Инфоурок Логопедия, Дефектология Рабочие программыМектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолданатын сөздік қимылды ойындар

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолданатын сөздік қимылды ойындар

Скачать материал

 

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас  Жұмабаев атындағы

Боровской орта мектебі»  мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларды

тәрбиелеу мен оқыту барысында

қолданатын сөздік қимылды

ойындар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меңдіқара ауданы.

 

 Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде  ата – аналарға  және тәрбиешілерге арналған әдістемелік құралы.

 

 

Құрастырған:  мұғалім – логопед:  Ахатова Г.Т.

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз.

Мектепке дейінгі тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Баланың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, жауапкершілігі артады.

Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұны жағынан толысып, дамып, дәстүрлі жалғасып келеді.

Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Балалар бақшасында дұрыс жүруге, жүгіруге, секіруге тәрбиелеу — жаттығулар мен қимылды ойындар көмегімен, арнаулы сабақтарда жүзеге асырылады. Қимылды    ойындардың    айрықша    бағалылығы          балалардың    жалпы қимылының жетіле түсетіндігінде. Алайда, қимылды ойындардың маңызы тек мұнымен ғана шектелмейді, олар сондай-ақ балалардың жан-жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Бала өзінің тең құрбылары арасында өзін олармен тең сезінуі тиіс. Қимылдарды орындау батылдық, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орын алуға көмектеседі. Қимылды ойындардың процесінде балалар кеңістікті бағдарлауды тез үйренеді. Балаларды тәрбиелеуде қимылды ойындарды ойдағыдай пайдаланудың бірінші шарты - тәрбиеші жұмыс істейтін жас ерекшеліктері бар топта белгілі бір бағдарламалық міндетті білу, ойынның мазмұнын, ережесін балаларға анық айтып беру, ойындағы қимылдарды дәл де айқын орындау үшін тәрбиеші ойналатын ойындарды жақсы білуге міндетті. Таныс емес ойынды қатты зер салып түсініп алып, оймен ойнап көру керек, тек содан кейін ғана балаларға ұсынған жөн. Сонымен қатар қай ойынды қайда: үй ішінде немесе далада ма, өткізу қажет деген мәселені алдын ала ойластырған жөн.

Ойынның әмоциялық толықтығы   қимыл белсенділігін де арттырады, сондықтан ойын балаларды қызықтыра түседі.

Ойындардың   әр   бір   топта   тұрақты   ойналып   тұруы   балалардың өздерінің     бастамасымен     пайда     болып     жүргізілуі     үшін     оларды ұйымдастырудың жолдарын жақсы салыстырып, балалардың ойнауға деген ынтасын   шақыратын   әр   түрлі    құралдарды   пайдалану   керек. 

Мұндай ерекше нәрселер балаларға «кейіпкер образын түсінуге» көмектеседі, қимыл жасауға ынтасын арттырады. Сөздермен ырғақтасу негізінде құрылған ойындарды ойдағыдай өткізу үшін, олардың мәтіндерін және жасауға тиісті қимылдарды жақсы білу керек. Мәтінді күні бұрын жаттаудың қажеті жоқ, ойын барысында жаттап алады. Қимылдарды үйренгеннен кейін, олардың мәтінді таза және мәнерлеп айтуына назар аудару керек.  Ойындар ауа райына сай таңдалынып алынады. Мысалы, қыста, күзде жүгіретін, секіретін ойындар. Киім-киістеріне көңіл аудару керек. Әр кез балалар өрмелейтін, секіретін заттардың мықтылығы тексеріліп отырады.

 

 

 

 

Екі Аяз ата

Алаңның (немесе бөлменің) қарама-қарсы жағынан сызықпен екі үйді белгілеп қояды. Үйлердің ара қашықтығы 20-30 қадам (12-15 м). Ойнаушылар алаңның бір жағына орналасады. Екі басқарушы таңдалып алынады, олар екі үйдің арасындағы алаңның ортасында беттерін балаларға қаратып тұрады, бү_л - Аяз ата - Қызыл мұрын және Көк мұрын

Тәрбиешінің «Бастаңдар!» деген сигналы бойынша екі Аяз ата былай дейді:

Екі доспыз ағайынды

Көрген біз ғой талайыңды

Мен Аязбын - Қызыл мұрын,

Мен Аязбын - Көкшіл мұрын.

Кәне, қайсың қолдаса үміт,

Көріңдерші жолға шығып.

 

Барлық ойнаушылар Аяз атаға дауыстап жауап береді:

Мен ешкімнен қорықпаймын,

Аяздан да торықпаймын.

 

«Аяз» деген сөзден кейін барлық ойнаушылар алаңның қарама-қарсы жағындағы үйге жүгіріп кіреді де, ал Аяз аталар оларды мұздатып тастайды, яғни қолдарын тигізеді. Аяз ата ұстаған жерде тоқтатылады, олар бұл жерде барлық қалған ойнаушылар жүгіріп біткенше тұра береді. Мұздатылғандардың санын есептеп болған соң, олар қалған ойнаушыларға келіп қосылады.

Жүгіріп өту 3-4 рет қайталанады. Мұздатылғандардың жалпы санын есептеп шығарған соң (санағыштың көмегімен) жаңа Аяз аталар таңдап алынады да, ойын қайталанады.

Ойынның соңында, Аяз атаның қайсысы ойнаушыларды сан жағынан көбірек мұздатқанының қорытындысы шығарылады.

 

Кім даусын шығармай күле алады?

Ойынның мақсаты: Еріннің бұлшық еттерін дамыту.

Ойынның шарты: Балалар тәрбиешіге қарсы қарап отырады.

Тәрбиеші балаларға: Мен сендердің дауыстарыңды шығармай күлгендеріңді көрейін деп отырмын. Қараңдаршы, мен калай ақырын күлемін деп күледі. /Ақырын «Ә» дыбысын атайды/.

Күлген кезде ауызды кең ашпай, ерінді созбай, мұрынды тыржитпай әсем күлейік. Ал енді бәріміз де күлейік, бірақ мен сендердің дауыстарыңды естімейтін болайын деп жаттықтырады.

 

 

 

 

 

 

 

Көршілер

Ойынның мақсаты: Сөйлемді дұрыс құрап айта білуге машықтандыру, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Кажетті құрал: Дабыл.

Ойынның шарты: Бала оң жағында кіммен көрші отырғанын, айтады. Бала көршілерін атап болған соң, тәрбиеші дабылды қағады. Сол кезде балалар бөлмеде еркін ойнайды. Дабылды қайта қаққанда өздерінің көршілерімен отыра қалулары керек. Кімде-кім қателессе, сол жеңілген болып есептеледі.

Ойлан, тап

Ойынның мақсаты: Тез ойлана білуге жаттықтыру.

I.      Ойынның шарты: Мына дөңгелек бойындагы әріптерден "не?" деген сұраққа жауап беретін сөздер құраңдар. Әріптерді сағат тілі бағытынан ауытқымай, қатарыменде, теріп те пайдалануға болады.

II.     Ойынның шарты: Балаларды екі командаға бөліп, сөздің бірінші буынын тәрбиеші өзі айтып, балаларға екінші буынын тапқызу аркылы сөзді толық айтады. Бұл ойъншда топты екі командаға бөледі де, тәрбиеші өз үстеліне көріп тұратындай етіп бірнеше ойыншық қойып, олардың атының алғашқы буындарын айта бастайды. Мысалы: ал - /ма/, ша - /на/, сә -/біз/ және т.б. Ал баладар тәрбишіге ілесе отырып, жакшада көрсетілген екінші буындарды тез тауып айтады.

Ойын   соңында   жеңімпаз   командаға   түсті   жалауша   беріледі.   Жеңілген команданың жетістіктерін де айтып, мадақтап отырған жөн.

 

Сөзді есіңе сақта

Ойынның мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: Әр балаға 4 - 5-тен қиықша немесе сурет.

Ойынның шарты: Тәрбиеші өтілген жаңа дыбысқа байланысты 5-6 сөз айтады, балалар айтылған сөздерді сол қалпында қайталап айтып шығулары керек. Сөздерді шатастырып алса, қолындағы қиықшаны ойын бастаушы балаға береді. Кім қолындағы қиықшасын көбірек сақтай алса, сол жеңімпаз болады.

Қызыл-ақ

Ойынның мақсаты: Сөз ішіндегі дыбысты табу, баланың есту қабілетін жетілдіру.

Қажетті құрал: Әр балаға қызыл және ақ түсті екі дөңгелек немесе жалауша.

Ойынның шарты: Тәрбиеші 4-5 таныс дыбысты атайды да, соңынан 4-5 сөз айтады. Егер айтылган сөзде тәрбиеші атаған дыбыстар кездессе- балалар қызыл дөңгелекті, кездеспесе- ақ дөңгелекті көтереді. Бұл ойынды кластағы балаларды 3 командаға бөліп өткізуге болады. Қай команда қателеспесе, сол жеңімпаз атанып, жалаушаға ие болады.

Кім зейінді?

Ойынның мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, әр түрлі дыбыстарды тез ажырата білуге үйрету.

Қажетті құрал: Арнайы бір дыбысқа топталған заттардың суреттері.

Ойынның шарты: Балалар өз орындарында отырады. Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп тұрады, осы көрсетілген суреттердің аттарын балалар өздері атай отырып, қай дыбыс жиі айтылатынын табады. Мысалы, сағат, сиыр, қасық, мысык. Самат, сағыз, сырнай, т.б. осы сияқты сөздерде «с» дыбысының жиі айтылатынын балалар бірден айтуға тиіс. Бұл ойынды да балалардың отыру ыңгайына қарай үш командаға бөліп өткізуге болады. Көп жағдайда суреттерді үш топқа бөліп, жолақшаға немесе тақтаға орналастырып, әр команданың жауабын бірден алуға болады әрі уақыт үнемделеді.

Қай команда дұрыс жауап берсе, сол ойын жеңімпазы болады. Ал үш команда да дұрыс жауап берсе, бәрін де мадақтайды.

 

«С» дыбысына сөз ойла

Бұл ойынды бастарда топты екі командаға бөліп, бәріне бірдей «с» дыбысы бар сөз ойлап табуды ұсынады. Ойлап тапқан бала, «с» дыбысы сөздің қай жерінде тұрғанын бірден айтуға тиіс. Сөзді қай топтың баласы ойлап тапса, тәрбиеші сол топтың үлесіне бір кішкене ойыншықтан алып, топтап қор береді. Ойынды аяқтағанда, қай команданың көп сөз ойлағанын ойыншықтарды өздеріне санату арқылы анықтайды.

Сөйлемді жалғастыр

Ойынның   шарты:   Балалардың   логикалық   ойлау   қабілетін   және   тілін дамыту.   Төрбиеші   сөйлемнің   не   басын,   не   аяғын   айтады      да,   балаларға жалғастырып әкетуді ұсынады. Мысалы:

1. Беті-қолымды /жудым/. 2. Айнаға /қарадым/. 3. Шашымды/ тарадым/. 4. Тамақ /іштім/. 5. Ойыншықпен /ойнадым/. 6. Алақай, апам /келді/! 7. Кім /келді/? және т.б.

Қай әріп жоқ?

Ойынның мақсаты: «Н» дыбысын дұрыс айта білуге үйрету. Тәрбиеші әріп кассасына сөздің басын жазып, қай әріп жоқ? - деп сұрақ қояды. Мысалы: на /н/, қоя /н/, ша/на/, орма/н/ т.б.

Жақсы жауап берген балаларды мадақтайды.

 

Қасқыр және жеті лақ

Ойынның шарты: Мәнерлеп айтуға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: Қасқырдың, ешкінің, лақтың маскалары. Балалар   ертектің   мазмұнын   игеріп,   қасқырдың,   ешкінің,   лақтардың жауаптарын   жақсы   білулері   керек.   Тәрбиеші   рольдерді   бөліп,   маскаларын үлестіреді. Сонымен, ойын-инсценировка басталады.

Тәрбиеші балалардың назарын әр кейіпкердің дауыс ырғағы мен екпініне аударады. Ешкі мен лақтар сүйкімді үнмен, қасқыр болса басында жуан, сонан соң жасанды, жағымсыз үнмен даусын жіңішкертіп сөйлейді.

 

 

 

Бұл қалай өзгерген?

Ойынның шарты: Дауысты /дауыссыз/ а - ө, о - ә дыбыстарын салыстыру арқылы жуан, жіңішке дауыстылардың айтылуы мен жазылуына мән беру, сөзішіндегі   дыбыстардың дұрыс жазылуын, егер сөз ішінде бір дыбысты өзгертіп жазсақ, сөздің мағынасының өзгеретінін үйрету.

Бұл ойын төмендегідей бірнеше сөздер тобын салыстыру арқылы жүргізіледі.

дос - тос          біл - піл        сан - сән

   дара - тара       таба - тапа     нан - нән

                                дана - тана       тыс - тіс        ар - әр

    ата - ана          тор - төр        құн - күн

Тәрбиеші бұл сөздер тобын таблица түрінде тақтаға іліп қойып, айтып тұрады. Қай дыбыстың өзгеріп, қандай сөз пайда болғанын, қай бала көп әрі дұрыс тапса, сол бала ойын үздігі болып табылады.

 

Телеграф

Ойынның мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, буынға бөлуге үйрету, есту қабілетін жетілдіру.

Ойынның шарты: былай түсіндіреді: Біз қазір телеграф ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөздерімді басқа қалаға жеткізесіңдер. Ол үшін сендер бір қатарға тұрасыңадар. Бірінші тұрған бала Алматы, ең соңында тұрған бала Қарағанды каласы болады. Мен бірінші баланың құлағына сыбырлап бір сөз айтамын. Ал ол мен айтқан сөзді келесі балаға сыбырлайды? Сөйтіп, әр бала бұл сөзді келесі балаға жеткізіп отырады.

Ойында екі буынды сөздерді пайдалануға болады.

Мұғалім Қарағанды қаласы болып тағайындалған баладан қандай сөз естідің? - деп сұрайды. Егер сөз дұрыс жеткізілсе, бала дұрыс жауап береді. Қате айтылса, телеграф қай баланың тұсында келгенде бұзылғанын тез анықтауға болады. Ол үшін оңнан солға қарай сұраса, қаи бала қателескенін тауып, ойынды жаңадан бастауға болады.

Мұндай ойын түрлері балабақшасына арналған методикалық құралдарда көптеп кездеседі. Төрбиеші творчестволықпен ізденіп, өз тобына лайыктыларын іріктеп алып, ойынды тартымды, қызықты етіп өткізе білгені жөн.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіре беру үшін тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және өлең шумақтарын кеңінен пайдаланудың маңызы зор. Тәрбиеші өз жоспарында бұларды өтілетін дыбысқа қажетті құралдар ретінде нақты көрсетуге тиіс. Мысалы, «қ - г» дыбыстарына байланысты жаттығулар өткізу үшін, «Қарға» өленін жөне жаңылтпаш пен жеңіл өлең үзінділерін пайдалануға болады.

 

Қарға

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса, қор болар,

Бұтаға келіп қорғалар.

 

Жаңылтпаш

Қара қарғаларға

Ала қарғалар үйір.

Ала қарғаларға

Қара қарғалар үйір.

                                                      /М.Каманбалинов./

*****

Еңбеқ еткен тоқылдак,

Бәрінен де ақылды-ақ...

Жеңіл ырғаққа құрылған тізбектер бала тілін ұстартуға, ыңғайлы, ықшам, жаттап алып айтуға да жеңіл.


Ға - ға - ға

Ұшып келді қарға.

Ыз - ыз - ыз

Айгүл жақсы қыз.

Ой - ой - ой

Қорада тұр қой.

Ай - ай - ай

Қайылып жүр тай.

Ма - ма - ма

Апорт тәтті алма.

Ыр - ыр - ыр

Ырылдайды қасқыр.

Ме - ме - ме

Келе жатыр кеме.

Са - са - са

Ызыңдайды маса.

Би - би - би

Кіп - кішкентай сәби.

Ыс - ыс - ыс

Келіп жетті қыс.

Ақ - ақ – ақ

Секеңдейді лақ.

Зы - зы - зы

Секіреді қозы.

Аз - аз - аз                                           

Келді міне қаз.  

Лау - лау - лау                                              

Желбірейді жалау.                                                                                                              

Ие - ие - ие                                                   

Маң - маң басқан түйе.                                 

Ың - ың - ың                                              

Әп - әдемі қайың.                                         

Кі - кі - кі

Буландайды түлкі.

Па - па - па

Қандай мамық ұлпа.

Я - я - я

Мынау тұрған ұя.

Ян - ян - ян

Жүгіріп жүр қоян.


Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады.

Бұл жастағы балалар айналадан көрген-түйгенін, бағдарлап-байқағанын, естіген-білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады: творчестволық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күш-жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекетіне еркін араласып қарым-қатынасқа түседі.

Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В.Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен бейімділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймай, сонымен бірге бала ның жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға ,қызмет өтетін болуына жетуіміз қажет», - десе,

 

 

 

Н.К.Крупская - «Алты жастағы балалар үшін ойын-оқу, олар үшін ойын еңбек, олар үшін - ойын тәрбиенің елеулі формасы -» дейді.

 

Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте ұстау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процестерді, қасиеттерді дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог  ұмыт қалдырмауға тиіс.

 

Білте шам

Ойнаушылар екі-екіден тұрады. Колоннаның алдында 2-3 қадам қашықтықта сызық жүргізіледі. Ойнаушылардың ішінен ұстаушы біреуі осы сызықтың үстінде тұрады. Колоннада тұрғандардың бәрі мынаны айтады:

Жарқыра, жарқыра

От сөнбесін артыңда.

Қарашы сен аспанға

Құстар ұшып барады.

Қоңыраулар соғады!

Бір, екі, үш - жүгір!

«Жүгір» деген сөзден кейін соңғы екі-екіден тұрған балалардың соңғысы колонна бойымен жүгіріп (біреуі оң жақтан, екіншісі сол жақтан), кездесуге тырысып, қолдарымен ұстасады. Балалар қолдарымен ұстасқанша ұстаушы екі баланың бірін бұрынырақ ұстауға тырысады. Егер ұстаушының осыған қолы жетсе, онда ол ұсталған баламен жаңа жұп құрайды да, колоннаның алдына барып тұрады, ал қалған жұпсыз бала ұстаушы болады. Егер ұстаушының ешкімді ұстауға қолы жетпесе, онда ол сол рөлінде қала береді.

Барлық ойнаушылар бір реттен жүгіріп өткенде ойын бітеді. Ойынды 2-3 рет қайталауға болады.

Ойынға қатысушылар саны 15-17 адамнан аспауы керек, өйткені балалар қимылсыз көп тұрып қалуы мүмкін.

 

Бос орын

Ойнаушылар бүйірлерін таянып, шеңбер құрып тұрады, одан терезелер құралып шығады. Бастаушы таңдалып алынады. Ол шеңбердің сыртымен жүріп былай дейді:

Үй маңында жүремін,

Әйнегінен күлемін.

Біреуіне барғанда

Шығатынын білемін.

«Әйнегінен күлемін» деген сөз тіркесінен кейін бастаушы тоқтайды да, терезеге қарсысындағы терезеден қарайды да былай дейді: «Тук-тук-тук». Алдында тұрған: «Кім келді?» деп сұрайды. Басқарушы өзінің атын айтады. Шеңберде түрған «Неге келдің?» деп сұрайды. Басқарушы жарысып жүгіреміз - деп жауап береді де, екеуі де ойнаушыларды айналып әр жаққа жүгіреді. Шеңберде бос орын болып шығады. Осы орынға кім бірінші болып жетсе, сол шеңберде қалады, ал кешігіп қалған - бастаушы болады, ойын жүргізіле береді.

 

«Аққу-қаздар» ойыны

 

Ойынға қатысушы балалардың біреуі - қасқыр, екіншісі - құс бағушы болады. Қалған балалардың бәрі «Аққу - қаздардың» рөлін ойнайды.

Балалар үлкен алаңға шығады. Алаңның оң жағында құс бағушы бала мен аққу-қаздар болып ойыншылар тұратын жер сызықпен белгіленеді. Сол жақта қасқыр жасырынады.

Ойын басталғанда құс бағушы аққу-қаздарды далаға шығарып жібереді. Аққу-қаздар сызықтан асып, алаңның ортасында шашылып жүреді. Қасқыр әзірше қозғалмай отырады. Біраз уақыттан кейін құс бағушы қаздарды шақырады.

-Қаздар, қаздар, қаңқылда!

- Қулар, қулар, саңқылда!

- Тойдыңдар ма далада?

- Иә, иә, иә,

-Ендеше үйге қайтыңдар.

-Жоқ, жоқ!

-Неге?

- Қыр астында қасқыр бар.

Осы соңғы сөз айтылғанда ғана қасқыр қаздарды қуалауға ұмтылады. Ал аққу-қаздар үйге, сызықпен белгілеген жерге қашады. Қасқыр оларды ұстауға тырысады. Ұсталғандар ойыннан шығып қалады.

 

Жүзік жасырмақ

Балалар екі-екіден білектерінен айқастыра ұстап кілем үстіне немесе орындықта отырады. Алдымен ойынды тәрбиеші жүргізеді.

Алақанды беттестіріп, қуыстап,

Отырыңдар құр ауаны уыстап.

Бір, екі рет, кідіріп те қалған боп,

Бір жүзікті тегіс шығам салған боп.

Сездірмейді берік болса сырға кім,

Уысында бір құпия тұрғанын.

Бақыла да өзіңше түс-түсінен,

«Жүзікті бер», - деп сүра бір кісіден.

Тауып алсаң, сездірген жан айыпты,

Таппай қалсаң, жазасын ал лайықты, -

деп, қолындағы тоқпақпен жерді ұра отырып: «Шық сақинам ортаға, шық!»- деп қайта-қайта қайталайды. Осы кезде жүзік салынған бала көршісінің білегінен суырылып шығуы керек. Шыға алмай қалса, ойын ретінде балалардың бұйрығы бойынша ән айтады, би билейді, тақпақ айтып береді, ал көршісінен айырылып қалған бала да сол сияқты айыбын өтейді. Ойынды ары қарай балалар жүргізеді.

 

 

Соқыр теке

Ортамыздан біреуімізді сайлаймыз,

Орамалмен көзін байлаймыз.

Қалғанымыз оны түртіп қашамыз,

Тым қырағы, сақ боламыз аса біз.

Ұмтылады ол оң мен солына,

Тырысамыз түспеуге оның қолына.

Кім ұсталса, соның көзі байланар,

Ол ұстайтын бейғам бала қайда бар? -

деп, ойынға қатысушы балалар бытырап қашады. Ал, көзі байланған бала оларды ұстап алуға тырысады. Қашып жүрген балалар арасында алақандарын соғып, дыбыс беріп қояды. Ойында ұсталған бала - ойынды одан әрі жүргізеді.

 

Етек-етек

Ойынға бірнеше бала қатысады.

Ал, ұстаңдар етектен,

Айрылмаңдар жетектен.

Біз шөжелер боламыз,

Алдымызда - анамыз.

Келе жатыр қарақұс,

Қорғайды одан анамыз.

Анамыз қалай бұрылса,

Біз де сонда барамыз.

Кім айрылса етектен,

Шығып қалса жетектен.

Соны ұстайды қарақұс,

Сол болады құсқа жем.

Ал ұстаңдар етектен,

Айрылмаңдар жетектен.

Ұрынады қатерге

Ана сөзін екі еткен. –

деп, ойын бастаушы арттарындағы шөжелерін қорғап қалу үшін екі

қолын екі жаққа жайып, балаларын алып, қарақұстан қашқан болады. Ал қарақұс шөжелерді ұстап алып кетуге тырысады. Ойын шөжелер біткенше ойналады.

 

Тақия тастамақ

Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның - "Тақия тастамақ".

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.

Ақырын аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсына жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.

 

Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң омалып.

Арқаңды осқылап қуамын,

Маубасқа керегі сол анық, -

деп дөңгелене отырған балаларды айнала жүріп, тақияны біреуінің артына білдірмей тастайды, егер тақияны тастағанды сезбей қалса, ойын жүргізуші сол баланы тоқпақпен арқасына ұрғылайды. Ойынды тоқпақ жеген бала жалғастырады. Ойын барлық бала жүгіріп шыққанша ойналады.

 

Аралар

Бір топ бала қол ұстасып,  шеңберге түрады да үш-төртеуі ортаға шығады. Олар "аралар".

Баудағы кім?

Баудағы кім?

Ара болсаң ызыңда

З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж.

Жұмыс істе тығылма.

«Жұмыс істе тығылма» деген сөзді естіген аралар заматта-ақ тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, еден сыпырғандай т.б. қимылдар жасайды.

Топ, топ ара ұшады,

Үстімен де бұтаның.

Астымен де бұтаның

Үстімен де бұтаның.

Балалар осылай әндетіп, "аралардың" қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға», - деп хормен айтады. «Аралар» осы сөзді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады. Енді шеңбер жасап тұрғандар бәрі дауыстап:

Ай-ай жалқау бұл құмар,

Жалқауды тез қуыңдар.

Сөйтіп жалқауды сұқ саусақтарын шошайтып тұрып аластайды. Бұдан кейін ойын қайта басталады.

Біз де

Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы бала жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Егер бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалар «біз де» деп, қосылып айтады да, балалардың қосылмайтын сөзі болса, «біз де» деуге болмайды. Байқамай қосылып, әлгі сөзді айтып қалса, ол бала қатысушылардың тілегін орындайды. Айыпты ән салып, тақпақ айтып, би билеп береді.

Ойын жүргізуші:

-    Мен көлге барамын.

Балалар:

-    Біз де.

Ойын жүргізуші:

-    Одан үйрек ұстап алам.

Балалар:

 

-    Біз де.

Ойын жүргізуші:

-    Үйректің жартысын күшігіме беремін.

Балалар:

-    Біз де.

Ойын жүргізуші:

-    Күшігім жейді.

Осы кезде балалардың біреуі «біз де» деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.

 

Айгөлек

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болу керек. Екі топтың да бастаушысы болады. Аралары 10-15 метр жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер көрсете бастайды. Екі жақтан екі бала ортаға шығады, біреуі  ұл бала, екіншісі - қыз бала. Олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар тасты көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойынды басыдан:

Сен қай қолдағы тасты қалайсың? - деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі «Мен оң қолдағы тасты қалаймын», - деседі. Екіншісі сол қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойынды бастайды.

Бірінші топ:       

- Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Күші мығым, қуатты,

Екпіні желдей өршіген,

Шөпті бұзар ер керек.

Екінші топ:

- Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Күші мығым, қуатты,

Екпіні желдей өршіген,

Саған қандай ер керек?

Бірінші топ:

- Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Күші мығым, қуатты,

Екпіні желдей өршіген,

Бізге пәлен  .....  ер керек,  - деп, бір ойыншының атын

атайды. Ол өз тобынан ортаға шығып:

- Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Сайысқанда саспайтын,

Самала күйге бастайтын

Пәлен деген ер шыққан,

                                   

 

     Топ бүзуға мен шыққам, - деп, сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпекші болады. Ол топты жарып өтсе, өзі қалаған бір адамды өз тобына алып келеді. Егер топты жарып өте алмаса, сол топта қалады. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп ойын жалғаса береді.

 

Соқыр теке (екінші түрі)

Бұзау,

Бота,

Құлыншақ,

Тоқты,

Серке,

Тай,

Торпақ,

Тайлақ,

Құнан, дөнен, бесті бар

Малдың жасын айыра біл, естіп ал.

Бұқа,

Бура,

Айғыр,

Қошқар,

Теке бар

Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.

Ойын тәртібі: Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғарыда көрсетілген мал аттарымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «тентек теке» болады. Ойын үйде де, далада да ойналады. Ойын жүргізуші «тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда «тентек теке» былай дейді:

Әй, қараңғыда көзім жоқ

Тиіп кетсем сөзім жоқ.

Маған жақын келіңдер,

Біреуді үстап беріңдер.

Мұнан кейін «соқыр текені» айнала қоршаған балалар:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.

Топырағын алайын,

Тотияйын салайын.

Ал, ұстап көр, батырым,

Міне келе жатырмын! -

деген өлеңдерді бәрі бірге қосылып айтады. Өлең айтылып болған соң «соқыр теке» балаларды ұстауға тырысады. Ұсталған бала ойынды жалғастырады.

 

Бағдаршам

О й ы н ш а р т ы. Балаларға бағдаршам туралы кіріспе әңгіме өткізіледі. Тәрбиеші бормен жол және өтетін бұрылыс сызады. Балалар сапқа тұрып, ойын

 

 

жүргізуші жасыл дөңгелекті көтерсе, бұрылыстан өте береді. Қызыл дөңгелекті көтергенде «бағдаршам» тақпағын хормен айтады:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйрем баспа алға!

Сары дөңгелекті көтергенде:

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға! - деп бәрі қосылып айтады.

Жасыл дөңгелек көрсетілгенде:

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба! - деп жолдан өтулері керек.

Кімде-кім үлгірмей қалса, тоқтап тұрып қалады.

-    Сен қайда болдың? - деп кешіккен баладан сұрайды.

-    Бағдаршам бөгеді, - деп жауап береді ол.

 

Атқаума

О й ы н ш а р т ы. Ойынды алты бала үш-үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін білезігінен ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан оң қолдарымен бір-бірін сол қолдарынан ұстасады. Үшінші бала көзі таңулы күйінде екі баланың айқасқан қолына отырады. Қолдасып түрған балалар «Атқаума, атқаума», - деп қаумалай көтерген күйі мөлшерлі жерге дейін жүреді. Бір бала:

- Ақ сандық, ақ сандық, - дейді.

Оған көзі байлаулы бала:

- Көк сандық, көк сандық, - деп жауап береді.

- Аспанда не бар?

- Жұлдыз бар.

-Жерде не бер?

-Құндыз бар.

- Көлде не бар?

- Балық бар.

Қаумалап келе жатқан екі бала :

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Көзің неге тостақ?

Бұтың неге талтақ? - дегенде:

Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Қарауылды көп қарап,

Көзім содан тостақ.

Көп отырдым ерігіп,

Бұтым содан талтақ, - дейді әлгі бала.

Екі бала:

-    Мына жерде шөл бар,

-    Мына жерде ел бар, - деп қолдарын ағытып жібереді. Отырған бала құламай түссе, ұпай береді. Құламай тік тұрып қалса, екі бала ұпайға жығылады.

 

Ұшты-ұшты

Балалар шеңберге тұрады. Ойын бастаушы:

-    Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» - деп, қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды көтеріп, «ұшты-ұшты» - деп қалықтап тұрасыңдар. Ұшқандардан қатасқан бала ұпай тартады. Мысалы, ән салу, тақпақ айту, жұмбақ шешу, т.б.

Ойын басталады.

-    Ұшты-ұшты, тарғақ ұшты. (ұшады)

-    Жарғақ ұшты (ұшпайды).

-    Үкі ұшты.

-    Түлкі ұшты.

-    Бүркіт ұшты.

-    Іркіт ұшты.

-    Үйрек ұшты.

-    Бүйрек ұшты.

 

Бақалар

Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынадай өлең айтады:

Бақалар басы қалтаңдап,

Шоршиды жолда талтаңдап.

Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,

Жүгіреді талтақтап.

Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға - сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді.

Ойын қайталанған кезде, рольдерімен алмасады.

 

Аттар

Балалар  аттарды бейнелейді. Бөлменің немесе алаңның бір шетіне жиналып, мынадай өлең айтады:

Топ-топ түсіп төрт тұяқ,

Шоқырақтап шап, атым.

Құйрық-жалың суылдап,

Үш оғындай садақтың,

Өзен кешіп, тау асып,

Шабысыңнан танба сен.

Дүрсілдетіп дүниені

Ытқып, ытқып заула сен.

Соңғы сөзді айта бергенде, балалар алға қарай үмтыла секіреді. Тәрбиешінің «үйге» деген сигналы бойынша жай ғана орындарына оралады. Тәрбиеші тексті қайталайды, аттар қайтадан бөлмені айнала шаба жөнеледі.

 

 

Тәрбиеші өлеңді түгел айтып болмайынша, балалардың орындарынан қозғалмауын қадалағаны жөн.

 

Тегіс жолмен

Балалар орындықтарда, скамейкада немесе шөптің үстінде отырады. Тәрбиеші оларға серуендеп келуді ұсынады. Олар орындықтарынан тұрып, еркін топтасады немесе колоннамен сапқа тұрады.

Тәрбиеші ырғақпен, белгілі бір қарқынмен мынадай текст айтады:

Теп-тегіс жолменен,

Теп-тегіс жолменен

Аршындап мен келем.

Бір, екі, бір, екі!

Жолға төсеп тастаған,

Секіргенде тастардан

Бір шұңқырға - гүмп!

«Теп-тегіс жолменен» деген кезде балалар жай қадаммен жүреді. Ал тәрбиеші «Секіргенде тастардан» деген кезде екі аяғымен секіріп, аздап алға жылжиды. «Бір шұңқырға - гүмп!» деген кезде, жүресінен отыра кетеді. Тәрбиеші «шүңқырдан шықтық» деген кезде, балалар түрады. Тәрбиеші өлеңді қайталайды.

Екі-үш рет қайталағаннан кейін тәрбиеші мынадай текст айтады:

Теп-тегіс қасқа жолменен,

Теп-тегіс таспа жолменен,

Жүре-жүре талды аяқ,

Жүре алмас боп қалды аяқ.

Келе жатқан жете алмай,

Міне біздің мекен-жай.

Текст ақталғаннан кейін балалар орындықтарына қарай жүгіреді де әркім өз онына отырады. Аздаған үзілістен кейін ойын қайтадан басталады.

Тәрбиеші өлеңнің әр жолын көп не аз қайталау арқылы тексті не ұзарта, не қысқарта алады.

Алғашқыда колоннаның басында тәрбиешінің өзі жүреді. Кейін шетке шығып тұрады да балалардың қимыл-әрекеті мен жүріс-тұрысының өлең ырғағына сәйкес келуін қадағалайды.

 

Аяғымызбен жер тебінеміз

Ойнаушылар қимылдаған кезде көршісіне тимейтіндей қашықтықта дөңгеленіп тұрады. Тәрбиеші балалармен бірге тексті жай, тәптіштеп айтып тұрады. Балаларға өлеңде айтылған қимылдарды істеуге мүмкіндік береді. Аяқпенен тарсылдатып билейміз,

Қолды соғып басымызды изейміз.

Қолымызды көтереміз,

Қолымызды түсіреміз.

Қолымызды ұсынамыз.

Осы сөздермен балалар біріне-бірі қол беріп, дөңгеленіп тұрады. Одан кейін былай деп жалғастырады:

 

Ал шығайық сайланып,

Жүгірейік айналып.

Аз уақыт өткеннен кейін тәрбиеші: «Тоқта», - дейді. Бәрі тоқтайды. Одан кейін ойын қайталанады.

 

Жел көбік

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады.

Көпіре гөр көбік-шар,

Көпіре бер кеңіп шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.

 

Күн шүғыласы (сәулесі)

Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де:

 

Қабырғада елбеңдеп,

Ойнайды сәуле құбылып.

Ымдасаң болды сен «кел» деп,

Жетеді демде жүгіріп.

Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені үстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.

 

Мысық пен тышқандар

Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада, жұмсақ шөпті алаңда өткізіледі.

Қырынан қойылған гимнастикалық сатының, рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.

Тәрбиеші былай дейді:

Тышқанға сақшы санап өзін мысық,

Жатады ұйықтағансып көзін қысып.

Тышқандар    індерінен    жүгіріп    шығып    (сатының    баспалдақтары арасынан өтеді немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды. Біраз уақыттан кейін тәрбиеші:

Тынышталыңдар, тышқандар,

Бекерге шулап күлмеңдер.

 

Ұйқыда жатқан мысықты

Оятып алып жүрмеңдер, - дейді.

 Бұл - мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтан тұрады, керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан тышқандарды ұстай бастайды.

Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады. Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балаларды, ал кейін істеген ісін мақтап қойып, ұялшақтау балаларды да қоюға болады.

 

Үрпек төбет

Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған қолымен аяғына қояды.

Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:

Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,

Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.

Белгісіз жатқаны үйықтап, яки қалғып,

Момақан, сырт пішіні жуас салғырт.

Ояталық жақындап барайық та,

Қайтер екен содан соң - қарайық та.

Төбет орнынан ұшып тұүрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.

Ойын азғана балалар тобымен жүргізіледі.

 

Айдарлы-мекен тауық

Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапанды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) - мысық. Мысық шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді. Тәрбиеші:

Ертіп сары балапандарын,

Айдарлы әсем шықты тауық:

«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,

Қыт-қыт», - дейді ауық-ауық.

Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:

Тұрған жолдың бойында

Орындықта бүк түсіп.

Не бар, қайдам, ойында

Жатыр ұйықтап бір мысық.

Мысық көзін ашады,

Балапандар қашады.

Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, -«үйіне», тауық-мамаға қашқан балапандарды қуа жөнеледі.

Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: «Кет, мысық, балапандарымды саған бермеймін!»,- дейді.

Ойын қайталанғанда, мысықтың ролі басқа балаға тапсырылады.

 

Доп

Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды. Қолын оның басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші мынадай өлең айтады:

Секең, секең секеңдеп,

Қайда зырлап кетпес доп.

Төмен, төмен, төмендеп,

Жерге жетер-жетпес боп.

Доп болып осылай секіргісі келетіндер міндетті түрде табылады. Тәрбиеші әрқайсысымен кезекпен ойнайды.

 

Менің зымыраған көңілді добым

Ойнаушы балалар тобы (5-6 адам) жартылай дөңгелек құрып, тәрбиешінің жанында түрады. Допты бейнелейтін бір бала орнында тұрып секіреді, ал тәрбиеші алақанын оның басына қойып, мынадай өлең айтады.

Көңілді добым, о, менің,

Домалап қайда жөнелдің?

Қызыл, сары, көгілдір,

Жел аяқсың-ау өзің бір!

Бұдан кейін доп қашып кетеді, тәрбиеші балалармен бірге оны ұстайды. Ойын жаңа доппен қайта басталады. Балалар ойынды әбден үйреніп игергенде, бәріне де доп сияқты секіруді ұсынуға болады.

 

Отырған мынау ақ қоян...

Алаңның бір жағында қояндардың орны белгіленеді. Әр бала өз орнына тұрады. Тәрбиешінің: «Қоршауға жүгіріңдер» деген сигналы бойынша барлық балалар дөңгеленіп тұрады, ал қоянның біреуі ортаға шығады.

Балалар тәрбиешімен бірге тақпақ оқиды да текстің мазмұнына қарай қимыл жасайды.

1.                 Отыр аппақ, бір қоян.

Неткен сап-сақ бүл қоян.

Құлақтары делеңдеп,

Әр дыбысқа елеңдеп.

2.                 Қоян, жаурап суықта

Отырсың не күзетіп?

Аяқтарың сіресіп,

Табаныңнан сыз өтіп.

Одан да ырғып, ырғып ал,

Аяқтарың жылынар.

Балалар дөңгеленіп тұрады. «Құлақтары делеңдеп» деген сөз тіркесінен бастап ойын аяғына дейін балалар қолдарын жоғары көтеріп, білезіктерінен бастап қимылдатады.

Балалар «ырғып» деген сөзден бастап, аяғына дейін бір орында екі аяқтап секіреді.

 

 

3.       Тұра, тұра суықта,

Қоян жаурап, торықты.

Алайын деп жылынып,

Әрлі-берлі жорытты.

Балалар «әрлі-берлі жорытты» деген сөз тіркесінен бастап ойынның

аяғына дейін бір тұрып, орында екі аяқтап секіреді

Секең-секең, секең-секең,

Секіріп жылынады қоян-екең.

Үркітті де бір ноян,

Зытып берді сүр қоян.

Тәрбиеші алақанын шапалақтайды, балалар өз үйлеріне тарайды.

Бұдан кейін ойын жаңа қоянмен қайта басталады.

Ойын басталғанға дейін тәрбиеші балалармен бірге қояндарға орын әзірлейді. Қыста алаңдағы қардың үстіне бояумен жақсылап қоршау сызып қоюға болады: бөлмеде қояндар үшін орын (орындықтар) болады.

 

 

 

Сұр қоян жуынып жатыр...

Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:

Бармақ боп тойға сүр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағын жуды- түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды - тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянның орнын басады, ойын қайталанады.

5-6 қоян ауысқанда ойын аяқталады.

 

Кішкентай қоян, шыға ғой...

Бір топ балалар тәрбиешімен бірге дөңгелене тұра қалады. Тәрбиеші кім кішкене қоян болады деп сұрайы. Бәрі айналып жүріп мынадай өлең айтады.

Жүр, көжегім, шыға ғой,

Сүр көжегім, шыға ғой!

Айтқанымды ұға ғой,

Міне, былай шыға ғой!

Кішкене қоян деп атаған бала ортаға шығады. Өлеңнің ендігі шумағын айтып болғаннан кейін, барлық ойнаушылар, қоянқайға не істеу қажеттігін көрсеткендей, тиісті қимылдар жасайды. Ол да балалардың істеген қимылдарын қайталайды.

 

Жүр, көжегім, тап-тап бас!

Сүр көжегім, баптап бас!

Міне былай тап-тап бас!

Міне былай нақ-нақ бас!

Жүр, көжегім, жүгірші,

Сүр көжегім, жүгірші.

Міне былай бір ырғышы,

Міне былай жүгірщі.

Жүр, көжегім, билей ғой,

Сұр көжегім, билей ғой.

Міне былай билеп көр,

Міне былай билеп бер.

Жүр, көжегім, таңдап ал,

Сұр көжегім, аңдап ал!

Міне былай таңдап ал,

Дәнеңе жоқ таңданар!

Бұл сөздерден кейін кішкене қоян балалардың біреуіне жақындайды. Қалғандары орындарында тұрып өлең айтады.

Жүр, көжегім, тәжім ет,

Сұр көжегім, тәжім ет!

Ұқпа мұны әзіл деп,

Міне, былай тәжім ет!

Ол кімге иіліп сәлем берсе, сол жаңадан кішкене қоян болады, ойын қайтадан басынан басталады.

Е с к е р т у. Өлеңнің әр шумағынан кейін, қимылдың бағытын өзгертіп отыру керек.

 

Күнім, күнім... (Сәулем, сәулем...)

Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған тәрбиешіні айнала қоршай тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.

О, алтын күн, алтын күн,                            Балалар әннің ырғағына қарай

Әйнектен қара, жарқын күн!                     қолдарын соғады, тізе бүгіп жүресі-

Балаларың жылауда                                нен отырады, (сөз екпіндерінде). Қол соғуды тоқтатпай,                                        Қол соғуды тоқтатпай, жалғас-

Сүрініп тасқа қүлауда.                                тыра отырып, бір орында секіреді.

 

Ормандағы аюда...

Алаңның бір шетінен сызық жүргізіледі. Бұл орманның шеті. Сызықтың арғы сыртынан екі-үш қадам жерде аюдың жататын жері сызылып белгіленгенді. Алаңның қарсы жақ шетінде сызықпен балалардың үйі белгіленеді.

Тәрбиеші ойнаушы балалардың біреуін аю етіп тағайындайды. Қалған ойыншылар - балалар: олар үйлерінде отырады.

Тәрбиеші: «Серуендеп келіңдер», - дейді. Балалар орманның шетіне барып, саңырауқұлақ, басқа да жеміс-жидек теріп жүріп, істеп жүрген тірлігіне үқсас

 

қимылдар жасайды, (еңкейеді және денесін тік үстайды), сөйтіп мынадай өлең айтады:

Аю жүрген орманнан,

Жидек тердім сол маңнан.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.

Ойнаушы балалар «гүрілдеп» деген кезде аю гүрілдеп тұрады да үйлеріне қарай қашады. Аю оларды ұстағысы келеді (тиіскісі келеді). Ұстағандарын аю өзіне алып кетеді. Балалар қайтадан саңырауқұлақ, жеміс-жидек тере бастайды.

Аю екі-үш баланы үстағаннан кейін, қайтадан жаңа аю белгіленеді немесе жаңадан таңдалады және ойын қайта басталады.

 

Жылқылар

Балалар екеу-екеу болып жұпталып тұрады: біреуі - ат, екіншісі -айдаушы (арбакеш). Ойын үшін жүген беріледі немесе балалар бірінің-бірі белбеуінен ұстайды.

Атқа мініп желейік,

Атаға сәлем берейік.

Шалқанды жерден өтейік,

Жаңғақ теріп келейік.

Екі-екіден алайық,

Әдемісін қарайық,

Тәттісін іздеп табайық.

Текст аяқталса да балалар сол ырғақпен тәрбиешінің «әуп, әуп...» деген ызыңымен бұрынғы қалпында жүгіре береді немесе тәрбиеші:  «тыр-р...»

дегенше, балалар таңдайын қағып ойнай береді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады. Балалар ойынды әбден игерген кезде, тәрбиеші балаларға жүгіріп жүргенде тізелерін жоғарырақ көтеруді ұсынады. Ойынды бір жұптан бастау керек те, бірте-бірте 3-4 жұпқа дейін жеткізген дұрыс.

 

Қояндар мен қасқыр

Ойынға қатысушылардың біреуін қасқыр етіп таңдап алады. Қалған балалар қоянның ролін бейнелейді.

Алаңның   бір   жағында   қояндар   өздеріне   үйшік   жасап   жатады (дөңгелектер сызады). Ойын басында қояндар өздерінің үйлерінде тұрады, қасқыр - алаңның екінші шетінде (сайда). Тәрбиеші былай дейді:

Шоқақ, шоқақ жүгіріп,

Қояндар кетіп барады.

Тұрған көгі қүлпырып,

Көгалды іздеп табады.

Шөпті жалмап жеседі,

- Қасқыр жоқ па? - деседі.

Тың-тыңдайды абайлап.

 

 

 

 

Қояндар үйлерінен жүгіріп-жүгіріп шығады да, алаңда ойнай бастайды. Олар біресе екі аяқтап секіреді, біресе тізерлейді, шөп жұлады, қасқыр келіп қалған жоқ па екен деп жан-жағына қарайды. Тәрбиеші соңғы сөзін айтқан кезде қасқыр сайдан шығады да қояндарды ұстауға ұмтылып, қуа жөнеледі (тиісейін деп). Қояндар өз үйлеріне қарай қашады. Ұстаған қояндарын қасқыр сайға қарай алып кетеді.

Қасқыр қетісімен тәрбиеші өлеңнің тексін қайталайды, ойын басынан қайталанады. 2-3 қоянды ұстағаннан кейін басқа қасқыр белгіленеді

Балалар үйшікті бір-біріне жақын жасамауын бақылау керек.

 

 

Қияр, қияр...

Алаңның бір жағында - тәрбиеші (үстаушы), екінші жағында - балалар.

Балалар ұстаушыға қос аяқтап секіріп жақындай түседі. Тәрбиеші былай дейді:

Қияржан, қапы қалма сен,

Ана бір шетке барма сен.

Ол жердің тышқан - қырсығы бар,

Құйрығыңды қыршып алар.

Соңғы сөзді естіген кезде, балалар өз орындарына қашады, ал тәрбиеші оларды қуып жетеді.

 

Жіптің (сетканың) үстімен доп лақтыру

Екі ағаштың немесе гимнастикалық бағанның арасына, баланың көкірегінен биіктікте, жіп немесе сетка тартылады.

Жіптің (сетканың) екі жағынан, одан 1 м жерде сызық жүргізіледі. Балалар тобы (екі жағынан 4-6 адамнан) сызықтың екі жағында бір-біріне қарама-қарсы тұрады .

Шетте тұрған балалардың біреуі допты қабылдайды. Тәрбиешінің «Баста» деген сигналы бойынша ол допты, сетка арқылы, қарсысында тұрған балаға лақтырады. Ол допты қабылдап, жанында тұрған балаға жібереді т.б. Доп ең соңғы ойнаушы топтардың қандай қателіктер жібергенін атап көрсетеді.

Бір топтың барлық балалары әрқайсысы бір доптан алады да, оны қарсы тұрған балаларға лақтырады.

 

Үй қояндары

Алаңның бір жағында дөңгелек шеңбердің суреті - үй қояндарының клеткалары салынады. Алдарына орындықтар қойылады да оларға тігінен шеңбер байланады. Ал қарама-қарсы жақтарда орындық қойылады -күзетшінің үйі, онда тәрбиеші отырады.

Үй мен қояндардың клеткаларының арасында - көк шалғын. Балалар    3-4 адамнан, кішкене-кішкене топ болып, дөңгелек шеңбердің ішінде тұрады.

«Қояндар клеткаларда отыр», - дейді тәрбиеші; балалар тізерлеп отырады. Күзетшінің ролін атқаратын тәрбиеші кезекпен-кезек клеткаларға келіп, қояндарды шығарады да: «Серуендеңдер, шөп жеңдер», - дейді. Қояндар құрсаудан өтіп, жүгіріп, секіре бастайды.

Біраз уақыттан кейін тәрбиеші: «Клеткаларыңа жүгіріңдер», - дейді. Қояндар үйлеріне қарай жүгіреді, қайтадан құрсаудан өтіп, әрқайсысы өз клеткаларына оралады.  

Күзетші қайтадан жібергенше, қояндар клеткада отыра береді.

 

Мысықтың балалары мен күшіктер

Ойынды гимнастикалық қабырға бар бөлмеде немесе учаскеде өткізуге болады.

Ойнаушыларды екі топқа бөледі. Бір топтың балалары мысықтың балаларын, екіншілері - күшіктерді бейнелейді. Мысықтың балалары гимнастикалық қабырғаның жанында тұрады; Күшіктер бөлменің екінші жағында тұрады (скамейкалардың, сатылардың арғы жағында қырынан қойылған будкалар).

Тәрбиеші мысықтың балаларына жеңіл де ептілікпен жүгіріп өтуді ұсынады. Тәрбиешінің: «Күшіктер» деген сөзін естісімен екінші топтағы балалар скамейкадан аттап секіріп өте бастайды. Олар мысықтардың соңынан еңбектеп жүгіріп бара жатып: «Ап, ап, ап», - деп үреді. Мысықтың балалары мияулап гимнастикалық қабырғаға шығып кетеді. Тәрбиеші ылғи олардың жанында болады.

Күшіктер өз үйлеріне қайтады. Екі-үш рет қайталаудан кейін, балалар рольдерімен ауысады, ойын жалғаса түседі.

 

Сыйлықтар

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, хоровод құрады. Ойынды басқарушы сайланады, ол хороводтың ортасында тұрады, ал қалғандары шеңбер бойымен оңға қарай жүреді де, мынадай өлең айтады:

Әкелдік сыйлық бір құшақ,

Шетінен бәрі тамаша-ақ.

Мінеки әсем қуыршақ,

Самолет және      ағаш ат.

Сөз аяқталғаннан кейін балалар тоқтайды, ал дөңгелектің ортасындағы бала аталған сыйлықтардың қайсысын алғысы келетінін айтады. Егер ол ат керек десе, балалар атқа ұқсап шабады: аяқтарын жоғары көтеріп, бірінің артынан бірі дөңгелекті айнала жүгіреді. Қолдарын алға қарай созады, денелері сәл артқа қарай аздап шалқиған; егер қуыршақ десе, онда орындарында ортаға қарап тұрып, кез келген әнге билейді; егер зырылдауық десе, - бір орында тұрып айналады, одан кейін зырылдауыққа ұқсап, сәл жантайып тізерлеп отырады; егер самолет десе, - саиолеттің ұшуына және қонуына ұқсаған қимыл жасайды: қолдарын екі жаққа созып, бірінің артынан бірі дөңгелекті айналып, жай қалықтап жүгіреді. Дөңгелектің ортасында тұрған бала: «Тоқта» деген кезде, жүрісті баяулатады да қалықтап барып, жүресінен отырады.

Балалар қандай да болмасын бір ойынды бейнелегенде, оған тиісті сөздер айтады:

 

 

Арғымақ ат аршындап

Арбақ-арбақ жүгірді,

Төрт түяқтың тарсылдап

Естіледі дүбірі.

Қуыршақ, кетші билеп кеп,

Лентаңды қызыл иректеп.

Зырылдауық міне былай айналар,

Зырыл қағып түратыны қайда бар!

Бұл самолет ұшып өтті жерді көп,

Ішінде оның ұшқыш отыр ер жүрек.

Шеңбердің ортасында тұрған бала ойнаушылардың біреуін таңдайды. Таңдаған бала ортаға шығады да ойын қайтадан басталады.

 

Жалаушаны тап (қайда тығылғанын тап)

Балалар бөлменің қабырғасынан жағалай ұзына бойына немесе алаңның бір жағына отырады. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетеді де, оны жасыратынын айтады. Тәрбиеші балаларға орындарынан тұрып, теріс қарауды ұсынады. Бұдан кейін балалардың ешқайсысына қарамай тұрғанына көзі жеткеннен кейін, жалаушаны жасырады да: «Ал іздеңдер», - дейді. Балалар тығылған жалаушаны іздей бастайды. Жалаушаны кім бірінші болып тапса, ол ойын қайталанған кезде жалаушаны жасыру құқығына ие болады.

Жалаушаны балалар бірден таба алмайтындай етіп жасыру керек. Бірақ, егер балалар жалаушаны ұзақ уақыт таба алмаса, онда тәрбиеші жалауша тығылған жерге келіп, сол маңнан іздеуді ұсынады.

Жалаушаны бала жасыратын кезде, оған дұрыс орын табуға көмектесу керек.

Жалаушаны басқа нәрсемен ауыстыруға болады.

 

Өтіп орман баулардан, Асып асқар таулардан

Өтіп орман баулардан,                              Тәрбиеші аттың делбесін тартқан

Асып асқар таулардан                          сияқтанып, тізесін жоғары көтеріп,

Егер ата келеді.                                    Аяқтарын алшақ-алшақ басады: «Егер

Аты бүлк-бүлк желеді.                          атайдың аты осылай жүреді». Балалар

Кемпірі осы қиырға,                             педагогтың артынан топпен еркін

Шыққан мініп сиырға.                       жүреді.

Бұзау, лақ мінісіп,

Әзілдесіп, күлісіп.                                         Бәрі шоқырақтап шабады.

Соңына ерген және бар,

Немерелер, балалар.

Топ, топ, топ, топ желед

Топырлатып келеді.

Тәрбиешінің «құр-р-р» деген сөзін естігенде бәрі тоқтайды.

 

 

 

 

Иванушка, қай жерге суға түсті

Балалар скамейкаға отырады. Ойын басқарушы - Иванушка белгіленеді. Ол шетте тұрады да қалған ойнаушылар алақандарын тостағанға ұқсатып ұстайды да

 

тізесіне қояды. Тәрбиешінің қос уыстап ұстаған алақанында кішкентай майда тас бар.

Ойынды   басқарушы   ойнаушыларға   теріс   қарап   арқасымен   тұрады. Балалар хормен мынадай өлең айтады:

-    Иванушка, шомылды екен қай жерде?

-    Айналасы аппақ тасты сай жерде.

Менде ғой ол ақ тасыңыз іздеген,

Соны сұрап келдіңіз бе сіз менен.

 

(Соңғы екі жол екі реттен қайталанады).

Осы кезде тәрбиеші кезекпе-кезек балалардың барлығының алақандарына тиіп өтеді, тасты байқатпастан біреуінің қолына тастап кетеді.

Текст біткеннен кейін барлығының алақандары жабулы болуы керек. Иванушка ойнаушыларға қарай бұрылып, тастың кімде екенін табуға тырысады.

Егер тапса, өзі сол баланың орнына отырады, ал ана бала Иванушка болады. Егер таба алмаса, ойынды тағы да жүргізеді. Бұл жолы да таба алмаса, онда скамейканың шет жағына отырады, ал Иванушка жаңадан белгіленеді.

Балалар ойынды жақсы меңгерген кезде, ойынды өздері ұйымдастырады. Бастаушы мен Иванушканы жаңылтпаштың көмегімен белгілейді.

 

Мұнара үй (Теремок) (Хороводты ойын)

Ойнаушылардың саны әр қилы болуы мүмкін, бірақ 6 адамнан кем болмайды. Балалар кімнің мысық, бақа, қоян, түлкі , қасқыр, аю болатынын өзара келіседі. Барлық аңдар бірнешеу болуы мүмкін, тек аң ұстайтын аю біреу ғана болуы керек (ол жаңылтпаштың көмегімен сайланады). Барлық ойнаушылар қол ұстасады, шеңберді айналып жүріп отырып мынадай өлең айтады:

Далада тұр мұнара ұқсайтұғын киікке,

Аласа да емес ол, емес және биік те.

Міне осынау аңызда тышқан зытып барады.

Тоқтап есік алдына тықылдатып қағады.

Аю болып жүрген балалар ортаға жүгіріп шығып:

Кімдер мынау тамаша мұнарада тұрады?

Кімдер мынау аласа мұнарада тұрады? - деп сұрайды.

Ешкім жауап бермейді, олар дөңгелек ортасында қала береді. Қалған балалар қайтадан шеңбермен жүреді (бұл жолы кері қарай жүреді), қайтадан сол сөздерді айтады, тек аюдың орнына бақаны атайды.

Аталған балалар әр жолы ортаға жүгіріп шығады да:

Кімдер мынау тамаша мұнарада тұрады?

Кімдер мынау аласа мұнарада тұрады? - деп сұрайды.

Оларға шеңбердің ішінде тұрғандардың бәрі жауап береді:

 

 

Мен -тышқанмын, шиқылдақпын,

Мен - бақамын, бақылдақпын.

Ал сен кімсің?

Тиісті жауап естігеннен кейін олар: «Кел, бізбен бірге түр», - дейді.

Жалғыз аю ғана қалады. Ол жиналған аңдарды айналып жүреді. Олардың: «Сен кімсің» деген сұрауына: «Мен аюмын - барлығыңды ұстаушымын», - дейді.

 

Оның сөзінен кейін барлығы белгіленген орынға қарай жүгіреді, ал аю оларды ұстай бастайды. Ұстаған балаларына аю ендігі ойын қайталағанда қайсысының кім болып ойнайтынын өзі айтады; қалған рольдер жұрттың қалауы бойынша бөлінеді. Ойынға қатысушыларға тиісінше маска-шапкалар кигізсе жақсы болады.

 

Отыр да отыр, ақ қоян...

Қабырғаның жанында қоян жүресінен отыр. Аңшылар (10-12 адам) бір топ болып қарсы жақ қабырғаға жайғасқан. Ойынға қатысушы балалар былай дейді:

Отыр бүғып бір қоян,                        Қоян басын жан-жағына   бұрып қарайды

және үндемей тыңдап қалады.

Отыр бұғып сүр қоян.

Бір бүтаның түбінде,

Бір бұтаның түбінде.

Аңшылар жосып келеді,

Бір шауып,бір желеді

Түк кезікпей бүгінге,

Түк кезікпей бүгінге,

«Сенбесеңдер жарандар,

Құйрығыма қараңдар.

Сендердікі емеспін,

Мен кеттім!»

Аңшылар дөңгелекті айнала шауып жүреді де, қоянның сөзін естіген жерде тоқтай қалады.

Жалғыз қоян   ғана сөйлейді. Тізесін сәл ғана бүге ұстап, бүкіл бойын созып тік тұрады. Соңғы жолдарға келгенде аңшыларға арқасын беріп, секіреді, тағы да, тағы да секіреді

Бұдан кейін қоян қашады. Аңшылар бір-бірімен қолдарын тізбектеп ұстап, қоянды ұстайды.

Қоянның аңшының қолынан сытылып шығып қашуға құқығы жоқ. Егер дөңгелек шеңбер толық қоршалса, - онда қоянның ұсталғаны.

 

Аққу-қаздар

Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалынып алынады. Балалардың қалғандары қаз болады.

Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол - олардың жататын орны.

Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол - қасқырдың үңгірі.

 

Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап салады. Қаздар шалғында жүреді, үщады. Содан кейін бақташы былай дейді:

Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да, хормен жауап береді:

Га, га, га!

Бақташы: - Қаздар, қаздар қаңқылдап,

                    Барасыңдар қай жаққа?

 

Қаздар:       Айна көлі жалтылдап,

                    Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы:    Біздің жерге түсе кет,

                    Түсіп сусын іше кет.

Қаздар:       Сіздің жерге түсеміз,

                   Түсіп сусын ішеміз.

Бақташы:    Болсын онда жол жайлы!

Қаздар:       Бізге ол жаққа болмайды:

                    Жолды тосып сүр қасқыр,

                   Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы:    Олай болса, қалаған,

                    Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып (қолдарын жан-жағына сермеп) көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады.

Ұстаған қаздарды қасқыр үңгіріне алып кетеді.

Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады.

Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді.

Е с к е р т у. Тәрбиеші ойынды бірінші рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады, (қолдарын жан-жағына сермейді) деп түсіндіреді.

 

Мысық пен тышқан

Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бірінің-бірі қолын ұстап, шеңбер жасап жүріп мына сөздерді айтады.

Васька аппақ қарасақ,

Құйрығы сүр тамаша-ақ

Жебедей-ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады,

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

 

Васька есітсе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Васька біздің жарады.

«Аңдып аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады. Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алады. Ол шеңберге тек

есік арқылы өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рольге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп, ойын осылайша қайталана береді.

Егер мысық көпке дейін тышқанды ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

Ойын   варианты

Балалар шеңбер жасап жүрген кезде, мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде, мысық текстке сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді.

Біз көңілді балалармыз...

Балалар алаңның немесе бөлме қабырғасының бір жағында тұрады. Олардың алдынан сызық сызылады. Сондай-ақ алаңның қарама-қарсы жағынан да сызық сызылады. Балалардың жанынан шамамен екі сызық аралығында тәрбиеші белгіленген немесе балалар тағайындаған ұстаушы тұрады.

Балалар тексті дауыстап айтады.

Біз көңілді баламыз,

Жүгіріп, ойнап барамыз.

Қуып жетіп қараңыз:

Бір, екі, үш - ал үста!

Балалар «Ұста» деген сөзден кейін алаңның екінші жағына жүгіреді, ал ұстаушы оларды қуады. Ең алдымен ойнаушы сызықты аттағанша, ұстаушы оны ұстап алса, ол ұсталған болып есептеледі де, ұстаушының қасында отырады.

Екі-үш жүгірістен кейін ұсталған баланың неше рет ұсталғанын есептеп шығарады да, жаңа ұстаушыны сайлайды. Егер ұстаушы ешкімді ұстамаса да, бәрі бір жаңа ұстаушы сайланады.

Тәрбиеші балалардың тексті мәнерлемей, оны анықтап айтуын қадағалайды.

Әткеншек (Карусель)

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен үстап, солға бүрылады да, мына тақпақты айтады:

Әрең-әрең әлдиледі,

Әткеншегім ән-билерін.

Тербеткенде ойнадым ғой,

Жүгіруді қоймадым ғой.

Балалар текстке сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.

 

 

 

Балалар шеңбердің бойымен екі рет жүгіріп шыққаннан кейін, тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар», - дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.

Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:

Жәймен ғана тербетіңдер,

Әткеншекпен ер жетіңдер!

Бір, екі, бір, екі,

Ойын бітті мінеки!

Әткеншек қимылы бірте-бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді.

 

Балалар біраз тыныққаннан кейін, тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызу басталғанға дейін, күтіп түра береді. Әткеншек ойынын құрсаумен өткізуге де болады. Әр бала екі құрсауды екі қолымен ұстап, тұйық шеңбер жасайды. Барлық қимыл жіппен ойнағандай болып орындалады.

Балалар әткеншек ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жайғастыруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.

 

Тышқан ұстаушы

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен, ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.

Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына тексті айтады:

Әй, тышқандар, мазаны алып,

Кеттіңдер ғой көбейіп.

Кемірумен жазаладың.

Сазайыңды берейік.

Сақтаныңдар, сақ болыңдар,

Сендерге де жетерміз.

Құрған торға тап болыңдар,

Сендерді қор етерміз!

Балалар тақпақты айтып болған соң, тақтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» - деп қол соққанда, шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де, отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі). Тышқандардың көбі ұсталған соң, балалар рольдерін ауыстырады да, ойын қайталанады.

 

 

Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды.

Ойын соңында тышқан үстаушының қолына бір рет те түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

 

Ойын бастаушылар ( Тура шыр айналу )

Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойнаушылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында түрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына текст сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.

Әдемі шеңберде,

Билейік кең жерде,

Бірігіп достасып,

 

Бір орында қол үстасып,

Қолдармен ұстасып,

Бәріміз жұптасып.

Осылай етіп істейік.

Тексті айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады.

Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойын жалғастырыла береді.

Әрбір ойын бастаушы өзі қимылдарды ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.

 

Космонавтар

Алаңның шет жағына (екі, төрт орынды) ракета контуры сызылады. Ракетадағы орынның жалпы саны ойнаушы балалардың санынан аз болуы керек.

Космонавтар алаңның ортасында қолдарынан ұстасып, шеңбер бойымен жүреді:

Ракеталар самғайды,

Кешіккендер жұлдыздарға бармайды.

Қай планетаға да барамыз,

Біздер сонда қаламыз!

Космонавтар бір-ақ сырды айтады,

Кешіккендер үйлеріне қайтады, - деген сөздерді айтады.

Балалар соңғы сөзді айтып болып, қолдарын жібереді де, ракетадан барып орын алуға асығады. Ракетадан кімге орын жетпей қалса, ол космодромда қалады да, ракетада кім отырса, сол қайда ұшып барады, не көрді кезегімен айтып береді. Содан соң қайтадан бәрі шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

Ұшып жүрген кезде көргендері жөнінде айтудың орнына балаларға космосқа көтерілуге және басқаға байланысты әр түрлі жаттығулар, тапсырмалар орындауды ұсынады.

Ойында сондай-ақ арнайы жасалған ракеталарды пайдалануға болады.

 

 

«Түсін танып, атын айт»

Мұғалім үстелдің үстіне қағаздан жасалған, жемістердің, құстардың, қоянның, аюдың түрлі түсті суреттерін кояды. Бір баланы тақтаға шығарып, үстелдің үстіндегі суреттердің ішінен біреуін алып, неден жасалғанын, түсінің қандай екенің айтып беруін талап етеді, егер тактаға шыққан бала атын атай алмаса, басқа баланы шығарып, ойынды осылай жалғастыра береді. Ойынның мақсаты - балаларды түстерді ажырата білуге үйрету.

 

«Керекті цифрын қой»

Ойынның шарты: бір-біріне желімдедген 5 сіріңкенің қорабына әр түрлі зат салып қою керек /мысалы, түйме, геометриялық фигуралар/. Қорапқа салынған заттың саны әр түрлі болуы керек, балалар қорапты ашып, ішіндегі затты санап,

 

 

қанша болса, сол санның кеспе цифрын салады. Ойынның мақсаты - сандарды ұмытпау үшін жаттықтыру және ойлау қабілетін арттыру.

«Екінші қолымда қанша?»

Қажетті заттар - түйме, моншақ, 1 тиындық теңгелер.

Бір оқушы тақтаға шығып:

- Екі қолымда барлығы 5 түйме бар, сол жақ қолымда 3 түйме, - деп қолын ашып, балаларға көрсетеді, - ад оң жақ қолымда қанша түйме бар? - дейді.

Ойннның мақсаты - балалардың ойлау қабілетін, байқампаздығын дамыту, «оң жақ», «сол жақ» деген ұғымдарды бекіту.

Мұғалім кішкене қапшыққа бірнеше ойыншық салып, бір баланы тақтаға шығарады, бала көзін жұмып тұрып, қапшықтың ішінен бір ойыншықты алып, оның неден жасалғанын, қандай зат екенін айтып беруі керек. Егер айта алмаса, орнына отырғызып, басқа бір баланы шақырады. Ойынның мақсаты - сезім мүшелері арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру.

 

«Қандай сандар жетіспейді?»

Ойынның шарты: мұғалім карточкаға жапсырылған цифрларды балаларға көрсетеді. Мысалы: 3, 8, 2, 4, 5. Ал балалар 3 пен 8-дің арасындағы сандарды атап шығады.   Ойынның  мақсаты  -  балаларды  тез   ойлап,   шапшаң  жауап   беруге дағдыландыру.

«Көрші санды ата»

Мұғалім карточкаға жапсырылған бірнеше санды балаларға көрсетіп, көрші сандарды атауларын талап етеді. Мысалы: 2, 4, 8, 5, 6, 9 т.с.с. Балалар сандарды ұмытып қалмау үшін ойынды жиі қайталап тұрған жөн.

 

 

«Өз орныңды тап»

Бұл ойынды 10-ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады. Мұғалім бірнеше баланы тақтаға шығарып, қолдарына кеспе цифрлар жапсырылған карточка береді. Осыдан соң мұғалім балалардан қолдарындағы сандарға байланысты өз орындарын тауып тұруды талап етеді. «Мен бірмін» деп, бір цифрын ұстаған бала бірінші тұрады. Мұғалім балаларға сұрақ қояды. Бір санынан кейін қандай сан тұрады? Екі цифрын ұстаған бала «мен екімін» деп, бір цифрын ұстаған баланың жанына келіп тұрады, қалған балалар да өздеріндегі цифрға байланысты өз орындарын тауып тұруы керек.

Ойынның мақсаты - 1-ден 10-га дейінгі натурал сандарды балалардың есінде сақтату.

«Бір де бір»

Тақта алдына 10 оқушы шығып, қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала «бір» деп, бір қадам алға шығып тұрады, «бір қосу бір екі» деп екінші бала бірінші баланың қатарына барып тұрады, «екі қосу бір үш» деп, үшінші бала еісінші баланың қатарына барып тұрады, қалған балалар да ойынды осылайша жалғастырады. Ойанның мақсаты - сандардың бірліктерден құралатынына балалардың көздерін жеткізу.

 

 

 «Не өзгереді?»

Мұғалім екі жолақты карточканы тақтаға іліп, оның бірінші жолағына бір алмұрттың суретін іледі. Ал екінші жолағына көп алманың суретін іледі, содан кейін бірнеше баладан сұрап салыстырады. Енді мұғалім карточканы өзіне қаратып, бірінші жолаққа көп алманың, екінші жолаққа бір алмұрттың суретініледі.   Осыдан   соң   карточканы   балаларға   қаратып,   не   өзгергенін   сұрайды. Ойынның мақсаты - көру мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру.

«Ұқсасын тап»

Мұғалім балаларға зат көрсетеді, балалар алдарындағы геометриялық фигураларды көрсетеді. Мысалы, мұғалім балаларға кітап көрсетеді, балалар алдарындағы геометрилық фигуралар ішінен төртбұрышты көрсетеді. Ойынның мақсаты - геометриялық фигураларды балалардың есінде сақтату.

 

 

«Қол шапалақтау»

Мұғалім қанша рет қол шапалақтаса, бала сол санның цифрын көрсетуі керек. Мысалы, мұғалім бер рет шапалақтаса, балалар алдарындағы бес цифрын көрсетеді. Ойынның мақсаты - баланың есту мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру.

«Дыбыс арқылы санды тап»

Мұғалім қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады, оқушылар тыңдап отырып, алдарындағы цифрынан тиісті санды көрсетеді. Ойынның мақсаты - есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру.

 

«Дұрыс таба біл»

Тақтаға цифрлар жазылған карточкалар ілінеді. Карточкаларда қандай цифр болса, оқушы өз конвертінен сонша үшбұрыш, төртбұрыш немесе көпбұрыш санап алып, алдарына қояды /қандай фигураны алып қою керектігі ескертіледі/. Ойынның мақсаты - цифрлар мен геометриялық фигураларды оқушылардың естерінде берік қалыптастыру.

 

 

«Магазин»

Ойыншық таразысына «дүкенші бала» сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Керек нәрселер: /таразы, қалақша, күріш, шырын, бидай, т.б. Сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болуы керек. Ойын барысында бала сусымалы зат пен сұйық затты өлшеудің айырмашылығына жаттығады, демек, сұйық заттарды белгілі көлемдегі ыдыспен өлшейді, ал сусымалы заттарды таразыға тартып өлшейді. Ойынның мақсаты - сұйық зат пен сусымалы заттың калай өлшенетінін балаларға үйретіп, жаттықтыру.

«Аралар»

/Латын балаларының ойыны /

Бір топ бала қол ұстасып,  шеңбер жасап түрады да,  үштөртеуі  ортаға шығады. Олар - «аралар».

Баудағы кім?

Баудағы кім?

Ара болсаң ызыңда

 

З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж,

Жұмыс істе, тығылма.

«Аралар» бірімен-бірі сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрін көрсететінін кеңеседі.   «Жұмыс   істе,   тығылма»   деген   сөзді   естіген   заматта-ақ   тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, еден сыпырып жатқандай, т.б. қимылдар жасайды.

Топ-топ ара ұшады,

Үстімен де бұтаның,

Астымен де бұтаның,

Үстімен де бұтаның.

Балалар осылай. өндетіп, «аралардың» қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға» деп хормен әндетеді. «Аралар» осы сөздерді айта  жүріп,   өздерінің     қимылын  қайталай   алмаған   «жалқауларды»     ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады.

Енді шеңбер жасап тұрғандардың бәрі дауыстап әндетеді.

Ай-ай жалқау бұл қулар,

Жалқауды тез қуындар.

Сөйтіп «жалғауды» сұқ саусақтарын шошайтып тұрып аластайды.  Бұдан кейін ойын қайта басталады.

 

Жануарлар қалай дыбыстайды?

Ойынға қатысушылар өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын білдіреді. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да, қалғандарына «ем» белгілейді. Ем дегеніміз айыптың флері. Мысалы, Айгүл — өлең, Боқан — жаңылтпаш айтсын, аубай жұмбақ шешсін, тағы тағылар.

Жануарлардың дыбыстауын ең көп білетін және дұрыс атай білетін бала, мысалы, былай деп түсіндіреді:

Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, азынайды.

Сиыр — мөңірейді, өкіреді.

Қой, ешкі — маңырайды.

 

Түйе — боздайды, сарнайды.

Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.

Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, қыңсылайды.

Мысық — бырылдайды, мияулайды.

Тышқан — шиқылдайды.

Қаз — қаңқылдайды. 

Үйрек — бырқылдайды, қырқылдайды.

Мекиен — қыт-қыттайды.

Әтеш — шақырады.

Бүркіт — саңқылдайды.

Торғай — шырылдайды.

Бұлбұл — сайрайды.

Қарға — қарқылдайды.

Безгелдек — безектейді.

Сауысқан — шықылықтайды.

Бөдене — бытпылықтайды.

 

Шыбын —ызыңдайды.

Бөгелек — ызылдайды.

Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.

Жылан — ысылдайды, суылдайды.

Бақа — бақылдайды, бақырады.

Аю — ақырады, өкіреді.                                    

Қасқыр — ұлиды, ырсылдайды.

Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.

Күзен — шақылдайды.

Суыр — шулайды.

Борсық —- пырсылдайды.

Құндыз — сыңсиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолданатын сөздік қимылды ойындар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектепке дейінгі тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Баланың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, жауапкершілігі артады.

Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұны жағынан толысып, дамып, дәстүрлі жалғасып келеді.

Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Балалар бақшасында дұрыс жүруге, жүгіруге, секіруге тәрбиелеу — жаттығулар мен қимылды ойындар көмегімен, арнаулы сабақтарда жүзеге асырылады. Қимылды    ойындардың    айрықша    бағалылығы          балалардың    жалпы қимылының жетіле түсетіндігінде. Алайда, қимылды ойындардың маңызы тек мұнымен ғана шектелмейді, олар сондай-ақ балалардың жан-жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Бала өзінің тең құрбылары арасында өзін олармен тең сезінуі тиіс. Қимылдарды орындау батылдық, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орын алуға көмектеседі. Қимылды ойындардың процесінде балалар кеңістікті бағдарлауды тез үйренеді. Балаларды тәрбиелеуде қимылды ойындарды ойдағыдай пайдаланудың бірінші шарты - тәрбиеші жұмыс істейтін жас ерекшеліктері бар топта белгілі бір бағдарламалық міндетті білу, ойынның мазмұнын, ережесін балаларға анық айтып беру, ойындағы қимылдарды дәл де айқын орындау үшін тәрбиеші ойналатын ойындарды жақсы білуге міндетті. Таныс емес ойынды қатты зер салып түсініп алып, оймен ойнап көру керек, тек содан кейін ғана балаларға ұсынған жөн. Сонымен қатар қай ойынды қайда: үй ішінде немесе далада ма, өткізу қажет деген мәселені алдын ала ойластырған жөн.

Ойынның әмоциялық толықтығы   қимыл белсенділігін де арттырады, сондықтан ойын балаларды қызықтыра түседі.

Ойындардың   әр   бір   топта   тұрақты   ойналып   тұруы   балалардың өздерінің     бастамасымен     пайда     болып     жүргізілуі     үшін     оларды ұйымдастырудың жолдарын жақсы салыстырып, балалардың ойнауға деген ынтасын   шақыратын   әр   түрлі    құралдарды   пайдалану   керек. 

Мұндай ерекше нәрселер балаларға «кейіпкер образын түсінуге» көмектеседі, қимыл жасауға ынтасын арттырады. Сөздермен ырғақтасу негізінде құрылған ойындарды ойдағыдай өткізу үшін, олардың мәтіндерін және жасауға тиісті қимылдарды жақсы білу керек. Мәтінді күні бұрын жаттаудың қажеті жоқ, ойын барысында жаттап алады. Қимылдарды үйренгеннен кейін, олардың мәтінді таза және мәнерлеп айтуына назар аудару керек.  Ойындар ауа райына сай таңдалынып алынады. Мысалы, қыста, күзде жүгіретін, секіретін ойындар. Киім-киістеріне көңіл аудару керек. Әр кез балалар өрмелейтін, секіретін заттардың мықтылығы тексеріліп отырады.

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 623 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2015 823
    • DOCX 257.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегайдарова Назгуль Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 148021
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и практика художественного слова в сценической речи

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные аспекты управления учетом рабочего времени в организации

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные методы оценки персонала

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе