Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыӨмір, қымбатсың сен маған

Өмір, қымбатсың сен маған

Скачать материал

 

«ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ «273 ОРТА МЕКТЕБІ»                                 КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

ТАҚЫРЫБЫ«ӨМІР, ҚЫМБАТСЫҢ  СЕН  МАҒАН ...»

(мерзімі 19.02.2016  жылы    9 «Г»  сынып)

 

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі,    9 «Г» сынып жетекшісі    М.И. МАМЫРОВА

 

 

 

                                                                                БАЙҚОҢЫР

2016 ж

 

 

 «Бекітемін»                                                                                Мерзімі    19.02.16 ж                                   мектеп директорының тәрбие ісі                                              Уақыты  13.00                                                                       ________жөніндегі орынбасары                                               Өткізілетін орны 304 каб                            А. Емешова                                                                                 9 «Г»сынып жетекшісі

«_____» _______2015   ж.                                                          М.И.Мамырова

.

 

«Өмір, қымбатсың сен маған...»

Мақсаты. оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Жеке оқушымен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру. Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Барысы:

 І. Шаттық шеңбері.                                               

 ІІ.Бастапқы таныстық –   хат сыры.                                               

ІІІ.Терең таныстық    –    Өмір, қымбатсың ...

IV.Жүйелі таныстық  –     сыр шерткен жыр.                               

V. Өмір деген тұрады: ақ – қарадан  сұрақ – жауап

VІ. Қорытынды.    

 

 

 

 

«Өмір, қымбатсың сен маған...»

Мақсаты. оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Жеке оқушымен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру. Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Барысы:

 І. Шаттық шеңбері.                                               

ІІ.Бастапқы таныстық –   хат сыры.                                               

ІІІ.Терең таныстық    –    Өмір, қымбатсың ...

IV.Жүйелі таныстық  –     сыр шерткен жыр.                               

V. Өмір деген тұрады: ақ – қарадан  сұрақ – жауап

VІ. Қорытынды.    

       Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар! Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолдарын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Ш. Құдайбердіұлы атамыз:

Дүние қу,
Бір ағын су,
Түстік онда көп болып.
Күнде ағамыз,
Сандаламыз,
Бейнетіміз көп болып.
Кейде тасқа,
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп, - дейді. Демек өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып - біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат - мұратымызға қол жеткізе аламыз. Ендеше, осы мақсатта ұйымдастырылып отырған «Өмір, қымбатсың сен маған!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бірінші біз іс – шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.
Ереже: - біз тыныштықты сақтаймыз;
- бір – бірімізді тыңдаймыз;
- өз ойларымызбен бөлісеміз;
- сезімдерімізді сыйлаймыз;
- бір – бірімізді мазақ етпейміз;
- уақытымызды үнемдеп, қысқа да нұсқа жауап береміз;
- тәртіппен, өз кезегімізбен сөйлейміз;

І. Ой қозғау.

Шаттық шеңбері «Өмір жыры»

Сұрақ  : - Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады? (тағдыр,тіршілік,махаббат)
Сәттілік сәті. Бір - біріне тілек айту арқылы жүрекшелерді сыйлау.
Кіріспе сөз:

Өмір –қатаң емтихан,
Өтпейтіндер құлайды.
Қадіріне жетпейтіндер
Өмір бойы жылайды.
2.Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,
Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек.
Өмір деген бақыттың да құсы емес,
Қарап жатсаң,қона қалар саған кеп.
Халқымыз:
«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді.
Адам жаман - жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.

Тапсырма.1 Тапсырма.І. Есенберлин мен Б.Бұлқышевтың өмір туралы толғанысын оқу. Оқушыларды екі топқа бөліп,тапсырманы топпен бірлесіп,өз ойларын пайымдау.
1.Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді.Оның бұлтарысы да,жазығы да көп.Асуы қиын асқарымен қатар,төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ,кейде қысқа келеді.Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды.Ойламаған жерден жел тұрып,сұрапыл дауыл соғады,қалың жауын нөсерлей құйып,бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра,кенет сарылдай аққан,өткел бермес, долы өзенге айналады,көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын,талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп,өзінің деген жеріне жетеді.
І.Есенберлин.
Міне,мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп,әр күнімнің ізіне түсіп отырмын,алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім.
Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп,біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ,қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап,сол күйінде қайтадан есіңе түседі.Бір тізбегі - сегіз жылдық бақытты шағың,бала кезің;одан соң оқумен өткен он жылың,одан кейін - армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім,- қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.
       Міне,тап бүгінгі түнде,таңертеңгі ұрыс алдында,туған елім мен барлық халқыма,тіпті барлық адам баласына: «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі,мен өмірімді қатты сүйемін,менің өмір сүргім келеді!» - деп бар дауысыммен айқайлағым келеді. Б.Бұлқышев.

1. Өмір деген не?
Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?
Ал,бақытты қалай түсінеміз?
Бақыт адамға не үшін керек?
Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?

 

Ғалия.

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр  жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге  мойымай, өзіңе  сенімді  болсаң, міне  сол  бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.

 

 

«­­Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?

Асем.«Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жепте сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса,  сонда бақытты болады.

 

Айзат. Өмір дегенің  Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, ата-тегімен байланыс -тыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсіне- тіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшілік -тің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!           

    Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.

 

5.Ерасыл. 

Өмір, қымбатсың маған!

Тағдырым,саған ризамын! Таңғалатыным тосын сыйың! Мен  сені сүйем,сен маған қымбатсың!

Ей,өмір,естисің бе?!Сені жаратқан аллада, мені жаратты.Өмір,сенің алақаныңның апатын көрсін деп емес,көңілденіп,шаттансын деді.Сенде алланың әміріне бағын, менде саған шүбәсіз болам! Себебі,сен, қымбатсың маған!

 

6.Айболат.Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді.

 

7.Назира. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ.

8.Влад.Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.
        Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.

Мұғалім сөзі:

Өмірді аяла
Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
 

Алысың да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Өз қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал демес  едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,

Шыдады алдан жап-жарық келешегің.
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан, қайда барсаң да өз еркінде.
Өкінсең де өткенің оралмайды,
Өшкен отың қайтадан жана алмайды.
Сен жасаған күнәні бір досың да
Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.

 

 

 

9. Ануарбек.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын

 

10. Нұргүл.

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі

       

11. Гүлманат.

Өмір деген тұрмайды қап - қарадан
Ш. Сариев
Өмір деген тұрады: таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Күндесеңде, тірлікті түндесең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен, гүл мен Шеңгел.

Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,

Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.

Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі – екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап – Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен, жаныменен,
Өмір әркез ашық Күн, Бұлт та басқан.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!

 

 

 

 

 

 

Өмірде ешқашан оралмай -тын 3 нәрсе: уақыт, сөз, мүмкіндік

Өмірде адамды құртатын                3 нәрсе:шарап, ашу,

көкірек кеуде

Өмірдегі ең қымбат 3 нәрсе.

сенім, махаббат, достық

 

Жағдаяттар:
 Жауабы: 

1. Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жеңе алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.

2. Біздің ойымызша ,бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай  қиындықболса да тәуелді болмай күресуі керек.

 

3.Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. А.Құнанбаев атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»

 

 

 

 

Сонымен  өз  ойларыңмен  бөлісіп , пікірлестіңдер,рақмет.Өмір  сүру  үшін  күйретуші  ойлардан  аулақ  болуымыз  керек  екен  ұқтыңдар.

Мазасыз  жаман , жағымсыз , мағынасыз  ойлар  адамды  психикалық , тәндік  жарақатқа  шалдықтырып , тіпті  өлімге  әкеліп  соғады .

Өздерің  ойлаңдаршы ? Сонда  не  өзгереді ? Одан  сен  не  ұтасың ?

Оның  кімге  пайдасы  , кімге  зияны  тиеді ? …

Ештеңе де  өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш  пайдасы  жоқ , керісінше  өзіңе   жақын  адамдарыңа  зияныңды  тигізесің . Әрине  дұшпаныңа  күлкі , достарыңа , ең  қымбат  адамыңа , ата – анаңа,бауырларыңа  орны  толмас  қайғы ,  қасірет  әкелесің , одан  басқа  ештеңе  жоқ. Өмірдегі  кездесетін  сәдсіздіктерді  уақытша  қиындық  деп  қабылдау  керек.

 

 

Әр  нәрсенің  ақырын  шыдамдылықпен  күтіп , не  істесеңде  ойланып  істеуге  үйрену  керек.  Сабырлы , шыдамды , төзімді  болуды  үйрен .

Өмір біздің қолымызда, өмірді қалай түсінесің?- бір сөзбен Өмір ...

 

 

Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір - арман,жүзеге асыр;
Өмір - парыз,орындай біл;
Өмір - байлық,бағалай біл;
Өмір - махаббат,ләззат ала біл;
Өмір - құпия,сырын аш;
Өмір - қайғы,көтере біл;
Өмір - күрес,жеңе біл;
Өмір –ашық қүн, бұлт басқызба

 Өмір – көк мұхит, толқынына ілесіп кетпе.

 Өмір – ойын, ойнай біл.

Өмір –тағдыр,таразыға сала біл.

Мұғалім: Ең бастысы - жүрегің таза болсын;   Өмір сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;

Өмір – еңбек, нәтижесін көрсете біл.

 

 

Өмір - бақыт,баянды ете біл.

Өмір – кітап, түсінуі тым қиын.

Өмір – сұрапыл дауыл, шыдамдылық таныта біл.

Өмір – дұрыс жол, таба біл.

Өмір – керуен, көшіне ілесе біл.

Өмір –жас өмірдің алтын бағы,саясын паналай біл.

 Өмір –қуаныш,қуана біл.

Өмір –мейірімді бола біл.

Өмір – кешірім,кешірімді бола біл.

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

  

 

    



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өмір, қымбатсың сен маған"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолдарын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Ш. Құдайбердіұлы атамыз: Дүние қу, Бір ағын су, Түстік онда көп болып. Күнде ағамыз, Сандаламыз, Бейнетіміз көп болып. Кейде тасқа, Кейде ағашқа, Соқтығамыз дөп келіп, - дейді. Демек өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып - біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат - мұратымызға қол жеткізе аламыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2020 2241
    • DOCX 11.7 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Названцева Елена Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Названцева Елена Сергеевна
    Названцева Елена Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77059
    • Всего материалов: 212

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек