Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыМектептерге өзгерис не үшін қажет?

Мектептерге өзгерис не үшін қажет?

Скачать материал

 

  Мектептерге    өзгеріс не үшін қажет?

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер менгерген, білігі мен білімі жоғары ұстаз бола алады. ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан, мұғалімге компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағын мектептен бастау керек. Ол үшін теориялық біліммен қатар тәжірибелік білімнің алғышарттарын  меңгеру қажет. Теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Компьютерлік технология мұғалімге оқыту қызметін түрлендіруге мүмкіндік туғызады.

Құзырлы педагог ғылыми-әдістемелік жұмыстарды тиімді үйлестіріп, жетілдіруде: біліктілігін үнемі көтере отырып, оқу-әдістемелік жұмыстарды бүгінгі күн талабына сәйкестеп құра біліп, ғылыми-зерттеушілік, эксперименттік-тәжірибелік жұмыстарды жетілдіріп, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білуі  керек.  Жақсы педагог-оқытушы – қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті Қазақстанның қарқынды  экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік. Елбасының былтырғы Жолдауы мен биылғы Жолдауындағы сабақтастық та осы арада тоғысады. Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан оқу-ағарту саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Бұл бағытта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек қажет. Мұғалімдердің біліктілігін арттырып, білім беруді жаңа сапаға көтеру, оқыту технологиялары жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім - педагогикалық, психологиялық, философиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларымен танысып, басшылыққа алады. Ол мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың бір буыны десек, оны жүзеге асыратын – бүгінгі мектеп мұғалімі. Сондықтан да, педагогикалық қызметке балалармен жұмыс істеуге бейімі бар, қабілеті жоғары, талантты жастарды тарту жұмыстарын мемлекеттік маңызды басымдылықтар деңгейіне көтеру және оны жүзеге асыру механизмін әзірлеу – күттірмейтін іс.                
               Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы  Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ. Сондықтан да, оның іргетасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалау және арттыруымыз аса қажет. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің: “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген өте терең мәнді, орынды да әдемі нақылы бар. Ол «Еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір» деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні сөзсіз. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты. Тәрбиелеу мен тәрбиеленудің, ұстаздық пен шәкірттіктің табиғи арнаға түсіп, ардақты да беделді орнына ие болуы осындай игі істермен сабақтасып жатқанын мойындағанымыз жөн. Баланың бойындағы дарындылыққа бастар қабілеттерді оятуға, талантының гүл жарып өсуіне қалтқысыз еңбек етер тәрбиелеуші ұстаздар болса, елдің өсуі де, ұрпақтың өркендеп, қарышты қанат самғауы да болмақ.
Көп уақыт шамамен  20-25 жыл Финляндия, Норвегия, Швеция елдері білім саласына ерекше назар аударып, оған қаржыны еселеп бөліп отырды. Нәтижесінде бәсекеге қабілеттілігі жағынан олар алға шығып, ал барына тоқмейілсіген Германия, Италия, Франция елдері кейінгі орындарға ығысып жатыр. Адам сапасын дамыту, бірінші, басымдығымыз деген қағида біздерді, қазақстандықтарды да уақыт өте келе іздеген мақсатымызға жеткізеді. Ұлыбританияның «Экономист» журналы және атақты «Pearson» компаниясы жүргізген білім жүйесі мықты әлемдік елдердің қатарына Қазақстан  енбей қалды, деп хабарлайды BBC News.   Қырық елдің ішінде бірініші орынды - Финляндия иеленіпті. Екінші орында – Оңтүстік Корея, үшінші орында – Гонконг. Төртінші және бесінші орындарды Жапония мен Сингапур елдері иеленіпті. Сонымен қатар бірінші ондыққа Ұлыбритания, Нидерландия, Жаңа Зеландия, Швейцария және Канада. Одан кейінгі орындарда Ирландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Бельгия, АҚШ, Венгрия, Словакия және Ресей елдері. Білім жүйесі ең жаман деген елдер Мексика, Бразилия және Индонезия.  Рейтингті жасау барысында, мамандар әр елдің білім жүйесін мұқият зерттеген.  Ең маңыздысы – білім алуға мүмкіндік беретін жалпы мәдениет. Азия елдерінің алдыңғы  орындарға ие болуын, бұл елдерде білім отбасы және қоғам құндылықтарымен байланыстылығында, деп түсіндіреді. 

Сингапур мен Финландия мұғалімдерді іріктеудің анағұрлым тиімді шаралары жүзеге асырылатын елдер қатарына кіреді. Бұл елдерде кандитаттардың академиялық жетістіктеріне, олардың қарым-қатынас дағдысы мен мұғалім еңбегін таңдауына түрткі болған жағдайларға ерекше назар аударады.

Сингапурда Білім министрлігі педагогикалық мамандықтарға оқуға түскен студентермен шарт жасасады және оларға оқыған кездерінде алдын ала еңбекақы төленеді. Сингапур әрбір болашақ мұғалімді басқа елдерге қарағанда көп қаражат жұмсай алады. Бұның барлығы мұғалім мандығына жоғары мәртебе береді және оның беделі мен абройын арттырады.

Сингапурде, мысалы, мұғалім оқу күні аяқталған соң оның көмегі аса қажет оқушыларға қосымша сабақ өткізу үшін мектепте бірінеше сағатқа жиі қалады. Сондай-ақ Сингапурде бірінші және екінші оқу жылдарында үлгерімі бойынша төмен 20% -ға кіретін оқушыларға арналған шағын топтарда сабақ өткізіледі.

Ал, Финландия бүкіл жүйеде бірыңғай жоғары деңгейде қамтамасыз етуде басқа мемлекеттерден алда келеді. Финдік балалар даярлық мектебіне 6 жаста және кәдімгі мектепке 7 жасында, яғни өздерінің көптеген еуропалық құрдастарына қарағанда 3 жыл кеш барады. Бастауыш мектепте олар күніне 4-5 сағат ғана оқиды. Десе де, 15 жасында олар ЭЫДҰ балалары арасында өздерінің құрдастарынан едеуір озық шығып, оқу, математика, жаратылыстану  ғылымдары және есеп шығарудан тест нәтижелері бойынша үздік болады. Финландияда мұғалімдік жұмысқа өте жақсы кадрлардың тартылуымен түсіндіреледі. Сондай ақ онда болашақ оқытушыларды үлгерімі бойынша өте жақсы 10% мектеп түлектерінен таңдап алады, олардың оқуы мұқиат бақыланады және оларға бастапқы жоғары еңбек ақы тағайындалады.

2008 жылы Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Жапонияға ресми сапарымен барды. Сапар алдында журналистермен кездесуде олардың сұрақтарына жауап бере отырып Елбасымыз былай деді: «Жаһандану кезеңінде өзіміздің игілігімізді сақтау үшін көп нәрсені үйренуіміз керек. Соған байланысты, мысалы, кимоно киетін, храмға баратын, сонымен бірге жоғары технологиялар саласында соңғы жаңалықтар жасайтын жапондықтардан үлгі алуға болады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіндік ерекшелікті сақтау ешқандай консервацияны білдірмейді ». Жапонияның тәрбиелеу жүйесінің бірегейлігі туралы Елбасы түйіндеп айтқан болатын.

Жапония – өзінің бүкіл тарихы бойынша жас ұрпақты тәрбиелеуге зор көңіл бөліп келе жатқан ел. Білім  беру саласындадағы бірінші маңызды реформа ХІХ ғасырдың 70-жылдары жүргізілді. «Қытай білімпаздығы және жапон рухы» ұраны «Жапон рухы және батыс технологиясы» ұранына ауыстырылды. «Вакон-есай» - «шетелдіктер жасаған білімді алу, бірақ оларға жапон рухы мен жапондық ойлау қалпының негіздерін әлсіретуге мүмкіндік бермеу» дегенді білдіреді. Жапониядағы білім беруді дамыту стартегиясын анықтайды.

 Жапонияда білім беру, тәрбиелеу, адамды қалыптастыру философиялары өзара тығыз байланысты. Жапон мектебінде дәстүрлі оқыту мақсаты білім беруге қарағанда, тәрбиелеуге көп мән береді. Халық арасында ғалым болғанша, жақсы адам болған дұрыс деп есептейді.

2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды. Бұл тұжырымдама
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”, “Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасына”, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында” атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
           Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт
білім беруді дамытудың жаңа кезеңі, бастауы десек болғандай. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойды. Осы орайда Астана төрінде өткен мұғалімдердің тұңғыш форумы жаңа оқу жылында Республика деңгейіндегі барша ұстаздарға зор серпіліс берді.
Алқалы жиында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов оқу саласын жан-жақты қамтыған мазмұнды баяндама жасады. Министр бұл форумның педагогтар, ата-аналар, кәсіпкерлер және азаматтық қоғам өкілдерінің байланысын қамтамасыз ету, Отанымызда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, азаматтық қоғамдық институттардың қатысуын кеңейту мақсатында өткізіп отырғанын тілге тиек ете келіп, «Биылғы оқу жылының және алдағы онжылдықтың басты ерекшелігі – оқытудың түбегейлі жаңа сапасына қол жеткізуге барынша көңіл бөлу, бұл жұмыс, ең алдымен, мұғалімдерге қатысты екенін, олар оқыту бойынша басты тұлға болып есептелетінін алға тартып, сондықтан да мұғалім кәсібі қоғамда ең беделді, құрметті мамандыққа айналуы тиіс»,- деді.
           Форумға қатысушылар білім беру жүйесіндегі бірқатар мәселелерді шешу үшін білім беру саласы мен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты әріптестікті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырды. Секция жұмыстарында қоғамдағы педагогтің мәртебесін көтеру мәселелеріне де ерекше көңіл бөлініп, түрлі ұсыныстар айтып, тәжірибе алмасты.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын білім берудің «білімнің» үстемдігі үлгісінен, құзырлылық (компетентті) үлгісіне көшу арқылы дамыта отырып, білім беру жүйесін халықаралық жүйемен сәйкестендіру қажеттігі артып отыр.
          Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ең басты міндеттерінің бірі – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жұмыстарын жеделдету, яғни 2015 жылға дейін бейінді мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерді дайындау мазмұнын «білімдік» қатыстан  «құзырлылық» қатысқа ауыстыру болатын. Бұл үдерістің де өзіндік ерекшелігін ескермесе болмайды.

          Қазақстанда жалпыға міндетті білім беру стандарты (ЖМБС) проблемаларды шешу біліктілігін, жігерлікті және кретивтілікті қалыптастыратын білім алудағы дербестікті, жеке дамуды қамтамасыз ететін нәтижеге бағдарланатын болады.

Осылай, 12 жылдық мектептің білім мазмұны дүние жүзінің жетекші елдерінің орта білім беру саласындағы 12 жылдық мектеп мазмұнына жауап беретін талаптарға сай болу керек.

Алайда біз 2008 жылы 12 жылдық беруге өтуді қамтамасыз ете алмадық. 2010 жылы  да өтуді жүзеге асыра алмадық. Енді Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2015 жылы 12 жылдық білім беруге көшу қарастырылған.

Қазақстан оқулықтану ғылылымы дамымаған. Сонымен қатар біздің авторлар өз оқулықтарын негізгі жұмысынан бос уақытарында және қысқа мерзімде жазады. Осыдан келіп олар жазған оқу әдебиетінің сапасы шығады.

Оқулықтану саласының дамуына Франция ғалымдары зор үлес қосып келеді. Олар  жақсы оқулық жазу үшін 3-5 жыл уақыт қажет дейді. Ал бізде қанша уақыт қалды? Сонымен қатар Францияның оқу әдебиеттері авторлары жақсы дайындалғанын және оларға қажетті жағдайлар жасалғанын ескеруіміз керек.

 Қазақстанда негізгі саты 5-9 сынып аралығы, ал финдіктерде 13-16 жас, 7-9 сынып аралығы болса, ағылшындықтарда 13-16 жас, 7-9 сынып аралықтары. Олардан айырмашылықтары бізде 5-6 сыныптар негізгі сатыға кіреді. Дамыған мемлекеттердің қай қайсысын алсақ та бастауыш саты 1-6 сынып аралықтары. Мысалы: Шанқай, Ганконг /Қытай/, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада, Австаралия, Швецария және т.б. Ал Қазақстанда негізгі саты 10 жаста болса, дамыған мемлекеттерде 13 жастан мектепке барады. Кіші жастағы оқушының психикалық дамуының ерекшеліктері балаларды бастауыш мектепте толық 11 жасқа дейін оқыту керектігін дәлелдейді. Яғни, бізде бұл ойланытын жайт.

Менің жеке пікірім  мемлекетте жүргізіліп жатқан білім реформасына өз үлесімді қоссам деген үміттемін. Маған қазіргі уақытта Назарбаев интеллектуалды мектебімен Кембридж университетінің бірлесіп жасаған педогогикалық  шеберлік орталығының жұмыстары ұнады. Мен оқыған бес апта көлемінде түсінгенім дәл осылай реформа  жүргізіліп,мұғалімдер біліктігін арттырса біздер болашақ жастардың саламатты, білімді өндіре алатынына  кәміл сенеміз. Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдері дарынды және талантты оқушыларды басқа оқушылардан айыра алмауда және тек үлгерімі жақсы оқушыны дарын немесе талантты деп тануда. Алайда бұндай пікірдің дұрыс емес екендігін шет ел ғалымдары мен өмірлік тәжірибе көрсетуде. Қазіргі мектеп саласында көшбасшылық ұғымы директор немесе орынбасарлары,  үйірімпаз,  жоғары мәртебелі,тағайындалатын немесе сайланатын,ерекше құзыретке ие адам,бақылау жүргізетін адамдар деп жаңылысып жүрген екенбіз.  Сол себепті бізде қазір жұмысқа деген құлшыныстың төмен екендігі көрініп жүр. Қазіргі инновациялық көзқараста көшбасшылар маңайындағыларға ықпал ететін, бастамашыл, өз қызметтерін ұсынатын , басқалардың атынан шешім қабылдайтын, оқушылар мінез-құлқын модельдей алатын,жағдайларға жеңіл бейімделе алатын жеке тұлғаларды айтамыз. Қазір мектептерде осындай тұлғалар жетіспеуде. Мектептеріміздегі мұғалімдерімізді педагогикалық шеберлік орталығына өз білімін жетілдіру үшін оқуға жіберіп барлығын дерлік  оқыту керек. Қазіргі мұғалімдер жеті модульді жетік меңгеруі қажет, сонда біз болашағымызға күмәнмен қарамас едік. Біз мұғалімдер білімді, білікті жеке дара тұлға болмай, білікті, білімді тұлға тәрбиелей алмаймыз. Бұл - өмірлік тәжірибе. Біз қазір мектептердің  оқушыларының білімін дамыту үшін топтық жұмыс жүргізу арқылы оқытуды үйретуіміз керек сол кезде жеке, дара, ойлай алатын, шығармашыл тұлға тәрбиелей аламыз.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

     Алматы 2013 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектептерге өзгерис не үшін қажет?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    Бұл мақалада мен өз мектебім не үшін өзгеру керектігі жайында ой қозғадым.Шындығында біздің мектептерге өзгерис қажет пе? деген сұрақ төңірегінде сіздер де  пікірлеринизди білдірсе деген үміттемін.Қазіргі кэмбридж университетімен біріге жасап отырған Қазақстандық білім жүйесіне енгізіліп отырған бағдарлама Мектептерге өзгерис алып келері анық. Бүкіл әлемдік білім жүйесінде қолданып жатқан жаңа технологияларды біздер,мұғалімдер, өз тәжірибемізде пайдалансақ, Қазақстандық оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай,өмірге бейім ,талпынысы мол, өзіндік көзқарасы бар азаматтарды тәрбиелеп шығаруға болатынымызға үлкен сенім артамын.Осы бағдарлама бойынша қазіргі кезде жұмыс атқарып, жетістіктерге жету үшін еңбектенетін ұстаз ретінде осы мақаламды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 371 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА по учебному предмету Обществознание 10-11 классы
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 1. Роль экономики в жизни общества
  • 03.10.2020
  • 286
  • 4
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Мультимедийная презентация к уроку "Кредитно-денежная политика государства" для дисциплина ОГСЭ. 05 "Основы бюджетной грамотности"
  • Учебник: «Экономика (базовый уровень)», Автономов В.С.
  • Тема: Глава 12. Государство и экономика
  • 02.10.2020
  • 710
  • 6
«Экономика (базовый уровень)», Автономов В.С.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 433
    • DOCX 32.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Матова Шынар Есенгелдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Матова Шынар Есенгелдиевна
    Матова Шынар Есенгелдиевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 3436
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1355 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 904 человека

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе