Главная / Другое / Өмір талабы-сапалы білім

Өмір талабы-сапалы білім


Бозкенова Бақытгүл Амантайқызы

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы

7мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі,

оқу ісінің меңгерушісі.



Өмір талабы-сапалы білім


Білім — адам баласының ортақ қазынасы

Жүсіп Баласағұн


XXI ғасыр-білім мен ғылымның, өркениеттің кең дамыған ғасыры. Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасын көтеру, олардың пәнге деген қызығушылық қабілеттерін арттыру- өзекті мәселелердің бірі.

Бүкіл дүние жүзіндегі білім берудегі өзгерістер біздің елімізді де алаңсыз қалдырмады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жолдауында «оқыту жүйесінде заманауи әдістер мен технологияларды ендіру керек» деген болатын. Сол уақыттан бастап Қазақстанда білім беру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіле бастады. Солардың бірі- Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курстарының бағдарламасы. Бұл ұйымдастырылған курстардың негізі мақсаты:

  1. Қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайыфнда үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу;

  2. Әдістемелік жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау;

  3. Теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігі терең мұғалімдерді даярлау.

Курс барысында тыңдаушылардың, яғни мұғалімдердің ойлау жолдарын дұрыс әрі тиімді қалыптастыратын 7 модуль аясында білімдері жетілдірілді: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Оқытуда АКТ-ны пайдалану», «Білім беруді басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курстарының бағдарламасы бойынша II деңгей бағдарласын 2013 жылы көктемде Алматы қаласынан оқып бітірдім. Осы уақыт ішінде өзім еңбек ететін Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында біршама өзгерістер енгізілді. Себебі біздің мектепте осы бағдарлама аясында 31 мұғалімIII деңгейді, 4 мұғалім II деңгейді, 2 мұғалім I деңгейді және мектебіміздің директоры Айтова Жанат Тұрысбекқызы мектеп басшыларына арналған ілгері деңгейді аяқтаған болатын.

Мектебімізде үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды.Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет. Осы орайда I жәнеII деңгей мұғалімдерінің басшылығымен өтетін іс-шаралар: оқушыларды іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады. Lesson studyбарысында (бір пән мұғалімдері қатысады) мұғалімдер «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үрдістерін жүзеге асырады.Бұл үрдіс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылық қабілеттерін арттыруға жағдай жасап, дарындылық қабілеттері ашылады.

Өз әріптестеріне тәлімгерлік ету барысында тәлімгер ұстаз бірқатар міндеттерді орындайды:

  • тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді;

  • стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады;

  • тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.

Коучинг сабақтары арқылы коуч әріптестеріне оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі.

Өткен оқу жылының қараша айында мектебімізде магнитті мектептерге арналған «Кәсіби мәселелерді шешуде желілік қауымдастықтың рөлі» деген тақырыпта үлкен қалалық семинар өтті. Бұл семинарға Білім Басқармасының әдіскерлері , НЗМ-нің, №2,3,4,6,62 мектептердің мұғалімдері қатысты. Семинардың басты мақсаты: қала мектеп мұғалімдеріне желілік қоғамдастықтың рөлін ашып көрсету.

Семинар барысында 2-деңгей бағдарламасын аяқтаған мұғалімдер коучинг сабақтарын көрсетті. Әріптестер коучинг сабағы барысында бір кісідей атсалысып, белсенділік көрсетті. Олар топта ынтымақтастықпен жұмыс істей білді. 3-деңгей мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Семинарға қатысқан мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, өткізілген әр сабақ бойынша жылы лебіздерін білдірді.


D:\Рабочий стол\Бозкенова Б.А\Өрлеу\Отчет для АЙТОВОЙ\фОТО КОУЧИНГ ГОРОД.СЕМИНАР\DSC_1971.JPG
D:\Рабочий стол\Бозкенова Б.А\Өрлеу\Отчет для АЙТОВОЙ\фОТО КОУЧИНГ ГОРОД.СЕМИНАР\DSC_2023.JPG

Мектебімізде ақпан айында жоспар бойынша тағы бір қалалық семинар өткізілді. Тақырыбы: «Озат тәжірибелерді таратуда желілік қоғамдастықтың рөлі». Бұл семинарға қала мектептерінің директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, ПШО-ң тренері Т.Логунова қатысып, деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтарына жоғары баға берді.

hello_html_m31e17194.pnghello_html_7f15536.pnghello_html_m763fa32a.pngD:\Рабочий стол\Бозкенова Б.А\Өрлеу\Отчет для АЙТОВОЙ\Жанат Турысбековна\07.04.2015 фото\100CANON\IMG_0117.JPG


Осындай жұмыстар жүргізу нәтижесінде мектебіміз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Біздің мектебіміздің оқушылары 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық «Зерде» жобалары сайысына, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарына қатысып, жеңімпаз атанып жүр.

Шәкірттер тасының өрге домалауы-ұстаз еңбегінің жанғаны. Алған білімімізді шәкірттерге беруден жалықпайық. Өмірге бейім, ойлау қабілеті ұшқыр, дарынды, алғыр, жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелейік, әріптестер!




Өмір талабы-сапалы білім
  • Другое
Описание:

Бозкенова Бақытгүл Амантайқызы

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы

№7мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі,

оқу ісінің меңгерушісі.

Өмір талабы-сапалы білім

Білім — адам баласының ортақ қазынасы

Жүсіп Баласағұн

XXI ғасыр-білім мен ғылымның,өркениеттің кең дамыған ғасыры. Бүгінгі күні оқушылардың білім сапасын көтеру, олардың пәнге деген қызығушылық қабілеттерін арттыру- өзекті мәселелердің бірі.

Бүкіл дүние жүзіндегі білім берудегі өзгерістер біздің елімізді де алаңсыз қалдырмады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жолдауында «оқыту жүйесінде заманауи әдістер мен технологияларды ендіру керек» деген болатын.Сол уақыттан бастап Қазақстанда білім беру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіле бастады. Солардың бірі- Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курстарының бағдарламасы. Бұл ұйымдастырылған курстардың негізі мақсаты:

  • 1.Қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайыфнда үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу;
  • 2.Әдістемелік жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау;
  • 3.Теориялық және практикалық кәсіби құзіреттілігі терең мұғалімдерді даярлау.

Курс барысында тыңдаушылардың, яғни мұғалімдердің ойлау жолдарын дұрыс әрі тиімді қалыптастыратын 7 модуль аясында білімдері жетілдірілді: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Оқытуда АКТ-ны пайдалану», «Білім беруді басқару және көшбасшылық», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курстарының бағдарламасы бойынша II деңгей бағдарласын 2013 жылы көктемде Алматы қаласынан оқып бітірдім. Осы уақыт ішінде өзім еңбек ететін Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында біршама өзгерістер енгізілді. Себебі біздің мектепте осы бағдарлама аясында 31 мұғалімIII деңгейді, 4 мұғалімII деңгейді, 2 мұғалім I деңгейді және мектебіміздің директоры Айтова Жанат Тұрысбекқызы мектеп басшыларына арналған ілгері деңгейді аяқтаған болатын.

Мектебімізде үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды.Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет. Осы орайда I жәнеII деңгей мұғалімдерінің басшылығымен өтетін іс-шаралар: оқушыларды іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады. Lesson studyбарысында (бір пән мұғалімдері қатысады) мұғалімдер «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үрдістерін жүзеге асырады.Бұл үрдіс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылық қабілеттерін арттыруға жағдай жасап, дарындылық қабілеттері ашылады.

Өз әріптестеріне тәлімгерлік ету барысында тәлімгер ұстаз бірқатар міндеттерді орындайды:

  • тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді;
  • стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады;
  • тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.

Коучинг сабақтары арқылы коуч әріптестерінеоқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі.

Өткен оқу жылының қараша айындамектебімізде магнитті мектептерге арналған«Кәсіби мәселелердішешуде желілік қауымдастықтың рөлі» деген тақырыпта үлкен қалалық семинар өтті. Бұл семинарға Білім Басқармасының әдіскерлері , НЗМ-нің, №2,3,4,6,62 мектептердің мұғалімдері қатысты. Семинардың басты мақсаты:қала мектеп мұғалімдеріне желілік қоғамдастықтың рөлін ашып көрсету.

Семинар барысында 2-деңгей бағдарламасын аяқтаған мұғалімдер коучинг сабақтарын көрсетті. Әріптестер коучинг сабағы барысында бір кісідей атсалысып, белсенділік көрсетті. Олар топта ынтымақтастықпен жұмыс істей білді. 3-деңгей мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Семинарға қатысқан мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, өткізілген әр сабақ бойынша жылы лебіздерін білдірді.


Мектебімізде ақпан айында жоспар бойынша тағы бір қалалық семинар өткізілді. Тақырыбы: «Озат тәжірибелерді таратуда желілік қоғамдастықтың рөлі». Бұл семинарға қала мектептерінің директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, ПШО-ң тренері Т.Логунова қатысып, деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтарына жоғары баға берді.

Осындай жұмыстар жүргізу нәтижесінде мектебіміз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Біздің мектебіміздің оқушылары 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық «Зерде» жобалары сайысына, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарына қатысып, жеңімпаз атанып жүр.

Шәкірттер тасының өрге домалауы-ұстаз еңбегінің жанғаны. Алған білімімізді шәкірттерге беруден жалықпайық. Өмірге бейім, ойлау қабілеті ұшқыр, дарынды, алғыр, жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелейік, әріптестер!

Автор Бозкенова Бахытгуль Амантаевна
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 419
Номер материала MA-062801
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓