Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыМектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Скачать материал

Қазіргі жағдайдағы мектепте білімдену үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Директордың оқу жөніндегі орынбасары Жумаханова Шолпан Калеловна, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім  беретін мектеп.:

    Біздің бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай  білу қабілеттерін меңгеру, алған білімдерін қорыта білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновациялар меңгеру қабілеттеріне  үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті. Президенттің сөзі бойынша  «Қоғамда  инновациялық, креативті мінез-құлық басым болу керек». Сол себепті жас ұлттың қызығушылығы мен талаптарын  мүмкіндігінше  қанағаттандыратын білім берудің озық жүйесін құру- Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұны болып табылады. Осыған байланысты, білім беру жүйесінің алғашқы міндеттерінің бірі болып ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде,  ғылым мен тәжірибе жетістігі негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына жағдай жасау; жеке дара тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы ой-өрісті кеңейту; бала тұлғасын әлеуметтік өмірге бейімдеу, мектеп бітірушінің қоғам мен еңбек нарығының ауыспалы қажеттіліктеріне жылдам бейімделуіне себеп болатын функционалдық сауаттылықты  қалыптастыру. Бүгінгі   күнгі мектептерде білім беру тұлға мен тәжірибе бағытталып, тұлғаның өзін –өзі дамытуына, өзін- өзі жетілдіруіне  мүмкіндігінше көңіл бөліп, мәселелі шығармашылық сипатта болуы керек. Алайда осы уақытта аталған инновациялық үрдістердің ингибиторы болып білім мазмұны мен оқушыларға білім беру ерекшеліктеріне байланысты мәселелер қалып отыр:                                                           - ғылым негіздерінің жеткіліксіз тәжірибелік бағыты, олардың  шынайы өмірден алшақтығы ;                                                                                                                                   - бағдарламалар мен  оқулықтарда оқу материалдарының көп болуы, білім академиалығыны артықтығы;                                                                                                  - жалпы білім беру мен зияткерлік дағдыларды қалыптастыруда жеткілікті көңіл бөлінбеу;                                                                                                                                     - оқушылардың түрлі мазмұн мен формадағы (мәтіндер, суреттер, сызбалар, графиктер) ақпаратты ұғыну дағдыларын дамыту мен қалыптастыруға, оларды шынайы уақиғаға жақын түрлі жағдайларды шешу үшін бағалау мен қолдануға жеткіліксіз көңіл бөлінуі.                                                                                                        

Аталған мәселелер шешімінің негізі болып білім беру үрдісіне  құзіретті амал- тәсілдерді енгізу мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Білімнің  дағдыға тәуелділігі, өмірдің түрлі саласында кездесетін шынайы және  өзекті мәселелерді шешуге үшін білімнің бейімделуі - бұл негізгі мектеп бітірушінің оқу және оқудан тыс кездерде тиімді жұмыс жасай білуге мүмкіндік беретін белгілі білімділік деңгейі. Функционалдық сауаттылықты бір кезеңде анықтауға, бағалауға және қалыптастыруға тәжірибелік- бағытталған, бейімделген тапсырмалар мүмкіндік береді. Олар түрлі өмір саласы мен түрлі қызметтерде стандартты емес тапсырмаларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.  2012жылдың 27 қаңтардағы мемлекет бағдарламасының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сәйкес, үкіметке «оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту» туралы тапсырма берілді. Аталған жоспарда  оқу жетістігін бағалау  жалпы орта білім деңгейі оқушылардың функционалдық сауаттылығының, атап айтқанда математикалық,  жаратылыстану, оқу және жазу сауаттылығының қалыптасу деңгейлерінің анықтау бағыттары атап көрсетілген. Функционалдық сауаттылықты арттыру бағыттарды шешу үшін  оқушылар бойында  төмендегі құзіреттіліктерді қалыптастыру керек. Бұл құзіреттіліктер білім алушының әлеуметтік ролін жүзеге асыруында  ықпалы зор.

Проблемаларды шешу құзіреттілігі мен өзіндік менеджменттігі                                    

         түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға. өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

        өз іс-әрекетіне мақсат қоюға, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға (яғни барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу);

      өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен нәтижелерін      бағалауды жүзеге асыруға;

      өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға;

      барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызса;

Ақпараттық құзіреттілік төмендегі жағдайларға

      сыни талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

      өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға, осы мақсаттарға жеткізетін танымдық әрекеттерді жүзеге асыруға;

      өз бетінше табуға, талдауға, таңдау жасауға, өзгертуге, сақтауға, интерпретациялауға, ақпараттарды ауыстыруға, олардың ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

      логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, топтау, құрылымын жасау, тура және қосымша дәлелдеу, салыстыра дәлелдеу, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

      ақпараттарды өзіндік іс-әрекетін жоспарлау мен жүзеге асыруға қолдануға мүмкіндік туғызса;

Қатысымдық құзіреттілік төмендегі жағдайларға

    ауызша және жазбаша түрлі қатынас құралдарын өмірдегі нақты жағдайларда      өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде қолдануға;

      стиль мен жанрды таңдауға және қатысымдық міндеттердің барабар шешімін қолдануға;

      өзіндік пікірін әдеп нормасына сәйкес жеткізуге;

      өзара өнімді әрекетті, оның ішінде түрліше көзқарас пен бағыттарды ұстанатын ұлт өкілдерімен екеуара қарым-қатынасқа түсе отырып, өзара келісім жағдайында жүзеге асыруға;

Жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі сабақта нені оқыту керек? Педагогикалық қызмет – өз  уақытының экономикалық,   саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарына сәйкес өскелең ұрпақты өз бетінше қызмет етуге дайындауға саналы түрде бағыттаған ересек адамдардың қоғамдық-пайдалы қызметінің ерекшеліктерін үйрету керек.   Сол үшін қазіргі сабақты бес проекцияда түрінде көрсеткен  дұрыс болар еді:

      1-проекция.    Қазіргі сабақта пәндік білімді нақтылаудан бас тартып, «табиғат-қоғам-адам» координаттарында әмбебап дүниетанымның іргетасын қалауға ұмтылу керек.

      2-проекция. Қазіргі сабақта жалаң білімді меңгеру жүйесінен бас тартып, білімдер рухын меңгеру жүйесін басшылыққа алу керек.

      3-проекция. Қазіргі сабақта білімді «шайнап» бермей, оқушыға білімді өз қажеттіліктерінің шегінде өзі алуға мүмкіндік беру керек.  

      4-проекция.  Қазіргі сабақта білім беру емес, тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыру керек, оқушыны университетке түсуге емес, өмірге дайындау керек.

      5-проекция. Қазіргі сабақта білімді жинақтауға емес, әлеуметтік даналыққа әкелу керек.  Сондықтан әр тақырыпты меңгеруту сапасы төмендегі кесте бойынша қалыптастыру қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бүгінгі білім стандартының орындалуында функционалдық сауатылықты қалыптастыру мақсатында біздің мектепте  1-11 сыныптар ҚР 2010 жылғы 9 тамыз №367 бұйрықғына сәйкес  ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010 жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес  1-4 сыныптар стандарттың А-қосымшасы бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары, 5 – 9 сыныптар - стандарттың В-қосымшасы негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары, 10, 11 сыныптарда стандарттың Е-қосымшасы жалпы орта  білім беру деңгейінің  типтік оқу жоспары (жаратылыстану-математикалық бағыты) бойынша жүгізілуде және   ҚР Білім және ғылым министірінің 06.09.2010 жылғы  №445 бұйрығымен 8 сыныпта қазақ әдебиеті, 6-сынып биология пәні тереңдетіліп оқытылады.  10-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыты (информатика-математика бағдары) бойынша типтік оқу жоспарынан таңдаулы  курстар: «Дифференциалдық және интегралдық есептеу»,   «Физикадан күрделі есептерді шығару», «Баспа жұмыстарында ақпараттық технологияларды қолдану», «Қызықты география» ,«Логикалық есептерді шығару жолдары» , «Физика есептерін шығару әдіс-тәсілдері» , «Паразитология» жүргізіледі. 12-жылдық білім беруге  байланысты типтік оқу жоспарының вариативтік бөлігінен 1,3-4 сыныптарда бір-бір  сағаттан ағылшын тілі және информатика пәндері ерте оқытылады. Негізгі сатыда бейіналды оқыту 5-сыныпта қазақ тілі ,  7,9 сыныптарда иформатика факультатив сабақтары  өткізіледі.  Оқу жоспарының дұрыс  жоспарлауына байланысты  оқушылардың жан жақтылығы  олардың жеткен жетістіктерінен байқалынады. Даму деңгейлеріне қарай оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы: оқу озаттары, өнер және гуманитарлық бағытта, әр түрлі сайыстарға қатысып, өз таланттарын танытқан, спорттың әр түрлі саласында бейімдіктерін көрсетіп, жүлделі орындар әкеліп жүрген балалар өз мүмкіндіктерін ортада шығып көрсетіп, фунционалдық сауаттылықтарын аттырады. Оған айғақ төмендегі кете:

Іс шаралар

Сы-нып

Қатыс қаны

Нәтижеге жеткендер саны

1

Облыстық «Ертіс дарыны» сырттай оқу мектебіне қабылдау.

8-9

5

5

2

Қазақстан Интернет Олимпиадасы - Қазақстан тарихы пәні бойынша

6-11

5

 2                                                1-«Аудан үздік нәтиже»,       1-«Үздік нәтиже»

3

Қазақстан Интернет Олимпиадасы - Математика пәні бойынша

6-11

9

6                                                 2-«Аудан үздік нәтиже»,       4-«Үздік нәтиже»

4

Қазақстан Интернет Олимпиадасы –

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша

6-11

12

3                                                  2 оқушы-ІІ орын           1оқушы «Үздік нәтиже»

5

Қазақстан Интернет Олимпиадасы - Биология пәні бойынша

6-11

8

 3-«Аудан үздік нәтиже» .       

6

Қазақстан Интернет Олимпиадасы - Химия пәні бойынша

8-11

2

 2 «Аудан үздік нәтиже»   

7

«Батыр бабаларымыз-дың рухына бас иеміз» атты респуб-ликалық шығармалар конкурсы

11

1

қатысушы

8

Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафон

3-10

31

 1- 3 орын

9

Хабар агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына іріктеу.

6,

10,11

7

2 (облыстық)                            1 (республикаға қатысты)

10

В.А.Карпецті еске алуға арналған грек-рим күресінен ХХ облыстық аймақтық турнир

 

2

1-І орын                                   1- ІІІ орын

11

«Русский медвежонок – языкознание для всех» халықаралық ойын-конкурсы

3-10

6

 

12

Аудандық М.Мақатаев оқулары

5-11

1

1-ІІІ орын

13

Тұңғыш Президент күніне арн.грек-рим күресінен 1997-99 ж. туған жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік

 

2

1- І орын

1- ІІІ орын

14

Аудандық «Жарқын болашақ» V республи-калық олимпиада

7-11

4

2-  І орын                                 1-   ІІ орын

15

8-11 сыныптар арасындағы аудандық пән олимпиадасы

8-11

10

4-ІІІ орын

16

Облыстық интеллектуалдық марафон

3-10

31

4  ІІІ орын

17

И.Рагулин жүлдесіне арналған облыстық еркін күрес турнирі

5-9

1

1-  ІІІ орын

18

У.Муликбаевты еске алуға арналған аудандық еркін күрес жарысы

1-11

12

6-  І орын,   4-  ІІ орын                                1-ІІІ орын

Қорыта келе ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесінде  білім сапасын арттыру; жаратылыстану-математикалық, техникалық пәндерді, шет тілдерді оқыту сапасын жақсарту; білімде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру; мұғалімдер мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру; біліктілікті үздіксіз арттыру және адамның бүкіл өмірінде білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін инновациялық қоғам қалыптастыру; өмір бойы оқу жүйесін дамыту; қоғамдық ресурстарды, сондай-ақ білімдегі инвестицияларды біріктіретін сектораралық қатынастарды тиімді қолдану функционалды  сауаттылықты қалыптастыру негізгі басымдықтары бола алады.

Қолданылған әдебиеттер: 1) ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010ж. 2) «Қазақстан-2050»стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР-нің Президентінің  Қазақстан халқына жодауы 2012ж. 3) Кобдикова Ж.У., Теория и практика модернизации методической системы обучения на основе технологического подходауркестан, 2008

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    Біздің бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай  білу қабілеттерін меңгеру, алған білімдерін қорыта білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновациялар меңгеру қабілеттеріне  үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті. Президенттің сөзі бойынша  «Қоғамда  инновациялық, креативті мінез-құлық басым болу керек».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 278 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 722
    • DOCX 982.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумаханова Шолпан Калеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумаханова Шолпан Калеловна
    Жумаханова Шолпан Калеловна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3696
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Строительство гидротехнических сооружений

180 ч.

2490 руб. 1490 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Менеджмент логистических процессов: планирование, управление, оптимизация

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Обслуживание гостей в организациях общественного питания

Старший официант

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе