Главная / Другое / Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдардағы әңгімелеріндегі «оқырмандар» және «қорғансыздар» бейнесі

Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдардағы әңгімелеріндегі «оқырмандар» және «қорғансыздар» бейнесі

Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдардағы әңгімелеріндегі «оқырмандар» және «қорғанс...
Қорғансыздар бейнесі Оқығандар бейнесі «Қорғансыздың күні» «Қаралы сұлу» «Кі...
«Қыр суреттері» - табиғаттың көркем суреті мен өмірдің салтанатының ортасында...
«Жетім» - адамның бойындағы сезім қайшылығын жетім баланы өлімге жетектеген ...
«Ескілік көлеңкесінде» - әңгіме желісі бір-бірімен кездесуге келе жатқан ғашы...
“Кім кінәлі”- сүймеген күйеуі Жақыпқа көнбегені үшін таяқ жеп, дертке шалдығы...
“Оқыған азамат”- әңгімеде Мақсұт пен Қадишаның қосылуы, Мақсұт қайтыс болған...
Александр Корнечук: «Әуезов үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын, оның биік...
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
1 из 10

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдардағы әңгімелеріндегі «оқырмандар» және «қорғансызд
Описание слайда:

Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдардағы әңгімелеріндегі «оқырмандар» және «қорғансыздар» бейнесі

№ слайда 3 Қорғансыздар бейнесі Оқығандар бейнесі «Қорғансыздың күні» «Қаралы сұлу» «Кім к
Описание слайда:

Қорғансыздар бейнесі Оқығандар бейнесі «Қорғансыздың күні» «Қаралы сұлу» «Кім кінәлі» «Кінәмшіл бойжеткен» «Жетім» “Қыр суреттері” «Оқыған азаматтар» «Уйлену» «Сөніп жану» «Кім кінәлі»

№ слайда 4 «Қыр суреттері» - табиғаттың көркем суреті мен өмірдің салтанатының ортасында ес
Описание слайда:

«Қыр суреттері» - табиғаттың көркем суреті мен өмірдің салтанатының ортасында ескерусіз қалған «кішкене адамдардың» тағдыры арқылы жазушы әлеуметтік астары үлкен мәселелерге назар аударады. «Үйлену» - негізгі сарын қалыңмал қасіретін сынау, әйелдің бас бостандығын, сезім азаттығын қолдау, шын сүйіспеншіліікті дәріптеу.

№ слайда 5 «Жетім» - адамның бойындағы сезім қайшылығын жетім баланы өлімге жетектеген ару
Описание слайда:

«Жетім» - адамның бойындағы сезім қайшылығын жетім баланы өлімге жетектеген аруақтардың елесі арқылы суреттей отырып, «көркем шығарманың басты тақырыбы – тағдыр» пікірін ұстанады. «Сөніп-жану» - адамның жетілу барысында зор маңызы бар тіршіліктің сыры мен сымбатын айыра білуді, оны өмірде орынды қолдана білуді көрсетеді.

№ слайда 6 «Ескілік көлеңкесінде» - әңгіме желісі бір-бірімен кездесуге келе жатқан ғашықта
Описание слайда:

«Ескілік көлеңкесінде» - әңгіме желісі бір-бірімен кездесуге келе жатқан ғашықтардың толғаныс ойларына негізделген. «Қорғансыздың күні» - сұмдық қорлық көрген Ғазизаның дүниеден түңіліп, молаға кету алдындағы жан тебіренісі мен боранның сұрапыл суреті айғақ бола алады.

№ слайда 7 “Кім кінәлі”- сүймеген күйеуі Жақыпқа көнбегені үшін таяқ жеп, дертке шалдығып,
Описание слайда:

“Кім кінәлі”- сүймеген күйеуі Жақыпқа көнбегені үшін таяқ жеп, дертке шалдығып, қаза тапқан Ғазиза. “Қаралы сұлу”- Қарагөз тән азабымен алысып жатып, Болатқа беріледі, жеңіледі.Сол жағдайдан кейін ол күнәсін жуу үшін, тәубасына келіп, қолына тәпсі алады, құранға бас қояды.

№ слайда 8 “Оқыған азамат”- әңгімеде Мақсұт пен Қадишаның қосылуы, Мақсұт қайтыс болғаннан
Описание слайда:

“Оқыған азамат”- әңгімеде Мақсұт пен Қадишаның қосылуы, Мақсұт қайтыс болғаннан кейін тірі кезінде “дос” болып жүрген Жұмағұл Мақсұттың қазалы қайғысы тарамай-ақ, Қадишамен көңіл қосып, үйленуі туралы айтылған. “Кінәмшіл бойжеткен” шығармасының негізгі идеясы – өзінің жылтыраған өңін саудаға салып жүріп, әйелдік абыройынан айырылған,“көк етіктіні” іздеп, бірден-бірге ауысып жүріп, ақырында өмірлік серік таба алмай қалған жеңіл жүрісті бейкешті жазғыру

№ слайда 9 Александр Корнечук: «Әуезов үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын, оның биік мә
Описание слайда:

Александр Корнечук: «Әуезов үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйетін. Өзге халық-ң әдеб-н өз халқының әдебиетіндей, терең түсініп, оны құрмет тұтып, үнемі қошеметтеп отыратын.» Әбіш Кекілбаев: «Қорғансыздың күні» мен «Қаралы сұлу», «Жетім» мен «Кім кінәлі» сынды көре-көре көңілді де көнтерлендіріп жіберген, тым қазақыуар қырсықтар мен әлеуметтік кеселдерге бұрын соңды қазаққа тән бола қоймаған атымен соны көзқараспен, шымырлаған сезімталдық пен шыңғырған азаматтық шамырығу тұрғысынан зерделенген зергерлік туындылар еді.

№ слайда 10 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Описание слайда:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдардағы әңгімелеріндегі «оқырмандар» және «қорғансыздар» бейнесі
  • Другое
Описание:

Әр әңгімедегі кейіпкерлер аталады.

2. Семантикалық картаға ажыратып орналастырады.
3. Кейіпкерлерге сипаттама жасалып, мінездеме беріледі.

IV. Сұрақ - жауап.
1. Әңгімелерде үстем етушілер қандай қиянат озбырлық жасады?
2. Неліктен жоғарыдағы кейіпкерлерді (аттары аталады) қорғансыздар тобына жатқыздық?
3. «Кім кінәлі?» әңгімесіндегі Ғазизаның өзге қорғансыздардан айырмашылығы бар ма? (Ғазиза шын мәнінде қорғансыз емес, әке мейірімінен тыс қалған қорғансыз).
V. Жазушының тіл шеберлігіне бойлау.
Пейзаж, кейіпкер сипатындағы теңеулер, кейіпкердің көңіл - күйін табиғат құбылысымен астастыра суреттеген тұстарды тауып, мәнерлеп оқыту. («Қорғансыздың күні», «Жетім» әңгімелері бойынша).
VI. Слайдтан Мұхаммед Пайғамбардың 389, 545, 600, 627, 685 - хадистері көрсетіледі. Осы хадистердің қай шығармадағы қай кейіпкерге қатысты екенін айту.
Мұғалім сөзі:
- Ендеше, оқушылар, Пайғамбарымыз бір Аллаға құлшылық ете отырып, өзінің мұсылман қауымын тек жақсылық жасауға, имандылыққа ғана үндеген екен.
Слайдта. Қай шығармадағы кімнің сөзі?
1. «Байдың баласысың, бай жесірдің байысың, бай қайынға күйеусің... оқығаныңа емес, тоқығаныңа бақтың ба? «Жыланға түк біткен сайын қалтырайды» деп, байыған сайын араның ашылып, жұтпақсың ба зарлыны? Қақаларсың әлі - ақ»,- деп салды. ( «Оқыған азамат» Мейірхан сөзі).
2. Бірақ жетімсіреген қорғансыздың ішіне ылғи жалғыздықпен бірге дүниеге сенімсіздік, ешкімге жуымайтын жатбауырлық нығайып, орнай бастады. ( «Жетім» әңгімесі, Қасым туралы автор сөзі).
Мұғалім сөзі:
- Феодалдық қоғамда ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған, тоңмойын жуандардың бірі Ақан болыстың жасаған зорлығын есепке алар ешкім болмаса керек. Қорғансызға пана бола білген жан
Адамдықты биік ұстап тұрады
Ар – ұятты табанға сап таптаған
Зорлықшылдар өз жазасын алады,- деп Ж. Баласағұн айтқандай, Иса, Жақып, Жұмағұл сияқтылардың бүгінгі ұрпақтың алдында есеп беретін күні туды. Осы зорлықшылдардың әділ жазасын беріп, заң алдында жауапқа тартуды болашақ заңгеріміз Құсайынова Лаураға (оқушы) тапсырған едік.
(Оқушы ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша дайындаған үкімін оқиды). Қорытынды:
Осы кейіпкерлерді соншалықты қатігездікке итермелеген нендей күш деп ойлайсыңдар? – деп оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың пікірі тыңдалады.
Көркем шығармалардан қандай ғибрат, тәлім алғандықтары сөз болады.
Үйге тапсырма: Ой толғау.
1. Мен сенімен біргемін, Ғазиза! (ұл балаларға).
2. Жығылғанға болдың неге жұдырық?! (қыз балаларға).
Бағалау.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Мұхтар Әуезов шығармаларындағы Қорғансыздар шығармасы

Автор Акрам Жібек Жанарбекқызы
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров 230
Номер материала MA-066549
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓