Главная / Классному руководителю / "Мен - өз елімнің патриотымын" атты бірыңғай республикалық тәрбие сағаты (1-қыркүйек күніне орайластырылған)

"Мен - өз елімнің патриотымын" атты бірыңғай республикалық тәрбие сағаты (1-қыркүйек күніне орайластырылған)

«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты»ММ

1-ші қыркүйек Білім күніне орайластырылып өткізген

бірыңғай сабақ

Тақырыбы: Мен-өз елімнің патриотымын

hello_html_7f215afd.jpg

Сынып: 5-6-8 «Ә»

Сынып жетекшісі: Буркитбаева Г.А.

Тәрбиеші: Сагитова М.О.

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушы зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын ояту.

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, елінің, жерінің құндылықтарын сезе біліп, оларды дәріптеуге, ұлт қаһармандарының ерлігін мысалға келтіре отыра, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сұхбаттасу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбына сұрақ-жауап. (оқушылардың пікірін тыңдау)

«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сендердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын » атты бірыңғай сабақты назарларыңа ұсынамын.

Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу, солай ғой, балалар!

Ендеше сабағымызды бастайық. Назарларыңа мына слайдтарды ұсынамын, бірге тамашалайық! (Қазақстан, мемлекеттік рәміздер, Астана жайлы слайдтар)

Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың, батырлардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Тәуелсіздік алғанымызға аз ғана уақыт болса да, барша қазақ жұртының бір арманы, ол – «Мәңгілік ел» атану.

«Мәңгілік ел» дегеніміз дегенімізді қалай түсінесіңдер, балалар?

Қанша заман, қанша ғасыр болса да, атымыз өшпейтіндей, тарихтан ойып тұрып орын алатындай, «Мәңгілік ел» атану қазіргі таңда барша қазақстандықтардың арманы. Ал, сендер балалар, еліміздің мәңгілік атануына, тарихта өшпестей із қалдыруына қандай үлес қоса аласыңдар? Осы туралы ойларың қандай?

Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.

А.Байтұрсынов:

- Қазағым елім!

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның

Аш көзіңді оянып...- десе,

М.Дулатов:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.

Ал С.Торайғыров:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Міне сендер, балалар, ұлы тұлғалардың осы бағытын жалғастырып «Мәңгілік ел-Қазақ елінің» тарихын құрасыңдар, болашақ сендердің қолыңда.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Біз барлығымыз тек таза қазақ тілінде сөйлегенде ғана біз-Қазақ елі атанамыз деге. Тілімізді қадірлейік. Тілдің қолдану аясын кеңейтуге ат салысайық. Осы орайда сендер не істер едіңдер? Өз үлестеріңді қалай қоса аласыңдар?

Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, қай кәсіпте, қай салада жүрсе де, елінің қамы үшін еңбек етіп жүрген әрбір азамат-елінің озаты, мақтанышы, патриоты. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

ІІІ. Қорытынды:

Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?

Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?

Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын.

Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма? Бар болса қандай әндер?

(мысалдар келтіру, «Көк тудың желбірегені» әнін айту)

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

"Мен - өз елімнің патриотымын" атты бірыңғай республикалық тәрбие сағаты (1-қыркүйек күніне орайластырылған)
  • Классному руководителю
Описание:

Автор Буркитбаева Гульмира Анасовна
Дата добавления 05.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров 71
Номер материала MA-068307
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓