Главная / Другое / Мектепке дейінгі мекеме

Мектепке дейінгі мекеме

22.09.2014

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ









Тәрбие сағаты



hello_html_518b9cd7.gif





Тәрбиеші: Айтжанова Р.А.







2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Туған тілім- ана тілім»

Мақсаты: Балаларды ана тілін құрметтеуге, оның  адам  өміріндегі   маңызын   ұғуға  үйрету.

Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілі: Мақал-мәтел сайысы, ән айту.

Сабақ барысы: Әнұран орындалады.

Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу                 

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.


Қазақстан Республикасының – әнұраны орындалады.


ІІ Тәрбиеші сөзі:

Құрметті Ұстаздар мен ата-аналар,балалар!

Бүгінгі Айгөлек шағын балалар орталығының «Туған тілім- ана тілім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қастерлі де құдіретті.

Тіл - таусылмайтын байлық.


ІІІ Тақпақ:

Жаннұр: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігі, теңдігін.


Ақнұр: Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

Сәбит: Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.


Дана: Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


Гауһар: Ана тілі - біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып–қағамыз.

«Қошақаным» әні


Ахмад: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.


Бекарыс: Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.


Айым: Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын.


Ақерке: Ана тілім - тірегім

Ана тілім - жүрегім


Сергіту сәті: «Аю» туралы


Тәрбиеші: Тілге байланысты мақал-мәтелдер сайысына кезек береміз. Ата аналар мен мақал-мәтелдер айтысы.

ІV Мақал құрастыру:

Тіл - кілті \Тіл – көңілдің кілті\


Шешеннің - шебердің \Шешеннің тілі - шебердің бізі\


Тіл - жарады \Тіл тас жарады,

Тас - бас Тас жармаса бас жарады\

Халық - қалт \Халық айтса, қалт айтпайды\


Өнер - қызыл \Өнер алды қызыл тіл\


V Тәрбиеші: Ендігі кезекті «Қара жорға» биіне берейік.



Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Бізді жақтап отырған,

Сіздерге де мың алғыс!- дей отырып құттықтау сөз кезегін                        Мектеп директоры Алимова Айткүл Едресқызына беріледі.

Келесі сөз кезегі ата анаға беріледі.

    

Осымен «Туған тілім – ана тілім» атты тәрбие сағаты аяқталды. Келгендеріңізге көптен – көп рахмет.

Мектепке дейінгі мекеме
  • Другое
Описание:

Тақырыбы: «Туған тілім- ана тілім»

Мақсаты: Балаларды ана тілін құрметтеуге, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілі: Мақал-мәтел сайысы, ән айту.

Сабақ барысы: Әнұран орындалады.

Көрнекіліктері:Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.

Қазақстан Республикасының – әнұраны орындалады.

ІІ Тәрбиеші сөзі:

Құрметті Ұстаздар мен ата-аналар,балалар!

Бүгінгі Айгөлек шағын балалар орталығының «Туған тілім- ана тілім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қастерлі де құдіретті.

Тіл - таусылмайтын байлық.

Автор Айтжанова Райхан Ауезхановна
Дата добавления 23.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 791
Номер материала 59674
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓