Главная / Начальные классы / Мектепке дейінгі мекеменің ІІ кіші топ балаларына арналған Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы" атты ертеңгіліктің сценарийі

Мектепке дейінгі мекеменің ІІ кіші топ балаларына арналған Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы" атты ертеңгіліктің сценарийі



МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі гимназиясы






«Бекітемін»

МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі

қазақ гимназиясының

әдіскері Н.Амирова ______

«___»____________ 2016ж.












Тақырыбы: «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы!»

атты №2 «Еркетай» тобының ертеңгілігі











Орындаған: Лепесова Б.

Әдіскер: Нұрмағамбетова. А.










Құрық селосы 2016ж.




Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат беру, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу . Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Кейіпкерлер: Көктем аруы, сайқымазақтар, Мыстан бикеш.

Қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, орамалдар, күн,


Ертеңгіліктің барысы: 
Музыкамен балалар залға кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады. 
Би: Көктем вальсі. 


(Балалар орындарына жайғасады)
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды

1 бала: 
Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар, 
Аналарды мейраммен 
Құттықтайды балалар. 
2 бала: 
«Жаным» дейсің мені, 
Жаратушым – бір сен. 
Жалғыз өзің, тегі, 
Жанашырым білсең, 
Айналайын ана! 
3 бала
Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып 
Мәпелеген ақ мамамды 
Жүрсем деймін шаттандырып. 
4 бала: 
Ананың біз гүліміз, 
Ана біздің күніміз. 
Ұландарды қуантып, 
Ұзақ өмір сүріңіз. 
5 бала: 
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз. 

6бала

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ән «Ай дидарлы анашым!»

Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Көктем: Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі,

Орман, тоғай бақтарда,

Өйткені мен көктеммін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!

Жүргізуші: Көктем аруы біздің шақыртуымызды қабыл алып, мерекемізге келгеніңе рахмет.

Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн-әжелер мен аналар мерекесі. Балалар мен сендердің әже-аналарыңыздың есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине, біздің балалар әже-аналарының есімдерін біледі.

(Балалар жауап береді)

Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп-көп рахмет балалар сендерге.

Жүргізуші: Балалар, Көктем аруына ана туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.

7 бала

Өзің мені өсірген

Анам менің сүйіктім.
Тек өзіңе табынам,
Алыстасаң сағынам.

8бала

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
9 бала
Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.
10 бала
Айналайын анашым

Мәпелейсің бағасың

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық анашым

11 бала

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен

Аяулы біздің аналар!

12бала

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз,

Мерекеде қыздарға.

Достық жырын арнаймыз

Ән: Көктем

Көктем: Жарайсыңдар, балалар. Қандай ақылды едіңдер!

Осы кезде көктемнің тедефоны шырылдайды.

Көктем: Ия, не болды? Жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатырма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Балалар менің басқа да жұмыстарым шығып қалды. Сау болыңдар!

Жүргізуші. Сау болыңыз! Қыздар, біздің ер балаларымыз сіздерге арнап тосын сый дайындапты, шақырамызба?
Балалар: Иә! 
Бәрі шапалақтайды. Залға екі сайқымазақ келеді. 
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар! 
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар! 
Сайқымазақ: Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! 
2 сайқымазақ: Мен де сендерді құттықтаймын. 
Екеуі балалардың қолынан ұстап амандасады. 
1 сайқымазақ: Біз бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтереміз. 
2 сайқымазақ: Ал қазір біз сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз. 
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді. 
(Бәрі күледі) 
Жүргізуші: Қой, мойындарыңды сындырасыңдар. Оданда біздің балаларымыздың сахналауын қабыл ал
Сахналау: «Қоянның құлағы неге ұзын?»
Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында бір аппақ қоян өмір сүріптті. Ол өзінің достарын туған күніне шақырмақ болады. Ол үй ішін түрлі жапырақтар мен хош иісті гүлдемен безендіріпті.Ол туған күніне Кірпіні, Аюды, Қасқырды, Түлкіні шақырады. Қоян достарының келетін уақытына қарай дастархан үстін безендіріп жүреді.

Сәлден соң есік сықыры естіледі.

Кірпі: Туған күнің құтты болсын Ақ қоян! Мына сыйлығымды қабыл ал. (деп құлағынан тартады)

Автор: деп орман жаңғағын сыйға тартады.

Қоян: Рахмееет, кірпі досым. Төрлет, отырып жайғас.

Есік тағы сықырлайды.

Түлкі: Ақ қоян, ақ қоян туған күнің құтты болсын! Мына сыйлығымды қабыл ал. (деп құлағынан тартады)

Автор: деп, бөлме гүлін сыйға тартады.

Қоян: -Рахмет, түлкі досым. Төрлет, дастарханға жайғасып отыр.

Түлкі: үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі.

Есік тағы сықырлайды.

Қасқыр: Бауырым қоян туған күніңмен! Мына гүл шоқтарын қабыл ал. (деп құлағынан тартады)

Қоян: Рахмет, Қасқыр досым. Дастарханға отыра ғой.

Автор: Аю неге кешікті деп төртеуі бір-біріне қарады. Біраздан соң есік сықыры естілді. Аю кешіккені үшін қояннан кешірім сұрап, әкелген балын береді.

Аю: Туған күніңмен құттықтаймын.( деп Қоянның құлағынан тартты.)

Автор: Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері қоянның құлағы ұзын екен.
1 Сайқымазақ: Қандай жақсы көрініс. Тағы да көрсетіңдерші.. 
Жүргізуші: Жоқ, оданда мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. 
Балалар шашырап тұрады. 
13бала:
Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге. 
Шай қайнатып береді, 
Қажет болса бәріне. 
14 бала:
Өзің мені өсірген, 
Айналайын, ақ әжем. 
Тентек болсам кешірген 
Шөлдедің бе, дана әжем. 
16бала: 
Шай қайнатып берейін, 
Шекер салып жан әжем 
Өзім құйып берейін, 
Балдай тәтті бал әжем!

17бала

 Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.
Ән «Әжем» 
Әннен кейін көліктің гуілдеген дыбысы естіледі.
Мыстан бикеш кіреді. 
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар? 
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың? 
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін. 
Сайқымазақтар: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда? 
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын. 
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды. 
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқайжаққа кетпейміз. 
1 сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді) 
2 сайқымазақ: Иә, барған жеріңе бар. (итереді) 
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен сендерге көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын. 
Қане сайқымазақтар, 
Бақаға айналыңдар.(
шляпасымен тербейді) 
Сайқымазақтар бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады. 
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой. 
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге сайқымазақтарымызды қайтаршы. 
Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер. 
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинай аламыз. 
Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін. 
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы 
Ойынның шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын кәрзеңкеге салады. 
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді
кәрзеңкеден алып Мыстан бикешке сыйлайды. 
Мыстан бикеш: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы, адамдарды алдауға болады ма? 
Балалар: Жоқ. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар? Қазір біздің балаларымыз саған өмірде қандай болу керек және қандай болмау керек екенін айтады. 
Екі бала шығады. 
Абайдың
«Ғылым таппай мақтанба» тақпағын айтады. 

17бала

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

18бала

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап еңбек, терең ой

Қанағат рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.


Мыстан бикеш: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене билеп, көңіл көтеру керек. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, саған арнайы біздің балаларымыз Көбелектер туралы би билеп береді. 
Би «Көбелектер» 
Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақтарды қазір әкелемін. 
1сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер бізді құтқардыңдар. 
2 сайқымазақ: Сендер болмасаңдар, біз әрқашан бақа болып жүруші едік. 
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған әжемді Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек. 
Жүргізуші: Ал осы гүлдерді оған сыйла. 
Мыстан бикеш: Сау болыңдар! 
Сайқымазақтар: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық! 
2 сайқымазақ: Осы балабақшаның балалары би де билей алады, ойындарды да жақсы ойнайды. Ал біз әнді жақсы айтамыз. 
1 сайқымазақ: бізге микрофон беріңіз, моэстро музыку. 
(музыка ойнайды, 1 сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады, екіншісі соған қарап күледі) 
2 сайқымазақ: сен мүлдем ән айта алмайсың. Ал мен болсам Алмас Кішкенбаев сияқты ән айта аламын. Ал тыңдаңдар. 
(жуан дыбыспен күлкілі айтады) 
Жүргізуші: сендер босқа өз тамақтарыңды шаршатпаңдар. Біздің балаларымыздың әнін тыңдаңдар. 

Ән: Мама( дуэт)
1 Сайқымазақ: Қандай әдемі ән. Дауыстарың қандай жақсы. 

Жүргізуші: Енді балалардың тақпақтарына кезек берейік.

19бала

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

20 бала

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтаған,

Айналайын ақ анам.

21бала

Аялаған анамыз,

Саялаған панамыз,

Шынары боп өсеміз,

Ана біздің гүліміз.

22бала

Ұлыңды ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

23бала

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім ап келді,

Қуанышты күнде енді,

Құттықтаймын сіздерді.

24бала

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

25бала.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың


2 сайқымазақ: Ал дауыстарыңды тексердік. Жақсы екен. Енді сендерге әкелген ойынымыз бар соны ойнайық.
«Күндерді жина» ойыны 
Ойын шарты: әр бір командаға күннің шуақтары беріледі, тақтадағы күннің дөңгелегіне күннің шуақтарын қойып шығуы тиіс. Балалар осы шуақтардан күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді. 
Жүргізуші: Рахмет, сендерге сайқымазақтар. Сендер бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер. 
1 сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз. 
2 сайқымазақ: Және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз. 
Фокустар: 
Орамалдармен. 1 сайқымазақ қалтасына орамал салады, ал екіншісі өз қалтасынан бірдей орамалды шығарады. 
Гүлмен. Бір гүлді каробқа салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды. 
Екінші сайқымазақ: Сен білмейсің бе, сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер. 
Балалар: фокус-покус 
1 сайқымазақ: Фокус, покус. (Себеттің ішіне қараса, ішінде сыйлықтар жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз сыйлықтарға айналды. 
Балаларға сыйлықтар таратылады. 

Ән: Анашым
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!



Мектепке дейінгі мекеменің ІІ кіші топ балаларына арналған Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы" атты ертеңгіліктің сценарийі
  • Начальные классы
Описание:

Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат беру, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу . Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.


Кейіпкерлер: Көктем аруы, сайқымазақтар, Мыстан бикеш.

Қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, орамалдар, күн,


Ертеңгіліктің барысы:
Музыкамен балалар залға кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады.
Би: Көктем вальсі.

(Балалар орындарына жайғасады)
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды

1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
2 бала:
«Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен.
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
3 бала:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 бала:
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
5 бала:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.

6бала

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ән «Ай дидарлы анашым!»

Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Көктем: Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі,

Орман, тоғай бақтарда,

Өйткені мен көктеммін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!

Жүргізуші: Көктем аруы біздің шақыртуымызды қабыл алып, мерекемізге келгеніңе рахмет.

Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн-әжелер мен аналар мерекесі. Балалар мен сендердің әже-аналарыңыздың есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине, біздің балалар әже-аналарының есімдерін біледі.

(Балалар жауап береді)

Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп-көп рахмет балалар сендерге.

Жүргізуші: Балалар, Көктем аруына ана туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.

7 бала

Өзің мені өсірген

Анам менің сүйіктім.
Тек өзіңе табынам,
Алыстасаң сағынам.

8бала

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
9 бала
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
10 бала
Айналайын анашым

Мәпелейсің бағасың

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық анашым

11 бала

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен

Аяулы біздің аналар!

12бала

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз,

Мерекеде қыздарға.

Достық жырын арнаймыз

Ән: Көктем

Көктем: Жарайсыңдар, балалар. Қандай ақылды едіңдер!

Осы кезде көктемнің тедефоны шырылдайды.

Көктем: Ия, не болды? Жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатырма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Балалар менің басқа да жұмыстарым шығып қалды. Сау болыңдар!

Жүргізуші. Сау болыңыз! Қыздар, біздің ер балаларымыз сіздерге арнап тосын сый дайындапты, шақырамызба?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға екі сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар!
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар!
Сайқымазақ: Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
2 сайқымазақ: Мен де сендерді құттықтаймын.
Екеуі балалардың қолынан ұстап амандасады.
1 сайқымазақ: Біз бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтереміз.
2 сайқымазақ: Ал қазір біз сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді.
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой, мойындарыңды сындырасыңдар. Оданда біздің балаларымыздың сахналауын қабыл ал.
Сахналау: «Қоянның құлағы неге ұзын?»
Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында бір аппақ қоян өмір сүріптті. Ол өзінің достарын туған күніне шақырмақ болады. Ол үй ішін түрлі жапырақтар мен хош иісті гүлдемен безендіріпті.Ол туған күніне Кірпіні, Аюды, Қасқырды, Түлкіні шақырады. Қоян достарының келетін уақытына қарай дастархан үстін безендіріп жүреді.

Сәлден соң есік сықыры естіледі.

Кірпі: Туған күнің құтты болсын Ақ қоян! Мына сыйлығымды қабыл ал. (деп құлағынан тартады)

Автор: деп орман жаңғағын сыйға тартады.

Қоян: Рахмееет, кірпі досым. Төрлет, отырып жайғас.

Есік тағы сықырлайды.

Түлкі: Ақ қоян, ақ қоян туған күнің құтты болсын! Мына сыйлығымды қабыл ал. (деп құлағынан тартады)

Автор: деп, бөлме гүлін сыйға тартады.

Қоян: -Рахмет, түлкі досым. Төрлет, дастарханға жайғасып отыр.

Түлкі: үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі.

Есік тағы сықырлайды.

Қасқыр: Бауырым қоян туған күніңмен! Мына гүл шоқтарын қабыл ал. (деп құлағынан тартады)

Қоян: Рахмет, Қасқыр досым. Дастарханға отыра ғой.

Автор: Аю неге кешікті деп төртеуі бір-біріне қарады. Біраздан соң есік сықыры естілді. Аю кешіккені үшін қояннан кешірім сұрап, әкелген балын береді.

Аю: Туған күніңмен құттықтаймын.( деп Қоянның құлағынан тартты.)

Автор: Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері қоянның құлағы ұзын екен.
1 Сайқымазақ: Қандай жақсы көрініс. Тағы да көрсетіңдерші..
Жүргізуші: Жоқ, оданда мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Балалар шашырап тұрады.
13бала:
Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
14 бала:
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
16бала:
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!

17бала

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.
Ән «Әжем»
Әннен кейін көліктің гуілдеген дыбысы естіледі.Мыстан бикеш кіреді.
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар?
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін.
Сайқымазақтар: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын.
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқайжаққа кетпейміз.
1 сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді)
2 сайқымазақ: Иә, барған жеріңе бар. (итереді)
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен сендерге көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын.
Қане сайқымазақтар,
Бақаға айналыңдар.(
шляпасымен тербейді)
Сайқымазақтар бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады.
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой.
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге сайқымазақтарымызды қайтаршы.
Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер.
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинай аламыз.
Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін.
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
Ойынның шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын кәрзеңкеге салады.
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді кәрзеңкеден алып Мыстан бикешке сыйлайды.
Мыстан бикеш: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы, адамдарды алдауға болады ма?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар? Қазір біздің балаларымыз саған өмірде қандай болу керек және қандай болмау керек екенін айтады.
Екі бала шығады.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» тақпағын айтады.

17бала

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

18бала

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап еңбек, терең ой

Қанағат рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.


Мыстан бикеш: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене билеп, көңіл көтеру керек.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, саған арнайы біздің балаларымыз Көбелектер туралы би билеп береді.
Би «Көбелектер»
Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақтарды қазір әкелемін.
1сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер бізді құтқардыңдар.
2 сайқымазақ: Сендер болмасаңдар, біз әрқашан бақа болып жүруші едік.
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған әжемді Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек.
Жүргізуші: Ал осы гүлдерді оған сыйла.
Мыстан бикеш: Сау болыңдар!
Сайқымазақтар: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық!
2 сайқымазақ: Осы балабақшаның балалары би де билей алады, ойындарды да жақсы ойнайды. Ал біз әнді жақсы айтамыз.
1 сайқымазақ: бізге микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, 1 сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады, екіншісі соған қарап күледі)
2 сайқымазақ: сен мүлдем ән айта алмайсың. Ал мен болсам Алмас Кішкенбаев сияқты ән айта аламын. Ал тыңдаңдар.
(жуан дыбыспен күлкілі айтады)
Жүргізуші: сендер босқа өз тамақтарыңды шаршатпаңдар. Біздің балаларымыздың әнін тыңдаңдар.

Ән: Мама( дуэт)
1 Сайқымазақ: Қандай әдемі ән. Дауыстарың қандай жақсы.

Жүргізуші: Енді балалардың тақпақтарына кезек берейік.

19бала

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

20 бала

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтаған,

Айналайын ақ анам.

21бала

Аялаған анамыз,

Саялаған панамыз,

Шынары боп өсеміз,

Ана біздің гүліміз.

22бала

Ұлыңды ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

23бала

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім ап келді,

Қуанышты күнде енді,

Құттықтаймын сіздерді.

24бала

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

25бала.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың


2 сайқымазақ: Ал дауыстарыңды тексердік. Жақсы екен. Енді сендерге әкелген ойынымыз бар соны ойнайық.
«Күндерді жина» ойыны
Ойын шарты: әр бір командаға күннің шуақтары беріледі, тақтадағы күннің дөңгелегіне күннің шуақтарын қойып шығуы тиіс. Балалар осы шуақтардан күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
Жүргізуші: Рахмет, сендерге сайқымазақтар. Сендер бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер.
1 сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз.
2 сайқымазақ: Және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
Фокустар:
Орамалдармен. 1 сайқымазақ қалтасына орамал салады, ал екіншісі өз қалтасынан бірдей орамалды шығарады.
Гүлмен. Бір гүлді каробқа салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
Екінші сайқымазақ: Сен білмейсің бе, сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар: фокус-покус
1 сайқымазақ: Фокус, покус. (Себеттің ішіне қараса, ішінде сыйлықтар жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз сыйлықтарға айналды.
Балаларға сыйлықтар таратылады.

Ән: Анашым
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!

Автор Лепесова Ботакөз Әлиқызы
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 317
Номер материала MA-066407
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓