңыз биік таулар тұр, сіз осы биіктіде бағындырдыңыз, енді сіз білесіз қиындықпен қалай күресу керектігін. Енді алға қараңыз. Енді әдемі оазисті көресіз. Дұрыстап қараңыз. Бұл мираж немесе нағыз жазық дала. Жақындаңыз мираж көз алдыңыздан жоғалып кеткен жоқ. Батылдық танытып әдемі баққа кіріңіз. Өте әдемі гүлдерге тамсана қарайсыз. Бұл басқа адамдар отырғызған гүлдер қандай әдемі, сіз осы жерге өз гүліңізді отырғызыңыз. Енді қараңыз, сіз еккен гүлден бақ қаншалықты әдемі болды? Бұл сіздің болашағыңыз. Оны сіз өзіңіздің еңбегіңізбен өте әдемі ете аласыз. Енді бөлмеге қайтып келіп, өз сезімдеріңізбен бөлісіңіздер.

Қоштасу ритуалы

Уақыты: бес минут.

Үшінші сабақ

Амандасу ритуалы

Әр қатысушы өзінің қалауынша топпен амандасады.

«Бұрылыс» жаттығуы

Уақыты: жиырма минут

Мазмұны: Бөлменің ортасына нұсқаушы тілі бекітілген орындық қойылады. Оң жаққа жүрсең ең ауыр жолды таңдайсың, оған адам тек қателіктер арқылы ғана жетеді және қиындықтардың күрделену мүмкіндігі бар. Сол жаққа қарасаң біраз күш жігер жұмсауыңыз керек болады. Тура жүрсең ең қысқа және жеңіл жол. Бәрі өз бетімен орындалады, қозғалу үшін ерекше күш қажет емес.

Қатысушыларға бұрылыстағы тасқа келу ұсынылады және осы тастан қай жаққа бұрылатындығын айтуы керек. Таңдаудың ешқайсысы қате емес, әр адам өз жолын өзі таңдайды. Нәтижесінде үш топ бөлініп шығады. Әр топ өз таңдауын негіздей білуі керек.

Топтық пікірталас: «Мақсатқа жету үшін не керек?»

Уақыты: жиырма минут

Мазмұны: қатысушыларға келесі тақырыптарға талдау жасау ұсынылады:

Өмірде мақсат қою не үшін керек?

Мақсатқа жету үшін қандай қабілеттер керек?

Мақсатқа жетуде білімнің маңыздылығы қандай?

Нәтижеге жету басқа адамдардың көмегіне тәуелді ме?

Қоштасу ритуалы

Уақыты: бес минут.

Төртінші сабақ

Амандасу ритуалы

Әр қатысушы өзінің қалауынша топпен амандасады.

«Мен ұлы шебер» жаттығуы

Уақыты: он бес минут

Мазмұны: әрбір қатысушы ортаға шығып өзінің бойындағы ерекше қабілеттерін және ептіліктерін атап көрсетеді. Мәселен сурет салу, гитарада ойнау. Топты сендіру өте маңызды, егер бір қатысушы футболды жақсы ойнай алатын болса, топтан футбол ойнай алатын басқа қатысушы шықпаса, алдыңғы қатысушы «Ұлы шебер» деген атқа ие болады.

«Қалаймын, істей аламын, қолымнан келеді» жаттығуы

Уақыты: он бес минут

Мазмұны: көптеген адамдар өздерінің алдарына міндет қоя отырып, өз қабілеттерін асыра бағалайды немесе мүлдем бағаламайды. Бұл оларға мақсатқа жетуге кедергі жасайды. Қазір біз сіздермен қарапайым мақсаттар қойып және оған жету үшін өз қабілеттерін анықтауға жаттығуымыз керек.

Қалаймын

Істей аламын

Қолымнан келеді




Қалаймын бағанына өз ниеттерін жазуы керек, бірақ ғаламдық мақсат қоюдың қажеті жоқ. Істей аламын бағанына мақсатқа жетуге мүмкіндігіңіз туралы өз ойыңызды жазыңыз. Мұнда сенімдімін, аздап сенімдімін, сенімсізбін деген нұсқалармен жауап бересіз. Өз сапаларыңызды жазыңыздар.

«Іс әрекет және мақсат» жаттығуы

Уақыты: он бес минут

Іс әрекетті мақсаттан ажырата білу өте маңызды. Іс әрекет мақсатқа жету үшін не істеу керек. Мысалы: кеш ұйымдастыру үшін бірнеше амал тәсіл керек, қонаққа бару, дискотекаға бару, үй жинау. Сіздерге қазір екі минут уақыт ішінде кешке қалай демалу керектігінің тәсілдерін ойластыру ұсынылады. Өз фантазияларыңызды тоқтатпаңыздар. Қатысушылар аяқтағаннан кейін тақтаға кешті жақсы ұйымдастырудың ең тиімді амал тәсілдерін жазады. Енді қатысушылар осы тәсілдерге қанша уақыт кететіндіктерін айтулары керек.

Қоштасу ритуалы

Уақыты: бес минут.

Рефлексия сұрақтары:

Тренингтік сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

Тренинг нәтижесінде не үйрендіңіздер?

Тренингте өзіңіздің ойыңызды жеткізу ауыр болды ма?

Өзіндік сапаларды ашып айту, мақсатқа жетуде қолдану керектігін саналай алдыңыз ба?

Тренерге деген ұсынысыңыз?



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кочеткова А.И. Психологические основы современного управления персоналом.-М.:ИНФРА-М,1999. 


  2. Кроль Л.М., Михайлова Е.Л. Тренинг третеров: как закалялась сталь.
    Ли Д. Практика группового тренинга – СПб.: Питер, 2002. 


  3. Методы практической социальной психологии: Диагностика. Консультирование. Тренинг. Под ред.

  4. Скотт Дж. Г.Выбор стиля поведения, соответствующего конфликтной ситуации.

  5. Гришина Н. В.Обучение психологическому посредничеству

  6. в разрешении конфликтов.

  7. ДэнаД.4—шаговый метод.


Педагог-Психолог: Байбатшаева Г.С.



«Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тренинг
  • Другое
Описание:

Мақсаты: өз мүмкіндіктері мен уақытты адекватты бағалау, мәселелерді шешуде өзінің ерік жігерін талдау дағдыларын дамыту, қақтығыстық мінез құлықтың алдын алу, өз тұлғалық ерекшеліктерін бағалау, өмірлік мақсатқа жетудегі өзінің ерекше сапаларын айқындау. қатысушылардың өмірдегі шынайы мақсаттарын іздеу, болашаққа деген позитивті көзқарасты қалыптастыру.

Уақыты: 45 минут

Амандасу ритуалы

Әр қатысушы өзінің қалауынша топпен амандасады.

«Уақыт туралы елестету» жаттығуы

Мақсаты: уақытты өзіндік сезінуді саналау.

Уақыты: он бес минут

Мазмұны: Қатысушыларға уақытты қолмен ұстап көруге болатындай физикалық обьект ретінде қарау ұсынылады. Оны сурет етіп салады. Суретті салу кезінде бұрынғы өткен, қазіргі, болашақ уақытты салу керек және өзінің қай жерде тұрғанын бейнелеу керек.

Талдау: мәселені уақытында шешпей кейінге қалтыруға болама? Жоспарды уақытында жұзеге асыруға уақыт болмады деп айтуға бола ма?

Топтық пікірталас: «Бір күні уәдемде тұра алмадым»

Мақсаты: басқа адамның берген уәдесінде тұрмауын түсіну

Уақыты: он минут

Мазмұны: уақыттың жетіспеуімен байланысты басқа адамдарға берген уәдеңізде тұрмаған кездер болды ма? Осы жағдайдан кейін осы адамдарға сіздің қатынасыңыз өзгерді ме? Осы жағдайда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз. Қалай ойлайсыз болашақта осы жағдайдың орнын толтыруға бола ма?

Автор Байбатшаева Гульнур Советовна
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 334
Номер материала MA-066516
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓