Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жаңашыл тәсілдерді пайдалану

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жаңашыл тәсілдерді пайдалану

Скачать материал

Баяндама тақырыбы:

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДА ЖАҢАШЫЛ ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ



Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып , басты қажеттілік ретінде қабылданған еді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды  ұйымдастырып , педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен ,олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап ,бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етіп отыр. - Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда ;
-Білім беру мазмұнын , оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап ;
- Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп;
- Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып ;
-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп ;
- Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып;
-Әлеуметтік –мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді қамтамасыз етілуде.Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.Сондықтан да , қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ,тәрбиеленуіне жңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.Сондықтан, бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының басым бағыттарының бірі мектепге дейінгі білім беру мен тәрбиелеу туралы «...Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде "бетбұрыс” жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.» деген болатын. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды.
2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» туралы Жарлығына қол қойды. Бағдарламаның басты мақсаты - Экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту болса, осының ішінде мектепке дейінгі тәрбие берудің басты мақсаты - 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Олай болса мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа алған ауыл балабақшасы дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайту әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды, балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді қолдануды, «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша жобалық іс-әрекетті негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамытуды жүзеге асыруды нақты міндет деп санап отыр». Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын Қазақстан Республикасының жаңа білім беру стандарты негізінде жаңашылықты. Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.Ауыл бақшасында мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Мекемелердің материалдық - оқу базасы жоғарғы деңгейде жабдықталған, мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, физиокабинеттен тұратын сауықтыру кешені, спорттық –хореографиялық, ән – күй залдары, ағылшын және өзін-өзі тану кабинеттері бар.Топ бөлмелері заманауи модульдық жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етілген.Балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі, би сабақтарын жүзеге асыру бойынша түрлі оқу іс-әрекеттер жүргізілуде.Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, физио кабинеті, дене шынықтыру, ән-күй, би залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған .Психологиялық салада:баланың жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.Әлеуметтік салада:баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған. Басқару саласында:мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда: «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу республикалық бағдарламалары іске асырылуда;ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді.Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылы¬ғының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жаңашыл тәсілдерді пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып , басты қажеттілік ретінде қабылданған еді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып , педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен ,олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап ,бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етіп отыр. - Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда ; -Білім беру мазмұнын , оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап ; - Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп; - Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып ; -Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп ; - Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып; -Әлеуметтік –мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді қамтамасыз етілуде.Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.Сондықтан да , қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ,тәрбиеленуіне жңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.Сондықтан, бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының басым бағыттарының бірі мектепге дейінгі білім беру мен тәрбиелеу туралы «...Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде "бетбұрыс” жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.» деген болатын. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды. 2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» туралы Жарлығына қол қойды. Бағдарламаның басты мақсаты - Экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту болса, осының ішінде мектепке дейінгі тәрбие берудің басты мақсаты - 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Олай болса мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа алған ауыл балабақшасы дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайту әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды, балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді қолдануды, «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша жобалық іс-әрекетті негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамытуды жүзеге асыруды нақты міндет деп санап отыр». Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын Қазақстан Республикасының жаңа білім беру стандарты негізінде жаңашылықты. Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.Ауыл бақшасында мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Мекемелердің материалдық - оқу базасы жоғарғы деңгейде жабдықталған, мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, физиокабинеттен тұратын сауықтыру кешені, спорттық –хореографиялық, ән – күй залдары, ағылшын және өзін-өзі тану кабинеттері бар.Топ бөлмелері заманауи модульдық жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етілген.Балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі, би сабақтарын жүзеге асыру бойынша түрлі оқу іс-әрекеттер жүргізілуде.Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, физио кабинеті, дене шынықтыру, ән-күй, би залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған .Психологиялық салада:баланың жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.Әлеуметтік салада:баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған. Басқару саласында:мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда: «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу республикалық бағдарламалары іске асырылуда;ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді.Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылы¬ғының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 999 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2020 473
    • DOCX 39.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Раджабова Патимат Рамазановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Раджабова Патимат Рамазановна
    Раджабова Патимат Рамазановна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64442
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 391 человек из 66 регионов

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции