Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМен және мені қоршаған орта

Мен және мені қоршаған орта

Скачать материал

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

А. ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН №5 МЕКТЕП

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

Мен және мені қоршаған орта

(29.04.2013 жылы 6 «Г» сыныбы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байқоңыр қаласы, 2013 ж.

 «Бекітемін»                                                                           Мерзімі    29.04.13 мектеп директорының тәрбие ісі                                        Уақыты  12.30                                                                     ________жөніндегі орынбасары                                 Өткізілетін орны 211 каб                            А. Емешова6 «Г»- сыныбы

«_____» _______2013   ж.                                  

 

Тақырыбы :          «Мен және мені қоршаған орта»

Мақсаты :             Адам мен табиғаттың байланысы,табиғаттың адам                  өміріндегі маңызы туралы білімдерін тереңдете түсу. Қоршаған орта жайлы түсіндіру.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік :Оқушыларды табиғатты сүюге, жанашырлыққа, табиғаттың байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктері :табиғат туралы жазылған өлең жолдары

Барысы:                         1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

 

2.Табиғат – тіршілік атаулының  құтты қоныс мекені.

 

3.Мәнерлеп оқу:               Туған жерді сүю-парыз.

                                            Сүю үшін білу-парыз.                                                                  

4.Егер сен ... табиғат болсаң

 

5. «Табиғат- ана» сурет

 

6. Ой толғау. «Табиғатым тұнған байлық»

 

7.Қорытынды.     

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен және мені қоршаған орта».
Тәрбие сағатының мақсаты:
I Білімділік:
Адам мен табиғаттың байланысы,табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тереңдете түсу. Қоршаған орта жайлы түсіндіру.
II Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту,дүниетанымдарын кеңейту,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
III Тәрбиелік:
Оқушыларды табиғатты сүюге,жанашырлыққа,табиғаттың байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: табиғат туралы жазылған өлең жолдары

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Адам табиғаттың бір бөлшегі,әрі ғажайып туындысы. Табиғат.Жер-Ана,Отан,туған жер,атамекен деген құлаққа жылы естіліп,жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір—бірімен мағыналас,мазмұны бай сөздер. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі,өнеркәсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Бүгінде жер беті экологиялық апатты аймаққа айналды.
Жамбыл атамыз жырлағандай:
Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысың,-дегендей,Бүгінгі күннің экологиясына бей-жай қарамайтын,жүректері мейірімділікке толы 6 «г» класс оқушыларының дайындаған «Мен және мен қоршаған орта» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.I жүргізуші Гүлманат:
- Қош келдіңіздер,бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға!
Жазира-өлке,гүл маусым,
Жасыл әлем саған мәңгі нұр жаусын.
Тарқамасын орманымның у-шуы,
Мәңгі бақи табиғатым жайнасы.
II жүргізуші Ануарбек:
Табиғат адамзаттың әнісің,
Табиғатым елдігімнің жанысын.
Қоршаған ортаны қорғауға,
Бәріміз бүгін ат салысуға дайынбыз.I жүргізуші Гүлман: Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Жалпы, халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, тәрбие сағатымыз да табиғат туралы болмақ.II жүргізуші Ануарбек:Жер ана мен өз анаң егіз екен, 
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді, 
Осыны өзім өмірге негіз етем.I жүргізуші Гүлманат: Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап, 
Сәулесін құйған санаға.
Көрініс көрсету.Сахнаға  Әсем жер кейіпінде шығады:
Ей,адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік ететін перзентімсің,бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емессің басқа да тіршілік иелері. Қазіргі таңда менің бүлінбеген ,жойылмаған нем қалды?    Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақылдар егеді.Біз ол дақылдарды жомарт қолымызбен молынан қайырамыз. Біздің қойнауымызда әртүрлі жеміс,ағаш, шөп өсіп жетіледі. Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. Осылайша адамдар бізден жомарттықты, дарқандықты үйренеді.  О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғататаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.

2. Бекзат.Кешір,Жер-Ана!Бүкіл адамзат баласы атынан бүгін кешірімретінде жанашырлық үлесімізді қосамыз .                                                                      Ей,адамдар!Күн мен гүлден жаралған
От сезім мен мейірім содан таралған
Тіршілік иесі Жер-Анаға қараңдар!

3. Адамдар жер-анамызды қашаннан бері аялап келеді. Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қана қоймай оның тазалығына көп мән берген. Жерді анамыз деп қадірлеп отыруды өздеріне міндет санайды.II жүргізуші Ануарбек:Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш, Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді.
I жүргізуші Гүлманат:  Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.

4.Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей,адамдар қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың.
Көз алдымда жатты қайран сұлулар,
Қайта оларды тірілтетін кімің бар?
О,адамдар,тағылыққа жол бермей
Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар!

5. Жер құлпырсын!Өссін!
Қайта қайнасын!
Айдын көлге аққу жүзіп,
Бақта бұлбұл сайрасын.
Самғап ұшқан қырандарың,
Елім деген ұландарың
Қанаттары талмасын.
Елбасының жолдауына назар сал
«Жасыл елге» үлес қосу әрі қарай жалғассын.
Табиғаттың тарылтпағын тынысын
Тазалықтан басталуы керек екен әр ісің.

II жүргізуші Ануарбек: Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
I жүргізуші Гүлманат: Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.II жүргізуші Ануарбек: Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын —дегендей ендігі кезеңіміз «Құлақтан кіріп бойды алар!»табиғат тақырыбына ән орындау не өлеңді жатқа оқу

1.Лаура
I жүргізуші Гүлманат:Халқымызыдың мақтанышы болып отырған ғалым Ш.Уәлиханов «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттың кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен.Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерлі «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Ән «Атамекен».

II жүргізуші Ануарбек:Қасиетті сөз береді “Кие” деген,
Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.

Көрініс. «Төле би – Жоңғар әскер басы»Автор:Ертедегі жоңғар шапқыншылығы кезінде ел, жерінен босып, қаша жөнелген кезде Төле би үйін жықпай, жұртта қалып қойыпты. Бұны қалмақтың әскер басы көріп: «Ей, Төле би! Жау шапқанда ел-жұртың босып, соқа басың қалғаныңа жол болсын, бұл ісіңді қалай түсінеміз?»Төле би: «Жалбарынар жайым жоқ жан алдында,Балапандар бар қанша қарауымда,Сол жетімдер ұшуға жарағанша,Сыртқа шықпай тұрамын қарауылдап.Қарлығаш би атандым сол үшін де,Осылармен бір менің өрісім де.Батыр болсаң, жайратып жүре берсең,Жалғыз шалды кездескен жау үстінде.»Қалмақ әскер басы: «Уа, данышпан, адам баласы сүйсінер ер қасиетіңе ризамын. Бұл ісің үшін саған және сенің балапандарыңа тиісу күнә болар.»Автор: Әскер басы осы сөзді айтып өз жөнімен кетіпті. Содан халық Төле биді «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атап кетіпті.

I жүргізуші Гүлманат: Халық табиғаттағы қастерлейтін жерлерді “Әулие бұлақ”, “Әулие ағаш” деп, қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстар мен жануарларды жақсылықтын жаршысы, бақыттың басшысы, тіршіліктің иесі деп олардың ұясын бұзбауға, балапандарын жәбірлеп, өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген, балапандайтын, төлдейтін кездерінде құстар мен жабайы андарды аулауға тыйым салған.
Қашаған ақын адам өмірінде орманның қаншалықты маңызды екенін қалай толғаған?

6.Жаның сая табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Кәріп пенен қастерге
Қуат болған бұл – ағаш.
7.Киінген келіншектей оқалы орман
Секілді жанға сая, малға қорған
Бабамыз бауырында малын бағып
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар ақылы
Көркейген келбетінен дала сыны.
Ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,
Секілді көзіміздің қарашығы

II жүргізуші Ануарбек: Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің жиі еңсем.
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсын орманыңа жүгінсең —
деп ендігі кезеңіміз Ақыл-дария алсаң да таусылмайды,   Жер –қазына саусаң да таусылмайдымақал-мәтел жарысы. Жалғасын табуҚыздар тобына:                                                                                                                  1.Аяз, әліңді біл,   Құмырсқа жолыңды біл2.Ерді талап ұшырар, Құсты қанат ұшырар3.Атасы жер жырта білмегеннің,   Баласы тұқым себе алмас4.Жері азған елде,Тоқшылық болмайды5.Көлдің көркі – құрақТаудың көркі –бұлақ6.Диқан жауында тынығады..Балықшы дауылда тынығады

I жүргізуші Гүлманат:Ұлдар тобына:                                                                                                                            1.Сөз анасы – құлақ

Су анасы-бұлақ                                                                                                              2.Ойдағы үй селдікі..Өрдегі үй – желдікіЖазықтағы үй елдікі3.Диқан еккенін жейді..Жылқы тепкенін жейді4.Дауылдың алды – желЖаңбырдың арты – сел

5.Құстың жайын салған білер

Құдық жайын қазған білер6.Туған жердей жер болмасТуған елдей ел болмасI жүргізуші Гүлманат:Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп бесінші кезең «Егер сен … табиғат болсаң!» кезеңі өз ойларын айтады.

8. Біз өсімдік барлық адамдарға, тірі жанға тіпті табиғатқа тазалық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштары жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береміз. Шөлдегенге сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітерміз. Біздің арқамызда жайқала өскен гүлдер мен өсімдіктер адамға сұлулық сыйлайды.

9. Адамдар судың қадірін жақсы біледі.Су көздерінің таза болуына, бұлақ, бастауларының маңы бітеліп тынысы тарылмауына өз үлестерін қосады. Су көздерін ашып қана қоймай ол жерлерге ағаш егіп, гүл егіп көркейтеді.Адамдар суды үнемдеп пайдалануы да ұмытқан емес.                          10.Адамның жақсы демалып, дұрыс тынығуына ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды. Адам баласы ауаның өз денсаулығы үшін керек екенін біледі. Сол үшін де ауаның таза болуына, улы заттармен бұзылмауына көп мән береді. Ауаны таза сақтайын өсімдіктерді де көп егіп күтімге алады.

11. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

II жүргізуші Ануарбек:Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
 I жүргізуші Гүлманат: Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер. Келесі кезеңіміз «Табиғат – Ана» суретті қорғау

 

 

1.     II жүргізуші Ануарбек: Туған жерді сүю парыз,
Туған жерді күту –парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз — деп, Мұзафар Әлімбаеватамыз айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, туған жердің табиғаты жайлы, аң-құстары, өсімдіктері жайлы білу керекпіз. Ендеше табиғаты жайлы білімдеріңді байқап көрелік, ендеше келесі кезеңіміз        «Табиғатым — тұнған байлық».  Өз туған жеріміз Қызылорда тарихына, онда кездесетін өсімдіктер, құстар, жануарлар  жайында не білеміз соған тоқталып өтейік.         1.
Қазақстанның «Қызылкітап» қайжылышықты?

(1978 жылы)

1.     Көктемгітөлшөптердіңішіндешаруашылықүшінеңпайдалышөп?

(мортық)

2.Қазақстанданешеқорық бар?

(9 қорық бар.Ақсу-Жабағылы, Алматы қорығы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Алтай қорығы, Алакөлқорығы)

3.«Қансонардабүркітшішығадыаңға,

Тастантүлкітабылараңдығанға.Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға» өлеңінің авторы кім? (Абай)

4.Қазақстантерриториясындакүрішқайоблыстаөсіріледі? (Қызылорда)

 

5.Сырдария жағасындағыбиіктігі 2-3см болатынбұтатектесағаш?(жыңғыл)

6.Шөл даланыңкөпжылдықтікеніктіөсімдігі? (жантақ)

7.Әлемдегі ең бай кім? (жерқойнауы)

6.Сырдың «сары алтыны» дегеніміз не? (күріш)

8.Біздің өзен-көлдердіңеңірітұрғыныната? (жайын)

9.Өсімдіктің қайбөлігі таза оттегінбөледі? (жапырақ)

10.Қызылорда жеріндегідәрілікөсімдіктердіата? (жусан, адырыспан, шашыратқы, бақ-бақ т.б)

11.Дәмді аяғыменсезетінжәндік? (шыбын)

12.Бөкеннің лағынқалайатайды? (құралай)

13.Біздің облыстағыіріөнеркәсіптіңсалынуынасебепболғанөсімдік? (қамыс)                                                                                                                                 14.Сырдарияөзенініңбұрынғыаты? (сейхұн)

II жүргізуші Ануарбек: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік
 I жүргізуші Гүлманат: Табиғатты тарих талай сынаған
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған
Табиғат та әке болып еңіреп
Табиғат та ана болып жылап
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен, 
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
Біздің міндетіміз :Хормен :     Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз!

Мұғалім:  Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
«Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мен және мені қоршаған орта"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Адам табиғаттың бір бөлшегі,әрі ғажайып туындысы. Табиғат.Жер-Ана,Отан,туған жер,атамекен деген құлаққа жылы естіліп,жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір—бірімен мағыналас,мазмұны бай сөздер. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі,өнеркәсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Бүгінде жер беті экологиялық апатты аймаққа айналды. Жамбыл атамыз жырлағандай: Табиғат әсемдік төркінісің, Ән саламын бір сенің көркің үшін. Жан-жануар табынып бір өзіңе, Сенен алып тұрғандай бар тынысың,-дегендей

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.08.2020 6921
    • DOCX 1.9 мбайт
    • 98 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ВАЛИШЕВА Найля Азатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    ВАЛИШЕВА Найля Азатовна
    ВАЛИШЕВА Найля Азатовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77840
    • Всего материалов: 223

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе