Главная / Классному руководителю / "Менің тұңғыш президентім"

"Менің тұңғыш президентім"

КММ «Степное негізгі мектебі – балабақша кешені»











hello_html_me65bbff.gif














Тәрбие сағаты: 8 а сынып

Сынып жетекші: Карымбаева Б.Т.




2016-2017 оқу жылы


Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет

еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын

сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге

тәрбиелеу;

3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін

ояту,құрметтеу.


Барысы: Үнтаспадан «Елім менің» (әні естіліп тұрады)
-Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Мұғалім:

-Құрметті оқушылар!1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!.

Мұғалім:
- Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік)

(оқушылар Н. Ә. Назарбаевтың өмірі туралы баяндап береді. слайдпет)

Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»

  1. (Айзат)

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана,қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде...


2-оқушы:(Мира)

Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

hello_html_26ad52a2.jpg











Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы- Болат Назарбаев, нағашы апасы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

3-оқушы: (Дильназ)

Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-оқушы: (Айбар) Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

5-оқушы: (Диас)1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

6-оқушы: (Нұрдәулет)Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

7-оқушы: (Темірлан)1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

7-оқушы: (Рахат)

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

8-оқушы:(Әміржан) 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік?

(Айзат)

Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арналған кітаптар өте көп. Солардың біразына тоқтала кетсек.

Айзат

  1. Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы (Жекелеген сұхбаттар мен очерктерден тұратын бұл кітапта Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері, саясаткер, адам және азамат ретіндегі кейбір қырлары сөз болады.)

  2. Әлімқұлов Қ., Қасымбеков М. “Нұрсұлтан деп ат қойдым...” (Кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне балаларының атын Елбасының есімімен атаған азаматтардың жүрекжарды лебіздері мен ой-пікірлері арқау болған. )

  3. Бекниязов Т. Тұңғыш Президент: өлеңдер мен поэма (Т. Бекниязовтың бұл жинағында өлеңдері мен поэмасы берілген. Ақынның тәуелсіз еліміз туралы ой-толғамдары мен Елбасыға арналған көлемді туындысында замана және ұлтымыздың жарқын болашағына деген зор сеніммен жыр тербелген.

Мұғалім: Н. Ә. Назарбаевтың жазған «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды.» Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын,- деп жазған екен.






1-оқушы: «Елбасына» Айзат

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

2-оқушы: Мира

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

3-оқушы: Дильназ

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

4-оқушы: Айбар

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

5-оқушы: Темірлан

Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: «Менің Қазақстаным» әнұран


"Менің тұңғыш президентім"
  • Классному руководителю
Описание:

Мақсаты: 1.қазақхалқының тұңғышпрезиденті НұрсұлтанӘбішұлы

Назарбаевтыңөміржолы,туып-өскен,оқыпбілімалған ,қызмет

еткен жерлерітуралымағлұматберу;

2.елбасыныңөмір жолынан үлгіалаотырып Отанын ,халқын

сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттықсезімге

тәрбиелеу;

3.шәкіртжүрегіндеелбасынадегенсүйіспеншіліксезімін

ояту,құрметтеу.

Барысы:Үнтаспадан «Елім менің» (әні естіліп тұрады)
-Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Автор Карымбаева Балнур Тлеубековна
Дата добавления 07.01.2017
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другое
Просмотров 25
Номер материала MA-069349
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓