Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Менің қызығушылықтарым, менің әуестіктерім» аукцион (5 класс)

«Менің қызығушылықтарым, менің әуестіктерім» аукцион (5 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Менің қызығушылықтарым, менің әуестіктерім» аукцион
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім - білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, сауатты сөйлесу дағдысын, жан - жақты ойлауын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, ұйымшылдыққа экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, тірек - сызбалар
Сабақ түрі: Сайыс сабақ,
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.

Аукционға түскен заттар: кітап-1, №1, №2 дәптерлер-5, қаламсап-3,
сызғыш-3, қарындаш-3.
Сабақтың барысы:
            Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
Аукционатты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер!
Ойын 4 турдан тұрады:
І тур - «Алғашқы капитал»
ІІ тур – «Көшбасшылар сайысы»
ІІІ тур – «Таңдау - табыс»
ІҮ тур – «Сыйлықтар аукционы»
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Эксперт төрағасы:
Мүшелері:


Сынып үш топқа 5 адамнан бөлінген. Әр топ өз атаулары, ұраны, көшбасшылары бар.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл – ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларды. Әр топ өз аты мен ұранын таныстырып өтсін.

І-топ спорт Әділет, Алтынбек, Естай, Тілеужан, Нұрсұлтан

ІІ-топ өнер  Таңшолпан, Аяжан, Карима, Динара, Жанерке

ІІІ-топ бейнелеу өнері Адайбек, Бекзат, Нұршат, Нұрболат, Айда

Психологиялық тренинг Тілдесім. (2-3минут)

Балалар, бір-бірлеріңе сұрақ қоя отырып өздеріңнің сүйікті істерің жайлы айтыңдар, бір—бірлеріңмен  сұхбаттасыңдар

Оқушылар біріне сұрақ қояды:

- Сенің сүйікті ісің қандай?

- Менің сүйікті ісім .....................................  айналысу, т.б.

- Сен немен айналысқанды ұнатасың?

- Мен ....................................... айналысқанды ұнатамын.

- Демалыста немен айналысасың?

- Демалыста ..............................   айналысқанды ұнатамын.

 

 

«Аукцион» сөзін қалай түсінесіңдер?

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабақ «Аукцион» түрінде өтеді

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.

І тур «Алғашқы капитал»


Ережесі:
Ойын ережесі бойынша, әр топ саудаға қатыса алады. Яғни, өз таңдауы бойынша сұрақ алады. Сұраққа жауап берген топ, сол сұрақтың бағасы бойынша ақша жинайды. Жиналған ақша есептелінеді

1. Берілген мәтінді түсініп  оқыңдар. (5 минут)

А) Мәтінді іштей оқыңдар,

 

Менің сүйікті істерім

         Мен бала кезімнен ән айтуды, билеуді жақсы көремін. Қазір мен мектепте жұмыс істеймін. Мен музыкадан сабақ  беремін. Әдетте мен сағат жетіде тұрамын. Жүгіремін, таңғы ас ішемін.  Жұмыс сағат сегізде басталады.  Кешке жұмысқа дайындаламын.  Пианинода ойнаймын, ән айтамын. Демалыстарда Медеуде коньки тебуді ұнатамын. Анда-санда достарыммен киноға, концерттерге барамын, дүкен аралаймын.

в) Мына сөйлемдер дұрыс па, бұрыс па? Мәтін негізінде  берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау

Мәтінді пердемен жауып

Сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.

Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

 

 Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.

Сұрақтар

дұрыс

бұрыс

(дұрыс емес)

1. Мақпал ән айтуды өте жақы көреді.

+

 

2. Мақпал мектепте қазақ тілінен сабақ береді.

 

+

3. Мақпал таңертең жаттығу жасайды.

+

 

4. Ол кешке пианинода ойнамайды.

 

+

5. Мақпал коньки тебе алады.

 

+

6. Мақпал анда-санда дүкен аралайды.

+

 

7. Ол би билеуді жақсы көреді

+

 

8. Мақпал концерттерге  күнде барады

 

+

 

Осымен І – тур аяқталды. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту).

 

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа тест тапсырмалары беріледі. Олар бірлесе отырып тапсырманы орындайды. Әрбір дұрыс жауап құны – 200 теңге.

Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастаймыз. Дайынбыз ба? 
ІІ – тур. Эрудиттер сайысы.

Тест тапсырмалары:

1.Елді кім басқарады?

А) Парламент; Ә) Президент; Б) Премьер-министр.

2. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?

А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.

3.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?

А) Көршілер; Ә) Достар; Б) Туысқандар.

4.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың симфолы.

А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек.

5. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?

А) Астанада; Ә) Алматыда; Б) Көкшетауда.

 

ІІ – тур қорытындысын шығару. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту) .

«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

 

Сергіту сәті


Жүргізуші: ІІІ тур – «Таңдау - табыс». Әр топ өздерінің топ атауларына байланысты өнерлерін көрсетеді. Құны – 2000 теңге. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.

Шығармашылық кезең: (5-7 минут) 2000 теңге

 

Жүргізуші: -. Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Аукционға сыйлықтар қойылады. Жиналған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Жасырылған жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 теңге. Ең жоғары баға – 70 теңге. Кім жоғары баға ұсынады?

1. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)

2. Он екі ақ парақ –
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем – ақ
Сызылған тақталап.
(дәптер)

3. Ол - оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)

4. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)

5. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
тұр бойында. (сызғыш)

6. Дүниеге тұмсызқсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш)

7. Күн - күн сайын
жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық (күнтізбе)

 

8. Қыстай шегіп қос атты

Көктем шыға босаттым(шаңғы)

 

9. Шіркіннің өзіне обал ақ

Жүреді аяқта домалап(доп)

 

10. Қарап тұрсаң өзіңе

Сурет түсер көзіңе

Ол суретің ұқсайды,

Тура сенің өзіңе (айна)

 

11. Қолы бар, саусағы жоқ

Мойны бар, басы жоқ. (көйлек)

 

12. Картинка сату үшін аукцион ұйымдастырылуда Қазақстанның картасы бейнеленген картинка

Жүргізуші: Сөз кезегін эксперттерге береміз.
(Эксперттер төрағасы сөйлейді, жеңіске жеткен команда анықталады. Жеңілген командаға алғыс хат беріледі.
Жеңген команда дипломмен марапатталады)

Рефлекция

1.      Мен мынаны түсіндім ...

2.      Мені қызықтырды мыналар ...

3.      Мен мынаны сензіндім ...

4.      Маған ұнағаны

5.      Маған ұнамағаны

 

Жүргізуші: Назарларыңызға қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей аукцион сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Бүгінгі аукционға қатысқан топтарды марапаттасақ

 

 

 

 

 





 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Менің қызығушылықтарым, менің әуестіктерім» аукцион (5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Менің қызығушылықтарым, менің әуестіктерім» аукцион Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім - білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, сауатты сөйлесу дағдысын, жан - жақты ойлауын дамыту.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, ұйымшылдыққа экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, тірек - сызбаларСабақ түрі: Сайыс сабақ,Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау. Аукционға түскен заттар: кітап-1, №1, №2 дәптерлер-5, қаламсап-3, сызғыш-3, қарындаш-3.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.12.2020 855
    • DOCX 33.4 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Крючков Олег Николаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Крючков Олег Николаевич
    Крючков Олег Николаевич
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81161
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 766 человек из 70 регионов

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 18 регионов

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 40 регионов